4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктерін, консулдық мекемелерін және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын шетелдерде орналастырудың тиісті жағдайларын қамтамасыз ету. Шетелдерде әкімшілік және тұрғын үй-жайларды жалға алудың әкімшілік шығыстарын қысқарту. Қазақстан Республикасының шетелдердегі оң бетбейнесін қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: шетелде әкімшілік және тұрғын үйге арналған ғимараттарды Қазақстан Республикасының меншігіне сатып алу және құрылысын салу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу және салу | Келесі жобаларды іске асыру, соның ішінде осыларға байланысты барлық шығыстарға төлем жасасу: 1. Швейцариядағы (Женева қаласы) Қазақстан Республикасы Елшілігінің әкімшілік ғимаратының құрылысын салуды (қайта жаңартуды) аяқтау. 2. Археологиялық қазба жұмыстарының есебімен Италия Республикасындағы (Рим қаласы) Қазақстан Республикасы Елшілігінің әкімшілік ғимаратының құрылысын салуды аяқтау. 3. Қырғыз Республикасындағы (Бішкек қаласы) Қазақстан Республикасы Елшілігінің әкімшілік ғимаратының құрылысын салуды (қайта жаңғыртуды) аяқтау. 4. Ұлыбританияда (Лондон қаласы) Қазақстан Республикасының Елшілігін әкімшілік-орналастыру үшін ғимарат сатып алу. 5. Ресей Федерациясында (Мәскеу қаласы) Қазақстан Республикасының Елшілігі мен мәдени орталығын орналастыру үшін әкімшілік кешені құрылысын бастау. 6. Біріккен Араб Әмірліктерінде (Әбу-Даби қаласы) Қазақстан Республикасы Елшісінің резиденциясы мен Елшіліктің әкімшілік ғимаратының құрылысын бастау. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шетелдердегі мекемелері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері және дипломатиялық қызмет персоналын әкімшілік және тұрғын үйлерге орналастыру үшін шет елдерде Лондон (Ұлыбритания) қаласында сатып алынған, Женева (Швейцария), Рим (Италия Республикасы), Бишкек (Қырғыз Республикасы) қалаларында 3 салынған және Мәскеу (РФ) мен Әбу-Даби (БАЭ) қалаларында 2 салынып жатқан жылжымайтын мүлік объектілерінің болуы.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктерін әкімшілік және тұрғын үй мақсатындағы өз меншігіндегі ғимараттарға орналастыру, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының шетелде еңбек ету және өмір сүру жағдайларын жақсарту, әкімшілік және тұрғын үй-жайды жалға алудың әкімшілік шығыстарын қысқарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын шетелдерде өз меншігіндегі ғимараттарға орналастыру әкімшілік және тұрғын үйлерді жалға алуға арналған әкімшілік шығыстарын қысқарту арқылы қол жеткізіледі.
Сапасы: бюджеттік бағдарламаны іске асыру - мердігерлік ұйымдардың құрылысты салу кезінде жұмыстарды орындауына (техникалық қадағалау), шетелдерде жылжымайтын мүлік объекттерін сатып алу кезінде қолайлы нұсқаларын іріктеу барысында талаптардың сақталуына тиісті бақылау жасауды жүзеге асыру есебінен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
49-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттерге заңсыз
әкелінген және саудалаудың құрбандары болған, сондай-ақ шет елдерде
басқа қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлық жағдайларда
қалған азаматтарына қаржылық көмек көрсету»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 11700 мың теңге (он бір миллион жеті жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы» № 217 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы «Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдік іссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы» № 148 қаулысы; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 қаңтарда № 4037 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің 2005 жылғы 28 қарашадағы «Республикалық бюджетте «Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» Бұйрығы, «Республикалық бюджетте «Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 08-1/361 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 29 мамырдағы № 08-1/155 бұйрығын тіркеу, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 19 маусымында № 4256 нөмірімен тіркелген.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: шет мемлекеттерге заңсыз түрде әкелінген, сауда-саттықтың құрбандары болған, шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және кездейсоқ жағдайларға тап болған Қазақстан Республикасының азаматтарын қорғауды және оларды мемлекетке қайтаруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: шетелде зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарына қаржылық көмек көрсету, Көші-қон жөніндегі Халықаралық ұйыммен, Қазақстан Республикасының және өкілдік орналасқан елдің құқық қорғау органдарымен, трафиктің құрбандарына көмектесетін қоғамдық ұйымдармен бірлесіп іс-қимыл жасап, трафиктің құрбандары болған Қазақстан Республикасы азаматтарын босатуды және елге қайтаруды ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарының арналарын пайдалана отырып, өкілдік орналасқан елде және Қазақстан Республикасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттерге заңсыз әкелінген және саудалаудың құрбандары болған, сондай-ақ шет елдерде басқа қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлық жағдайларда қалған азаматтарына қаржылық көмек көрсету | 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының отанына оралуы үшін көліктік шығыстарын төлеу. 2. Аудармашының көрсеткен қызметіне ақы төлеу шығыстары. 3. Адвокаттың көрсеткен қызметіне ақы төлеу шығыстары. 4. Біржолғы материалдық жәрдем (тамақтану, қонақ үйде тұру, жоқ болған жағдайда бірінші қажеттілігі бар заттарды сатып алу). 5. Шет мемлекеттің аумағында болған кезең ішінде жол жүгіне, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан жағдайда, оралу куәлігін ресімдеуге, қайтыс болған адамның денесін мәйітханада сақтауға немесе орналасқан елде жерлеуге арналған шығыстар төлемімен "200" жүгіне төлеу шығыстары. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен шетелдердегі мекемелері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: шетелде болған уақытысында Қазақстан Республикасының азаматтарына біржолғы материалдық көмек көрсету және осындай көмекке зәру Қазақстан Республикасының азаматтарын отанымызға жөнелту.
Түпкі нәтиже: адамдарды саудалаумен айналысатындардың немесе олармен байланысты адамдардың тарапынан саудалаудың, қауіп-қатердің немесе қорқытып-үркітудің құрбандары болған Қазақстан Республикасы азаматтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету, олардың қауіпсіздігін және мүмкіндігінше, Қазақстан Республикасына өз еркімен оралуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болған уақытысында мемлекеттің қамқорлығына қатысты Қазақстан Республикасы азаматтарының сенімділігін арттыру, шетелде өз азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды нақты, іс жүзінде жүзеге асыратын республика ретінде әлемдік қоғамдастықта Қазақстан Республикасының имиджіне оң сипатта ықпал ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: шетелде зардап шеккен Қазақстан Республикасының бір азаматын қорғауға және Қазақстан Республикасына жөнелтуге арналған шығындармен айқындалады. Зардап шеккен бір адам шығындарының орташа мөлшері 160 274 теңге құрайды (100 000 АҚШ доллары: 73 адам х 117,0).
Уақтылығы: шетелде құқықтық көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасының әрбір азаматына мемлекеттің тиімді көмек көрсетуімен.
Сапасы: шетелде зардап шеккен Қазақстан Республикасы азаматтарының Отанына оралған нақты санымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
50-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Қазақстанда тұратын этностардың тарихи шығу елдерімен қатынастарын
нығайту және шетелде Қазақстан Республикасындағы этникалық келісімді
насихаттау»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 282700 мың теңге (екі жүз сексен екі миллион жеті жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі «Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесі туралы» № 856 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі «Қазақстан халықтары Ассамблеясының институтын бекіту туралы» № 1561 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 маусымдағы «Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» № 593 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Қазақстан-2030» стратегиялық міндеттерді іске асыруда, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуда және қазақстандық халықты, оның күшті мемлекеттілігін, ашық азаматтық қоғамды қалыптастыру процесінде Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін арттыру, Қазақстан этностарының тарихи шығу тегі елдерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, этникааралық қатынастарды үйлесімді дамыту, Қазақстан Республикасының оң сипаттағы имиджін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік тілдің және қазақ халқы мәдениетінің негізгі рөл ойнауы жағдайында азаматтық және рухани мәдени ортақтық негізінде Қазақстан этностарын шоғырландыру арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, этникааралық қатынастар саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету, Қазақстандағы этникааралық үйлесімді қарым-қатынасты қамтамасыз етуде этномәдени бірлестіктердің күш-жігерін кіріктіру, шетелдік іскер және қоғамдық топтардың ақпараттану деңгейін көтеру және Қазақстан Республикасына деген оң көзқарастарын қалыптастыруға жәрдемдесетін іс-шараларды, конференцияларды, таныстыру рәсімдерін, сапарлар алмасуларды ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Қазақстанда тұратын этностардың тарихи шығу елдерімен қатынастарын нығайту және шетелде Қазақстан Республикасындағы этникалық келісімді насихаттау | Шетелдерде өкілдік мәжілістер, көрмелер мен семинарлар өткізу, конфессияаралық және этникалық келісімнің қазақстандық моделін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау, салтанатты және өзге де өкілдік іс-шараларды шетелдерде өткізу жөніндегі шығыстарды төлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен шетелдердегі мекемелері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасында тұратын этностардың тарихи Отаны болып табылатын Германияда, Кореяда, Ресей Федерациясында және басқа да елдерде қазақстандық әртістердің гастролдік концерттерін өткізу, конференцияларды, тұсаукесерлерді және де басқа іс-шараларды өткізу, сапарлармен алмасу, тиісті әдебиетпен қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасында тұратын этностардың тарихи шығу тегі болып табылатын Германиямен, Кореямен, Ресей Федерациясымен және басқа да елдермен қатынастарды нығайту және халықтың осыған қатысы бар топтарын қамтитын өмір сапасын арттыру мақсатында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен жобалардың сапасына ықпал ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Іс-шараны өткізуге арналған шығындар - 282 700 мың теңге "Өкілдік шығындар" бағдарламасын іске асыру барысында көрсетілетін қызметтердің бірлігіне арналған шығындардың жоспарланған көлемін ic жүзіндегі шығындардың көлемімен салыстыру мүмкін емес, өйткені барлығы осы іс-шараға қатысатын делегациялар мүшелерінің санына және олардың мәртебесіне байланысты.
Адамның немесе іс-шараның саны жөніндегі орташа арифметикалық деректер жұмсалған қаражатты тиімді пайдалану туралы анық ақпарат бере алмайды.
Уақтылығы: көзделген іс-шараларды толық көлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Сапасы: Қазақстан Республикасындағы үйлесімді этникааралық келісімді және 130-дан астам ұлттардың тату-тәтті тіршілік етуін шетелде насихаттауды қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет көрсетулерді алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру.