7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: республиканың мектептерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен, сонымен қатар электрондық оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бекіткен бұйрығына сәйкес 100 атаудан кем емес, жалпы орта білім және кәсіптік мектептерді, колледждерді мемлекеттік тілді оқытуға арналған оқулықтар, электрондық және анықтау әдебиеттер - 7 атаудан кем емес мөлшерде қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерді оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен, электрондық оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен, мемлекеттік білім беру ұйымдарда мемлекеттік тілді оқытуға арналған оқулықтармен, электрондық, сонымен қатар анықтау әдебиеттермен қамтамасыз ету жолымен білім берудің мазмұнын жетілдіру бойынша мемлекеттік білім саясатын жүзеге асыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: әдебиеттің жоспарланған орташа құны - 1 экземплярға 1000 теңге.
Уақтылығы: жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерді оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен, электрондық оқулықтармен және мемлекеттік оқу білім беру ұйымдарды мемлекеттік тілді оқытуға арналған оқулықтармен, электрондық, сонымен қатар анықтау әдебиеттермен оқу жылының басына уақтылы қамтамасыз ету.
Сапасы: білім алушылардың білім деңгейін жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерді оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен, электрондық оқулықтармен, мемлекеттік білім беру ұйымдарды мемлекеттік тілді оқытуға арналған оқулықтармен, электрондық, сонымен қатар анықтау әдебиеттермен қамтамасыз ету жолымен жоғарылату.
* республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын іс-шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
273-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы орта білім
беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер
құруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 036 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1958760 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз елу сегіз миллион жеті жүз алпыс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 44-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жалпы орта білім беретін мектептерді оқытудың жаңа технологияларын енгізу үшін лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен жасақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін жалпы білім беретін мектептерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құру үшін қаржылық қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 036 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер құруға аңымдағы нысаналы трансферттерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша аудару. Мемлекеттік жалпы білім беру мекемелерін лингафондық және мультимедиялық кабинеттермен уақытында және сапалы жасақтау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Облыстардың, Астана, Алматы қалаларын ың әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: білім процесін мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес жаңа ғасыр оқу құралдарымен қамтамасыз ету.
Мемлекеттік жалпы білім беру мекемелерін лингафондық және мультимедиялық кабинеттермен жабдықтау, кемінде 353, соның ішінде:
Ақмола облысы - кемінде 25 бірлік, Ақтөбе облысы - кемінде 19 бірлік, Алматы облысы - кемінде 25 бірлік, Атырау облысы - кемінде 18 бірлік, Шығыс Қазақстан облысы - кемінде 24 бірлік, Жамбыл облысы - кемінде 18 бірлік; Батыс Қазақстан облысы - кемінде 25 бірлік, Қарағанды облысы - кемінде 19 бірлік, Қызылорда облысы - кемінде 17 бірлік, Қостанай облысы - кемінде 25 бірлік, Маңғыстау облысы - кемінде 17 бірлік, Павлодар облысы - кемінде 23 бірлік, Солтүстік Қазақстан облысы - кемінде 25 бірлік, Оңтүстік Қазақстан - кемінде 30 бірлік, Алматы қаласы - кемінде 26 бірлік, Астана қаласы - кемінде 17 бірлік.
Түпкі нәтиже: жалпы білім беретін мектептерін жаңа буынды жабдықтармен жарақтау, оқушылардың тіл дайындықтарын жақсарту,
оқушыларды оқытудың сапасын бірыңғай тестілеу жалпы білімді жүйеде көтеру.
Көрсеткіштің ара қатынасы жетіледі - 1 компьютерге 28 оқушылардан көп емес.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 кабинеттің жоспарланатын орташа құны 5,549 млн. теңгеден аспайды.
Уақтылығы: лингафондық және мультимедиялық кабинеттерді шарттарға сәйкес уақытында құру.
Сапасы: жаңа ақпараттық технологияларды енгізу негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін оқу құралдарымен модернизациялау.
* республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
274-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы бастауыш кәсіби білім беретін мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 037 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 286100 мың теңге (екі жүз сексен алты миллион бір жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 44-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік бастауыш кәсіптік білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Облыстық бюджеттеріне, Астана және Алматы қалалық бюджеттеріне мемлекеттік бастауыш кәсіптік білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қаржылық қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 037 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы бастауыш кәсіби білім беретін мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана Алматы қалалық бюджеттеріне мемлекеттік бастауыш кәсіптік білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға нысаналы ағымдағы трансферттерді Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес аудару. Мемлекеттік бастауыш кәсіптік білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы мамандардың сапалы дайындығына ие болу үшін қолайлы жағдайлар жасау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Облыстардың, Астана, Алматы қалаларын ың әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 57 мемлекеттік мекеменің материалдық-техникалық базасы нығайтылады, оның ішінде облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша:
Ақмола - 2 мекеме, Ақтөбе - 9 мекеме, Алматы - 3 мекеме, Атырау - 3 мекеме, Шығыс Қазақстан - 4 мекеме, Жамбыл - 5 мекеме, Батыс Қазақстан - 2 мекеме, Қарағанды - 4 мекеме, Қостанай - 2 мекеме, Қызылорда - 1 мекеме, Маңғыстау - 4 мекеме, Павлодар - 4 мекеме, Солтүстік Қазақстан - 4 мекеме, Оңтүстік Қазақстан - 4 мекеме, Алматы қаласы - 1 мекеме, Астана қаласы - 5 мекеме.
Түпкі нәтиже: мемлекеттік бастауыш кәсіптік білім беру мекемелерінің білім процесіне оқу жабдықтары мен жаңа ұрпақтың оқу-әдістемелік құралдары енгізіледі, қолданыстағы (Санитарлық ережелер және Құрылыстық нормалар және ережелер) нормаларына сәйкес білім алушыларға тиесілі жағдай жасалды.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 мемлекеттік бастауыш кәсіптік білім мекемесінің орташа құны 5019,3 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: шарттарда көрсетілген мерзімге сәйкес материалдық-техникалық базаны жаңа оқу жылында нығайту.
Сапасы: білім алушылардың білім сапасын арттыру және жаңа технологияларды білім процесіне енгізу.
* республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын іс-шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
275-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық
(қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының педагог қызметкерлерін қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 038 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 503440 мың теңге (бес жүз үш миллион төрт жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8 , 41-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім берудің барлық деңгейіндегі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін білім берудің барлық деңгейіндегі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін қаржылық қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 038 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының педагог қызметкерлерін қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалық бюджеттеріне облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарында педагог кадрларды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыруға нысаналы ағымдағы трансферттерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша аудару. Облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарында педагог қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру институттарында. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Облыстардың, Астана, Алматы қалаларын ың әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: білім беру жүйесіндегі педагог қызметкерлердің 15 пайызының біліктілігін арттыру 33180 тыңдаушылардан кем емес жүзеге асырылатын болады, соның ішінде:
Ақмола облысы - 2240 тыңдаушыдан кем емес;
Ақтөбе облысы - 1920 тыңдаушыдан кем емес;
Алматы облысы - 2100 тыңдаушыдан кем емес;
Атырау облысы - 2200 тыңдаушыдан кем емес;
Батыс Қазақстан облысы - 2600 тыңдаушыдан кем емес;
Жамбыл облысы - 1920 тыңдаушыдан кем емес;
Шығыс Қазақстан облысы - 1920 тындаушыдан кем емес;
Қарағанды облысы - 2240 тыңдаушыдан кем емес;
Қызылорда облысы - 2400 тыңдаушыдан кем емес;
Қостанай облысы - 2300 тындаушыдан кем емес;
Маңғыстау облысы - 240 тындаушыдан кем емес;
Павлодар облысы - 2420 тыңдаушыдан кем емес;
Солтүстік Қазақстан облысы - 2240 тыңдаушыдан кем емес;
Оңтүстік Қазақстан облысы - 3240 тыңдаушыдан кем емес;
Алматы қаласы - 2400 тыңдаушыдан кем емес;
Астана қаласы - 800 тыңдаушыдан кем емес.
Түпкі нәтиже: білім беру жүйесін педагог кадрларын оқытудың сапасын жақсарту, халықтың бәсекеге қабілетті білім алудағы әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 тыңдаушының орта күндік оқуы жылына 5173 теңгеден аспайды.
Уақтылығы: 15 пайызы біліктілікті арттыру, этап бойынша 12 жылдық оқуға ауысуға байланысты.
Сапасы: педагогикалық кадрлардың сапалы білім жүйесін халықты әлеуметтік бәсекелес тұтынудың арта түсу заңы.
* республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
276-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық
(қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының материалдық-техникалық
базасын нығайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 039 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 75000 мың теңге (жетпіс бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 44-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін қаржылық қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 039 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалық бюджеттеріне облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру арттыру институттарында материалдық-техникалық базасын нығайтуға берілетін трансферттерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес аудару. Облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының материалдық-текникалық базасын нығайту арқылы, білім беру процесін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Облыстардың, Астана, Алматы қалаларын ың әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: білім беру жүйесінің педагог қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу.
Материалдық-техникалық базасын нығайтуға біліктілігін арттыру институттарына активтер сатып алу:
Ақмола облысы - 3 бірліктен кем емес;
Ақтөбе облысы - 459 бірліктен кем емес;
Алматы облысы - 1002 бірліктен кем емес;
Атырау облысы - 7 бірліктен кем емес;
Шығыс Қазақстан облысы - 2 бірліктен кем емес;
Жамбыл облысы - 4703 бірліктен кем емес;
Батыс Қазақстан облысы - 2485 бірліктен кем емес;
Қарағанды облысы - 1003 бірліктен кем емес;
Қостанай облысы - 603 бірліктен кем емес;
Қызылорда облысы - 4001 бірліктен кем емес;
Маңғыстау облысы - 252 бірліктен кем емес;
Павлодар облысы - 1070 бірліктен кем емес;
Солтүстік Қазақстан облысы - 1004 бірліктен кем емес;
Оңтүстік Қазақстан облысы - 41 бірліктен кем емес;
Алматы қаласы - 2 бірліктен кем емес;
Астана қаласы - 2 бірліктен кем емес.
Түпкі нәтиже: педагог кадрларын қайта даярлау жүйесінің сапасын арттыру және олардың біліктілігін арттыру, облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын модернизациялау арқылы жаңа педагогикалық технологияларды енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жоспарланған орташа құны:
кабинет - 1568,4 мың теңге,
оқу әдістемелік әдебиеттермен көрнекті құралдар -0,5 мың теңге,
көлік - 1533,0 мың теңге,
интерактивті және электрондық тақта -725,0 мың теңге,
ұйымдастыру техникасы - 171,0 мың теңге,
компьютерлер - 100,0 мың теңге,
оқу әдебиеттеріне арналған жиһаз -154,4 мың теңге,
баспа құралдары - 1470,0 мың теңге,
мультимедиялық жобалар - 545,0 мың теңге,
мектептік көшіру электрондық зертханасы - 620 мың теңге.
Уақтылығы: 12 жылдық білім беру кадрларын қайта даярлау үшін облыстық (қалалық) біліктілікті арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын уақытында нығайту.
Сапасы: жаңа технологияларды енгізу негізінде педагог қызметкерлерді қайта даярлау жүйесінің сапасын арттыру және олардың біліктілігін арттыру.
* республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын іс-шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
277-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Жастар саясатын жүргізу"
деген 040 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 652517 мың теңге (алты жүз елу екі миллион бес жүз он жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 200 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы" 1999 жылғы 28 тамыздағы № 73 өкімі; "Жастар ісі жөніндегі Кеңесті құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілде № 1165 қаулысы; "2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысы; "Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 734 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жастарды әлеуметтендіру процесінде дамыту үшін ұйымдық, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау; патриоттық тәрбиелеу жүйесін мақсатты дамыту арқылы азаматтардың менталитетінде жоғары патриоттық сезімін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметін қолдау; жастарды еңбек нарығына ықпалдастыру үшін жағдайлар жасау; жастардың құқықтары мен мүдделерін әлеуметтік қорғау; халықаралық жастар ынтымақтастығын кеңейту; жастар арасында азаматтылық пен патриоттылықты дамыту дарынды жастарды қолдау, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету; жастардың білім деңгейін көтеруге ықпал ету; "Жасыл ел" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жастар мен студенттерді құрылыс еңбек отрядтарына тартуды ұйымдастыру; саналы азаматтық қатынастардың құрылымын оқыту бойынша халықтың мақсатты тобы үшін мінез-құлықтың оң үлгілерін құру арқылы патриоттыққа тәрбиелеуге ықпал жасау үшін ұйымдастырушылық алғышарттары мен азаматтардың саналы азаматтық ынтымақтастық сезімін қалыптастыруға арналған шаралар жүйесін, мемлекет пен азамат арасындағы органикалық міндеттемелік байланыстар құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 040 | | Жастар саясатын жүргізу | Қазақстан Республикасы өңірлерінде студенттік құрылыс отрядтарының қызметін ұйымдастыру проблемалары бойынша республикалық форум. Қазақстан Республикасының өңірлерінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мониторингін жүргізу: жұмыс сапарлары және мақсаттық топтармен кездесулер. Халықаралық жастар ынтымақтастығы саласында семинар өткізу. "Патриот" республикалық акциясын - "Жас Ұлан" солдат әндерінің фестивалі Жастар ақпараттық бюллетенін шығару. Жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша әдістемелік оқулықтар мен нұсқаулықтар шығару. Үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік құрылымдардың қатысуымен жастар арасындағы девиация проблемаларына арналған дөңгелек стол өткізу. Жастар арасындағы нашақорлықтың, алкоголизмнің және шылым шегудің алдын алу бойынша республикалық семинар өткізу. Қазақстанның жыл сайынғы ұлттық жастар Дельфийлік ойындарын өткізу. Қазақстанның Ұлттық жастар Дельфий комитетінің отырысын өткізу. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы қатысушы мемлекеттердің ұлттық жастар Дельфийлік ойындарына қатысу. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жастар бастамасы орталықтарының белсенділері үшін нұсқаулық армиялық жиынды өткізу. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестің отырысын өткізу. Аула клубтары, жастар ұйымдары мен әлеуметтік қызметтердің республикалық слетін өткізу. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің жастар ісі жөнінде мемлекеттік органдардың басшылары Кеңесінің отырысы. Жастарға әлеуметтік қызметін көрсетуді қолдау. Әлеуметтік маңызы бар жастар жобаларын іске асыру. Қазақстан және Украина жастар ұйымдарының Слетіне қатысу. Студенттік құрылыс және жастар еңбек отрядтарының қызметін республикалық және облыстық деңгейде Білім және ғылым министрі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес "Жасыл ел" еңбек отрядтарын дамыту жөнінде іс-шараларды өткізу. "Жасыл ел" жастар еңбек отрядтарының қызметтеріне ақы төлеу. "Жасыл ел" акциясын өткізу. "Жасыл ел" жарнама іс-шараларын өткізу. "Жасыл ел" дөңгелек столдарын өткізу. "Жасыл ел" жастар еңбек отрядтарының қатысушыларын жарақтандыруды қамтамасыз ету. "Менің Отаным - Қазақстан", "Бұл - біздің Tу!", "Бұл - біздің Әнұран!" атты акциялар өткізу. Білім беру ұйымдарына зерделеу үшін қосымша ақпараттық материалдарды енгізу мақсатында қолданыстағы оқу материалдарына ұлттық бірлік тақырыбы бойынша сараптама жүргізу. Социологиялық мониторингі одан әрі жүзеге асыру үшін азаматтық келісім мәселесі бойынша қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында жыл сайынғы әлеуметтік сауал жүргізу. Этносаралық өзара қарым-қатынас, еуразияшылық идеясын дамыту мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу. Студенттік құрылыс және жастар еңбек отрядтары қызметінің қорытындылары бойынша Республикалық Слет өткізу. "Біз өзіміздің жарқын болашағымызды орнатамыз! - Біз жаңа Қазақстанды паш етеміз!" атты республикалық акция өткізу. Балалар мен жасөспірімдерге арналған патриоттық мазмұндағы кітаптар шығару. Қазақстанда жаңа қоғамдық-саяси қатынастарды қалыптастыруға арналған студенттік жұмыстардың конкурстарын өткізу. Әлеуметтік маңызы бар бастамашылық конкурсы шеңберінде қатысушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, экскурсиялық, өлкетану жұмыстары жөніндегі бағдарламаны әзірлеу. Соғыс ардагерлерімен, халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасының ар-намысын қорғаған спортсмендермен, халықаралық жарыстардың жеңімпаздарымен жастардың тақырыптық кездесулерін өткізу. Түп тегі қазақ емес балалар мен жастар арасында мемлекеттік тіл біліміне арналған республикалық конкурс өткізу. "Қазақ тілі - Ана тілі" республикалық акциясын өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Облыстардың, Астана, Алматы қалаларын ың әкімдері |