Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 тамыздағы № 654 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 44, 583-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдениет саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасында:
«8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген бөлімде:
«5. Халықаралық ынтымақтастық және қазақ өнерінің үздік жетістіктерінің шет елдердегі тұсаукесері» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 21-жолда:
5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
«жыл сайын
Барлығы: 558,8, оның ішінде: 2006 ж. - 159,4, 2007 ж. - 240,0, 2008 ж. - 159,4»;
«Республикалық бюджеттен жиыны» деген жолда:
6-бағандағы «Барлығы: 5597,8», «2007 ж. - 2591,8» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 5837,8», «2007 ж. - 2831,8» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |