1490. Жоғары айналыс мезеті кезіндегі еркін турбиналы КГТҚ-ның жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру.
Еркін турбиналы КГТҚ не еркін турбинаның білігіндегі ең жоғары рұқсат берілген айналыс мезеті кезінде, не берілген ең жоғары айналыс мезетінен (қайсысы үлкен соған байланысты) 3% асатын айналыс мезеті кезінде сынақтан өтуі қажет.
Жоғары айналыс мезеті кезінде өтетін сынақтар 9.5.3-пен регламенттелетін 150 сағаттық сынақтардың бір бөлігі ретінде жүргізілуі мүмкін. Егер осы сынақтарды алмастыратын басқа эксперименттерден алынған дәлелдер ұсынылған болса, онда сынақтарды жүргізбесе де болады. Мұндай дәлелдер тұтас алғанда КГТҚ сынақтарының нәтижелерінен немесе оның элементтерінің жекелеген топтарына жүргізілген, оларға тең бағаланатын сынақтардан алынуы мүмкін.
Сынақтар еркін турбина білігіндегі талап етілетін жоғары айналыс мезетін алуға мүмкін болатын режимдегі және еркін турбина ротор айналыс жиілігінде осындай айналыс мезетімен мүмкін болатын режимдегі КГТҚ-ның жұмысы барысында тежегіш құрылғымен жабдықталған стендте өткізілуі қажет. Егер ең жоғары айналыс жиілігі кезінде жоғары айналыс жиілігіне жетпеген жағдайда, онда сынақты осындай айналыс мезетін алуға мүмкін болатын айналыс жиілігінде жүргізу қажет. Еркін турбинаға кіре берістегі газ температурасы ең жоғары немесе ең ұзақ режимдердің қайсысында газ температурасы үлкен болуына байланысты осы режимдердің ең жоғары температурасына тең болуы қажет, ал КГТҚ-ға кіре берістегі майдың температурасы еркін турбина сырғақтарының аса ауыр жұмыс жағдайларынан шыға отырып орнатылған болуы қажет. Жоғары айналыс мезеті кезіндегі сынақтар:
1) ең ұзақ режим қуатының шамамен 75%-на сәйкес келетін режиміндегі КГТҚ-ның 5 минут бойы үздіксіз жұмысынан;
2) режимдердің бірінде КГТҚ-ның 15 минут бойы жұмысынан (үздіксіз циклдар арқылы әрқайсысы ұзақтығы кем дегенде 3 минут) құралуы қажет.
Сынақтар барысында өлшемдер, сондай-ақ еркін турбина сырғақтарының температурасы өлшену қажет.
Егер сынақтардан кейін детальдардың дефектациясы олардың одан әрі қарай жарамдылығын растайтын болса, сынақ нәтижелері қанағаттанарлық деп танылады.
1491. КГТҚ-ның отын жүйесі мен автоматты реттеу жүйесін (АРЖ) тексеру.
КГТҚ-ның отын жүйесі мен АРЖ-сын тексеру талаптарға сәйкес жүргізілуі қажет.
Күтіліп отырған пайдалану жағдайларында техникалық құжаттамасында аталған КГТҚ-ға кіре берістегі отынның тазалану дәрежесі, ең жоғары және ең төмен қысымдары мен температуралары кезінде КГТҚ отын жүйесінің жұмыс істеу мүмкіндігін растайтын сынақтар жүргізілуі қажет. КГТҚ-ның отын жүйесі мен АРЖ-сының жұмыс істеу мүмкіндігі, бейін үлгісі бойынша кем дегенде ең ұзақ ұшу уақтысының жартысына тең болатын уақыт аралығында, отын сүзгісінде отын тазалағыш жоқ болған жағдайда сақтала беретіндігі көрсетілген болуы қажет. Барлық сынақтар жекелеген агрегаттарда, жүйелерде немесе КГТҚ-да жүргізілуі мүмкін.
КГТҚ-ға күрт салмақ түскен кездегі, сондай-ақ рұқсат берілген шектен аспаса да түскен салмақты, КГТҚ мен оның АРЖ-сының жұмыс істеу мүмкіндігін айқындайтын реттелетін өлшемдердің тербелісін немесе ақсауларын күрт алып тастаған кездегі автоматты реттеу жүйесі агрегаттарының жұмыс істеу мүкіндігі расталған болуы қажет.
1492. Ротордың ең жоғары айналыс жиілігінен асқан кезіндегі КГТҚ-ның жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру.
Пайдалану барысында мүмкін болатын берілген ең жоғары ротор (роторлар) айналысы жиілігінің қысқа уақыт аралық асуы жағдайында КГТҚ жұмыс істеу мүмкіндігін растау үшін ең жоғары айналыс жиілігінің 103%-на тең болатын айналыс жиілігі кезінде арнайы сынақтар жүргізілген болуы қажет. Айналыс жиілігі осындай (103%) режимде істеген жиынтық жұмыс КГТҚ-ны бос жүріс режиміндегі 2,5 мин бойы циклдер арасында ұстай отырып циклдары үздіксіз 3 мин жүретін 15 мин құрауы қажет.
Сынақтар пайдалану барысында турбинаның алдындағы рұқсат берілген ең жоғары газ температурасы мен КГТҚ-ға кіретін майдың ең жоғары температурасы кезінде жүргізілуі қажет. Қажетті газ температурасын алу үшін, мысалы, сопло аппараттарының өткізу қималарын өзгертуге жол беріледі. Егер отын шығынына байланысты шектеулер салдарынан қажетті айналыс жиілігі турбина алдындағы ең жоғары емес температура кезінде жасалса, онда сынақтар сынау үшін қажетті айналыс жиіліктерін қамтамасыз ететін турбина алдындағы ең жоғары газ температурасы кезінде жүргізілуі қажет.
Бірнеше роторы бар КГТҚ-дағы әрбір ротор осы ротордың тиісті ең жоғары айналыс жиілігін асыра отырып тексеріледі.
Егер төмендегі жайттар көрсетілген болса, сынақ нәтижелері оң бағаланады:
1) ротор (роторлар) ең жоғары айналыс жиілігінен асқан кезде қауіпті зардаптарға әкелетін істен шығуларға еш негіз жоқ болса;
2) сынақтан өткен КГТҚ детальдарының дефектациясы олардың одан әрі қарай пайдалану мүмкіндігін растайтын болса.
1493. КГТҚ редукторларының беріктігін тексеру.
Бұзылуы қауіпті зардаптары бар істен шығуларға әкелуі мүмкін КГТҚ редукторлары элементтерінің (іске қосу құрылғысының, агрегат жетектері қораптарының) беріктігі сынақтар арқылы тексерілген болуы қажет. Редуктор элементтерінің (тісті берілістердің, біліктердің, шлицель қосылыстарының, муфталардың) беріктігін тексеру ең жоғары айналыс мезеті кезінде немесе пайдалану барысында мүмкін болатын аса үлкен сындық салмақ түскен кезде жүргізілуі қажет.
Сынақтар кезінде пайдалану барысындағы аталған түскен салмақтардың ресурс ішіндегі әсер уақыты бейнеленген болуы қажет.
Егер редукторлар конструкциясының жекелеген элементтеріне түсетін салмақтар ең жоғары айналыс мезеті кезінде әсер ететіндерден айырмашылығы болатын болса, онда осы элементтерге түсетін аса салмақтардың ресурс ішіндегі әсерін бейнелей отырып қосымша тексерулер енгізу қажет.
Редукторлардың беріктігі:
1) редукторлардың стендтік сынақтарындағы;
2) КГТҚ-ның 150 сағаттық стендтік сынақтарындағы;
3) баламалы-циклдық сынақтардың бағдарламасы бойынша КГТҚ-мен жинақтала отырып редукторлардың стендтік сынақтарындағы көрсеткен қанағаттанарлық нәтижелері арқылы расталуы қажет.
Егер сынақтардан кейін редукторлардың детальдарында олардың одан әрі қарай пайдалануына кедергі келтірмейтін ақаулар жоқ болса, сынақ нәтижелері қанағаттанарлық деп танылады:
1) жол берілмейтін тозулар, қажалулар, жамаулар және басқа да түйіндесу беттерінің ақаулары;
2) жүгіру жолдарының жиырылуы, сепараторлардың бұзылуы, және сырғақтардың басқа да жол берілмейтін зақымдары;
3) конструкцияның тіреу детальдарындағы сызаттар;
4) негізгі қадам қателіктеріндегі және тісті қосылыстардың эвольвентограммасындағы жол берілмейтін ауытқулар және т.б.
1494. КГТҚ біліктерінің беріктігін тексеру.
Роторлар біліктерінің және агрегат жетектері біліктерінің беріктігі біліктердің ең аса ауыр жұмыс режимі үшін анықталған болуы қажет және мына:
1) ротор біліктерінің діріл жай-күйін зерттеу;
2) арнайы сынақтардың нәтижелерін талдау және істен шығуларды талдау;
3) КГТҚ-ның 150 сағаттық стендтік сынақтары кезінде біліктердің беріктігін және жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру;
4) КГТҚ-ның осы үлгісін жетілдіру және тәжірибелік пайдалану немесе конструкциясы ұқсас басқа КГТҚ-ны пайдалану процесінде байқалған істен шығулардың салдарларын талдау негізінде расталған болуы тиіс.
Ротор біліктерінің діріл салмақ түсуі кіші газдан (немесе бос жүрістен) ең ұзақ және ең жоғарыға дейінгі КГТҚ-ның барлық жұмыс режимдерінің диапазонындағы оның стендтік сынақтары кезінде тензоөлшеу арқылы анықталу қажет.
Беріктік талаптары бойынша айнымалы кернеу деңгейіндегі аса жоғары режимдерді анықтаған жағдайда біліктің шыдамдылық шегін анықтау мақсатында оның беріктігінің қажуына сынақ жүргізу қажет.
Біліктердің қажуына байланысты сынақтарды ұшу барысында оларға түсетін салмақтардың жиынтығы кезінде жүргізу қажет. Жекелеген жағдайларда сынақтар үшін біліктің беріктігін айқындайтын негізгі түсетін салмақ таңдалуы мүмкін. Басқа түсетін салмақтардың беріктіктің қажуына әсері есептеу арқылы бағалануы мүмкін.
1-ескерту. Салмақ түсіру және температура циклы ассиметриясының әсеріне білік материалының шыдамдылық шегінің көрсеткішіне түзетулер үлгілерді зерттеу нәтижесінде енгізілуі мүмкін.
2-ескерту. Жекелеген жағдайларда біліктің шыдамдылық шегі конструкциясы ұқсас біліктерді сынау (нәтижелері) арқылы бағалануы мүмкін.
1495. Термобарокамерадағы КГТҚ-ның биіктікте іске қосылуын тексеру.
Термобарокамерада КГТҚ-ны іске қосылу құрылғысы бар роторды айналдыра отырып, отын аппаратурасының бірыңғай реттеуімен биіктікте іске қосудың шекаралары тексерілген болуы қажет. Қалыпты іске қосу аралығын анықтау үлкен істеген жұмысы бар (мысалы, ұзақ сынақтардан кейін) КГТҚ-да жүргізілуі қажет. Сынақтар арқылы отын шығынын реттеу шегі бойынша жеткілікті қоры бар КГТҚ-ның қалыпты іске қосылу мүмкіндігі расталу қажет.
1496. Помпаж кезіндегі КГТҚ-ның қорғаныш құралдарын тексеру.
Егер КГТҚ помпаж кезіндегі қорғаныш жүйесімен жабдықталған болса, онда жүйенің жұмысын тексеру бойынша сынақтар талаптарға сәйкес жүргізілген болуы қажет.
1497. Турбинаның қызып кетуінен қорғаныш жүйесін тексеру.
Турбинаның қызып кетуінен қорғаныш жүйесінің іске қосылу сенімділігін растау үшін, қорғаныш жүйесі жұмысқа кірісуі қажет режимдерде турбинаның алдындағы газ температурасының көтерілуін имитация жасау арқылы көрсетіп арнайы сынақ жүргізу қажет.
Статистика және сынақтар арқылы турбинаның қызып кетуінен қорғаныш жүйесінің жалған іске қосылуы күмәнді екендігі көрсетілуі қажет.
1498. КГТҚ конструкциясының негізгі элементерін термоөлшеу.
Детальдарды термоөлшеу бойынша сынау талаптар мен ережелерге сәйкес жүргізілуі қажет.
Негізгі детальдардың температурасын анықтау үшін және қалыптасқан режимдерде және айнымалы процестерде осы элементтердің конструкцияларының қауіпті жергілікті қызып кетулері жоқ екендігін бағалау үшін компрессорға, жану камераларына, турбиналарға, шығу құрылғысына және біліктерге термоөлшеу жүргізу қажет.
Термоөлшеуге жататын детальдардың нақты тізбесі сынақтар бағдарламасы арқылы белгіленеді. Міндетті түрде термоөлшеуге жататындар:
1) компрессор бойынша - корпустар, дискілер және соңғы сатылардың басқа элементтері (сынақтар бағдарламасымен нақтыланады);
2) жану камерасы бойынша - қаптама, алғышөп бөліктері мен қыздыру құбырларының қабырғалары;
3) турбина бойынша - сопло аппараттарының күрекшелері, сопло аппараттарының білезіктері, әрбір ротор сатысының жұмыс күрекшелері, дискілер, турбина роторларының тіреулері, корпус және турбина күрекшелері арасындағы беріктік пен радиалдық саңылауларды анықтайтын корпус детальдары.
Қалыптасқан режимдерде детальдардың температураларын және температуралық өрістерді өлшеу КГТҚ-ны қыздырғаннан кейін ТЭБ-қа сәйкес жүргізілуі қажет. Айнымалы процестер кезінде детальдардың температурасын өлшеу қыздырылған және қыздырылмаған КГТҚ-да орындалған болуы қажет.
1499. КГТҚ-ның гидравликалық және пневматикалық коммуникация элементтерінің герметикалығы мен беріктігін тексеру.
1500. КГТҚ жану камерасының жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру.
КГТҚ-ның жұмыс режимдері, сондай-ақ ұшақтың қырынжақтарын, ұшу биіктіктері мен жылдамдықтарын ескере отырып сынақтарды жүргізудің талаптары КГТҚ-ның нақты үлгісін сынау бағдарламасында аталған болуы қажет.
1501. КГТҚ май жүйесінің сипаттамаларын анықтау.
Май жүйесін сынау кезінде мынадай жұмыстардың жүргізілуі көзделген болуы қажет:
1) майдың айдалуы мен майға жылу берілуін анықтау;
2) КГТҚ бағынан майдың кеткендігін тексеру;
3) қозғалтқышқа майдың берілуі қамтамасыз етілетіндігін және оның рұқсат берілген қысымдарымен және температураларымен, оның ішінде ТЭБ бойынша (май жүйесінің биіктігі) рұқсат берілген майдың бактағы ең төмен және ең жоғары мөлшері кезіндегі сорылуын тексеру;
4) ең ұзақ ұшу уақытының жартысы аралығында жұмыс үшін бактағы майдың және ондағы май қорының жеткілікті көлемде екендігін және 1420-тармақта берілген талаптарға май шығынын сәйкестігін тексеру;
5) маймен жуылатын май жүйесінің негізгі детальдары мен КГТҚ детальдарын термоөлшеу;
6) КГТҚ-ның газ-ауа трактысына майдың ағып кетпеуін тексеру;
7) теріс температура жағдайларындағы КГТҚ-ны іске қосу кезінде жүйенің жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру;
8) бактағы рұқсат берілген ең жоғары мөлшері кезінде бакты суфлирлеу жүйесінің жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру;
9) май жүйесінің жұмысын сигнализациялау және бақылау элементерінің жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру.
КГТҚ май жүйесінің аталған сипаттамалары техникалық құжаттамадағы берілген сипаттамаларға сай екендігі көрсетілген болуы қажет.
Ескерту. Стендтік жағдайларда аталған тексерулерді орындау мүмкін болмаған жағдайда оларды ұшу сынақтары кезінде ұшу зертханаларында жүргізуге жол беріледі.
Майдың айдалуы мен майға жылу берілуін анықтау техникалық құжаттамадағы айтылған майдың ең төмен және ең жоғары қысымдарындағы май температуралары кезінде ең жоғары, ең ұзақ, бос жүріс (кіші газ) режимдерінде жүргізіледі.
Майдың айдалуы мен майға жылу берілуін майдың берілген температурасы мен қысымында қозғалтқыштың берілген жұмыс режиміне шыққаннан кейін 5 минут өткен соң жүргізілген өлшеулер бойынша анықтауға болады.
КГТҚ-дағы майдың кетуін анықтауға арналған бойынша сынақтар өткізу барысында бақтағы майдың деңгейін (майдың жылудағы ұлғаюын ескере отырып):
1) КГТҚ іске қосылған кездерде - іске қосылғанға дейін және бос жүріс (кіші газ) режимінде 5 мин жұмыс істегеннен кейін;
2) КГТҚ-ның негізгі режимдерде жұмысы кезінде - режимге шығардың алдында және режимде 5 мин жұмыс істегеннен кейін;
3) КГТҚ өшірілгеннен кейін тәулік ішінде - алғашқы сегіз сағат аралығында әрбір екі сағат сайын және кейінірек 8-10 сағат сайын өлшеу қажет.
Маймен жуылатын КГТҚ детальдары мен май жүйесінің детальдарын термоөлшеу мынадай көлемде жүргізілуі қажет:
1) кіші газ, бос жүріс, ең ұзақ және ең жоғары қалыптасқан режимдердегі КГТҚ-ның жұмысы кезінде мынадай талаптар барысында:
КГТҚ-ға кіре берістегі ең жоғары май температурасы мен атмосфералық ауа температурасы кезінде;
пайдалануға ең жақын майдың, отынның және ауаның температуралары кезінде.
Ескерту. КГТҚ-ға кіре-берістегі ауаны қыздыру құралдары жоқ болған жағдайда майды қосымша қыздыруға жол беріледі немесе май жылу алмастырғышындағы оның салқындатылуын шектейді.
2) КГТҚ ажыратылғаннан кейін ол өшірілген сәттен бастап 3-5 сағат ішінде:
КГТҚ-ны салқындата отырып кіші газ және (немесе) бос жүріс режимінен ол ажыратылардың алдында ТЭБ-қа сәйкес осы режимде;
КГТҚ-ны салқындатпай кіші газ және (немесе) бос жүріс режимінен;
КГТҚ-ны салқындатпай ең жоғары және ең ұзақ режимдерден (шұғыл ажыратуды имитациялау үшін).
Көзделген термоөлшеуді және КГТҚ жұмыс параметрлерін өлшеуді төмендегідей жүргізу қажет:
1) сынақтар кезінде - әрбір режимде кем дегенде 5 минут ішінде;
2) сынақтар кезінде - ажыратылғаннан кейін үздіксіз бір сағат ішінде, ал сонан кейін әрбір 15-30 мин сайын 2-3 мин маймен жуылып жатқан детальдардың температурасы 50оС төмендегенге дейін.
Аталғандардан басқа мынадай параметрлер өлшенуі қажет:
1) май сүзгісіндегі сүзгі элементінде қысым өзгергеруі;
2) ротор тіреулерінің май қуыстарындағы ауа қысымы;
3) ротор тіреулерінің нығыздалған май қуыстарындағы қысымы өзгеруі;
4) жылу алмастырғышқа кіре берістегі және КГТҚ конструқциясында көзделген болса, одан шыға берістегі май мен отынның температуралары;
5) май багындағы майдың деңгейі;
6) суфлирлеу жүйесіндегі ауа қысымы.
1502. КГТҚ-ның биіктік-жылдамдық сипаттамаларын анықтау.
КГТҚ-ның биіктік-жылдамдық сипаттамаларын (БЖС) анықтау бойынша сынақтар мынадай мақсатпен:
1) техникалық құжаттамаға сай есептелген жағдайларда КГТҚ-ның негізгі деректерінің сай екендігін растау;
2) КГТҚ-ның негізгі деректерін техникалық құжаттамасы бойынша оның жұмыс талаптарына сай биіктіктер мен жылдамдықтар диапазонында анықтау.
Ескерту. Термобарокамерада КГТҚ-ның биіктік-жылдамдық сипаттамаларын экспериментальды расталуы мүмкін болмаған жағдайда тексерулер ұшу сынақтарында ұшу зертханаларында немесе ұшақта орындалған болуы қажет.
Сынақтар күтіліп отырған пайдалану жағдайларындағы КГТҚ-ның жұмысы кезінде КГТҚ-ға кіре берістегі тиісті ауа өлшемдеріне тең болатын, тежелген ағын өлшемдеріндегі ауаны және берілген ұшу биіктігіндегі атмосфералық қысымға тең болатын қысымды алғанға дейінгі ҚГТҚ-ның шығу құрылғысының артындағы газ тартуын КГТҚ-ға бере отырып биіктік-жылдамдық ұшу жағдайларын модельдеу арқылы стендте жүргізілуі қажет. КГТҚ-ны қоршап тұрған ауа температурасы сынақтар барысында КГТҚ-ға кіре берістегі ауа температурасына жақын болуы қажет.
КГТҚ-ның БЖС-ын анықтау кезінде 1476-те көрсетілген елшемдерден басқа:
1) КГТҚ-ка кіре берістегі қимада тежелген ауа ағынының қысымдары мен температураларының өрісі;
2) КГТҚ-ға кіре берістегі сол қимадағы және шығу құрылғысының шығу қимасындағы орташа статикалық қысым;
3) турбинаның артжағындағы тежелген газ ағынының температурасы өлшенуі қажет;
4) 1 кг құрғақ ауадағы су буларының салмақтық мөлшерімен анықталатын КГТҚ-ға түсетін ауаның құрамындағы ылғал. КГТҚ-ның және текшенің ылғалдануы КГТҚ өлшемдеріне елеулі әсер етпеуі қажет.
Қажет болған жағдайда КГТҚ өлшемдеріне ылғалданудың әсері арнайы текшелік сынақтарда ескерілуі мүмкін.
КГТҚ-ның анықталатын сипаттамаларының көлемі мен түрлері сынақтарының бағдарламасында белгіленуі қажет.
Сипаттамаларды анықтау бойынша сынақтарға дейін және ол сынақтарды жүргізгеннен кейін есепті ұшу жағдайларында КГТҚ-ның жер бетіндегі статикалық жағдайлардағы бақылау сипаттамалары анықталып, олардың ұқсастығы тексерілген болуы қажет.
1503. КГТҚ ротор тіреулерінің сырғанақтарын тексеру.
Қалыптасқан режимдерде және айнымалы процестер кезінде ротор сырғанақтарына әсер ететін кіндік күштердің өлшенуі жүргізілген болуы қажет және, сырғанақтардың динамикалық жүк көтергіштігіне олардың сай екіндігі бағалануы тиіс. Кіндік күштерді өлшеу мүмкін болмаған жағдайда, тиісті қысымдарды өлшеу негізінде олардың есепті анықталуына жол беріледі.
КГТҚ-ның 150-сағаттық сынақтары арқылы КГТҚ-ның деректациясы кезінде сырғанақтардың жай-күйі бойынша бағаланатын олардағы бөлініп шыққан жылу мен майларды бұру үшін ротор тіреулерінің сырғанақтарынан майдың жеткілікті айдалуы тексерілген болуы қажет.
1504. КГТҚ-ның бақылау жарамдылық деңгейін тексеру.
КГТҚ-ның бақылау жарамдылық деңгейін тексеру:
1) тиісті жобалау құжаттамасын талдау арқылы;
2) КГТҚ-да орнатылған бақылау құралдарының жұмысы туралы деректерді қосатын материалдарды талдау арқылы жүргізілуі қажет.
Ескерту: КГТҚ-да орнатылған бақылау құралдарын тексеру 150-сағаттық текшелік сынақтардың бағдарламасына қосылуы қажет.
Бақылау жарамдылық деңгейін тексеру кезінде:
1) бақылау жарамдылық бойынша техникалық құжаттаманың толдымдылығы;
2) бақылауға арналған өлшемдерді таңдаудың дұрыстығы және КГТҚ-ның тиісті бақылау құралдарымен қамтамасыз етілгендігі;
3) КГТҚ-ның бақылау жарамдылығын қамтамасыз ету бойынша конструктивті іс-шаралардың тиімділігі;
4) КГТҚ-да орнатылған датчиктермен басқа да бақылау құралдарының жұмыс істеу мүмкіндігі мен сенімділігі;
5) жердегі бақылау құралдардының КГТҚ-дағы (пайдаланып жатқан жымдасу элементтері, кабельдері, көшіргіштері бойынша және т.б.) тиісті бақылау құралдарымен түйіндесуі бағалануы қажет.
КГТҚ-да орнатылған бақылау құралдары:
1) пайдалану барысындағы КГТҚ жұмысына бақылауды;
2) ақауларды оларды пайда болуымен дамуының алғашқы кезеңдерінде анықтауды;
3) «техникалық жағдайы бойынша» пайдалану үшін қажетті өткізу бөлігінің жай-күйі мен КГТҚ жүйелерінің жұмысы туралы ақпаратты алуды қамтамасыз ететін болса, қанағаттанарлық деп танылады.
Ескерту. Кешенді бақылау жүйелерімен жабдықталған ұшақты пайдалануға арналған КГТҚ үшін бақылау құралдарының қанағаттандыратын бағалау текшелік аппаратуралары сынақтар кезінде жүргізілуі мүмкін.
225. 150 сағаттық текшелік сынақтар
1505. КГТҚ жалпы талаптарды орындай отырып, баяндалған бағдарлама бойынша ұшу пайдалануына оның сенімділігі мен жарамдылығын тексеру үшін 150 сағаттық текшелік сынақтардан өтуі қажет. КГТҚ-ның конструкциясында, реттеу схемасында, сипаттамаларында қолдану жағдайларында ерекшеліктер болған жағдайда сынақтар бағдарламасы өзгеруі мүмкіншіліктер болған жағдайда сынақтар бағдарламасы өзгеруі мүмкін.
1506. 150 сағаттық сынақтардың бір бөлігі болып табылатын мынадай дайындық жұмыстары жүргізілуі қажет:
1) КГТҚ-ны бөлшектеу;
2) КГТҚ-мен оның агрегаттарының (сынақ алдындағы бұйым ретінде жеткізілетін агрегаттар бөлшектенбейді) бөлшектерін тексеру;
3) арнайы бақылау, КГТҚ бөлшектерін микромертикалық өлшеу және бөлшектердің техникалық құжаттамаға сай екендігін тексеру;
4) агрегаттардың жұмысын тексеру және олардың сипаттамасы.
Ескерту: 150-сағаттық сынақтарға ұсынылған КГТҚ-ға арналған барлық агрегаттар бағдарламада белгіленген олардың көлемдегі сипаттамаларын анықтау арқылы жүргізілуі қажет;
5) 150-сағаттық сынақтар үшін КГТҚ-ны жинау.
Сынақ текшелерінің, жабдықтардың және бақылау-өлшеу приборларының өздеріне қойылатын талаптарға сай екендігін растайтын материалдар ұсынылған болуы қажет.
1507. 150-сағаттық сынақтардың алдында:
1) КГТҚ-ның техникалық жағдайларына сәйкес КГТҚ өткізу және бақылау сынақтары;
2) КГТҚ іске қосу қасиеттерін КГТҚ пайдалануда іске қосу үшін пайдалану болжанып отырған іске қосу құрылғыларының қоректі көздерінен немесе энергетика сипаттамалары мен қоректенудің басқа көздерінің қуаты бойынша оған тең келетін екі-үш қалыпты іске қосуларды орындау жолымен орындауды бақылау тексеру;
3) КГТҚ-ның сипаттамаларын анықтау тексерілуге тиіс.
1508. Қозғалтқыштың сипаттамаларын айқындау кезінде және 150-сағаттық сынақтар барысында КГТҚ-ның негізгі деректері мен өлшемдеріне өлшеу жүргізілуге тиіс және онда мынадай шарттар сақталуы керек:
1) КГТҚ негізгі деректері мен өлшемдері оның конструкциясына кіретін штуцерлерді, датчиктерді және т.б. пайдаланып, КГТҚ арнайы тәсілдеу кезінде өлшенуге тиісті негізгі деректері мен өлшемдері;
2) КГТҚ негізгі деректері мен өлшемдерінің өзгеру сипаттамасын бос жүріс немесе аз газдан ең жоғарыға және (немесе) ең жоғары ұзақтыққа дейінгі режимдердің диапазонында қажетті үйлесімдерде ауаны және басқа жүктемелерді таңдап алу өзгерген кезде бағалаған жөн.
КГТҚ режимдерінің әрқайсысы кем дегенде 5 минут бойы шыдауға тиіс. Құралдардың көрсеткіштері осы режимнің соңғы 2 минутында тіркелгені жөн.
Ескерту. Егер ең жоғарғы режимде КГТҚ техникалық талаптар бойынша үздіксіз жұмыс уақыты 5 минуттан кем болса, онда осы режимде шыдау уақыты техникалық құжаттамада көрсетілгенге сәйкес болуы тиіс.
КГТҚ сипаттамаларын айқындау кезінде өлшемдер өзгерістерінің жеткілікті саны (ауа мен электр қуатын таңдап алуды көбейту кезіндегі өлшемдер кем дегенде бес және оларды кеміткен кезде төрт) орындалуы тиіс.
1509. 150-сағаттық сынақтарды бастар алдында оларды жүргізу барысында мыналар орындалуы тиіс:
1) майды айдауды өлшеу және майдың ұсынылған температурасы кезінде ең жоғары ұзақ режимде майға жылу беруді анықтау. КГТҚ-да отын-май жылу айырбастағышы болған жағдайда, жүйеге текшелік жылу айырбастағышты қосуға рұқсат етіледі;
2) бос жүріс және аз газ режимдеріндегі техникалық құжаттамада аса жоғары мәлімделген осы режимдерге арналған уақыт ішінде КГТҚ үздіксіз жұмысын бақылау тексеру;
3) КГТҚ-да бар қорғау, белгі беру және диагностикалық құрылғылар жүйелерінің жұмыс істеп кетуіне даярлығын тексеру.
1510. КГТҚ сипаттамаларын айқындау кезінде таңдап алынған ауаның қысымы мен температурасына, турбина алдындағы (турбина артындағы) газдың температурасына қарай және тұрақты электр қуатын таңдап алу немесе таңдаусыз қуат кезіндегі таңдап алынған ауаның шығысынан КГТҚ-ға қойылатын талаптарға орай отын шығысы алынуға тиіс. КГТҚ жұмысының барлық пайдалану режимдерінде қамтылатын әрбір тәуелділік нүктелерінің жеткілікті саны бар айналу жиіліктерінде келтірілген әртүрлі тұрақты жағдайда көрсетілген өлшемдердің жеткілікті тәуелсіздік саны алынуға және өлшемдерді сақтаудың тұрақтылығын бағалауға арналған 150-сағаттық сынақтар аяқталғаннан кейін алынған баламалы тәуелділіктер мен оларды салыстыру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
1511. 150-сағаттық сынақтар жалпы ұзақтығы 28-кестенің деректеріне сәйкес келетін режимдерден тұруы тиіс.
28-кесте
Жұмыс режимі | Сағат-минутта істелген жұмыс. Іске қосу саны, жүктеме өзгерістері |