3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету, елдің тұрақты және қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін тиімді экономикалық тетікті, ел экономикасының теңгерімділік деңгейін арттыруды іске асыруды қамтамасыз ету, экономиканы мемлекеттік басқаруды жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары бойынша зерттеулер жүргізу;
жалпы экономикалық, салааралық, өңірлік, сыртқы экономикалық проблемаларды шешу бөлігінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша шаралар мен тетіктерді тұжырымдау, экономиканы мемлекеттік басқаруды жетілдіру бойынша шараларды тұжырымдау;
әлемдік экономиканың даму үрдістерін, әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы жағдайды, Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігі мен дамуына әсер ететін елдердегі экономикалық ахуалды зерделеу, экономикаға сыртқы және ішкі факторлардың әсер етуін бағалау және оның теріс салдарларын жұмсарту бойынша кешенді зерттеулер жүргізу;
экономикадағы инфляциялық процестерді талдау, экономика салаларында көлеңкелі экономикалық қызметті талдау;
елдің ішкі және жаһандық бәсекеге қабілеттілігін бағалау;
экономиканың тиімді жұмыс істеуін талдау;
ұлттық экономиканың ағымдағы жағдайын және даму болжамын талдау;
дамыған елдер тәжірибесін талдау негізінде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын айқындау;
Қазақстан Республикасының аумақтық дамуын зерттеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Экономика саласындағы қолданбалы зерттеулер | Экономикада болып жатқан инфляциялық процестердің талдамалық зерттеулері; көлеңкелі экономика саласындағы талдамалық зерттеулер; әлемдік экономика, әлемдік тауар және қаржы нарықтары саласындағы жағдайдың талдамалық зерттеулері; елдің бәсекеге қабілеттілігін бағалау және болжамы бойынша талдамалық зерттеулер; Қазақстан экономикасының ағымдағы жағдайын және даму болжамын талдамалық зерттеулер; экономиканың тиімді жұмыс істеуінің талдамалық зерттеулері; Қазақстан экономикасы дамуының ықтимал қауіп-қатерлерін талдамалық зерттеулер; Қазақстанның аумақтық даму стратегиясы шеңберінде талдамалық зерттеулер; жалпы әлеуметтік-экономикалық мәселелер, экономиканы мемлекеттік басқару, нарықтарды моделдеу және реттеу мәселелері бойынша талдамалық зерттеулердің басқа да бағыттары. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
экономикадағы инфляциялық процестерді зерттеу бойынша талдамалық есеп;
әлемдік экономикадағы, әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы жағдайды, Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне айтарлықтай ықпал ететін елдердегі ахуалды зерттеу және болжау жөніндегі талдамалық есеп;
Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың себептері мен мөлшерін зерттеу талдау жөніндегі талдамалық есеп;
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік факторларын зерттеу жөніндегі талдамалық есеп;
Қазақстан экономикасының 2015 жылға дейінгі дамуының сценарийлік нұсқаларын зерттеу жөніндегі талдамалық есеп;
Қазақстандағы «голланд ауруының» факторлары мен қатерлерін зерттеу және оған жол бермеу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі талдамалық есеп;
Қазақстанның аумақтық дамуы жөніндегі талдамалық есеп;
әлемдік тәжірибені зерттеу және Қазақстандағы экономикалық жоспарлау және болжамдау жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу бойынша талдамалық есеп;
Қазақстан экономикасының перспективалы құрылымын айқындау үшін әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесін зерттеу бойынша талдамалық есеп;
Қазақстан экономикасындағы еңбек ресурстары факторлары бойынша талдамалық есеп;
экономиканың тиімді жұмыс істеуін, жалпы әлеуметтік-экономикалық проблемаларды зерттеу бойынша, экономиканы мемлекеттік басқару мәселелері бойынша талдамалық есеп;
Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін арттыруды жүйелік қамтамасыз етудің перспективалы жолдарын зерттеу бойынша талдамалық есеп және практикалық құралдар;
Қазақстанның энергетикалық секторының орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған экономикалық моделін құру жөніндегі талдамалық есеп (МАРКАЛ бағдарламалық өнімін пайдалана отырып);
аграрлық азық-түлік нарықтарын реттеу мақсатында әлемдік тәжірибені зерттеу және бағалық интервенция жүргізудің бағдарламасын әзірлеу жөніндегі талдамалық есеп.
Түпкі нәтиже:
экономиканы мемлекеттік басқаруды, экономикалық жоспарлау және болжамдау бөлігінде жетілдіру, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты, оның ішінде инфляциялық процестерді реттеу саласын, экономиканың көлеңкелі секторын төмендету, ішкі нарыққа әлемдік экономиканың даму үрдістерінің теріс ықпалын төмендету бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, республиканың экономикалық қауіпсіздігін нығайту бойынша ұсынымдарды тұжырымдау;
әлемдік экономика, әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы даму үрдістері және Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне айтарлықтай ықпал ететін елдердегі ахуал жөніндегі талдамалық ақпаратты қалыптастыру;
бәсекеге қабілеттілік жөніндегі әлемдік баяндамаға Қазақстан бойынша деректердің енуі үшін елдің бәсекеге қабілеттілігін бағалау бойынша деректер және перспективада елдің бәсекеге қабілеттілік болжамын қалыптастыру.
Ұлттық экономиканың даму перспективаларын айқындау.
Қазақстан экономикасы дамуының қауіп-қатерлеріне жол бермеу жөніндегі шараларды тұжырымдау;
Қазақстан Республикасының аумақтық даму стратегиясын іске асыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
талдамалық зерттеулер жүргізуге жұмсалатын шығындар.
Сапасы:
елдің макроэкономикалық дамуының неғұрлым өзекті және проблемалық мәселелерін қамту және зерттеулердің нәтижелерін мемлекеттік экономикалық саясатты жетілдіру үшін қолданылу мүмкіндігі.
Уақтылығы:
талдамалық зерттеулер нәтижелерін белгіленген мерзімде беру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
216-ҚОСЫМША
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін қайта қарау мәселелері бойынша халықаралық рейтинг агенттіктерімен өзара
іс-қимыл жасау»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 22043 мың теңге (жиырма екі миллион қырық үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Халықаралық рейтинг агенттіктерінің Қазақстан Республикасының өтем қабілетінің және инвестициялық тартымдылығының кіріктірілген көрсеткіші болып табылатын тәуелсіз кредиттік рейтингін растау немесе қайта қарау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін қайта қарау мәселелері бойынша халықаралық рейтинг агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау | Moodu's Investors Service, Standard&Poor's International Services, Ink. және Fich Ratings Ltd халықаралық агенттіктеріне Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредиттік рейтингін растау немесе қайта қарау бойынша қызметтеріне төлеу. | ақпан, шілде, қазан 2007 жыл | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
халықаралық рейтинг агенттіктеріне олардың көрсеткен қызметі өтемді уақытында төлеу.
Түпкі нәтиже:
Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын (екінші деңгейдегі банктер, ірі компаниялар) қарыз алушы-компаниялардың корпоративтік кредиттік рейтингтеріне ықпал ететін ҚР тәуелсіз кредиттік рейтингін қайта қарау немесе растау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Халықаралық рейтинг агенттіктерінің қызметіне мына мөлшерде ақы төлеу: Moodu's Investors Service - 5850 мың теңге, Standard&Poor's International Services - 5 850 мың теңге, Ink. және Fich Ratings Ltd - 10 343 мың теңге.
Сапасы:
Қазақстан Республикасының міндеттемелері үшін инвестициялық тәуекелдің төмен болуымен көрінетін Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін қанағаттандыру; Қазақстан Республикасының инвесторлық базасын кеңейту; тәуелсіз еврооблигацияларды орналастырған жағдайда қарыз алу құнын азайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
217-ҚОСЫМША
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Экономика және ұлттық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1704025 мың теңге (бір миллиард жеті жүз төрт миллион жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 желтоқсандағы № 1285 қаулысы; «2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы № 1203 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасында Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан- Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасасу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 370 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарларын іске асыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік қаржыны басқаруды жетілдіру, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, ел экономикасының теңгерімдік деңгейін арттыру негізінде халықтың тұрмыс деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін тиімді экономикалық тетігін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттыру.
Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық өсуіне қол жеткізу, мемлекеттік басқару мен өндірістік сектордың деңгейін арттыру, сондай-ақ мұнай-газ секторына кірмейтін салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қабылданған бағдарламалық іс-шараларды іске асыру бойынша қажетті өзгерістер мен түзетулерді орындау мақсатында тиісті шешімдер қабылдау үшін талдамалық материалдар даярлау;
Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы бірлескен талдамалық зерттеулер жүргізу жолымен халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Экономика және ұлттық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер | | | |
2 | | 006 | Жобаны республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру | 1. Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен 2007-2008 қаржы жылдарына арналған Техникалық ынтымақтастықтың жыл сайынғы бағдарламаларында көзделген Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын іске асыру шеңберінде зерттеулер жүргізу. 2. Халықаралық даму жөніндегі Американ агенттігімен экономикалық даму бағдарламасын іске асыру. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
3 | | 018 | Жобаны грант есебінен іске асыру | 1. Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен 2007-2008 қаржы жылдарына арналған Техникалық ынтымақтастықтың жыл сайынғы бағдарламаларында көзделген Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын іске асыру шеңберінде зерттеулер жүргізу. 2. Халықаралық даму жөніндегі Американ агенттігімен экономикалық даму бағдарламасын іске асыру. 2.1. Халықаралық даму жөніндегі Американ агенттігімен экономикалық даму бағдарламасын іске асыру туралы есептер даярлау. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Есептер мен ұсыныстар даярлау, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен және Халықаралық даму жөніндегі Американ агенттігімен жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік билік органдары үшін консультациялар өткізу.
Түпкі нәтиже:
Қабылданған бағдарламалық іс-шараларды іске асыру бойынша қажетті өзгерістер мен түзетулерді орындау мақсатында тиісті шешім қабылдау үшін талдамалық зерттеулердің нәтижелерін уәкілетті мемлекеттік органдардың (мембағдарламалар әкімшілерінің) нәтижелі қызметін қамтамасыз ету үшін қолдану.
Мемлекеттік органдар қызметінің, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының проблемалы мәселелері бойынша шешімдер даярлау сапасының, бағдарламалық құжаттар әзірлеудің тиімділігін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Экономиканың шешуші секторларындағы мемлекеттік органдар жұмысында талдамалық зерттеулердің нәтижелерін қолдану жолымен республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру.
Сапасы:
Зерттеулер нәтижелерін мемлекеттік экономикалық саясатты жетілдіру үшін, сондай-ақ бағдарламалық құжаттар әзірлеу үшін қолдану мүмкіндігі.
Уақтылығы:
Талдамалық зерттеулер нәтижелерін 2007-2008 қаржы жылдарына арналған Техникалық ынтымақтастықтың жылсайынғы бағдарламаларында белгіленген мерзімге сәйкес мерзімде ұсыну.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
218-ҚОСЫМША
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін дамыту»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2533728 мың теңге (екі миллиард бес жүз отыз үш миллион жеті жүз жиырма сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысы; «Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Халықтың және экономиканың нақты секторының почта және қаржы қызметтеріне еркін қол жетімділігін қамтамасыз етуге қабілетті тиімді почта-жинақтау жүйесін сапалы деңгейде қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: - почта байланысының 22 қалалық бөлімшесін және почта байланысының 10 аудандық торабын қайта жаңарту;
- қалалық жерлерде почта байланысының 2 торабын, ауылдық жерлерде: почта байланысының 130 бөлімшесін, почта байланысының 1 аудандық торабын салу және техникалық нығайту жолымен өзіндік бөлшек желісін құру;
- ауылдық жерлерде почта байланысының операция залдарын саны 130 жиынтықта өндірістік жиһазбен жарақтандыру;
- 22 брондалған автомобиль, 229 жалпы пайдаланымдағы автомобиль және 6 почта вагонын сатып алу жолымен магистралды тасымалдау жүйесін жетілдіру;
- Талдықорған қаласында есептеу орталығын құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін дамыту | Ауылдық жерлерде және қалаларда инфрақұрылымдарды дамыту үшін «Қазпочта» АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайтуға қаражатты кейіннен жібере отырып, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайту | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Қалалық байланыс бөлімшесінің 22 ғимаратын, почта байланысы аудандық торабының 10 ғимаратын қайта жаңарту және почта байланысының 1 аудандық торабын, 130 ауылдық байланыс бөлімшесін және почта байланысының 2 торабын салу және техникалық нығайту және оларды ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР ІІМ талаптарына сәйкес келтіру;
ауылдық байланыс бөлімшелерін 130 жиынтықта өндірістік жиһазбен, сондай-ақ көлік құралдарымен жарақтандыру.
Түпкі нәтиже:
Шынайы уақыт режимінде тұтынушылардың технологиялық қызметтерге еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық кеңістікте почта байланысының 165 қайта жарақтандырылған бөлімшелерінде компьютерлік және банк жабдықтарының жұмыс істеуі үшін базалық алғышарттар құру. Қаржы-экономикалық нәтиже:
көрсетілетін қызметтердің спектрін кеңейту почта-жинақтау жүйесінің жиынтық табысын 4-6%-ға өрістетуге және тиісінше Қоғам қызметкерлерінің жалақысын 5-7%-ға арттыруға, бюджетке түсетін салықтық түсімдердің 4-6%-ға өсуіне жәрдемдесетін болады.
Уақтылығы:
Құрылыстың жасалған шарттарына және кестелеріне сәйкес.
Сапасы:
Шынайы уақыт режимінде қаржылық қызметтер көрсету, Интернет-бағдарланған қызметтерге тұтынушылардың қолжетімділігі, почта-жинақтау жүйесінің 165 қайта жарақтандырылған бөлімшелерінде көрсетілетін қызметтердің спектрін 10%-ға кеңейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
219-ҚОСЫМША
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Экономика саласындағы басшы қызметкерлер мен
менеджерлердің біліктілігін арттыру»
деген 042 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 123772 мың теңге (бір жүз жиырма үш миллион жеті жүз жетпіс екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы Қазақстан Республикасының экономика саласындағы басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру саласында ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме (2003 жылғы 4 желтоқсанда).
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қазақстандық кәсіпорындар қызметкерлерінің нарық жағдайында бәсекеге қабілеттілігін және жұмысқа бағдарлануын арттыру. Қазақстан мен неміс кәсіпорындарының арасында екіжақты экономикалық байланыстардың интенсивтендірілуіне жәрдемдесу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: еліміздің нарықтық экономикасының салиқалы негіздерін жасау қолынан келетін менеджерлердің жаңа ұрпағын тарту; басқарудың осы заманғы әдістерін енгізу есебінен еліміздің экономикасы саласында ұйымдастыру құрылымын жетілдіру; кадрлардың біліктілігін жетілдіру және Қазақстан мен Германияның тиісті фирмаларының өзара іс-қимылы бөлігінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 042 | | Экономика саласындағы басшы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру | І. Шет елдік оқытушыларды тарта отырып экономика саласындағы менеджерлердің біліктілігін жетілдіру. Оқу мерзімі алты айдан артық емес. II. Қазақстан Республикасы мен Герман Федеративті Республикасы арасында экономика саласында құызметкерлердің біліктілігін жетілдіру саласында ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеменің шарттарына сәйкес Герман Федеративті Республикасының кәсіпорындарына таңдаулы басшы қызметкерлер мен менеджерлерді тағылымдамаға жіберу. III. Таңдаулы менеджерлерді Герман Федеративті Республикасында тағылымдамадан өткізу іс-шараларын үйлестіру. IV. Герман Федеративті Республикасында тағылымдамадан өткізу тәжірибесі туралы ақпарат алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ету. V. «Халықаралық біліктілікті жетілдіру және In Went даму» Қоғамымен ынтымақтастық шеңберінде менеджерлердің біліктілігін жетілдірудің шетелдік тәжірибесін зерделеу. VI. Германия Үкіметінің тапсырмасы бойынша «Халықаралық біліктілікті жетілдіру және In Went даму» Қоғамы таңдаған герман оқу орнымен бірлесіп қатысушыларды оқыту Бағдарламасын әзірлеу. VII. Германияда тағылымдамадан өткен тыңдаушыларды тарта отырып бағдарламаларға қатысушылар үшін семинарлар өткізу. VIII. Тағылымдамадан кейінгі іс-шаралар өткізу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Менеджерлердің экономика және өндірісті басқару саласында біліктіліктерін жетілдіру.
Түпкі нәтиже:
Осы заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес менеджерлердің экономика саласында біліктіліктерін жетілдіру. Еліміздің экономикасының нақты секторындағы ұйымдарда жұмыс істеу үшін кадрлар резервін құру. Герман Федеративтік Республикасының компанияларымен ынтымақтастық қатынастар орнату.
Уақтылығы:
Жасалатын шарттарға сәйкес жыл ішінде.
Сапасы:
Қазақстандық кәсіпорындардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
220-ҚОСЫМША
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Электрондық үкімет құру»
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 50000 мың теңге (елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы, Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін, сондай-ақ нәтижелерге қол жеткізу кезеңдерінде олардың қызметін ықпалдастыру.