2) пайдалану жұмысты жұтқан кезде келетін жүктеме доңғалаққа ең жоғары жол берілетін жүктемеден Рм.д аспауға тиіс;
3) ең жоғары жұтқан кезде келетін жүктеме доңғалаққа ең жоғары жол берілетін шекті жүктемеден Рпред аспауға тиіс;
4) шассидің негізгі тіректерінің доңғалақтары үшін Vвзл.к жылдамдығы қанаттың механизациясын ескере отырып ұшақтың есептік шарықтау салмағына айқындалған ұшақтың ең жоғары шарықтау салмағынан кем болмауға тиіс, ал шассидің тұмсықтық доңғалақтар мен артқы доңғалағы үшін Vвзл.к есептік шарықтау салмағы мен неғұрлым қолайсыз центрлеу кезінде жерден доңғалақтың көтерілудің ең жоғары жылдамдығынан кем болмауға тиіс;
5) барлық доңғалақтар үшін Vпос.к есептік қону салмағы кезінде айқындалатын ұшақтың қону салмағынан кем болмауға тиіс;
6) шина мен доңғалақтың беріктігі fро тең шинадағы ішкі артық қысымға тексеруден өтуге тиіс, мұндағы р0 - шинадағы алғашқы артық қысымы; f-3,00 тең алынатын қауіпсіздік коэффициенті;
7) доңғалақтар мен тежеуіштер екі мынадай жағдайларды қарағаннан айқындалатын ең жоғары тежеу сәтіне тексеруден өтуге тиіс:
қозғалыс кезінде тежеу ең жоғары тежеу сәті - қонғаннан кейінгі жүгіріс режимі үшін екі есе еселенген пайдалану тежеу сәтінен кемінде 2МҮТ алынуға тиіс доңғалақтарды Дайындаушының деректері бойынша доңғалақтың жиынтық ең жоғары мүмкін тежеу сәтіне Мmax тең; қауіпсіздік коэффициенті f=3,00;
старттық тежеу, ең жоғары тежеу сәті - старттағы ең жоғары тежеу сәтіне, бірақ 0,8Рст.взл R аспайтын М max.ст тең, мұндағы R - жаншылған доңғалақтын радиусы, Рст.взл - тұрақта шарықтау салмағы кезінде доңғалаққа жүктеме; қауіпсіздік коэффициенті f=2,00;
8) қонған кезде шиналармен және ұшақтың барлық тежеу доңғалақтарының тежеуіштерімен жұтылуға тиіс энергия жүргірістің қажетті ұзындығын қамтамасыз ету жағдайынан айқындалады. Әрбір тежеу доңғалағына келетін осы энергияның үлесі ұшақтың өлшемдеріне және тежеу жүйесіне қарай есептеумен айқындалады және Аmaxe тиісті мәнінен аспауға тиіс. Егер ұшақ бірізділікті шарықтау-қонулар жасауға тиіс болса, онда ұшақты тежеу жағдайлары (қону арасындағы уақыт аралықтары, тежеуіштерді іске қосқан сәттегі ұшақ қозғалысының жылдамдығы, бірізділікті шарықтау-қону кезінде жүгіріс ұзындығы, тежеуіштерді суыту жүйесі және т.б.) және одан әрі ҰПБ-да көрініс табуға тиіс. Доңғалақты тежеудің жоғарыда көрсетілген жағдайларын ескере отырып бірізділікті қонулар кезінде көп рет энергияны жұту қабілеті тиісті сынақтармен расталуға тиіс.
Ескерту. Доңғалақтардың, шиналардың және тежеуіштердің қажетті өлшемдерін айқындаған кезде ұшақты Дайындаушы оны жобалау процесінде және сериялық үлгіге жеткізгенде ұшақ салмағының өзгеру мүмкіндігінен шығуға тиіс.
Шаңғылар.
Шаңғы шассиінің элементі ретінде шаңғының және оның бекітпелерінің беріктігі барлық жағдайларда тексерілуге тиіс.
Ел1 жағдайы. Жинақталған жүктеу.
Шаңғы полоздың жұмыс ұзындығының шеттері бойынша орналасқан екі тіректе еркін жатуымен қаралады. Жүктеме шаңғының полозына қалыпты және төлкенің осьна салынғанда, ал оның шамасы Ел жағдайының сатылас жүктемесіне 0,5 тең алынады.
Бұдан басқа, төлкенің осьна бекітілген шаңғының жергіліқті беріктігі шаңғының жұмыс ұзындығына 1/3 тең учаскеде шаңғының сыртқы қабырғасы бойынша біркелкі үлестірілген және телке осьна қатысты симмертиялы орналасқан Ел жағдайы сатылас жүктемесінің 0,5 тексерілуге тиіс.
Шассидің кинематикалық ерекшеліктеріне қарай шаңғылардың беріктігі сондай-ақ жоғарыда көрсетілгендей ішкі қабырға бойынша сатылас жүктемені салған кезде тексерілуге тиіс.
Қауіпсіздік коэффициенті доңғалақты шассидің Еш жағдайларында керсетілген сияқты алынуға тиіс.
Шаңғылардың амортизаторлары.
Егер ұшуда шаңғы өзінің қалыпты ұшудағы жағдайында құлпымен тіркелмесе, амортизаторлар 4-баптың жүктеу жағдайларымен айқындалатын ұшудың барлық режимдерінде шаңғылардың орнықтылығын қамтамасыз етуге тиіс, яғни барлық режимдерде олардың калыпқа келтіру сәті шаңғыға әрекет ететін қарсылық білдіруші сәтінен артық болуға тиіс (пайдалану жүктелімдерді ескере отырып аэродинамикалық және инерциялық күштер). Бұл ретте қарсылық білдіруші сәттің әрекетінен амортизаторлар шаңғылардың ұшуда оның калыпты ұшудағы жағдайынан ауытқуын, бірақ 40 аспайтын жіберуі мүмкін.
Қалыпқа келтіру сәтін шаңғы аэродинамикалық сәтінің 40%-не тең шамаға қарсылық білдіруші сәтінен артық алу ұсынылады. Шаңғыға әрекет етуші аэродинамикалық сәт қаралып отырған ұшу жағдайларында шаңғының жылдамдық арынына және әсер ету бұрышына сәйкес айқындалуға тиіс. Шаңғының әсер ету бұрышы қанаттың әсер теу бұрышының, қанатқа қатысты шаңғының орнату бұрышының және белгіленген жағдайынан оның ауытқу бұрышының алгебра жиынтығы ретінде алынады.
Пайдалану жүктемеге сақтандырғыш тростың ұзындығымен айқындалатын бұрышқа шаңғы ауытқыған кезде амортизаторда пайда болатын күш алынады.
Ескерту. Жиналатын шаңғы үшін амортизаторды (серіппені) таңдау талаптарға сәйкес жүргізілуі мүмкін, бірақ ҰПБ-да жиналмаған шаңғымен ұшудың рұқсат етілген ең жоғары жылдамдығы және жиналмаған шаңғымен кенеттен маневрлеу жасауға тыйым салу түрінде шектеулер жазылуға тиіс.
Сақтандырғыш трос.
Сақтандырғыш трос қаралып отырған жағдайлардың пайдалану жүктелімі кезінде шаңғының аэродинамикалық сәтінен және инерциялық күштерінің сәтінен құрастырылған жалпы сәттен оған келетін күштерге беріктіктің төрт еселік қорымен шыдауға тиіс.
Ескерту. Амортизатор мен сақтандырғыш трос бекітілетін шаңғы мен ұшақтың бөліктері олардан күштерге тексеруден өтуге тиіс.
Шассиді жинау мен шығару тетігі.
Инерциялық күштерден басқа шассиді жинау мен шығару тетігінің беріктігін тексерген кезде аэродинамикалық күштер және шассиге әрекет етуші сәттер және ұшудың қаралып отырған режиміне (Vmax.в.у.ш ұшу жылдамдығы) және жинау тетігінің кинематикасымен айқындалатын шассидің жағдайына сәйкес онда бар жармалар ескерілуге тиіс.
Шассиді жинау мен шығару және құлпылар тетіктерінің беріктігі тапсырылған ең жоғары және ең төменгі пайдалану жүктелімдердің шамаларына сәйкес шассиді шығарылған және жиналған жағдайында, сондай-ақ шассиге және оның жармаларына келетін сияқты аэродинамикалық жүктемелермен тексерілуге тиіс.
Сондай-ақ шассиді жинау мен шығару және құлпылар тетіктерінің беріктігін тексеру шаңғы толық жиналған кезде жүргізіледі. Шаңғы шығарылған кезде осы элементтердің беріктігі шаңғының амортизаторы таңдалған жағдайларға сәйкес тексерілуге тиіс (4.2.3.7.6).
Барлық жоғарыда көрсетілген жағдайларда шасси (шаңғы) құлпыларына қауіпсіздік коэффициент f=2. Шассидің құлпылары сондай-ақ тынықсыз ауада ұшқан кезде динамикалық жүктеу жағдайына тексерілуге тиіс.
Егер шассиді жинау мен шығарудың барлық тетігі немесе оның жекелеген бөліктері шасси қонструкциясының күштік схемасына кіретін болса, онда ол шассиді жүктеудің барлық жағдайларына тексерілуге тиіс.
Шассиді жинау мен шығару тетігі көтерілгеннен кейін айналған доңғалақтарды тоқтату үшін кенеттен тежеу сәтінде пайда болатын күштерден беріктікке тексерілуге тиіс.
Қауіпсіздік коэффициенті f=2,00.
Гондалалар (ағымпаздар) және шассидің жармалары
Гондолалардың (ағымпаздардың) және шасси жармалары мен оларды жинау тетігінің беріктігі А', В, С, D' есепті жағдайларда, тынықсыз ауада ұшқан кезде және тіпті Vmax max дейінгі жиналған шассиімен ұшақ ұшуының барлық жылдамдықтарында сырғумен ұшу режимдерінде тексерілуге тиіс. Бұдан басқа, жармалардың және оларды жинау тетігінің беріктігі А'з және Вз есепті жағдайларда, тынықсыз ауада ұшқан кезде және Vmax.ш ұшу жылдамдығы кезінде сырғумен ұшу режиміндерінде тексерілуге тиіс. Егер ұшақта шассиді шығару мен жинау процесінде ғана ашық жағдайда болатын жармалар болса, осы жармалардың ашық жағдайда беріктігі ұшудың Vmax в.у.ш жылдамдығы кезінде тексеріледі.
Гондолаларға (агымпаздарға) және шассидің жармаларына әрекет ететін пайдалану аэродинамикалық жүктемелер ұшудың тиісті есепті режиміңде М саны кезінде аэродинамикалық трубалардағы сынақтардың нәтижелері бойынша жарманың әрбір жағдайы үшін айқындалуға тиіс.
31. Қозғалтқышқа қойылатын қондырғы
210. Жүктеудің төменде келтірілген жағдайлары қаралуға тиіс. Жүктеу жағдайларында жүктеменің бағыты қозғалтқыштың осьна жақын келетін қалыпты алынуы мүмкін. Осындай жағдайларда қозғалтқыштың және бұраманың гироскопиялық сәтінің жиынтығы ескерілуге тиіс.
Жүктеудің барлық жағдайларында mд және Jд - салмақ және тиісінше қозғалтқыш қондырғысында орналасқан барлық агрегаттарымен қозғалтқыш инерциясының салмақты сәті.
211. Ад жағдайы.
Қозғалтқышқа жоғарыдан төмен қарай инерциялық күш әрекет етеді
РY=-nymax(a)gma
Гондоладағы, капоттағы және пилондағы аэродинамикалық күштерді нөлге тең алған жен.
212. А'д жағдайы. Қозғалтқышқа жоғарыдан төмен қарай инерциялық күш әрекет етеді
РY=-nymax(a)gma
А' жағдайының әсер ету мен М саны кезінде аэродинамикалық трубадағы гондола, капот және пилон үлгері сынақтарының нәтижелерінің негізінде гондоладағы, капоттағы және пилондағы аэродинамикалық күштерді есепке алған жөн.
213. Dд жағдайы.
Қозғалтқышқа жоғарыдан төмен қарай инерциялық күш әрекет етеді
РY=-nymіn(a)gma
Гондоладағы, капоттағы және пилондағы аэродинамикалық күштерді нөлге тең деп алған жөн.
214. D'д жағдайы.
Қозғалтқышқа жоғарыдан төмен қарай инерциялық күш әрекет етеді
РY=-nymіn(a)gma
D' жағдайының әсер ету мен М саны кезінде аэродинамикалық трубадағы гондола, капот және пилон үлгілері сынақтары нәтижелерінің негізінде гондоладағы, капоттағы және пилондағы аэродинамикалық күштерді есепке алған жөн.
215. Қону мен шарықтау кезінде қозғалтқыш қондырғысын жүктеу жағдайы.
Көтермелі күштің шамасы туралы нұсқауларды ескере отырып қозғалтқыштың қондырғысы шассиді (симметриялы және симметриялы емес) жүктеуді барлық жағдайларына тексерілуге тиіс.
216. Нд жағдайы.
Қозғалтқышқа әрекет етеді:
сатылас жүктеме (төмен) РYу=gmA
бүйірлі жүктеме РYi= +nYigmA,
мұндағы nYi-S<80 м2 қанатының көлемімен ұшақтар үшін nYi=1,50 және S>100 м2 қанатының көлемімен үшақтар үшін nYi =1,00 тең алынуға тиіс пайдалану жүктелім; 80 м2<S<100 м2 үшін nyi-ді оның S=80 және 100 м2 мәндерінің арасында сызықтық интерполяциямен айқындаған жөн.
Қозғалтқыш қанатта орналасқан кезде бүйірлі жүктемені ұшақ осьнан оның әрекетін бағыттаған кезде
РYz= w2xrma кем алмауға тиіс,
мұндағы wx - X тапсырылған жағдайларға сәйкес алынғаннан ең жоғары мәні;
r - қозғалтқыш ауырлығының ортасынан ұшақ осьна дейін X жоспардағы қашықтық.
Қауіпсіздік коэффициенті f=2,00.
Ескерту. Мд жағдайы бұдан басқа кезінде қаралуы тиіс.
217. Мд жағдайы (тек ТВҚ үшін).
Қозғалтқыштың жұмысын ұшақ тұрағында қараған жөн. Ең жоғары тартым, бұрамадан сәт және сатылас жүктеме (төмен) әрекет етеді
РУу= -gmA
Қауіпсіздік коэффициент f=2,00.
Бұдан басқа РYy= -gmA және тоқталған қозғалтқыштың (теріс тартымымен) бұрама кедергісінің күшімен ұшудың барлық режимдерінде ең жоғары (шың) күшімен қозғалтқыш қондырғысының жүктемесін қараған жөн. Бұраманың қалақтары флюгерлік жағдайға флюгерлеудің тәуелсіз жүйелері болған кезде де белгіленбеуі мүмкін және қалақтардың жағдайы ең аз бұрышқа тіреуімен шектелетінін алған жөн.
Қауіпсіздік коэффициент f=1,30.
218. Tд жағдайы (тек қана ТРҚ үшін).
Стандарттық жағдайлардан сыртқа ауа температурасының ауытқуын ескере отырып айқындалған ең жоғары тартыммен деңгейлес жүктеме (төмен)
РYy=-gmA
Егер тартымның кері қимылы қолданылса, қозғалтқыш қондырғысының беріктігі сондай-ақ ең жоғары теріс тартымның әрекеті жағдайына тексерілуге тиіс.
Қауіпсіздік коэффициент f=2,00.
219. Ад+Мд және Dд+Мд жағдайлары (тек ТВҚ үшін).
Қозғалтқыш жұмыс істеген, істен шыққан кезде де бұрамаға әрекет ететін аэродинамикалық күштерді және сәттерді ескере отырып Ад және Dд, жағдайларын қараған жөн. Қозғалтқыш жұмыс істеген кезде аэродинамикалық күштердің және сәттердің (тартымның, қисық үрлеу қүштерінің және реактивтік сәттің) шамаларын есеп немесе қаралып отырған есепті жағдайға (Ад немесе Dд,) сәйкес келетін жылдамдық арынының және ұшақ шабуыл бұрышының мәндері кезіндегі арнайы сынақтардың негізінде айқындаған жөн.
Қауіпсіздік қоэффициенті f=1,5.
Тоқталған қозғалтқыштың (теріс тартымымен) бұрама кедергісінің күшімен ұшудың барлық режимдерінде ең жоғары (шың) күшімен қозғалтқыш қондырғысының жүктемесін қараған жөн. Бұраманың қалақтары флюгерлік жағдайға флюгерлеудің тәуелсіз жүйелері болған кезде де белгіленбеуі мүмкін және қалақтардың жағдайы ең аз бұрышқа тірелумен шектелетінін алған жөн,
Қауіпсіздік коэффициент f=1,30.
220. Ад+Тд және Dд+Тд жағдайлары (тек ТРҚ үшін).
Пайдалану жүктемені Ад және Dд жағдайларына сай, ал тартымның пайдалану мәнін - ұшудың қаралып отырған жағдайына (Ад немесе Dд) сәйкес аэродинамикалық есептен алған жөн.
221. Нд+Мд жағдайы (тек ТВҚ үшін).
Нд жағдайын Мд жағдайында көрсетілген қозғалтқыш тартымын ескере отырып қараған жөн.
Қозғалтқыштың оң тартымы әрекеті кезінде қауіпсіздік коэффициенті f=2,00 және теріс тартымы әрекеті кезінде f=1,30.
Нд+Тд жағдайы (тек ТРҚ үшін).
Нд жағдайын Тд жағдайында көрсетілген қозғалтқыш тартымын ескере отырып қараған жөн.
Қауіпсіздік коэффициенті f=2,00.
Тынықсыз ауада ұшу жағдайы.
Тынықсыз ауада ұшқан кезде қанатты жүктеу үшін берілген сол бір жағдайларда қозғалтқыш жұмыс істеген, істен шыққан кезде де қозғалтқыш қондырғысын жүктеуді қараған жөн. Гондоладағы, капоттағы және пилондағы аэродинамикалық күштерді тартымды, бұраманы қисық үрлеу күші мен реактивтік сәтті, сондай-ақ инерциялық күштерді есепке алған жөн.
Бұдан басқа қозғалтқыштың қондырғысы жүктемелердің динамикалық әрекетін ескере отырып тексерілуге тиіс.
Сырғи отырып ұшу.
Қозғалтқыш қондырғыны қозғалтқыштың ауырлық пен тартымның күшінен, бұрамаға әрекет ететін аэродинамикалық күштер мен сәттерден (қисық үрлеу күштерден, реактивтік сәттен) және есепті жағдайларда және сатылас қауырсындануға жүктемелерді айқындаған кезде қаралатын (в сырғу бұрыштарында гондалаға, капотқа және пилонға әрекет ететін аэродинамикалық күштерден жүктеуді қараған жөн.
Қозғалтқыш жұмыс істеген кезде бұрамаға аэродинамикалық жүктемелердің шамасын есептер мен арнайы сынақтардың негізінде В көрсетілген мәндеріне сәйкес айқындаған жөн.
Турбореактивтік қозғалтқыштардың қондырғылары үшін қауіпсіздік коэффициенті f=1,50, турбобұрамалық қозғалтқыштардың қондырғылары үшін f=2,60. Дегенмен нақтыланған есептер мен эксперименталдық деректер болған кезде турбобұрамалық қозғалтқыштардың қондырғылары үшін қауіпсіздік коэффициенті f=1,50 дейін төменделуі мүмкін.
Тоқталған қозғалтқыштың (теріс тартымымен) бұрама кедергісінің күшімен ұшудың барлық режимдерінде ең жоғары (шың) күшімен қозғалтқыш қондырғысының жүқтемесін қараған жөн. Бұраманың қалақтары флюгерлік жағдайға флюгерлеудің тәуелсіз жүйелері болған кезде де белгіленбеуі мүмкін және қалақтардың жағдайы ең аз бұрышқа тірелумен шектелетінін алған жөн.
Қауіпсіздік коэффициенті f=1,30.
Тангаж жазықтығында қарышты және бұрышты үдеулердің аралас әрекеті.
Қозғалтқышқа:
инерциялық жүктемелер
PYy= -(gnYy+ xdwz)mA; PYx=y dwzmA
dt dt
және инерциялық сәт
МYz= -JzA dwz әрекет етеді.
dt
nYу және dwz мәндерін маневрлік жүктеме мен тынықсыз ауада
dt
ұшқан кезде жүктеме жағдайларында қанатты және деңгейлес қауырсындануды жүктеуге сәйкес айқындаған жөн.
Мұндағы х және у - қозғалтқыш ауырлығы орталығының тиісті координаталары;
Jzд - ауырлықтың орталығынан өтетін Z' көлденең осьқа қатысты қозғалтқыш инерциясының массалық сәті.
Қауіпсіздік коэффицентін жүктеудің қаралып отырған жағдайларына сәйкес алған жөн.
223. Крен қарышты және бүрышты үдеулердің аралас әрекеті.
Қозғалтқышқа:
- инерциялық жүктемелер
PYy=-(gnYy-z dwx)mA; PYz=-y dwxmA
dt dt
- инерциялық сәт
MYy=-Jx'A dwx
dt.
nYy және dwx мәндерін маневрлік жүктеме мен тынықсыз ауада ұщқан кезде жүктеудің симметриялы емес жағдайларында қанатты және деңгейлес қауырсындануды жүктеуге сәйкес айқындаған жөн.
Мұндағы Jx'Д - ауырлықтың орталығынан өтетін X' көлденең осьқа қатысты қозғалтқыш инерциясының массалық сәті.
32. Қозғалтқыштардың гондолалары, капоттары және ауа жинағыштары
224. Жалпы нұсқаулар.
Гондолалардың, капоттардың, ауа жинағыштардың және олардың элементтерінің беріктігін айқындаған кезде олардың ішкі де, сыртқы да жүктемелерін ескерген жөн.
225. Гондолалардың, капоттардың, жинағыштардың және олардың элементтерінің сыртқы үстіңгі беттерін жүктеу жағдайлары.
Гондолаларға, капоттарға, ауа жинағыштарға және олардың элементтеріне аэродинамикалық жүктемелер М сандары және А', С, D' жағдайларына сәйкес келетін әсер бұрыштары кезінде "тынықсыз ауада ұшу", сондай-ақ сатылас қауырсындануға жүктемелерді айқындаған кезде табылған сырғу бұрыштарында сырғумен ұшу режимдерінде айқындалуға тиіс. Эксперименталдық деректер болмаған жағдайда гондоланың, капоттың, және жинағыштың олардың сыртқы беттеріне жүктемелерді айқындау үшін нұсқауларды пайдалануға рұқсат беріледі.
Қауіпсіздік коэффициенті f=2,00.
Капотты бекіту тораптары үшін f=2,40 қауіпсіздік коэффициентін қабылдау қажет.
226. Гондолалардың, капоттардың және жинағыштардың ішкі беттерін жүктеу жағдайлары.
Қозғалтқышқа ауаны апаратын арналардың барлық ішкі беттерінде біркелкі әрекет ететін үлес жүктеменің (қысымның) шамасын барлық жағдайларда pyaiood=kpadi тең алған жөн,
мұндағы pатмН - осы биіктіктегі атмосфералық қысым,
k- ауаның қысылғынын ескеретін коэффициент, оны осы биіктікте ұшудың М санына қарай 4.10.-суреттегі кесте бойынша айқындаған жөн. pyaiood шамасы арнайы есеппен нақтылануы мүмкін.
Қозғалтқышқа ауаны апаратын арналардың беріктігін, бұдан басқа, орнында қозғалтқыш жұмыс істеген кезде арналарда пайда болатын жүктемелерге тескерген жөн. Арналардың барлық бетіне біркелкі әрекет ететін {pyaiood) үлес жүктеменің шамасы апаратын арналардың есептерінен айқындалатын ең жоғары келтірілген жылдамдыққа қарай 4.11-суреттегі кесте бойынша айқындалуға тиіс.
Келтірілген Л жылдамдығы дағдарысты жылдамдыққа арнадағы ағыстың жергілікті жылдамдығының қатысы тең болады. Қозғалтқыш элементтерінің суыту арналары үшін pyaiood ең жоғары үлес жүктемелердің шамалары (қысымы немесе сиретілу) ауаның қысылуын ескере отырып эксперименталдық деректердің негізінде айқындалуға тиіс. Осындай материалдар болмаған кезде үлес жүктемелердің шамалары жоғарыда көрсетілгендей қозғалтқышқа ауаны апаратын арналар үшін алынуға тиіс.
Ескерту: Қозғалтқыш арналарын +-рвнутр жүктемемен жүктеген кезде арна қабырғаларының деформациясы арна қиылысының қандайда бір кенеттен өзгеруіне және оның конфигурациясының бұрамалауына, сондай-ақ жекелеген панельдер арасында қосушы жіктерінің герметикалығы бұзылмауға тиіс.
15-сурет,
16-сурет
Помпаж жағдайы.
Қозғалтқышқа ауа апаратын арналар ауа жинағыштар механизациясының элементтері (жармалар және т.б.) помпаж пайда болуы мүмкін V<Vmaxmaxкезінде барлық режимдерде козғалтқыштың помпаж жағдайына тексерілуге тиіс. Бұл ретте жүктемелер әрекетінің динамикалығын назарға алған жөн.
Қауіпсіздік коэффициенті f=1,20.
227. Бұрамалардың коктары.
Бұрамалардың коктарына жүктемелерді М есептік саны кезінде аэродинамикалық трубалардағы сынақтардың нәтижелері бойынша айқындаған жөн.
Қауіпсіздік коэффициенті f=2,00.
33. Флюзеляжға күш түсу жағдайы
228. Фюзеляжді жүктеудің негізгі жағдайлары.
Фюзеляждің беріктігін қанатты, артқы қауырсындануды және қозғалмалы қондырғыны (соңғысы фюзеляжда болған кезде) жүктеудің барлық жағдайларына сәйкес қараған жөн, оның үстіне пайдалану жүктемелер мен қауіпсіздік коэффициенттері қаралып отырған жағдайларға тиісінше алынады.
Фюзеляжді жүктеудің қаралып отырған жүктеу жағдайларына сәйкес алынатын жүктемелер мен қауіпсіздік коэффициенттері кезінде сондай-ақ шассиді жүктеудің барлық жағдайларында (симметриялы және симметриялы емес) тексерілуге тиіс; бұл ретте, барлық жағдайларда инерциялық күштерден басқа ұшақтың тиісті көтермелі күшін ескерген жөн.
Бұдан басқа, фюзеляждің беріктігі ұшақты динамикалық жүктеу жағдайларына тексеріледі.
Фюзеляждің жергілікті беріктігін жүктемелер М сандары және А', С, D' жағдайларына сәйкес келетін әсер ету бұрыштары кезінде "тынықсыз ауада ұшу", сондай-ақ сатылас қауырсындануға жүктемелерді айқындаған кезде табылған сырғу бұрыштарында сырғумен ұшу режимдерінде тексерген жөн.
Жергілікті беріктікті тексеру үшін қауіпсіздік коэффициенті
f=2,00.
229. Фюзеляжді қосымша жүктеу жағдайлары.
Нф жағдайы.
Сатылас және бүйірлі жазықтықтарда инерциялық күштермен фюзеляждің тұмсықтық бөлігін (тұмсығынан қанаттың бірінші лонжеронына дейін) жүктеуді қараған жөн.
Есептік схемада фюзеляждің тұмсықтық бөлігі бірінші лонжеронда жасалғанын алған жөн.
Пайдалану сатылас жүктелім nэу =1,00.
Пайдалану бүйірлі жүктелімді S<80 м2 қанатының көлемімен ұшақтар үшін nэН =±+1,50 және S>100 м2 қанатының көлемімен ұшақтар үшін nэН =+1,00 тең алған жөн.
80 м2<S<100 м2 үшін nyi-ді оның S=80 және 100 м2 мәндерінің арасында сызықтық интерполяциямен айқындаған жөн.
Қауіпсіздік коэффициенті f=2,00.
Кф жағдайы (тұмсықтық доңғалағымен шассиі бар ұшақтар үшін қаралмайды).
Ұшақты 17-суретте көрсетілген жағдайда қараған жөн.
Ұшақ ауырлығының орталығында жерге қалыпты nэEgmпос тең күш салынған, мұндағы nэЕ-Еш. пос.жағдайының жүктелімі. Шассидің негізгі тіректеріне (Рэ) және ұшақтың алдыңғы бөлігіне әрекет ететін пайдалану жүктемелерді статикалық тепе-теңдік жағдайынан айқындалады.
17-сурет
Мф жағдайы (суға мәжбүрлі қону).
Фюзеляждің және олар бұзылған кезде жолаушылар мен экипаж ұшақтан шығу үшін қажетті уақыт ішінде ұшақтың қалқымалылығы қамтамасыз етілмейтін сол бір люктердің, терезелердің және есіктердің жергілікті беріктігін қамтамасыз ету қажет.
Барынша нақты деректер болмаған кезде есептік жүктемелерді үлестіру (фюзеляж бетіне қалыпты қысымдар) 18-суретке сай алынады.
18-сурет
230. Фюзеляж конструкциясының элементтерін жүктеу жағдайлары.
Герметикаланбаған кабиналар.
Экипаж кабинасының шамдарына аэродинамикалық жүктемелерді М саны және А' жағдайларының әсер ету бұрыштары кезінде «тынықыз ауада ұшу», сондай-ақ сатылас қауырсындануға жүктемелерді айқындаған кезде табылған сырғу бұрыштарында сырғумен ұшу режимдерінде тексерген жөн.