Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 тамыздағы № 702 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 992 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысына, (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 510-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3 және 4-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапаттауға байланысты мәселелерді қарау жөніндегі ережеде:
6-тармақтағы «, ақпарат және спорт» деген сөздер «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «бірақ жылына», «, ақпарат және спорт» деген сөздер тиісінше «бірақ екі жылда», «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |