Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 78 және 2007 жылғы 20 сәуірдегі
№ 319 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы № 672 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы № 78 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 37-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 12-жолда 6-бағандағы «шілде» деген сөз «қыркүйек» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) «Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 190-жолда:
2-бағандағы «маусым» деген сөз «қыркүйек» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-бағандағы «маусым» деген сөз «қыркүйек» деген сөзбен ауыстырылсын;
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |