2) КГТҚ-ның барлық жұмыс режимдерінде ол арқылы майдың тұрақты айналуын қамтамасыз ету үшін қажетті ең төменгі рұқсат берілген май мөлшерінің;
3) мүмкін болатын салмақтың мөлшерден көп түсуі кезінде КГТҚ-ның реттегіш агрегаттарына беру үшін бактың арнайы бөлігінде қалуы қажет май мөлшерінің;
4) майалғыштың ойығынан төмен бактың ішіндегі май мөлшерінің жиынтығы арқылы анықталады.
1440. Май багының:
1) құю түтігі және бактан майды төгуге арналған, өз-өзіне бақылау жасайтын қысымды үлгідегі краны бар құрылғысы;
2) майды құю барысында бактың толып кетуін болдырмайтын құрылғысы және көлемі стандартты келген штуцері бар, майды қысым астында жабық дистанциялық құюға арналған клапаны;
3) құю түтігінің оңай ағытылатын қалпағы;
4) құю түтігінде 0,2 мм қоспаларды сүзгіден өткізбейтін алынып-салынатын торлы сүзгісі;
5) бактағы майдың мөлшерін өлшеуге арналған құрылғысы және бактағы майдың ең төменгі рұқсат берілген мөлшерін білдіретін сигнализация құралы;
6) май толтырылмайтын бактың кем дегенде 20% (ұлғаю) көлемі;
7) май құйғаннан кейін құю түтігінде және оның жанында май қалдықтарының жиналуын болдырмайтын конструкциясы;
8) құю түтігінің жанында бактың сыйымдылығы көрсетілген және «май» деп жазылған сөзі бар трафареті;
9) КГТҚ-ға майдың түсуін және майсыз КГТҚ-ның қысқа уақыт аралық жұмыс істеуіне жол берілмейтін күтіліп отырған пайдалану жағдайларындағы түскен салмақ пен эволюциялар кезінде ішкі қуыстың суфлирленуін қамтамасыз ететін құрылғысы болуы қажет.
212. Салқындату жүйесі
1441. КГТҚ-ның салқындату жүйесі талаптарды қанағаттандыруы қажет.
213. Реттеу және басқару жүйесі
1442. КГТҚ-ны реттеу және басқару жүйесі талаптарды қанағаттандыруы қажет.
1443. КГТҚ күтіліп отырған пайдаланушылық жағдайларында мынадай функцияларды:
1) КГТҚ-ның іске қосылуы мен ажыратылуын;
2) барлық режимдерде берілген дәлдіктері кезінде және реттегіш құрылғыларда қолданылатын жұмыс денесінің сыртқы жағдайлары мен температурасының мүмкін болатын өзгеруі кезінде берілген реттеу бағдарламасына сәйкес реттеліп отырған өлшемдердің автоматты түрде ұстап отырылуын;
3) техникалық құжаттамада айтылған шектерде реттеліп отырған өлшемдерді өзгерте отырып, режимнен режимге бір қалыпты ауысуын;
4) КГТҚ-ның шектеулі өлшемдерінің тікелей немесе жанама түрде шектелуін қамтамасыз ететін автоматтандырылған реттеу және басқару жүйесімен жарақталуы қажет.
214. Іске қосу жүйесі
1444. КГТҚ-ны іске қосу жүйесі талаптарға талаптарды қанағаттандыруы қажет.
1445. Іске қосу жүйесі автоматтандырылған болуы тиіс және мынадай талаптарды:
1) басқару органына (іске қосу түймешесіне, тумблерге) ықпал ету арқылы іске қосылуы;
2) қолмен ешқандай қосымша операциялар жасамастан бос жүріс (кіші газ) режиміне КГТҚ шыққанға дейін, автоматты түрде қалыпты іске қосу процесін қамтамасыз етуі;
3) автоматты түрде өшуі және келесі іске қосылуына автоматты түрде әзірленуі қажет.
215. Ауа алу жүйесі
1446. Ауа алу жүйесі талаптарды қанағаттандыруы қажет.
216. Мұздануға қарсы жүйе (МҚЖ)
1447. КГТҚ-ның МҚЖ-сы талаптарды қанағаттандыруы қажет. КГТҚ-ның ұшақтағы күтіліп отырған жинақталуы кезінде МҚЖ-ның КГТҚ-ға қажет еместігі көрсетілсе, ол қолданылмауы мүмкін.
217. Турбинаның қызып кетуінен қорғаныш жүйесі
1448. КГТҚ-да турбинаның қызып кетуінен қорғайтын автоматты жүйе көзделген болуы қажет. Жүйе КГТҚ-ның рұқсат берілген көрсеткіштен асатын газ температурасында жұмыс істеуіне жол берместен, оның жұмыс істеу қабілетінің жай-күйінің сақталуын қамтамасыз етуі қажет.
Газ температурасының рұқсат берілген көрсеткіштен асуын болдырмас үшін КГТҚ-ны төмен режимге автоматты түрде ауыстыру немесе оны ажырату қажет.
1449. Егер жүйенің турбинаның қызып кетуінен қорғануы басқа құралдар немесе әдістер арқылы қамтамасыз етілген болса, онда автоматты жүйенің ажыратылуына жол беріледі және бұл ТЭБ-та айтылған.
218. КГТҚ-ның түйіндері, агрегаттары, аппаратурасы
1450. КГТҚ-ның жану камерасы 1408-тармақ талаптарын қанағаттандыруы қажет.
219. Гидрожетектер
1451. КГТҚ-да орнатылған гидрожетектер 1408-тармақ талаптарын қанағаттандыруы қажет.
220. Агрегаттар және олардың жетектері
1452. КГТҚ-ның агрегаттары мен олардың жетектері талаптарын, ал айнымалы және тұрақты токтың электр генераторлары талаптарға жауап беруі қажет.
221. Бақылау және сигнализациялау аппаратурасы
1453. КГТҚ-да қолданыстағы Нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес КГТҚ-ның дұрыс жұмыс істеуіне тексеруді және оның техникалық жай-күйін болжауды қамтамасыз ететін бақылау аппаратурасы орнатылған болуы қажет. Бақыланатын өлшемдердің тізбесі ТЭБ-те аталған болуы қажет.
1454. КГТҚ-да істен шығуларды бастапқы кезеңдерінде табу үшін және пайдалану барысындағы КГТҚ-ның техникалық жай-күйін анықтау үшін механикалық зақымдарды анықтаудың құралдарымен жарақталуы қажет. Бұл құралдарға:
1) май жүйесіндегі магниттік тығындар және құрамында темірдің және басқа да металдардың мөлшерін талдауға арналып, ыңғайлы орналасқан майды уақыт өте алып отырудың төгу крандары;
2) оптикалық, ультрадыбыстық, құйынтокты және басқа да зонд үлгісіндегі приборлардың көмегі арқылы газ-ауа трактысының детальдарын уақыт өте тексеріп отыруға арналған құрылғылар (терезелер, люктар).
Ескерту. Терезелер мен люктардың мөлшері және орналасуы ТЭБ-те аталған тізбе бойынша компрессор, турбина баспалдақтары жұмыс күрекшелерінің, жану камерасы бетінің және конструкцияның басқа да элементтерінің жай-күйін бағалауға мүмкіндік беретіндей етіп таңдалуы қажет;
3) техникалық жай-күйді бақылауға және КГТҚ-ның (9.4.4.6) мүмкін болатын істен шығуларды анықтауға арналған датчиктер жатады.
Ескерту. Датчиктердің тиісті тізбесі ТЭБ-те ұсынылуы қажет.
1455. Датчиктер КГТҚ-да:
1) қысым алу нүктесі магистральдың арынды учаскесінде сүзгіден кейін, егер сүзгі жүйеде көзделген болса орналасуы;
2) оны өлшеуге және реттегіш құрылғыға әсер етуге арналған параметр алу нүктелері тракт учаскесінде өлшеу және реттегіш құрылғыларға бірдей әсер етуді қамтамасыз ететіндей орналасуы;
3) датчиктердің электр сымдары мүмкін болатын зақымданулардан сенімді қорғалып және зақымданудан қауіпсіз КГТҚ-дағы орындарға орналасуы қажет.
1456. Бақылау-өлшеу приборларына қарай кететін әрбір магистраль тармақтарының жанында құбырлар қираған жағдайда сұйықтықтың ағып кетуін шектейтін құрылғы көзделу ұсынылады.
1457. КГТҚ-ны бақылау, реттеу және басқару үшін қажетті аппаратура мен приборлардың тізбесі ұсынылған болуы қажет. Сондай-ақ осы аппаратура мен приборлардың қажетті дәлдік шектері аталған болуы қажет. Осы сияқты аппаратура мен приборлардың көлеміне байланысты олардың рұқсатты мүмкіндігі мен дәлдігі және т.б. ескерілуі қажет.
1458. КГТҚ-да мына өлшемдердегі:
1) роторлардың айналыс жиіліктерін;
2) газ температурасын;
3) КГТҚ-ға кіре берістегі майдың температурасын өлшеу датчиктері орнатылған болуы қажет.
Ескерту. КГТҚ-да қажетті деп танылған өлшемдердің қосымша өлшеулері жүзеге асырылуы мүмкін.
КГТҚ-да оның істеген жұмысын объективті есептеуге арналған құрылғы көзделген болуы қажет.
1459. КГТҚ:
1) майдың ең төмен қысымын;
2) май багындағы майдың ең төмен қалдығын;
3) отын сүзгісіндегі рұқсат берілген ең жоғары отын қысымының өзгеруін;
4) ротор (роторлар) айналысының рұқсат берілген ең жоғары жиілігін;
5) газдың ең жоғары температурасынан асуын;
6) дірілдердің рұқсат берілген деңгейден асуын білдіретін қажетті сигнализациялау құрылғыларымен жарақталуы қажет.
Ескерту. Егер қажетті деп танылған жағдайда, басқа да сигнализаторлар орнатылуы мүмкін.
1460. КГТҚ-да орнатылған сигнализация құралдары қосылған кездегі экипаждың іс-қимылдары бойынша ұсынымдар ТЭБ-қа енгізілуі қажет.
222. Құбырлар, ажыратқыштар, жалғаулар
1461. КГТҚ-да қолданылатын құбырлар, ажыратқыштар және жалғаулар 1408-тармақтағы талаптарды қанағаттандыруы қажет.
223. «Ұшаққа орнатқанға дейінгі» куәландыру кезінде
КГТҚ-ны сынақтан өткізу
1462. «Ұшаққа орнатқанға дейінгі» куәландыру кезінде КГТҚ және оның детальдары мынадай стендтік сынақтардан:
1) арнайы сынақтардан;
2) сағаттық сынақтардан;
3) ресурстарды орнықтыру бойынша сынақтардан қанағаттанарлық дәрежеде өтуі қажет.
1463. КГТҚ-ны куәландыру кезіндегі барлық стендтік сынақтар нәтижесін бағалау үшін КГТҚ-ның жетілдіру тарихын ескеру қажет.
1464. Қажетті үйлесімі шегіндегі сынақтар кезінде мынадай өлшемдер өлшенуі қажет:
1) барометрлік қысым, атмосфералық температура мен ылғалдылық;
2) КГТҚ-ға кіре берістегі тежелген ауа ағынының қысымы;
3) КГТҚ-ға кіре берістегі тежелген ауа ағынының температурасы;
4) турбокомпрессор мен еркін турбина (егер ол бар болса) роторлары айналысының жиіліктері;
5) компрессордан шыға берістегі тежелген ауа ағынының қысымы мен температурасы;
6) турбинаның арт жағындағы тежелген газ ағынының температурасы;
7) отын шығыны;
8) алынатын және қайта жіберілетін ауаның шығыны;
9) КГТҚ-дан алынатын ауаның қысымы мен температурасы;
10) КГТҚ-ға кіре берістегі отынның қысымы мен температурасы;
11) отын коллекторы форсункаларының алдындағы отын қысымы;
12) КГТҚ-ның май жүйесіндегі майдың қысымы;
13) КГТҚ-ға кіре берістегі майдың температурасы;
14) КГТҚ-дан шыға-берістегі майдың температурасы;
15) майдың айдалуы;
16) май шығыны;
17) КГТҚ корпустарының дірілі;
18) КГТҚ компрессорының реттелетін элементтерінің қалпы;
19) электр генераторларға түсетін салмақтың тогы;
20) электр генераторлардың клеммаларындағы кернеу;
21) электр генераторлар алдындағы салқындататын ауаның қысымы;
22) электр генераторларға дейінгі және кейінгі салқындататын ауаның температурасы;
23) электр генераторлар щеткалары мен корпустарының температурасы.
Ескерту. КГТҚ-ның, оның жүйелерінің немесе сынақ түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты аталған өлшеу өлшемдерінің тізбесі өзгеріп отыруы мүмкін.
1465. 150 сағаттық стендтік сынақтар мен ресурстық сынақтарға арналған КГТҚ-ның жинақталуы мемлекеттік сынақтарға арналған КГТҚ-ның жинақталуына толық сай болуы қажет. Арнайы сынақтарға арналған КГТҚ жинақталуының мемлекеттік сынақтарға арналған КГТҚ-ның жинақталуына ұқсастығы ең болмағанда тексеріліп жатқан КГТҚ сипаттамалары мен қасиеттеріне әсер ете алатын конструкция элементтері бойынша сақталу қажет.
Егер КГТҚ-ның конструкциясында ауа алғыш көзделген болса, КГТҚ-ның 150 сағаттық стендтік сынақтары оның ауа алғышымен жүргізілуі қажет. КГТҚ орналасқан бөлімнің оның параметрлеріне, компрессор жұмысының орнықтылығына, күрекшелердің діріл кернеулеріне әсері арнайы сынақтар кезінде ескерілуі қажет. Арнайы сынақтар компрессорға кіре берістегі (бөлімді елестететін орында) ауа ағынының күтіліп отырған ұшу наразылықтарын бейнелей отырып жүргізілуі қажет. Сынақтар штаттық шығу құрылғысымен жүргізілуі қажет. Қажет болған жағдайларда конструкциясы өзгеше келген шығу құрылғысын қолдануға болады.
1466. КГТҚ компрессорына түсіп тұратын атмосфералық ауаны ылғалдайтын жасанды құралдар арнайы алдын-ала келісілген жағдайларда болмаса, қолданылмауы қажет.
1467. Сынақтарда КГТҚ-ға арналған техникалық құжаттамадағы отын мен май қолданылуы қажет. КГТҚ-ны отынмен және маймен қуаттандырудың стендтік жүйелері КГТҚ-ның штаттық құралдарында көзделген, отын мен майды тазалауды қамтамасыз ететін сүзгілермен жабдықталған болуы қажет.
1468. Егер, отын мен майдың әр түрлі маркалары қадамдық қозғалтқыштарында қолданылатын бірнеше ұшақ үлгілерінде КГТҚ-ның қолданылуы күтіліп отырса, онда КГТҚ-ның барлық арнайы стендтік сынақтарын отын мен майдың бірдей маркаларында жүргізуге болады. КГТҚ-ның отын мен майдың басқа маркаларында жұмысы ұзақ сынақтар арқылы, сондай-ақ отын мен майдың физикалық-химиялық қасиеттерінен шыға отырып, қажетті деп танылған арнайы сынақтар арқылы тексерілуі қажет.
1469. Егер нақты сынақтарға қойылатын талаптарда өзге еш нәрсе айтылмаған болса, сынақтар кезінде КГТҚ-ға арналған барлық реттегіштер орнатылған болуы қажет. Регуляторлардың бабына келтіру элементтерін әрбір сынақ алдында реттеп отыру қажет. Жасалған реттеу осы сынақтың аяғына дейін және барлық тексеру орындалғанға дейін өзгертілмеуі қажет.
1470. Сынақтар кезіндегі стендтің барлық жүйелерінің жинақталуы (құбырлардың көлемі мен конфигурациясы, электр сымдарының сипаттамалары, сүзгіден өткізудің сызбасы, жүйелердің сыйымдылықтары және т.б.) осы элементтерге байланысты КГТҚ-ның күтіліп отырған пайдалану жағдайларындағы бейнеленуін қамтамасыз етуі қажет.
1471. 150 сағаттық сынақтардың реттелетін процесінде тек КГТҚ-ға қалыпты қызмет көрсетуге және шағын жөндеу жұмыстарына ғана рұқсат беріледі. Егер, әдеттен тыс, едәуір жөндеу немесе детальдарды ауыстыру жұмыстарына жүгінуге рұқсат беру болады деп танылған жағдайда, онда қосымша сынақтар өткізу қажет. Бұл қосымша сынақтардың мазмұны мен талаптары жүргізілген жөндеу жұмыстарының немесе детальдарды ауыстыру жұмыстарының сипаты мен көлеміне байланысты анықталады.
Ескерту. Сынақ стендін қоршаған ортадан КГТҚ-ның ішіне шаң мен лай жиналған жағдайларда, 150 сағаттық сынақтың кейбір кезеңдерінде КГТҚ-ны бөлшектеместен КГТҚ трактысын шаюға жол берілуі мүмкін.
1472. Көрсеткіштері атмосфералық жағдайларға тәуелді, КГТҚ-ның сынақтары кезінде өлшенген өлшемдер берілген деректермен салыстыру үшін СА-ға келтірілуі қажет.
1473. КГТҚ-ның сынақтары кезінде өлшенген:
1) КГТҚ арқылы өтетін ауа шығыны мен алынатын ауа шығынының шамасы;
2) компрессор турбинасының ротор айналысы жиілігі мен еркін турбина (егер ол бар болса) арқылы қозғалысқа келтірілетін қосымша компрессор айналыс жиілігінің шамасы;
3) алынатын ауа қысымының шамасы;
4) алынатын ауа температурасының және турбинаның арт жағындағы газ температурасының шамасы;
5) отынның сағат бойынша шығынының шамасы.
1474. КГТҚ үлгілеріндегі, олардың реттеу жүйелеріндегі, стенд конструкцияларындағы айырмашылықтар және нақты КГТҚ-ға арналған осындай формулаларға түзетулер СА талаптарына өлшенген шамаларды келтіру әдістеріне түзетулер енгізуі мүмкін. СА талаптарына келтіру үшін, сондай-ақ КГТҚ үлгілерін, олардың реттеу жүйелерін, стенд конструкцияларын ескере отырып, есептеліп жасалған номограммалар немесе келтіру графикалары қолданылуы мүмкін.
1475. Егер кез келген сынақтардың нәтижесінде немесе жүргізілген модификациялаудың нәтижесінде конструкцияға қандай да болмасын өзгеріс енгізілетін болса, онда енгізілген өзгеріс әсер етуі мүмкін барлық аяқталған сынақтар қайтадан өтуі қажет.
1476. 224-тараумен регламенттелетін арнайы сынақтар аяқталғаннан кейін, осы сынақтар жүргізілген КГТҚ мен оның агрегаттарына сынақтардың бағдарламасында немесе әдістемесінде аталған көлемде дефектация жүргізілуі қажет.
224. Арнайы стендтік сынақтар
1477. КГТҚ мен оның детальдары қанағаттанарлық дәрежеде мынадай:
1) КГТҚ корпустарының беріктігін, қатаңдығын, тіреу мүмкіндігін және циклдық ұзақтығын тексеру бойынша;
2) КГТҚ-ның діріл сипаттамаларын анықтау бойынша;
3) турбина алдындағы газ температурасының және роторлар айналысы жиіліктерінің («ыстық сынақтар») пайдалану барысында мүмкін болатын ең жоғары көрсеткіштері кезінде КГТҚ-ның жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру бойынша;
4) КГТҚ-ның газды динамикалық орнықтылығының жеткілікті қорын тексеру бойынша;
5) КГТҚ компрессоры мен турбинасы күрекшелерінің қирау салдарларын анықтау бойынша;
6) КГТҚ МҚЖ-сының тиімділігін тексеру бойынша;
7) жер жағдайларында қоршаған ауаның әр түрлі температурасындағы КГТҚ-ның іске қосылу қасиеттерін тексеру бойынша;
8) ауа алғашқы бөгде заттардың түсуі кезіндегі КГТҚ-ның жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру бойынша;
9) КГТҚ роторларының беріктігін тексеру бойынша;
10) турбина алдындағы газ температурасының артуы кезіндегі КГТҚ роторларын тексеру бойынша;
11) жоғары айналыс мезеті кезіндегі еркін турбиналы КГТҚ-ның жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру бойынша;
12) КГТҚ-ның отын жүйесі мен автоматты реттеу жүйесін тексеру бойынша;
13) ротордың ең жоғары айналыс жиілігінен асқан кезіндегі КГТҚ-ның жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру бойынша;
14) КГТҚ редукторларының беріктігін тексеру бойынша;
15) КГТҚ біліктерінің беріктігін тексеру бойынша;
16) термобарокамерадағы КГТҚ-ның биіктікте іске қосылуын тексеру бойынша;
17) помпаж кезіндегі КГТҚ-ның қорғаныш құралдарын тексеру бойынша;
18) турбинаның қызып кетуінен қорғаныш жүйелерін тексеру бойынша;
19) КГТҚ конструкциясының негізгі элементтерін термоөлшеу бойынша;
20) КГТҚ-ның гидравликалық және пневматикалық коммуникация элементтерінің герметикалығы мен беріктігін тексеру бойынша;
21) КГТҚ жану камерасының жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру бойынша;
22) КГТҚ май жүйесінің сипаттамаларын анықтау бойынша;
23) КГТҚ-ның биіктік-жылдамдық сипаттамаларын анықтау бойынша;
24) КГТҚ роторларының сырғақ (подшипник) тіректерін тексеру бойынша;
25) КГТҚ бақылау жарамдылығының деңгейін тексеру бойынша арнайы сынақтардан өтуі қажет.
Барлық сынақтар әрбір нақты КГТҚ-ға арналып әзірленген бағдарламалар бойынша жүргізілуі қажет және 150 сағаттық сынақтарға ұсынылған КГТҚ-да да, сондай-ақ КГТҚ-ның басқа бір данасында да орындалуы мүмкін.
1478. КГТҚ корпустарының беріктігін, қатаңдығын, тіреу мүмкіндігін және циклдық ұзақтығын тексеру.
1479. КГТҚ-ның діріл сипаттамаларын анықтау.
1480. Турбина алдындағы газ температурасының және роторлар айналысы жиіліктерінің («ыстық сынақтар») пайдалану барысында мүмкін болатын ең жоғары көрсеткіштері кезінде КГТҚ-ның жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру.
Егер жүргізілген 150 сағаттық сынақтар барысындағы ең жоғары режимде алынған көрсеткіштерінен қалыпты пайдалану жағдайларында газ температурасының ең жоғары көрсеткіштері 20оС-қа және КГТҚ роторлар айналысы жиіліктерінің ең жоғары (ең ұзақ) көрсеткіштері 1%-ға артқан болса»"ыстық сынақтарды" жүргізу қажет.
«Ыстық сынақтардың» ұзақтығы кем дегенде 75 сағат құрауы қажет, ал газ температурасы мен айналыс жиілігінде ең жоғары мүмкін болатын пайдалануы барысындағы істеген жиынтық жұмысы осы КГТҚ-ның 150 сағаттық сынақтары үшін белгіленген ең жоғары және ең ұзақ режимдеріндегі істеген жиынтық жұмысына тең болуы қажет.
Пайдалануы барысындағы ең жоғары мүмкін болатын газ температурасы мен роторлар айналысы жиілігі күтіліп отырған пайдалану жағдайларындағы сыртқы ауаның температурасын, отын шығынына арналған рұқсаттарды, аэродромдардың орналасу биіктігін, КГТҚ-ға кіре-берістегі ауа ағынының мүмкін болатын біркелкі еместігін ескере отырып есептелген КГТҚ-ның биіктік-жылдамдық сипаттамалары бойынша анықтау қажет.
1481. КГТҚ-ның газды динамикалық орнықтылығының жеткілікті қорын тексеру.
Қалыптасқан режимдердегі және ауыспалы процестер кезіндегі сынақтар арқылы (іске қосу, кіші газдан бос жүріске ауысу, түскен салмақтың өзгеруі) КГТҚ-ның компрессорында және еркін турбинамен (егер ол бар болса) қозғалысқа келтірілетін қосымша жетекті компрессорда күтіліп отырған пайдалану жағдайларында помпаждың туындамайтыны және газды динамикалық орнықтылығының жеткілікті қоры қамтамасыз етілетіндігі көрсетілген болуы қажет.
1482. КГТҚ компрессоры мен турбинасы күрекшелерінің қирау салдарларын анықтау.
1483. Компрессор мен турбина күрекшелерінің қирау салдарларын анықтау бойынша сынақтар талаптарға сай жүргізілуі қажет.
1484. Сынақтар өткізу барысында компрессордың немесе турбинаның жұмыс дөңгелегінен айналыс жиілігінің ең жоғары мүмкін болатын пайдалануы барысында түбір қимасындағы бір күрекше бөлінуі қажет. КГТҚ күрекше бөлінгеннен кейін талдау арқылы белгіленген өзгермейтін жұмыс режиміндегі белгілі бір уақыт аралығында кем дегенде 15 с немесе өзі өшкенге дейін жұмыс істеуі қажет.
1485. КГТҚ МҚЖ-сының тиімділігін тексеру.
КГТҚ МҚЖ-сының тиімділігін тексеру 1420-тармақтың талаптарына сай жүргізілуі қажет.
КГТҚ МҚЖ-сының тиімділігі мынадай режимдерде:
1) кіші газ (егер ол бар болса) режимінде;
2) бос жүріс режимінде;
3) ең ұзақ режимде;
4) бағдарламада аталған басқа да қалыптасқан режимдерде тексерілуі қажет.
Жер жағдайларында жұмыс істеп тұрған КГТҚ МҚЖ-сын режимдердің әрқайсында сынау ұзақтығы:
1) температураға, сулы болуына және тамшылардың диаметріне сай болатын мұздану жағдайларында 30 минут;
2) температураға, сулы болуына және тамшылардың диаметріне сай болатын мұздану жағдайларында 5 минут.
Сынау уақыты осы режим үшін ТЭБ-та көрсетілген үздіксіз жұмыс уақытынан аспауы қажет.
Ескерту. Әрқайсысы 5.9.2 мен 5.9.3-те аталған температуралар үшін белгіленген тұрақты сулы болуы кезінде жүргізілетін бірнеше сынақтар жүргізуге жол беріледі. Осы тармақтың орындалу тәртібі мен реттілігі сынақтардың бағдарламасында көрсетілу қажет.
Кіші газ бен бос жүріс режимдерінде қозғалтқышты тексеру аяқталған соң, минус 10оС-тан 0оС-қа дейінгі температуралар диапазонында және келтірілген сулы болуының шамасында режимдері өзгерген кездегі (кіші газдан бос жүріске және бос жүрістен ең ұзақ және ең жоғары режимдерге ауысқанда) КГТҚ-ның жұмысына тексеру жүргізілген болуы қажет. Тексерулердің саны сынақтар бағдарламасында көрсетілген болуы қажет.
КГТҚ МҚЖ-сы мен ауа алғыш МҚЖ-сының іске қосылуы кешіккен кезде КГТҚ-ның жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру стендтік сынақтардағы кіші газ немесе бос жүріс режимдерінде және мұздану жағдайларындағы сынақтар бағдарламасында көзделген басқа да қалыптасқан режимдерде жүргізілуі қажет.
Штаттық мұздану сигнализаторларының қосылу мезетіне қатысты аталған МҚЖ-ның іске қосылуының кешігуі бір минут құрауы қажет.
Ескерту. Егер, ұшақта осылай жинақталғанда ауа алғыштан бөлінген мұз кесектерінің КГТҚ-ға тиюі мүмкін емес деп көрсетілсе, ауа алғыш МҚЖ-сының іске қосылуының кешігуіне байланысты тексеру жүргізілмейді.
1486. Жер жағдайларында қоршаған ауаның әр түрлі температурасындағы КГТҚ-ның іске қосылу қасиеттерін тексеру.
Жер жағдайларында қоршаған ауаның әр түрлі температурасындағы КГТҚ-ның іске қосылу қасиеттерін тексеру талаптарға жауап беруі қажет.
КГТҚ-ның іске қосылуын тексеру бойынша жүргізілген сынақтар арқылы:
1) қуат көздерінің өлшемдеріндегі мүмкін болатын шектен шығу ауытқуларын ескере отырып, борттық қуат көзінен болсын, сондай-ақ аэродромдық қуат көздерінен болсын КГТҚ-ны іске қосу жүйесі жұмысының жеткілікті сенімді екендігі;
2) іске қосуды қамтамасыз ету үшін отын аппаратурасын бірыңғай реттеудің жеткілікті екендігі көрсетілген болуы қажет.
Ескерту. Реттелуі бірыңғай болып келетін іске қосуды тексеру барысында отын реттегіш аппаратураға техникалық жағдайлармен белгіленетін отын шығыны кезіндегі КГТҚ-ның қалыпты іске қосылу мүмкіндігі расталған болуы қажет.
1487. Ауа алғышқа бөгде заттардың түсуі кезіндегі КГТҚ-ның жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру.
Ауа алғышқа бөгде заттардың түсуі кезіндегі КГТҚ-ның жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру талаптарды ескере отырып, келісілген бағдарлама бойынша жүргізілуі қажет. Егер, күтіліп отырған пайдалану жағдайларында бөгде заттардың ауа алғышқа түсуі мүмкін емес деп көрсетілсе, онда ауа алғышқа бөгде заттардың түсуіне байланысты сынақ жүргізілмейді.
1488. КГТҚ роторларының беріктігін тексеру.
Ротор мен оның жекелеген детальдарының шағын циклдық қажуын және ұзақ уақытқа арналған беріктігін тексеру баламалы-циклдық сынақтардың бағдарламалары бойынша КГТҚ-да немесе арнайы жабдықталған үдемелі стендіде жүргізілуі қажет.
1489. Турбина алдындағы газ температурасының артуы кезіндегі КГТҚ роторларын тексеру.
Турбина алдындағы газ температурасының артуы кезіндегі КГТҚ роторларын тексеру ең жоғары айналыс жиілігі мен турбина алдындағы газдың, егер КГТҚ-да ең жоғары режим көзделмеген болса, ең жоғары немесе ең ұзақ режимдерге сай болатын, ең жоғары температурадан кем дегенде 45оС асатын температурасы кезінде 5 минут ішінде сынақ арқылы жүргізілуі қажет.
Сынақтардан кейін КГТҚ роторларының жай-күйі олардың одан әрі қарай пайдалану жарамдылығын растауы қажет. Біреуден артық роторы бар КГТҚ-ның әрбір роторы турбина алдындағы газдың тиісті жоғары температурасы кезінде сынақтан өтуі қажет. Егер, осы сынақтардың температуралық және уақыттық факторларының турбинаның ыстық детальдарына әсері бойынша талаптары әлдеқайда қатаңдау екендігі немесе ең болмағанда аталған талаптарға барабар екендігі көрсетілетін болса, онда бұл сынақты ауыстыруға немесе аталған екінші сынақпен біріктіруге болады.