Астана қаласы мәдениетінің инфрақұрылымы кеңейтілуде. Бұрын ашылған екі театрға қосымша К.Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры жұмыс icтейді, Президенттің мәдениет орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы салынды және іске қосылды. Қазіргі уақытта Мемлекеттік циркті ашу және Бейбітшілік және келісім сарайын салу жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Отандық авторларды көркемдігі жоғары туындылар жасауға тарту, сондай-ақ өнерді дамыту процесін қолдау мақсатында жыл сайын "Астана-Бәйтерек" ұлттық конкурсы өткізіледі.
Халықаралық мәдени байланыстар дұрыс жолға қойылған және табысты жұмыс істеуде. 49 таяу және алыс шет елдермен және халықаралық ұйымдармен мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.
Екі ел халықтарының мәдениетін өзара байыту мен жақындастырудың қосымша көздері болып табылған Ресейдегі Қазақстан жылы, Қазақстандағы Ресей жылы өткізілді. 2004 жылы өткен TYPКІСОЙ Тұрақты Кеңесі XXI отырысы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымдарына мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің II жұмыс бабындағы кездесуінің өткізілуі қазіргі заманғы Қазақстан өміріндегі маңызды оқиға болды.
Тұтастай алғанда Қазақстан мәдениетінің жай-күйін тұрақты, он факторларды орнықтыруға, жаңа эстетикалық нысандарды меңгеруге деген үрдісі бар деп бағалауға болады.
Алайда мәдениет саласындағы бүгінгі ахуал жаңа бағдарламалық, көзқарасты талап етеді. Қолданыстағы заңнама мәдениет ұйымдарының, соның ішінде мемлекеттік емес меншіктегілердің қызметін толық түрде реттеу мен регламенттеуге мүмкіндік бермейді. Мәдениет саласын реттейтін заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру мақсатында "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жобасының жаңа редакциясы әзірленді және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілді.
Сондай-ақ саланың одан әрі дамуын тежейтін басқа мәселелерге мыналар жатады:
1) шығармашылық көшбасшылардың, жаңа тұрпаттағы басқару кадрлары мен арт-менеджерлердің тапшылығы;
2) кадрларды даярлау және қайта даярлау;
3) жабдықтардың қазіргі заман талаптарына жауап бермейтіндей тозуы;
4) кәсіптердің, оның ішінде қоғамдық мәртебесінің мәдениет пен өнер қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудың әлсіздігіне орай төмендеуі;
5) мемлекеттік емес сектордың нашар дамуы.
Қазақстанның театрлары қаржылық тұрғыдан жеткілікті қамтамасыз етілмегендіктен, репертуарларын жаңа пьесалармен және көркем аудармалармен толықтыру мүмкіндігінен айырылып отыр. Елімізде ұлттық фильмдерді кең көлемде және жүйелі түрде көрсету қолға алынбаған.
Мәдениет мекемелерінің жеткіліксіз қаржыланғандығынан және материалдық-техникалық базасының әлсіздігінен халықтың мәдени қажеттілігі мен оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы алшақтық өсе түсуде. Бұл әcipece ауылда байқалады. Оңтайландыру жылдары көптеген мәдениет объектілері жекешелендірілді немесе жабылып қалды. Кітапханалардың бір бөлігі кітап қорын жоғалтқан, ал сақталып қалғандары мектептерге берілген. Қайта ашылған ауылдық кітапханалар қорларында 500-ден 1000 данаға дейін бар.
Республикада жиырма жылдан астам уақыттан бepi мәдениет ұйымдары үшін үлгі ғимараттар салынған жоқ. Қазіргі уақытта көптеген өңірлерде олар лайықталған үй-жайлар - мектептерде, ауылдық әкімдіктерде және т.б. орналасқан. Клуб түріндегі мәдениет мекемелері eдәуip тозған. Клуб ғимараттарының жалпы санының 671-і күрделі жөндеуді қажет етеді, 101-і авариялық жағдайда. Кітапхана ғимараттарының жалпы санының 326-сы күрделі жөндеуді қажет етсе, 39-ы авариялық жағдайда. 100-ге жуық мұражайлардың ғимараттары күрделі жөндеуді және қайта құруды қажет етеді. Ауыл мәдениетінің мұқтажына көлік, жабдықтар мен техникалық құралдарды сатып алуды мақсатты түрде қаржыландыру ic жүзінде тоқтатылды.
Саладағы біршама оң үрдістерге қарамастан, мәдениет пен өнерді мемлекет тарапынан серпінді қолдау, ынталандырулар мен көтермелеулердің жаға жүйесін құру, қазақстан мәдениетін репрезентациялау ісінде қоғамдық сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың рөлін арттыру, әдебиет пен өнер, кино саласындағы жаңғыртуға, арт-менеджментті дайындауға арналған бағытты анықтау қажет. Шет елдер тәжірибесін зерделеу мемлекеттік тапсырысты енгізу, мәдениет патронажының анық және ұтымды құрылымын жасау, гранттар алуға конкурстар өткізу, мәдениет мекемелеріне келісім-шарт жүйесін, мәдени саясаттың жоспарлы мониторингін енгізу қажеттілігін меңзеп отыр. Сондай-ақ, мемлекет өнерді көптеген елдердің мәдени саясатын іске асыруда бүгінгі күні пайдаланылып жүрген өнер жөніндегі кеңестер - буферлік үкіметтік емес ұйымдар арқылы қаржыландыратын кездегі әлемдік практиканы пайдалануға болады. Бұл жағдайда мемлекет қаражат бөлуге араласпайды, саясаткерлер мен қызметкерлердің ақшалай қаражатты тікелей бөлуден алыста болуы үшін, шығармашылық тұлғалар саяси қысымнан немесе цензуралық араласудан қорғалуы үшін Кеңес жауап береді.
Жергілікті ic-шараларды өткізуге мүмкіндік беретін өнердің кейбір дарынды өкілдеріне, оның ішінде жастарға қолдау көрсететін Қазақстанда туындап жатқан жеке және корпоративтік меценаттық және қайырымдылық мемлекет тарапынан назар аударуды талап етеді.
Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті міндеттерін шешу кешенді тұрғыдан келуді, саланы жаңғырту мен мәдениетті дамытудың жалпы әлемдік процестеріне қосуға бағытталған шараларды қабылдауды, барлық жұмыстарды 2006-2008 жылдар кезеңіне есептелген Бағдарлама шеңберінде ic-шаралар жүйесін міндеттері, мерзімі, ресурстары және орындаушылары бойынша қазіргі заманға сай ұйымдастыруды талап етеді. Осыған байланысты саланы дамыту, мәдени ортаны қалыптастыру жөніндегі басты стратегиялық бағыттарды көрсететін және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі ic-шаралар кешенін қамтитын неғұрлым басымдық берілген міндеттерді шешуге бағытталған бірқатар өзара байланысты шараларды қабылдау аса өзекті мәселе болып табылады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты қазіргі уақыттағы мәдениетті дамыту әpi классикалық және халықтық өнердің озық дәстүрлерін сақтау үшін жағдай жасау, әлемдік мәдени кеңістікке ықпалдасу болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
саланың инфрақұрылымын дамыту және мәдениет объектілерін басқару нысандарын жетілдіру;
кадрлармен қамтамасыз ету және біліктілікті арттыру;
өнерді және дарынды тұлғалардың қызметтерін дамыту үшін жағдай жасау;
халықаралық ынтымақтастық және қазақстан өнерінің үздік жетістіктерінің шет елдердегі тұсаукесері;
материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
ақпараттық қамтамасыз ету.
5. Heгізгі бағыттары мен іске асыру тетігi
Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес мәдениет мемлекет саясаты басымдықтарының біріне айналып отыр.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мәдениет ұйымдарын жоспарлы түрде қаржыландыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мәдениетті қайта құру жөніндегі барлық шаралар және басымдықтар секторлар мен сала қызметінің барлық аспектілерін күшейтуге, мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтердің спектрін дамыту, сапасын көтеру үшін қажетті жағдайлар жасауға, шығармашылық одақтармен, мәдениет және өнер қайраткерлерінің басқа да қоғамдық бірлестіктерімен өзара ic-қимыл мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
5.1. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
Мәдениет саласын дамыту үшін нормативтік құқықтық базаны одан әpi жетілдіру ұйғарылып отыр.
Ауылдық елді мекендерді мәдениет объектілерімен қамтамасыз ету нормативтері, мәдениет ұйымдарының үлгі штаттық нормативтері әзірленеді, жаңа өнер туындыларын жасағаны үшін төленетін авторлық қаламақы төлеудің ең төменгі нормалары, мәдениет ұйымдары үшін үлгі штаттық нормативтер бекітіледі.
5.2. Саланың инфрақұрылымын дамыту және басқару
нысандарын жетілдіру
Жас ұрпақты тәрбиелеуде жаңа музыкалық-сахналық және драматургиялық шығармалар қойылымын, оның ішінде балаларға арналған спектакльдер, бүгінгі күннің тақырыбына спектакльдер жазуды қатты талап етеді. Қазақстанға және таяу шет елдерге театрлар мен концерттік ұжымдардың гастрольдік сапарлары жалғасады әрі олардың саны көбейтіледі.
Республиканың көркемөнер мұражайларының коллекцияларын бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен жоспарлы, ғылыми түрде жасақтау мақсатында республиканың жетекші суретшілері мен мүсіншілерінен өнер туындыларын сатып алу жүргізіледі.
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қайта құру және пайдалану ісіндегі міндеттерді сәтті іске асыру үшін Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында "Eciк", Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорықтарын және Атырау облысында "Сарайшық" мемлекеттік археологиялық мұражай-қорығын құру туралы ұсыныс енгізілетін болады.
Тарихи раритеттердің өмірін жалғастыруда мұражай тәжірибесінде тиімді және сынақтан өткен тәсілдердің бipi оларды консервациялау және қайта жаңарту болып табылады. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайындағы мұражай құндылықтарын зерделеуге, сақтауға және пайдалануға сараланған тұрғыда келу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне тарих пен мәдениеттің жылжымалы ескерткіштерін қалпына келтіру мен консервациялау бойынша саланың барлық мамандарының күш-жігерін біріктіретін, сондай-ақ кадрларды даярлайтын орынға айналатын республикалық мұражай құндылықтарын консервациялау және жаңғырту орталығын ашу туралы ұсыныстар енгізілетін болады.
Рельефті-нүктелік қаріптегі кітаптарды және "сөйлейтін" кітаптарды қалпына келтіруді орталықтандырып ұйымдастыру мақсатында Республикалық зағип және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана жанынан республиканың зағип және нашар көретін азаматтарына арналған құжаттарды қалпына келтіру және жаңадан шығару орталығын құруды ұсынамыз.
Өңірлердегі мәдениет мекемелерін басқару және мәдениет инфрақұрылымын оңтайландыру әдістерін жетілдіру қажеттілігіне байланысты ведомстволық бағынысты мекемелерді жергілікті бюджетке кезең-кезеңмен беру ұйғарылып отыр.
5.3. Кадрмен қамтамасыз ету және біліктілікті арттыру
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен алыс шет елдердің озық театрлары мен киностудияларына, әлемнің озық мұражай орталықтары мен кітапханаларына тағылымдамадан өту үшін және оқуға жас дарындар мен жұмыс тәжірибесі бар кадрлар (актерлар, режиссерлар, дирижерлар, музыканттар, суретші-сценографтар, костюмдер cуpeтшici, жарық суретшілері, бутафорлар, мұражай және кітапхана қызметкерлері) жіберіледі.
Шығармашылық алмасу мақсатында мастер-класс өткізу үшін Қазақстанға таяу және алыс шет елдерден озат режиссерлар, арт-менеджерлер, сценографтар, дирижерлар, балетмейстерлер шақырылады.
Мұражай мамандарын, реставраторларды даярлау мәселелерін шешу, мұражайлардағы маркетинг және менеджерлік қызметті сауатты ұйымдастыру, мұражай мекемелерін қалыптастырудың халықаралық идеологиясы мен тәжірибесін зерделеу үшін таяу және алыс шет елдердің мұражайтану саласындағы жетекші мамандарын шақыру арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет орталығы жанынан мұражай қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі орталық құрылуын ұсынамыз.
5.4. Өнерді және дарынды тұлғалардың қызметін дамытуға
жағдай жасау
Республиканың көркем элитасына атаулы қолдау көрсету мақсатында жыл сайын конкурстық негізде қоғамдық-маңызды көркемөнер туындыларын (пьесалар, музыкалық, сахналық шығармалар, балалар мен жасөспірімдерге арналған музыка, өлең, бейнелеу өнepi мен сәулет туындыларын) жасауға гранттар нысанында мемлекеттік тапсырыс қалыптастырылатын болады.
Ұлттық "Астана-Бәйтерек" конкурсы, Қазақстан композиторларының қазіргі заманғы музыкасының І фестивалі, VI республикалық Құрманғазы атындағы дәстүрлі орындаушылар конкурсы, "Елім менің" патриоттық әндер конкурсы өтеді.
Өнер қайраткерлерінің күш-жігерін шоғырландыру мақсатында 2006 жылдан бастап Шығармашылық одақтардың ассамблеясы өткізілетін болады.
Мұражай қорларында сақтаулы тұрған бірегей мұражай құндылықтарын насихаттау және танымал ету, республиканың тарихи-мәдени мұрасын сақтау үшін "Қазақстанның алтын коллекциясы" сериясын жасау ұйғарылып отыр.
5.5. Халықаралық ынтымақтастық және Қазақстан өнеріндегі
үздік жетістіктердің шет елдердегі тұсаукесері
Республикаға шығармашылық тұрғыда қызығушылық туғызатын ұжымдар мен орындаушыларды тарту мақсатында Қазақстанда ipi халықаралық өнер конкурстарын, фестивальдарын ұйымдастыру мен енгізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, біздің елде әлемге белгілі көркемөнер ұжымдарымен орындаушылардың гастрольдерін, сондай-ақ, ipi шетел мұражайларының қорларынан көрмелер ұйымдастыру көзделеді. Бұлармен қатар шет елдердегі көрнекті фестивальдар мен конкурстарға қазақстан өнерінің озық өкілдерінің қатысуы жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылады.
Қазақстанда тәжірибе алмасу және көркемдік өсу үшін мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында мынандай халықаралық фестивальдар мен конкурстарды өткізу жоспарланып отыр: Орталық Азия елдерінің І Халықаралық театр фестивалі, III Халықаралық "Евразия" кинофестивалі, халықаралық пианистер, скрипкашылар, вокалистер конкурстары, І Халықаралық "ұлы дала музыкасы" дәстүрлі орындаушылар фестивалі.
Қазақстандық жас орындаушылар әлемнің үздік залдарында өнер көрсетеді.
Біздің кинематографистер халықаралық фестивальдар мен конкурстарға "А" сыныбындағы халықаралық кинофестивальдарға қатысады. Таяу және алыс шет елдерде Қазақстан киносының күндерін өткізу жоспарланып отыр.
Әлемдік кеңістікке ықпалдасуды дамыту үшін таяу және алыс шетелдердің мұражай және кітапхана қорларының алмасу көрмелері, озық шығармашылық ұжымдары мен орындаушыларының гастрольдері ұйымдастырылатын болады.
Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы, Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет орталығы, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұражайы қорларынан, сондай-ақ таяу және алыс шет елдер мұражайларында республиканың озат суретшілерінің шетелдік көрмелері ұйымдастырылады.
Қазақстан халықтарының мәдениетін, тарихын, дәстүрлері мен әдет-ғұрпын танымал ету және Қазақстан мен Қытайдың гуманитарлық және мәдени саладағы ынтымақтастығын кеңейту, Қазақстан халықтарының рухани құндылықтарын ашу мақсатында Қытай Ұлттық кітапханасында Қазақстанның мәдениет орталығы ашылады.
5.6. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Мәдениет саласы материалдық-техникалық қамтамасыз етуде маңызды қайта құруларды қажет етеді. Театрлар мен концерттік залдар, мұражайлар мен кітапханалар үшін музыкалық аспаптарды және техникалық жабдықтарды сатып алу жоспарланып отыр.
М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітапханасы және т.б. ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізілетін болады.
Мұражай қорларын техникалық жабдықтармен және температуралық-ылғалдандыру режимі аспаптарымен жарақтандыру материалдық мәдениет туындыларын сақтау режимін қалыпқа келтіруге, қорлардың сапалы жұмыс icтeуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
5.7. Саланы ақпараттық қамтамасыз ету
Мұражай мамандарының күш-жігерлерін біріктіру үшін "Қазақстан мұражайлары" - "Музеи Казахстана" журналын жүйелі түрде шығару жолға қойылады, сондай-ақ деректі фильмдерді жасау, республиканың мұражайларындағы бірегей мұражай құндылықтары туралы CD шығару жолға қойылады.
Зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың қызметін, республиканың зағип қайраткерлерінің өмipi мен қызметін жария ету үшін рельефтік-нүктелік және жалпақ баспа қаріппен басылатын зағип және нашар көретін азаматтарға арналған "РБНСГ - Вести" газетін шығару қажет.
Мұражай коллекцияларымен өзара алмасу, танысу және оларға epкін қол жеткізу, ақпараттық сауаттылықты арттыру, зерделеу және оларды ғылыми мақсатта пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет орталығы жанынан мұражай қорларының дерекқорын құру қажет.
Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасындағы үйлестіруші орталығымен кітапхана қорларының электрондық дерекқорын және Қазақстан кітапханаларының біртұтас ақпараттық желісін құруға ерекше көңіл бөлінеді.
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
2006-2008 жылдарда Бағдарламаны icкe асыруға республикалық бюджет қаражаты жіберілетін болады.
Республикалық бюджеттен жалпы шығын 4 509,0 млн. теңге, оның ішінде 2006 жылы - 1 503, 0 млн. теңгені, 2007 жылы - 1 503,0 млн. теңгені, 2008 жылы - 1 503,0 млн. теңгені құрайды.
2007-2008 жылдарға арналған шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталатын (нақтыланатын) болады.
7. Бағдарламаны icкe асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
мәдениет саласында халықты қызметтермен тұрақты жұмыс істейтін және үнемі дамып отыратын қамтамасыз ету жүйесі қалыптасады; саланы басқару жөніндегі мемлекеттік тетік қазіргі заманғы, бүгінгі күн мәдениетінің серпінді процестерін дамытуға қабілетті етіп өзгертіледі;
2006-2008 жылдары:
драма театрларда 110 жаңа қойылым жүзеге асырылады;
ұлттық және әлемдік классиканың және Қазақстанның қазіргі заманғы композиторлары туындыларының 6 операсы, 7 балеті қойылады;
Қазақстанның қалалары мен аудандарына республикалық концерттік ұйымдардың 36 гастрольдік сапарлары өткізіледі;
мыналар өткізіледі:
халықаралық театр және кинофестивальдар, әр түрлі жанрлардағы 2 фестиваль;
патриоттық әндер конкурстары;
Құрманғазы атындағы республикалық дәстүрлі орындаушылар конкурсы (2006 жыл).
Бұдан басқа, Қытайдың Ұлттық кітапханасында Қазақстанның Мәдениет орталығы ұйымдастырылады (2006 жыл);
2007 жылы мыналар құрылады:
Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет орталығы жанынан Қазақстан мұражай қорларының электрондық дерекқоры;
Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық Кітапханасы жанынан кітапхана қорларының электрондық дерекқоры;
Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан кітапханаларының біртұтас ақпараттық желісі.
Бағдарламаны іске асыру кезеңінде нормативтік құқықтық кесімдер әзірленеді, мәдениет объектілері жөндеуден өткізіледі, 157 мұражайдың 200-ден астам экспонаттары қалпына келтіріледі, мемлекеттік мұражайлар өнер туындыларының 700 бірлігін сатып алады және республикалық мұражайлар қоры 50%-ға қайта жарақталады.
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с N | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орын- далуына жауап- тылар | Орын- дау мер- зімі | Бол- жалды шығыс- тар (млн. теңге) | Қаржы- лан- дыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Нормативтік және құқықтық қамтамасыз ету |
1 | Мәдениет саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу | Норма- тивтік құқықтық кесім- дердің жобалары | МАСМ | 2006 жыл, IV тоқсан | Талап етіл- мейді | |
2 | Ауылдық елді мекен- дерді мәдениет объ- ектілерімен қамтама- сыз етілу норматив- терін әзірлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметі қаулы- сының жобасы | МАСМ (жинақ- тау) АШМ | 2007 жыл, ІІІ тоқсан | Талап етіл- мейді | |
3 | Жаңа өнер туындыла- рын шығарғаны үшін төленетін авторлық қаламақының ең аз нормаларын әзірлеу және бекіту | Бұйрық | МАСМ (жинақ- тау) Әділет- мині | 2006 жыл, IV тоқсан | Талап етіл- мейді | |
4 | Мәдениет ұйымдары үшін үлгі штаттық нормативтерді әзірлеу | Бұйрық | МАСМ (жинақ- тау) Еңбек- мині | 2007 жыл, IV тоқсан | Талап етіл- мейді | |
2. Сала инфрақұрылымын дамыту және мәдениет объектілерін басқару нысандарын жетілдіру |
5 | "Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрі" РМҚК-ны және Жамбыл атындағы Қазақ мем- лекеттік филармония- сынан бөліп алу жолымен "Солисттер Академиясы" камера- лық ансамблін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру; Астана қаласында РМҚК нысанында Қазақстан халықтары- ның Мемлекеттік би ансамблін; К.Байсейітова атын- дағы Ұлттық опера және балет театрының үй-жайын беріп, "Бәйтерек" республи- калық концерттік- филармониялық бір- лестігін құру туралы ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | МАСМ (жинақ- тау) Астана қала- сының әкім- дігі | 2006 жыл, I тоқсан | Талап етіл- мейді | |
6 | РМҚК нысанында Алматы облысы Еңбек- шіқазақ ауданында "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайын; Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайын; Атырау облысында "Сарайшық" мемлекет- тік археологиялық қорық-мұражайын; таяу және алыс шет елдерден мұражайтану саласының жетекші мамандарын шақырумен Қазақстан Республи- касы Президентінің мәдениет орталығы жанынан Мұражай қыз- меткерлерін даярлау және қайта даярлау жөніндегі орталықты; зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республика- лық кітапхана жаны- нан құжаттарды қал- пына келтіру және жаңадан жасау орталығын; Қазақстан Республи- касы Орталық мемле- кеттік мұражай жаны- нан консервациялау және қалпына келтіру орталығын құру тура- лы ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | МАСМ | 2006 жыл, I тоқсан | Талап етіл- мейді | |
7 | Қазақстан бойынша театрлық-концерттік ұйымдардың гастроль- дік сапарларын жүзеге асыру | Бұйрық | МАСМ | жыл сайын, ІІ тоқсан | Барлығы: 217,0, оның ішінде: 2006 ж. - 70,0 2007 ж. - 73,5 2008 ж. - 73,5 | Респу- бли- калық бюджет |
8 | Жаңа музыкалық- сахналық және драма- лық шығармаларды қоюды жүзеге асыру | Бұйрық | МАСМ | жыл сайын, I тоқсан | Барлығы: 372,0, оның ішінде: 2006 ж. - 120,0 2007 ж. - 126,0 2008 ж. - 126,0 | Респу- бли- калық бюджет |
9 | Қазақстанның озат суретшілері мен мүсіншілерінің өнер туындыларын Қазақ- стан Республикасының мемлекеттік мұражай- ларына тұрақты түрде сатып алуды жүзеге асыру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | МАСМ | жыл сайын, 10 жел- тоқсан | Барлығы: 42,1, оның ішінде: 2006 ж. - 12,1 2007 ж. - 15,0 2008 ж. - 15,0 | Респу- бли- калық бюджет |
10 | Ведомстволық бағы- нысты бірқатар ұйым- дарды кезең-кезеңмен жергілікті бюджетке беруді жүзеге асыру | Қазақстан Республи- касының Үкіметі қаулы- сының жобасы | МАСМ | 2006 жыл, ІІ тоқсан | Барлығы: 290,1, оның ішінде: 2006 ж. - 96,7 2007 ж. - 96,7 2008 ж. - 96,7 | Респу- бли- калық бюджет |
3. Кадрмен қамтамасыз ету және біліктілікті арттыру |
11 | Жас шығармашылық дарындардың және мәдениет пен өнер ұйымдары қызметкер- лерінің ТМД мен алыс шетелдердің жетекші театрларында, әлем- дік мұражай орталық- тары мен кітапхана- ларында оқуын және тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету | Бұйрық Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | МАСМ | Жыл сайын, қажет- тілі- гіне қарай жыл сайын, 10 жел- тоқсан | Барлығы: 40,0, оның ішінде: 2006 ж. - 20,0 2007 ж. - 10,0 2008 ж. - 10,0 | Респу- бли- калық бюджет |
12 | Озат режиссерлардың, менеджерлердің, сце- нографтардың, дири- жерлардың, балетмей- стерлердің қатысуы- мен мастер-класстар өткізу | Бұйрық Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | МАСМ | 2007- 2008 жыл- дар, қажет- тілі- гіне қарай жыл сайын, 10 жел- тоқсан | Барлығы: 20,0, оның ішінде: 2007 ж. - 10,0 2008 ж. - 10,0 | Респу- бли- калық бюджет |
4. Өнерді және дарынды тұлғалардың қызметін дамыту үшін жағдай жасау |
13 | Қазақстанның шығар- машылық одақтарымен бірлесіп, қоғамдық маңызы бар көркем шығармаларды жасауға арналған гранттарды алуға конкурстар өткізу | Бұйрық | МАСМ | 2007- 2008 жыл- дар, І тоқсан | Барлығы: 90,0, оның ішінде: 2007 ж. - 50,0 2008 ж. - 40,0 | Респу- бли- калық бюджет |
14 | "Астана-Бәйтерек" ұлттық конкурсын өткізу | Бұйрық | МАСМ | жыл сайын, I тоқсан | Барлығы: 48,0, оның ішінде: 2006 ж. - 16,0 2007 ж. - 16,0 2008 ж. - 16,0 | Респу- бли- калық бюджет |
15 | Қазақстан сазгер- лерінің қазіргі заманғы әуендері фестивалін өткізу | Бұйрық | МАСМ | 2007 жыл, ІІI тоқсан | 2007 ж. - 12,0 | Респу- бли- калық бюджет |
16 | Құрманғазы атындағы дәстүрлі орындаушы- лардың республика- лық конкурсын өткізу | Бұйрық | МАСМ | 2006 жыл, ІV тоқсан | 2006 ж. - 13,0 | Респу- бли- калық бюджет |
17 | "Елім менің" респу- бликалық патриоттық әндер конкурсын өткізу | Бұйрық | МАСМ | жыл сайын, ІV тоқсан | Барлығы: 38,0, оның ішінде: 2006 ж. - 16,0 2007 ж. - 16,0 2008 ж. - 6,0 | Респу- бли- калық бюджет |
18 | "Қазақстанның алтын коллекциясы" серия- сын (мұражай рари- теттерінің кітап- альбомы, мұражай коллекцияларының және белгілі сурет- шілер туындыларының каталогын, жас дарындар туралы буклеттерді) жасау | Бұйрық | МАСМ | 2007 жыл, ІV тоқсан | 2007 ж. - 25,8 | Респу- бли- калық бюджет |
19 | Шығармашылық одақтар ассамблеясын өткізу | Бұйрық | МАСМ | 2006 жыл, ІV тоқсан | 2006 ж. - 14,0 | Респу- бли- калық бюджет |
5. Халықаралық ынтымақтастық және қазақ өнерінің үздік жетістіктерінің шет елдердегі тұсаукесері |
20 | Орталық Азия елде- рінің Халықаралық театр фестивалін өткізу | Бұйрық | МАСМ | 2006 жыл, ІІI тоқсан | 2006 ж. - 30,8 | Респу- бли- калық бюджет |
21 | "Еуразия" халықара- лық кинофестивалін өткізу | Бұйрық | МАСМ | 2006 жыл, ІІІ тоқ- сан, 2008 жыл, ІІІ тоқсан | Барлығы: 318,8, оның ішінде: 2006 ж. - 159,4 2008 ж. - 159,4 | Респу- бли- калық бюджет |
22 | Пианистердің, скрип- кашылардың, вокалис- тердің халықаралық конкурсын өткізу | Бұйрық | МАСМ | жыл сайын, ІV тоқсан | Барлығы: 74,7, оның ішінде: 2006 ж. - 24,1 2007 ж. - 25,3 2008 ж. - 25,3 | Респу- бли- калық бюджет |
23 | "Ұлы Дала әуендері" дәстүрлі орындаушы- лық өнердің халықа- ралық фестивалін өткізу | Бұйрық | МАСМ | 2006 жыл, ІV тоқ- сан, 2008 жыл, ІV тоқсан | Барлығы: 22,2, оның ішінде: 2006 ж. - 10,2 2008 ж. - 12,0 | Респу- бли- калық бюджет |
24 | Балет әріптестерінің халықаралық конкур- сын өткізу | Бұйрық | МАСМ | 2006 жыл, ІV тоқ- сан, 2008 жыл, ІV тоқсан | Барлығы: 29,4, оның ішінде: 2006 ж. - 14,2 2008 ж. - 15,2 | Респу- бли- калық бюджет |
25 | Қазақстанның жетіс- тіктерін кәсіптік көркем ұжымдардың күшімен шет елдерде танытуды қамтамасыз ету | Бұйрық | МАСМ | 2006- 2008 жыл- дар, қажет- тілі- гіне қарай | Барлығы: 114,2, оның ішінде: 2006 ж. - 34,2 2007 ж. - 50,0 2008 ж. - 30,0 | Респу- бли- калық бюджет |
26 | Жетекші шығармашылық ұжымдарды, солист- терді, орындаушылар- ды Қазақстанға гастрольге шақыруды ұйымдастыру | Бұйрық | МАСМ | 2007- 2008 жыл- дар, қажет- тілі- гіне қарай | Барлығы: 342,3 оның ішінде: 2007 ж. - 188,0 2008 ж. - 154,3 | Респу- бли- калық бюджет |
27 | Қазақстандық театр ұжымдарының ірі ха- лықаралық фестиваль- дардың жұмысына қатысуын қамтамасыз ету | Бұйрық | МАСМ | 2006- 2008 жыл- дар, қажет- тілі- гіне қарай | Барлығы: 197,5 оның ішінде: 2006 ж. - 57,5 2007 ж. - 70,0 2008 ж. - 70,0 | Респу- бли- калық бюджет |
28 | Қазақстандық орын- даушылардың халықа- ралық конкурстарға қатысуын және жас дарындар мен озат орындаушылардың әлемнің ең жақсы залдарында өнер көрсетулерін қамтамасыз ету | Бұйрық | МАСМ | 2006- 2008 жыл- дар, қажет- тілі- гіне қарай | Барлығы: 28,5, оның ішінде: 2006 ж. - 5,7 2007 ж. - 11,4 2008 ж. - 11,4 | Респу- бли- калық бюджет |
29 | Қазақстандық кинематографистердің "А" сыныбындағы ха- лықаралық кинофести- вальдар жұмысына қа- тысуларын қамтамасыз ету | Бұйрық | МАСМ | 2006- 2008 жыл- дар, қажет- тілі- гіне қарай | Барлығы: 40,2, оның ішінде: 2006 ж. - 13,0 2007 ж. - 13,6 2008 ж. - 13,6 | Респу- бли- калық бюджет |
30 | Таяу және алыс шет елдерде Қазақстанның кино күндерін өткізу | Бұйрық | МАСМ (жинақ- тау) СІМ | 2007 жыл, қажет- тілі- гіне қарай | 2007 ж. - 10,0 | Респу- бли- калық бюджет |
31 | Қазақстанда Эрмитаж және Третьяков гале- реясы (Ресей Федера- циясы) қорларының өнер туындылары көр- мелерін ұйымдастыру | Бұйрық | МАСМ (жинақ- тау) СІМ | жыл сайын, ІІ тоқсан | Барлығы: 54,9, оның ішінде: 2006 ж. - 14,9 2007 ж. - 20,0 2008 ж. - 20,0 | Респу- бли- калық бюджет |
32 | Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы, Қазақстан Республикасы Прези- дентінің мәдениет орталығы, Қазақстан Республикасы мемле- кеттік орталық мұра- жайы қорындағы өнер туындыларының көрме- лерін, сондай-ақ республиканың озат суретшілерінің көр- мелерін таяу және алыс шет елдерде ұйымдастыру | Бұйрық | МАСМ (жинақ- тау) СІМ | 2007- 2008 жыл- дар, ІІІ тоқсан | Барлығы: 45,4, оның ішінде: 2007 ж. - 32,7 2008 ж. - 12,7 | Респу- бли- калық бюджет |
33 | Александрия кітап- ханасында (Каир, Египет Араб Респуб- ликасы) Қазақстан Республикалық Ұлттық кітапханасының кі- тапхана қорларынан көрмелер ұйымдастыру | Бұйрық | МАСМ | 2007 жыл, ІІІ тоқсан | 2007 ж. - 20,0 | Респу- бли- калық бюджет |
34 | Қытай Халық Респу- бликасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан мәдение- тінің орталығын құру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | МАСМ | 2006 жыл, 10 жел- тоқсан | Барлығы: 11,5, оның ішінде: 2006 ж. - 3,5 2007 ж. - 4,0 2008 ж. - 4,0 | Респу- бли- калық бюджет |
6. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету |
35 | Республикалық бағы- ныстағы мәдениет объектілерінің ғима- раттарын күрделі жөндеуден өткізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | МАСМ | жыл сайын, 10 жел- тоқсан | Барлығы: 1822,7, оның ішінде: 2006 ж. - 752,7 2007 ж. - 535,0 2008 ж. - 535,0 | Респу- бли- калық бюджет |
36 | Республикалық мұражайлардың және мұражай-қорықтардың қорларын қазіргі заманғы техникалық жабдықтармен жарақтандыру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | МАСМ | 2007- 2008 жыл- дар, 10 жел- тоқсан | Барлығы: 30,0, оның ішінде: 2007 ж. - 20,0 2008 ж. - 10,0 | Респу- бли- калық бюджет |
7. Саланы ақпараттық қамтамасыз ету |
37 | "Қазақстан мұра- жайлары" - "Музеи Казахстана" журна- лының шығуын жолға қою | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | МАСМ | жыл сайын, 10 жел- тоқсан | Барлығы: 9,0, оның ішінде: 2006 ж. - 5,0 2007 ж. - 2,0 2008 ж. - 2,0 | Респу- бли- калық бюджет |
38 | Республика мұражай- ларындағы бірегей мұражай құндылықтары туралы деректі фильмдер жасау, CD шығару | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | МАСМ | 2006 жыл, І тоқсан | Барлығы: 45,4, оның ішінде: 2007 ж. - 23,0 2008 ж. - 22,4 | Респу- бли- калық бюджет |
39 | Рельефтік нүктелік және жалпақ баспа қаріптерімен зағип және нашар көретін азаматтарға арналған "РБНСГ-Вести" газе- тінің шығарылуын жолға қою | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | МАСМ | 2006 жыл, І тоқсан | Барлығы: 1,5, оның ішінде: 2007 ж. - 1,0 2008 ж. - 0,5 | Респу- бли- калық бюджет |
40 | Мыналарды: Қазақстан Республи- касы Президентінің Мәдениет орталығы жанынан мұражай қор- ларының электрондық дерекқорын; Астана қаласындағы Қазақстан Республи- касының Ұлттық ака- демиялық кітапханасы жанынан кітапхана қорларының электрон- дық дерекқорын; Астана қаласындағы Қазақстан Республи- касының Ұлттық ака- демиялық кітапхана- сында Қазақстан кітапханаларының біртұтас ақпараттық желісін құру | Бұйрық | МАСМ | 2006 жыл, І тоқсан | Барлығы: 8,0, оның ішінде: 2007 ж. - 6,0 2008 ж. - 2,0 Барлығы: 15,0, оның ішінде: 2007 ж. - 10,0 2008 ж. - 5,0 Барлығы: 15,0, оның ішінде: 2007 ж. - 10,0 2008 ж. - 5,0 | Респу- бли- калық бюджет |
41 | Мыналарды: Алматы қаласындағы Қазақстан Республи- касының Ұлттық кітапханасында "ҚазМАРК" ұлттық коммуникативті форматын; Алматы қаласындағы Қазақстан Республи- касының Ұлттық кі- тапханасында Кітап- ханааралық абонемент және электрондық құжаттарды жеткізу орталығын құру туралы ұсыныс енгізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныстар | МАСМ | 2006 жыл, І тоқсан | Талап етіл- мейді | |
| Республикалық бюджеттен жиыны | | | | Барлығы: 4509,0, оның ішінде: 2006 ж. - 1503,0 2007 ж. - 1503,0 2008 ж. - 1503,0 | |