Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсанындағы
№ 1303 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 715 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Салыққа жатпайтын түсімдерді өндіріп алуға жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы № 1303 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген салыққа жатпайтын түсімдерді өндіріп алуға жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 5-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері»;
реттік нөмірі 6-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері»;
реттік нөмірі 10-жолдың 3-бағанының бірінші және төртінші абзацтары алынып тасталсын;
реттік нөмірі 11-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Тәркіленген мүлікті, белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын сатудан түсетін түсімдер»;
реттік нөмірі 17-жолдың 3-бағанының жетінші және оныншы абзацтары алынып тасталсын;
реттік нөмірі 18-жолдың 3-бағанының он төртінші және он бесінші абзацтары алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |