Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «УЛ-154/4 мекемесі», «ЕЦ-166/13 мекемесі» мемлекеттік мекемелерін тарату және «Оңалту орталығы 1», «Оңалту орталығы 2» мемлекеттік мекемелерін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 783 Қаулысы
(2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 7) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республиқасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «УЛ-154/4 мекемесі» және «ЕЦ-166/13 мекемесі» мемлекеттік мекемелері таратылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі қомитетінің «Оңалту орталығы 1» және Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Оңалту орталығы 2» мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - оңалту орталықтары) құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) оңалту орталықтарының жарғыларын бекітуді және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республиқасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, оңалту орталықтарына Қазақстан Республиқасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің таратылатын мемлекеттік мекемелерінің мүлкін беруді;
3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Оңалту орталықтары қызметінің негізгі мәні бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға босатылғаннан кейінгі алты ай ішінде еңбекке және тұрмыстық орналасуда жәрдемдесу, құқықтық және психологиялық көмек көрсету болып белгіленсін.
5. Оңалту орталықтарын қаржыландыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының, ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлімде:
реттік нөмірлері 7, 76-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 101 және 102-жолдармен толықтырылсын:
«101. Оңалту орталығы 1
102. Оңалту орталығы 2»;
2) ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |