1368. Тактиль сигналдарын ұшқыштың екеуі де ұғынуы қажет. Тактиль сигнализаторына басқару штурвалындағы талап етілетін бағыттың сигнализациясын қамтамасыз ету ұсынылады.
1369. Тактиль сигнализациясы сезімдерге ауыр әсер етпеуі қажет.
203. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш (КГТҚ)
1370. 203-235 тармақтарда көмекші газ турбиналы қозғалтқыштарға (КГТҚ-ға) қойылатын талаптар баяндалған. Осы талаптарды орындау күтіліп отырған пайдаланушылық жағдайларында КГТҚ-ның ұшу жарамдылығын қамтамасыз ету үшін міндетті болып табылады.
Ескерту. 203-235 тармақтардың талаптары турбокомпессорлық стартерлерге таралмайды.
1371. КГТҚ-ның 203-235 тармақтардың талаптарына сәйкестігі техникалық құжаттаманы, есептеулерді, стендік, жер бетіндегі сынақтарды және ұшу сынақтарын, сондай-ақ пайдалану тәжірибесін талдау негізінде анықталуы қажет:
1) осы тарау талаптарының көлемінде - КГТҚ-ны»"ұшаққа орнатқанға дейін" куәландыру кезінде;
2) осы тарау талаптарының көлемінде - ұшақты куәландыру кезінде. Куәландырудың осы кезеңінде 194-баптың талаптарын қанағаттандыратын КГТҚ-ның "ұшаққа орнатқанға дейін" куәландыру кезіндегі ұшу сынақтары бөлігінің оң нәтижелері есептеледі;
3) осы тарау талаптарының көлемінде - топтап шығарылатын және жөндеуге жататын КГТҚ-ға бақылау кезінде.
1372. КГТҚ-ға арналған техникалық құжаттамада Техникалық пайдалану жөніндегі басшылық (ТЭБ), негізгі деректер мен күтіліп отырған пайдаланушылық жағдайлар көрініс табуы тиіс. Аталған мәліметтер КГТҚ-ның сынақтары, куәландыруы және пайдалануы кезіндегі оның ресми мәртебесін құрайды. Күтіліп отырған пайдаланушылық жағдайлар КГТҚ-ның 9-бөлімнің талаптарына сай екендігін растайтын КГТҚ мен оның детальдары сынақтарының бағдарламаларын құрауға негіз болуы қажет.
1373. Күтіліп отырған пайдаланушылық жағдайларда ұшу жарамдылығын анықтау үшін КГТҚ-ның, оның конструкциясы мен агрегаттарының элементтерінің сипаттамаларына және сынақтарына есептеулер атмосфералық жағдайларда жүргізілуі қажет. КГТҚ-ның 4500 м биіктікке дейінгі ұшу сипаттамалары жоғары температура кезіндегі ылғалдылыққа түзетіле отырып аталуы қажет.
1374. КГТҚ-да дайын бұйымдарды қолдану осы бұйымдардың Дайындаушыларымен КГТҚ-дағы оның жұмыс жағдайларын ескере отырып келісілуі қажет.
1375. КГТҚ куәландырудан өтуі үшін:
1) агрегаттарының, жүйелерінің, коммуникацияларының және датчиктерінің толық жиынтығы;
2) КГТҚ-ны пайдалануға және оған қызмет көрсетуге қажетті техникалық құжаттаманың кешені;
3) Техникалық пайдалану жөніндегі басшылық (ТЭБ) пен Техникалық қызмет көрсету регламентінде (ТҚР) көзделген техникалық қызмет көрсетудің орындалуын қамтамасыз ететін борттық құрал-сайманның, құрал-жарақтардың, бақылау-өлшеу және диагностикалық аппаратураның кешендері;
4) ТҚР-ға сәйкес техникалық қызметті орындау үшін қажетті қосалқы агрегаттардың, детальдардың және шығын материалдарының кешендері ұсынылуы қажет.
1376. Электр энергиясын тұтынатын КГТҚ агрегаттары мен жүйелері 195-баптың талаптарға сай болуы қажет.
1377. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш (КГТҚ) - қысылған ауа мен электр энергиясының қуат көзі болып табылатын және ұшаққа қозғалыс күшін хабарлауға арналмаған, ұшақ бортында орнатылған, ұшаққа қызмет көрсетуге арналған барлық онда орналастырылған агрегаттары бар газ турбиналы қозғалтқыш.
1378. Тәжірибелі КГТҚ деп мемлекеттік сынақтан өтпеген КГТҚ-ны айтамыз.
Ескерту. КГТҚ-ны мемлекеттік сынақтан өткізу деп Жарамдылығы туралы куәлікті ресімдеу үшін КГТҚ-ның «ұшаққа орнатылғанға дейінгі» куәландырылуын белгілейтін Нормативтік-техникалық құжаттаманың және ұшу жарамдылығы Нормаларының талаптарына КГТҚ-ның сай болуын растау мақсатында ресми комиссияның тәжірибелі КГТҚ-ны сынақтан өткізуін айтамыз.
1379. Сериялық (топтап шығарылатын) КГТҚ деп өндірістен топтап шығарылатын және негізгі деректері, өлшемдері бойынша мемлекеттік сынақтан өтіп, Жарамдылығы туралы куәлік алған КГТҚ-да қолданылатын материалдардың конструкциясына сай дайындалатын КГТҚ-ны айтамыз.
1380. Модификацияланған КГТҚ деп КГТҚ-ның сипаттамалары мен ұшу жарамдылығына едәуір әсер ететін конструкциялық өзгерістері бар топтап шығарылатын КГТҚ-ның дамыған түрі болып табылатын КГТҚ-ны айтамыз.
1381. Жөнделген КГТҚ деп оның одан арғы пайдалануын жөндеу аралық ресурс шегінде қамтамасыз ететін күйге дейін жөнделген, топтап шығарылатын КГТҚ-ны айтамыз.
1382. Ең жоғары режим - шектеулі уақыт аралығында ауа және электр қуаттарына барабар алынған ең жоғары шамаларымен сипатталатын КГТҚ-ның жердегі және ұшу барысындағы қалыптасқан жұмыс режимі.
1383. Ең ұзақ режим - ТЭБ рұқсат берген шектеусіз жұмыс уақыты аралығында ауа және электр қуаттарына барабар алынған ең жоғары шамаларымен сипатталатын КГТҚ-ның қалыптасқан жұмыс режимі.
1384. КГТҚ-ның барабар ауа қуаты - КГТҚ-дан алынатын қысылған ауаның атмосфералық қысымға дейін адиабатикалық ұлғаюы кезінде оның үдете алатын қуаты.
1385. КГТҚ-ның электр қуаты - электр энергиялық ұшақ қабылдағыштары үшін КГТҚ-ның электр генераторларынан алынатын электр қуаты.
1386. Зая жүріс режимі - КГТҚ қуат алмай жұмыс істейтін оның қалыптасқан жұмыс режимі.
1387. Кіші газ режимі - КГТҚ-ның орнықты жұмысын қамтамасыз ететін турбокомпрессор роторы айналысының ең төмен жиілігіндегі қалыптасқан режим.
1388. Қалыпты іске қосу - КГТҚ роторын тыныш күйінен (немесе авторотация режимінен) техникалық құжаттамада белгіленген шектерде іске қосу уақытын және басқа өлшемдерін сақтай отырып кіші газ режиміне немесе зая жүріс режиміне жеткізгенге дейін айналдырудың ауыспалы процесі.
1389. Жалған іске қосу - КГТҚ-ның роторын оталдыру жүйесі ажыратылған кезде жану камерасына отын бере отырып іске қосу құрылғысы арқылы айналдыру.
1390. Салқын түрде іске - КГТҚ ажыратылғаннан кейін ең аз дегенде екі сағаттан соң немесе техникалық құжаттамада белгіленген басқа бір уақыт аралығында жүзеге асырылатын қалыпты іске қосу.
1391. Ыстық түрде іске қосу - жұмыс істеп тұрған КГТҚ ажыратылғаннан кейін ең көп дегенде 15 минуттан кешіктірмей жүзеге асырылатын қалыпты іске қосу.
1392. Рұқсат берілген ең жоғары айналыс мезеті (тек еркін турбиналы КГТҚ-ға ғана қатысты) - жапсырмасы 20 с бойы КГТҚ үшін қауіпті салдарларға әкелмейтін ең жоғары айналыс мезеті.
1393. Ең жоғары айналыс жиілігі - ең жоғары немесе ең жоғары режим ТЭБ бойынша көзделмеген болса, ең ұзақ режимде ротордың күтіліп отырған пайдаланушылық жағдайларындағы ең жоғары айналыс жиілігі.
1394. Рұқсат берілген ең жоғары айналыс жиілігі - ең жоғары айналыс жиілігінен асып кеткенде КГТҚ автоматты түрде ажыратылатын ротордың күтіліп отырған пайдаланушылық жағдайларындағы ең жоғары айналыс жиілігі.
1395. Газ температурасы (КГТҚ-ның газ-ауа трактысы қималарының біріндегі) - тежелген газ ағынының (осы қимадағы) орташа массалық температурасы.
1396. Қауіпті зардаптарға әкелетін КГТҚ-ның істен шығуы - апатты жағдайларға әкелуі мүмкін болатын жабдықтардың істен шығуы. Жабдықтардың істен шығуы қауіпті зардапқа әкелетін жағдайларға:
1) КГТҚ корпусының іші қирандыларына шыдас бере алмайтын ротор элементтерінің қирауы (оқшауландырылмаған қираулар);
2) КГТҚ-дағы оқшауландырылмаған өрттер;
3) кондициялау жүйесіне алынатын ауадағы қозғалтқыштан туындаған зиянды қоспалардың рұқсат берілген мөлшерден артуына әкелетін жабдықтардың істен шығуы;
4) авариялық жағдайда ұшу барысында КГТҚ-ны пайдалануға мүмкіндік бермейтін жабдықтардың істен шығуы жатады.
1397. КГТҚ-ның күтіліп отырған пайдаланушылық жағдайлары төменде аталған: ұшу өлшемдерін (режимдерін), КГТҚ күйінің параметрін, сыртқы ортаның КГТҚ-ға әсер ету параметрін және пайдаланушылық факторларды, сондай-ақ пайдаланушылық цикл аралығындағы олардың өзгеруін қамтиды. КГТҚ-ның пайдаланушылық циклі күтіліп отырған қалыптасқан жұмыс режимдерін және КГТҚ-дағы ауыспалы процестерді (іске қосу, режимдік жұмыс және ұшардың алдында және ұшақ қонғаннан кейін жерде тоқтату; іске қосу, режимдік жұмыс және қажет болған жағдайда ұшу барысында тоқтату), сондай-ақ техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізу барысында пайдаланушылық циклдің біріне жататын барлық режимдерді қамтуы қажет.
1398. Ұшу өлшемдері (режимдері):
1) ұшу биіктігі;
2) ұшу жылдамдығы (М саны);
3) кеңістіктегі КГТҚ кіндіктемелерінің жантаю бұрыштары;
4) салмақтың мөлшерден көп түсуі.
1399. КГТҚ күйінің және қоршаған ортаның КГТҚ-ға әсер ету өлшемдері:
1) барометрлік қысым, атмосфералық ауаның температурасы мен ылғалдылығы;
2) желдің бағыты мен жылдамдығы;
3) электрлік әсерлер;
4) КГТҚ-ның кіре-берісіне түсетін құстардың, мұз бөліктерінің, бұршақтың, судың (жаңбырдың) мөлшері, массасы және жылдамдығы.
1400. Пайдаланушылық факторлар:
1) КГТҚ ресурстары (сағаттардағы және пайдаланушылық циклдердегі), қызмет мерзімі (күнтізбелік уақыт);
2) қозғалтқыштың жұмыс режимдері, бір пайдаланушылық цикл барысында осы режимдерге шығудың саны мен реті, белгілі бір режимдердегі (оның ішінде мүмкін болған жағдайда авторотация режиміндегі) жұмыстың жалпы ұзақтығы, сондай-ақ ауыспалы процестер туралы мәліметтер;
3) ұшу бейінінің сипаттамасы;
4) ұшу биіктігі мен жылдамдығы бойынша іске қосу аралықтары;
5) ауа мен қуат алудың шамасы;
6) ұшақтың ауа алғышындағы қысымның толық жоғалуы;
7) КГТҚ-ға кіре берістегі ауа ағынының біркелкі еместігі;
8) отынның, майдың, қондырмалардың, техникалық сұйықтықтар мен газдардың қолданылатын маркалары;
9) КГТҚ-ға кіре берістегі отынның температурасы мен қысымы;
10) КГТҚ-дағы, оның ішінде іске қосу құрылғысындағы энергиямен қуаттандыру агрегаттарының өлшемдері;
11) тән аймақтарын көрсете отырып КГТҚ орналастырылатын бөлімдегі температура;
12) Ұшу-қону алаңының және ұшақ тұрақ орнының төсемі мен жай-күйі;
13) КГТҚ-ға қызмет көрсетудің кезеңділігі мен түрлері;
14) пайдалану барысында қозғалтқыштар детальдарындағы механикалық зақымдардың шамасы (көлемі);
15) КГТҚ-ны ұшақта, оның ішінде қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету ерекшеліктерін белгілейтін жинақылаудың ерекшеліктері;
16) механикалық қоспалармен және еркін сумен (КГТҚ-ға кіре берістегі) отынның ластануы.
1401. Істеген жұмысы - сағаттарда, пайдаланушылық циклдерінің санында, іске қосылған сандарында бейнеленген КГТҚ-ның жер бетіндегі және ұшу барысындағы жағдайларда пайдаланушылық ұзақтығы.
1402. КГТҚ-ның (детальдардың) белгіленген ресурсы - белгіленген шегіне жеткеннен кейін қандай да болмасын жай-күйіне қарамастан пайдалануы тоқтатылуы қажет КГТҚ-ның (детальдардың) істеген жұмысының жиынтығы.
Ескерту. КГТҚ-ның белгіленген ресурсы шегіндегі регаменттелген жұмыстар, оның ішінде күрделі жөндеу жұмыстары және кейбір детальдарды ауыстыра отырып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі мүмкін, ал детальдардың белгіленген ресурстары шегінде олардың регламенттелген қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі мүмкін. КГТҚ-ның (детальдардың) уақытша белгіленген ресурсының көрсеткіштері оның бастапқы көрсеткішінен бастап КГТҚ-дағы берілген техникалық жағдайлардың көрсеткіштеріне дейін біртіндеп ұлғая бастайды. КГТҚ-ның (детальдардың) уақытша белгіленген ресурсы регламенттелген жөндеу немесе қалпына келтіру жұмыстары кезінде міндетті түрде ауыстырылуы көзделмеген негізгі детальдардың уақытша белгіленген ресурстары шегінде орнатылады. КГТҚ-ның (детальдардың) уақытша белгіленген ресурсының ұлғаюына қарай оның пайдалануын ұзартуға болады.
1403. Негізгі детальдар - қираулары немесе осы қираулардың зардаптары сәйкес ұшақ үшін қауіпті зардаптарға алып келуі мүмкін болатын детальдар. Негізгі детальдардың нақты тізімі КГТҚ-ны жетілдіру мен оның прототиптерін пайдаланудың тәжірибесін ескере отырып, қауіпті зардаптарға әкелуі мүмкін жабдықтардың істен шығу талдамалары негізінде анықталады.
1404. Алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі КГТҚ-ның ресурсы - пайдалану басталғаннан бастап алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі белгіленген істеген жұмысы.
Ескерту. Топтап шығару процесінде және пайдалану барысында ресурс алғашқы күрделі жөндеуге дейін оның бастапқы көрсеткішінен бастап КГТҚ-ға берілген техникалық жағдайлардың көрсеткіштеріне дейін ұлғаюға жатады. Алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі ресурс пен жөндеуаралық ресурстар шегінде кейбір детальдарын ауыстыра отырып, ТҚР-да көзделген жергілікті жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жол беріледі.
1405. Орташа алынған пайдаланушылық цикл (пайдаланушылық цикл) - КГТҚ-ға кіре-берістегі ауа қысымының және температурасының уақыт бойынша өзгеруі, роторлар айналысы жиілігінің және ұшақтағы КГТҚ-ның жұмыс режимін сипаттайтын басқа да өлшемдердің өзгеруі. Пайдаланушылық цикл КГТҚ-ны пайдалану барысындағы оның нақты жұмыс жағдайлары туралы деректерді пайдалана отырып, КГТҚ-ның жер бетіндегі ұшақтағы және ұшу барысындағы типтік жұмыс циклдерін талдау, топтастыру және орташа алу арқылы жасалады.
Сынақ циклі - пайдалану барысында пайдаланушылық циклдерді пайдаланудың салыстырмалы жиіліктерін ескере отырып, осы циклдерде жинақталған зақымданудың ең толық және жеделдетілген көрінісін қамтамасыз ететін стендік сынақтар кезінде КГТҚ-ға кіре-берістегі роторлардың айналыс жиіліктерінің, реттегіш органдар қалыптарының уақыт бойынша өзгеруі.
1406. Қалыптасқан режим - өлшемдері уақыт ішінде (техникалық құжаттамадағы рұқсат берілген шектерде өлшемдерді өзгертуге жол беріледі) өзгермейтін КГТҚ-ның жұмыс режимі.
1407. Ауыспалы процесс - қалыптасқан екі режим арасында (іске қосу, бір режимнен екінші бір режимге ауысу, тоқтау және т.б.) КГТҚ өлшемдерінің уақыт ішіндегі өзгеру процесі.
204. КГТҚ-ның конструкциясы
1408. КГТҚ конструқциясы 195-баптың талаптарын қанағаттандыруы қажет.
1409. КГТҚ-ны және оның жүйелері мен агрегаттарын қоса алғанда белгіленген ресурс пен қызмет мерзімі аралығындағы күтіліп отырған пайдаланушылық жағдайларда апаттық жағдайлардың туындауына әкелетін қауіпті зардаптары бар жабдықтардың істен шығуы ұшақтың бір сағат ұшуы кезінде болуы мүмкін емес оқиға ретінде бағаланатындай етіп жобаланып жасалған болуы қажет. Осы талаптың орындалуын растау нақты сызба мен нақты конструкцияны, ұзақ мерзімді пайдалану барысындағы осындай конструкциялар беріктігін статистикалық бағалау материалдарын, сондай-ақ осы конструкцияның сынақ нәтижелерін талдау негізінде жүргізілуі қажет.
1410. КГТҚ-ның конструкциясы мен оның автоматикасы мүмкіндік беретін КГТҚ-ның қалыптасқан режимдерінде де, сондай-ақ ауыспалы процестерінде де күтіліп отырған пайдаланушылық жағдайларында және КГТҚ-дағы ең жоғары шамасынан ауаның алынуын күрт азайтқанда немесе тоқтатқанда (0,5 - 1 с ішінде) компрессордың помпажы туындамау қажет. Күтпеген факторлардың нәтижесінде (мысалы, болуы екіталай ақаудың КГТҚ-да пайда болуы, экипаждың мүмкін болатын қателіктері және т.б.) ұшу барысында туындайтын помпаж қауіпті зардаптары бар КГТҚ-ның істен шығуына әкелмеуі қажет.
1411. КГТҚ ауа алынып тұратын жүйенің герметизациясы бұзылған жағдайда газ температурасының мөлшерден тыс артып кетуінен, сондай-ақ авариялық жағдайларда қуат алу тез тоқтаған кезде роторлар айналысы жиіліктерінің мөлшерден тыс артып кетуінен қорғалған болуы қажет.
1412. Жұмыс істеп тұрған КГТҚ да, сондай-ақ жұмыс істемей тұрғаны да ұшу барысында техникалық құжаттамада айтылған дірілдер мен салмақтың түсуіне шыдауы қажет.
1413. Ұшу барысында және іске қосардың алдында (жерде және ұшу барысында) КГТҚ-ны авторотациялау кезіндегі КГТҚ роторының рұқсат берілген айналыс жиілігі техникалық құжаттамада аталған болуы қажет.
Ескерту. Егер КГТҚ-да ротордың кері авторотациясына рұқсат берілмеген болса, онда ол техникалық құжаттамада аталған болуы қажет.
1414. Техникалық құжаттамада КГТҚ-ның қалыпты жұмысына кепілдік беретін ену және шығу арналарындағы қысымның жоғалуы, қысымның және ауаны жылытудың рұқсат берілген пульсациясы, КГТҚ-ға кіре берістегі қысымдар мен температуралар өрістерінің біркелкі еместігі бойынша талаптар айтылған болуы қажет.
1415. КГТҚ-ны жетілдіру тарихы мен оның прототипін немесе аналогын пайдалану тәжірибесін ескере отырып, КГТҚ-ның функционалдық істен шығу себептері мен салдарларына талдау жүргізілуі қажет. КГТҚ-ның конструкциясында, дайындалу технологиясында және техникалық қызмет көрсету жөніндегі құжаттамасында қауіпті зардаптарға әкелуі мүмкін істен шығулар бойынша:
1) осындай істен шығуларды алдын алу бойынша;
2) қауіпті зардаптары бар істен шығулардың туындауына әкелуі мүмкін КГТҚ-ның ақаулары мен зақымдарын дер кезінде анықтап жою бойынша арнайы шаралар көзделген.
Істен шығуларды осылай талдау кезінде талаптардың орындалғандығын көрсету қажет.
1416. Ұшақта КГТҚ-ның күтілген жинақталуы кезінде олардың бір-бірін ауыстыруы қамтамасыз етілген болуы қажет. Сонымен катар КГТҚ ның жекелеген агрегаттарының немесе конструкциясының басқа элементтерінің орындарын ауыстыруға жол беріледі.
1417. Істен шығуы қауіпті зардаптарға әкелуі мүмкін КГТҚ-ның детальдары техникалық құжаттаманы пайдалана отырып, осы детальдардың шығарылуы туралы қажетті мәліметтерді алуға болатындай етіп таңбалануы қажет. Осы детальдардың шығарылуына арналған техникалық құжаттамада оларды бақылаудың аса жоғары көлемі көзделген болуы қажет.
1418. КГТҚ-ның өртке қарсы қорғанышы.
КГТҚ-да:
1) өрттің пайда болуы мен таралуының алдын алатын конструктивтік шаралар;
2) КГТҚ-ның жануы мүмкін болатын бөліктерінде жанармай сұйықтықтары мен олардың буларының жиналуын болдырмас үшін құрғату жұмыстары;
3) КГТҚ-ны шұғыл ажырату құрылғысы көзделген.
КГТҚ-да мынадай элементтер отқа төзімді болып немесе жоғары температуралардың әсерінен қорғалып жасалған болуы қажет:
1) қозғалтқышты ажыратуға байланысты басқару органдарының элементтері;
2) ішінде отыны, майы немесе олардың булары бар құбырлар немесе ыдыстар (бактар);
3) өрт кезінде немесе өрттен кейін КГТҚ-ға бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті деп танылған қозғалтқышты ажырату құралдары органдарындағы басқару жүйелерінің және басқа жүйелердің электр өткізгіштері;
4) өрт кезінде жоғары температуралардың әсерінен бұзылуы КГТҚ орналасқан бөлімге ауаның берілуіне әкелуі мүмкін ауа өткізгіштері.
КГТҚ жинақталғанда:
1) май және отын жүйелері агрегаттарын мүмкіндігінше КГТҚ-ның ыстық бөліктерінен тыс жерге орналастыру;
2) ауаны май жүйесінің суфлирлеу қуыстарынан КГТҚ орналасқан бөлімге жібермей, атмосфераға жіберу көзделген болуы қажет.
205. Еріктік
1419. КГТҚ детальдарындағы статикалық және динамикалық кернеулер, деформациялар мен түскен салмақтар, сондай-ақ оның ұшаққа ілінген тұсындағы дірілдер және агрегаттардың бекітілуі пайдалану тәжірибесі мен 9.5.2-ге сәйкес жүргізілген арнайы сынақ нәтижелерін ескере отырып, конструкцияның осындай ерекшеліктерінің, қолданылған материалдардың және қабылданған шығару технологиясының кезінде белгіленген көрсеткіштерден аспауы қажет.
1420. Компрессордың немесе турбинаның жұмыс күрекшесінің үзілуі, сондай-ақ оның үзілуі нәтижесінде (басқа күрекшелердің қирауы, ротор дисбалансының ұлғаюы, температураның жергілікті көтерілуі және т.б.) туындайтын қайталама құбылыстар қауіпті зардаптарға әкелмеуі қажет.
1421. Қирауы кезінде КГТҚ корпустарының ішіндегі қирандыларын оқшауландыру қамтамасыз етілмеген КГТҚ роторларының дискілері ең жоғары пайдаланушылық және де күтіліп отырған пайдалану жағдайларындағы түсетін механикалық және жылу салмақтарына төтеп беру үшін жеткілікті түрде беріктікке ие болуы қажет.
1422. Қирауы кезінде КГТҚ-ның корпустары көтере алмайтын роторлардың элементтеріне (дискілер, валдар) технологиялық құжаттамадағы нұсқауларға сай барлық өндіріс кезеңдерінде бұзылмайтын бақылау, оның ішінде әрбір дайындаманың пайдалы бөлігінен кесіп алынған үлгілерінің материалдың механикалық қасиеттерін бақылау жасалуы қажет.
1423. Істен шығуларды талдау арқылы және қажет болған жағдайда тиісті сынақтар арқылы турбина немесе компрессор валдарының қирауы, олардың айналасындағы детальдарға қатысты ажырауы және жылжуы қауіпті зардаптары бар істен шығуларға әкелмейтіндігі не болмаса мұның мүмкін еместігі көрсетілуі қажет.
206. Материалдар
1424. КГТҚ жасау үшін қолданылатын материалдар 1421-тармақтың талаптарына жауап беруі қажет.
1425. Титан қорытпаларынан жасалған компрессорлардың шығару бөлігіндегі детальдар үшін материалдарды таңдау талаптарды ескере отырып жүргізілуі қажет. Титан негізінде жасалған жаңа материалдар үшін КГТҚ конструкциясының үлгілеріне немесе элементтеріне арнайы сынақтар жүргізу арқылы олардың өздігінен жану қасиеттерінің жоқ болуы расталуы қажет.
207. Технология
1426. КГТҚ шығарудың технологиясы 1421-тармақта баяндалған талаптарға жауап беруі қажет.
208. Ресурстар
1427. КГТҚ конструкциясы белгілі бір пайдалану уақыты (белгіленген ресурс) аралығындағы пайдалану барысында түсетін салмақтардың қайталана беретін әрі ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әсеріне еш бөлігі бұзылмай шыдайтын болуы қажет.
КГТҚ-ны «ұшаққа орнатқанға дейінгі» куәландыру кезінде күтіліп отырған пайдалану жағдайларына сәйкес КГТҚ-ның (оның негізгі детальдарының) бастапқы белгіленген ресурсы мен алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі КГТҚ-ның бастапқы ресурсы орнатылады.
1428. Ресурстар КГТҚ мен оның негізгі детальдарына сынақтар жүргізу арқылы расталады.
1429. Агрегаттар мен жиынтықтаушы бұйымдардың ресурстары КГТҚ жүйесіндегі оларға жүргізілген сынақтардың, сондай-ақ арнайы қондырғылардағы арнайы сынақтардың негізінде орнатылады.
209. Сенімділігі
1430. Апаттық жағдайларда қолдану кезінде КГТҚ-ның ұшу барысында іске қосылмай қалу жағдайының болу мүмкіндігі, сондай-ақ оның ұшу барысында іске қосылғаннан кейін өшіп қалу жағдайының болу мүмкіндігі 1*10-4-тен аспауы қажет.
1431. Егер КГТҚ-ның істеген жиынтық жұмысы (сағаттарда немесе қанша рет іске қосылғандығы бойынша есептелген) 9.2.6.1.-дің талаптарын растауға жеткіліксіз болған жағдайда КГТҚ-ның элементтері мен (немесе) функционалдық жүйелерінің эксперимент арқылы анықталған істен шықпауына байланысты көрсеткіштерін есептеу бойынша сенімділігі расталады.
КГТҚ элементтерінің істен шықпауына байланысты көрсеткіштерін анықтау элементтердің автономдық сынақтары мен ресурстық стендтік және ұшу сынақтары кезінде КГТҚ жүйесіндегі олардың жұмысы барысында істеген жұмысы мен істен шығуының жиынтығы бойынша жүргізілуі қажет.
210. КГТҚ отын жүйесі
1432. КГТҚ-ның отын жүйесі 1420-тармақтың талаптарына жауап беру қажет.
1433. Отын форсункаларға КГТҚ-дан (немесе басқа бір энергетикалық құрылғыдан) берілетін жоғары қысымды сорғы (сорғылар) арқылы берілуі қажет. Сорғының толық өнімділігі барлық күтіліп отырған пайдалану жағдайларында КГТҚ-ның қалыпты жұмысы үшін қажетті қуат алудың техникалық құжаттамадағы көзделген ең жоғары мөлшерінен кем болмауы қажет. Екі сорғы болған жағдайда олардың әрқайсысының дербес жетегі болуы қажет; бір сорғының істен шығуы жетекке немесе басқа сорғының сипаттамасына әсер етпеуі қажет.
1434. Жоғары қысымды негізгі отын сорғысының соратын жолында өткізу және тазалау қабілеттілігі 1420-тармақтың талаптарына сай сүзгі орналастыру қажет.
1435. КГТҚ қадамдық қозғалтқыштар жұмыс істейтін отындармен іске қосылып жұмыс істеуі қажет.
1436. Отын сүзгіштерінің конструкциясы:
1) сүзгі элементі отын ішіндегі судың қатуы нәтижесінде пайда болатын механикалық қоспалармен немесе мұзбен ластанған жағдайда сақтандырғыш өткізу клапаны арқылы қажетті отынның жұмсалуын қамтамасыз етеді. Сүзгі қысымның сүзгідегі ең жоғары өзгеруін білдіретін сигнализатормен жабдықталуы қажет.
2) механикалық қоспалармен және еркін сумен берілген деңгейде ластанған отында жұмыс істеу барысында сүзгілерді қарап тазалау үшін көзделген ең қысқа мерзім аралығында сүзгіден өткізудің қажетті дәрежесін қамтамасыз етуі қажет.
211. Май жүйесі
1437. Май жүйесінің агрегаттары мен элементтері 1421-тармақтың талаптарын қанағаттандыруы қажет.
1438. КГТҚ қадамдық қозғалтқыштар жұмыс істеген майлар маркаларында жұмыс істеуі қажет.
1439. Толтырылған жүйе кезінде бактағы майдың қажетті қоры:
1) техникалық құжаттамада аталған майдың сағаттағы жұмсалуына (бірақ сағаттағы алты реттен кем емес жұмсалуына) сай ұшу барысында жұмсалатын май мөлшерінің;