Өңірлердің бюджеттік қамсыздандырылу деңгейі өсіп отыр және республика бойынша орташа алғанда 1 адамға жергілікті бюджеттің шығысы:
2005 жылы - 45,7 мың теңге;
2006 жылы - 57,6 мың теңге;
2007 жылы - 86,8 мың теңге.
Алайда, бюджетаралық қатынастардың қолданыстағы жүйесі өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерінің айырмашылығын, өңірлерде мемлекеттік қызмет алушылардың санын және өңірлердің шығындары деңгейіндегі айырмашылықтарға негізделетін басқа да объективті факторларды ескермеді, бұл шығыстарды объективсіз айқындауға және салық әлеуетін ұлғайтуға ынталылықтың жетіспеушілігіне алып келді.
2007 жылы бұдан бұрын жіберілген кемшіліктер ескерілген жаңа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 шілдедегі №599 қаулысымен жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі бекітілді. Әдістеменің негізгі мақсаты - бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын кепілдендірілген мемлекеттік қызметтерге барлық өңірдегі халықтың бірдей қол жеткізуін қамтамасыз ету болады.
Әдістеменің басым бағыттары:
экономикалық дамуда өңірлерді ынталандыру, салық салынатын базаны кеңейту және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуде әкімдердің дербестігін арттыру;
өңірде бюджеттік қызметтер көрсетілетіндердің санын, сол немесе өзге өңірдің ерекшелігіне қарай шығыстардың өзгеруіне әсер ететін факторларды ескеру (климаттық ерекшеліктер, халықтың тығыздығы және басқа да факторлар) болып табылады.
Жаңа әдістеменің негізгі ұстанымы бюджеттік қызметтерді алушылардың санын және объективті факторларды ескере отырып, функционалдық топтар/кіші топтардың бөлінісінде облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемінің есебіне негізделеді.
Осы әдістеменің негізінде «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008 - 2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Заң қабылданды.
Келесі орта мерзімді кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде республика заңнамасына, оның ішінде, Еңбек және Салық кодекстеріне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ бұрын республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы ағымдағы шығындар ескерілді.
Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің әрекет ету кезеңінде бюджетаралық қатынастарды жедел реттеу құралы нысаналы ағымдағы трансферттер болады.
Нысаналы даму трансферттері қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік, салалық (секторалдық) немесе өңірлік бағдарламаларда көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) олардың көлемінің өңірлердің білім беру мен денсаулық сақтау, сумен жабдықтау мекемелері желісімен қамтамасыз етілу деңгейін теңестіру міндеттерімен өзара байланысын сақтай отырып, іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындауға беріледі.
Бюджеттік даму бағдарламаларының орта мерзімді кезеңге арналған жергілікті деңгейдегі басым бағыттары білім беру, денсаулық сақтау, ауыз сумен жабдықтау объектілерін бірінші кезекте ауылдық жерлерде салу мен қайта жаңарту және тұрғын үй салу болады.
Тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылатын жергілікті атқарушы органның, сондай-ақ орталық органның ортақ жауапкершіліктерін ескере отырып, нысаналы трансферттерді пайдалану тиімділігі мен нәтижелілігін бақылауды күшейтуге ерекше назар аударылатын болады.
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 464 қаулысысмен 8-тарау өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген және жалпы сыртқы борышты басқару
Қазақстан Республикасы Үкіметінің елдің борышын басқарудың бірыңғай және тиімді жұмыс істейтін жүйесін құруға бағытталған саясаты Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №234 Жарлығымен мақұлданған Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдамасына (бұдан әрі - Тұжырымдама) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі №351 қаулысымен бекітілген оны іске асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес іске асырылады.
2007 жылға дейінгі кезеңде Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың және Ұлттық Банктің борыштарын қамтитын мемлекеттік сыртқы борышты басқару деңгейін арттыруға бағытталған шаралар оң нәтижеге алып келді. Мемлекеттік борыш 2001 жылдан бастап азайып отыр және қазіргі уақытта Қазақстанның үкіметтік сыртқы борышының мөлшері бірқалыпты болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі № 1641 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес үкіметтік қарыз алу саясаты кепілдік берілген борышты ескере отырып, үкіметтік борыштың Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына қатысты 50-70%-дық арақатынасына қол жеткізуге бағдарланған. Мәселен, 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кепілдік берілген борышты ескере отырып, үкіметтік борыштың Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына арақатынасы 27,4%-ды құрады.
2006 жылға дейін елдің жалпы сыртқы борышын үйлестіру жөніндегі мемлекеттік органдардың функциялары нақты айқындалмаған болатын және қарыз қаражатын беретін сыртқы қарыздар жөнінде бірыңғай саясат болмады, бұл Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы тәуекелдерінің өсуіне алып келді.
ҚР Үкіметінің 2008.21.10. № 968 қаулысымен 11-сурет алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008 жылы ағымдағы жылға жоспарланған және жүргізіліп отырған іс-шараларды ескере отырып, елдің борышын басқару процесін регламенттейтін тиісті шешімдер қабылданатын болады.
Қазіргі уақытта Тұжырымдаманы іске асыруда жүргізіліп отырған іс-шаралар мемлекеттік жүйелі көзқарасты және қазіргі берешектерді реттеудің көпжоспарлы сипатын қамтамасыз етеді, бұл орта мерзімді кезеңде осы проблемаға оң әсерін тигізуі тиіс және елдің жалпы сыртқы борышының тиісті деңгейін орта мерзімді кезеңде ЖІӨ-ге 65-70 % деңгейіне дейін төмендетуге және оны одан әрі қауіпсіз деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте, мемлекеттік борышты, сондай-ақ мемлекет басым қатысатын ұйымдардың борышын, мемлекеттің шартты міндеттемелерін сапалы басқару және несие капиталының сыртқы нарығында жеке сектордың қарыз алу мәселелерін тиімді реттеу саясаты сақталатын болады.
Орта мерзімде кезеңде жауапты мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мынадай ұйымдық іс-шараларды жүргізетін болады:
үкіметтік және мемлекет кепілдік берген тәуекелдерді және халықаралық әдіснаманы ескере отырып, және басқа елдермен салыстыруда республиканың сыртқы борышының салыстырмалы көрсеткіштерінің жай-күйін бағалау;
мемлекеттік сектордың сыртқы борышының, оның ішінде мемлекетті қатыстыра отырып ұйымдардың, сондай-ақ олардың еншілес, тәуелді және бірлесіп бақылайтын ұйымдары бойынша борышының, жеке қаржылық әрі корпоративтік секторлардың сыртқы борышының, қайта қаржыландыру тәуекелдерінің, өтімділік, валюталық және пайыздық тәуекелдердің мониторингі;
кірістілік ауытқымасын құру үшін қор нарығында тиісті бағдар белгілеу үшін қажетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздардың жеткілікті көлемін ұстап тұру.
Үкіметтік қарыз алу мен борыштың көлемін жоспарлау ең алдымен, үкіметтік қарыз алудың, борыштың, оған қызмет көрсету шығындары мен тәуекелдің оңтайлы деңгейін қалыптастыруды ескере отырып, мынадай мақсаттарға қол жеткізуге бағытталатын болады:
ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік мәні бар жобаларды қаржыландыру;
табыстылық ауытқымасын құру үшін қор нарығында бағдар («benchmark») белгілеу үшін қажетті құрылымы бар мемлекеттік бағалы қағаздардың жеткілікті көлемін ұстау;
жинақтаушы зейнетақы қорларының және қор нарығының басқа да қатысушыларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін борыштық құралдарды, әсіресе, инфрақұрылымдық облигациялардың нарығында баламалы құралдарды дамыту, бұл өз кезегінде қайталама нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздар секторындағы сауда-саттықты жандандыруға алып келуі тиіс;
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 464 қаулысысмен 12-сурет жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-сурет. Республикалық бюджет тапшылығын үкіметтік қарыздар
есебінен қаржыландыру
2008-2010 жылдары мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласында жүргізіліп жатқан саясат шеңберінде мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
1) бюджет тапшылығы мен борыш көрсеткіштері:
Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді ескере отырып, орта мерзімді перспективада мұнайдан тыс тапшылықтың мөлшері мен бюджет теңгерімділігіне қол жеткізуге негізделе отырып, республикалық бюджет тапшылығының параметрлерін айқындау;
жинақтау саясаты шеңберінде үкіметтік борыштың оңтайлы мөлшерін анықтау;
қаржы тетігін шартты міндеттемелерді (кепілдікті және кепілдемелерді) мемлекеттің орындауын қамтамасыз етуді құру;
2) ішкі қарыз алу:
жылдар бойынша бөліністегі мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының орта мерзімді кезеңге арналған үлгі схемасын жасау;
ішкі қарыздарды тарту мерзіміне қарай түрлі қарыз алу құралдарын қолдану;
пайыздық тәуекелдерді барынша азайту;
бағалы қағаздар рыногында («benchmark») бағдарлар белгілеу;
міндеттемелердің орындалмау тәуекелін азайту әрі қысқа және орта мерзімді перспективада ішкі үкіметтік борышты өтеу жөніндегі төлемдер төлеудің ең жоғары шегін төмендету.