41. Бақылау барысында тексеру тобының мүшелерi жеке бақылау бағдарламаларына қатаң сәйкес бақылау жоспарына енгiзілген барлық мәселелердi тексередi.
42. Бақылау iс-шарасы аяқталғаннан кейiн бақылау актiсi жасалады.
Бақылау актiсiнде алдыңғы бақылаудың нәтижелерi, бақылау объектiсiнiң бұрын анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылдаған шаралары туралы мәлiметтер, сондай-ақ осы бақылаудың нәтижелерi көрсетіледi.
Мыналар дәйектi, объективтi және толық көрсетiледi:
тексеруге жататын бағдарламалар мен бағдарламалық мәселелердің тiзбесi;
бақылау жоспарының орындалмау себептерiн көрсете отырып олардың iс жүзiнде тексерумен қамтылуы;
бұзылған тиісті нормативтiк құқықтық актілердi көрсете отырып Бақылау жоспарында және жеке бақылау бағдарламасында көзделген барлық мәселелер бөлiнiсiнде бұзушылықтар фактілері;
бұзушылықтардың пайда болу себептерi, оларды жою және кейiннен жұмыста жiбермеу жөніндегі ұсынымдарды орындау бөлігінде бақылау барысында қабылданған шаралар.
43. Бұзушылықтар фактілерi анықталған кезде бақылау материалдарына оларды растайтын құжаттар, анықтамалар, тиiсiнше расталған құжаттардың көшiрмелерi, сондай-ақ функционалдық мiндеттерiне негiздей отырып оған қатысы бар лауазымды тұлғалардың жазбаша түсiнiктемелерi қоса беріледi.
44. Бақылау актiсiнiң құрылымын iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекiтедi және тексерудiң бақылау объектiсiнiң барлық мәселелерiн толық қамтуын, бақылау актілерiнде көрсетілген мәлiметтердiң растығын, объективтілігін қамтамасыз етуi тиiс.
45. Анықталған бұзушылықтар бойынша оларды жою немесе көрсетілген бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілiкке тарту жөніндегі жедел шаралар қабылдау қажет болған кезде бақылау барысында тиiсiнше ресiмделген құжаттарды, түсiнiктемелердi қоса бере отырып, аралық акт жасалады.
Бақылау iс-шарасына басшылық ететiн тексерушi аралық актінi түсiндiрме жазбасымен қысқа мерзiмде шешiм қабылдау мақсатында құқық қорғау органдарына қысқа мерзiмде беру үшін бақылау тағайындаған басшыға жiбередi.
Аралық актілер басқа мемлекеттік органдардың тартылған мамандары, аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдар және сарапшылар жүзеге асырған тексерулер бойынша да жасалады.
Аралық актiлерде айтылған бақылау материалдары қосымшаға сiлтеме жасай отырып қысқаша мазмұнда жалпы бақылау актiсiне енгiзіледi.
46. Басқа мемлекеттік органдардың тартылған мамандары, аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдар және сарапшылар бақылаудың аяқталуына олардың алдына қойылған мәселелердi қарауды аяқтамаған жағдайда, бақылау актiсiнде бұл туралы ескерту жасалады.
Тартылған мамандар алдына қойылған мәселелердiң нәтижесi бойынша қосымша актi жасалады. Оны iске асыру осы Ереженiң бөлiмiнде бекiтілген рәсiмдердi сақтай отырып жүзеге асырылады.
47. Бiрлескен бақылау iс-шараларын жүзеге асырған кезде бақылау субъектілерi жеке қол қойылатын аралық актілердiң негізiнде бақылаудың жалпы тексеру актiсiн жасайды.
Бақылау нәтижелерi аралық актiлердiң негiзiнде тексеру жүргiзген бақылау субъектілерiнiң арасында анықталған бұзушылықтарды алдын ала бөле отырып есептілікке енгізіледi.
48. Бақылау жоспарында және бақылау бағдарламасында анықталған мәселелер бойынша бұзушылықтар болмаған кезде, актіде бақылау жоспарында және жеке бақылау бағдарламасында белгіленген қатаң сәйкестiгi мен көлемде бақылау жүргiзiлдi, бұзушылықтар анықталған жоқ деген сiлтеме жасалады.
49. Бақылау актісiне тиісті құжаттармен расталмаған әр түрлі қорытындыларды, ұсыныстарды, деректердiң анықталуын енгізуге жол берiлмейдi.
50. Бақылау iс-шараларына басшылық ететiн тексерушi анықтайтын санда қол қоюға дайындалған бақылау актілерi тексерілетiн объектiнiң тиісті журналында оларды мiндетті тiркей отырып, бақылау объектісiнiң басшысына жiберіледi.
51. Бақылау актiсiне тексеру тобының мүшелерi, бақылау объектiсiнiң басшысы және бас бухгалтерi (бухгалтерi), сондай-ақ бақылау объектiсi басшысының қалауы бойынша бақылау объектiсiнiң бухгалтерлiк және өзге құжаттарына қол қоюға құқығы бар лауазымды тұлғалар қол қояды.
52. Бақылау актісiне iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлетті орган бекітетін нысан бойынша анықталған бұзушылықтарды жүйелендiре отырып кестелер қoca беріледi, оларға бақылау актiсiне қол қоюға белгіленген тәртiппен қол қойылады.
53. Бақылау объектiсiнiң лауазымды тұлғалары бақылау актiсi қосымшаларымен танысуға берілген күннен бастап үш күндiк мерзiмде белгіленген тәртiппен оған қол қояды.
Бақылау актiсi бойынша келiспеушiлiктер немесе ескертулер болған кезде бақылау объектiсінің лауазымды тұлғалары он күндiк мерзiмде бақылау тағайындаған бақылау субъектiсiнiң басшысына жазбаша түсiндiрулер (ескертулер) жiбере алады. Бұл жағдайда бақылау актiсiне қол қою кезiнде олар өз қолдарының алдына бұл туралы ескерту жасайды.
54. Бақылау объектісiнiң лауазымды тұлғалары бақылау актiсiне қол қоюдан бас тартқан жағдайда бақылау субъектiсiнiң қызметкерлерi екi данада жасалатын және оған олардың қатысуымен хаттама жасалған бақылау объектiсi лауазымды тұлғаларының тiзбесiн келтiре отырып олар қол қоятын бақылау актiсiне қол қоюдан бас тарту туралы хаттама ресiмдейдi.
Хаттаманың бiр данасы бақылау материалдарына қоса берiледi, екiншi данасы - оны мiндеттi тiркеумен бақылау объектiсiне беріледi.
Бұл жағдайда бақылау актілерін iске асыру осы Ереженiң 51-тармағында айтылған рәсiмдердi сақтамай жүзеге асырылады.
55. Бақылау объектiсi iстерiнiң номенклатурасында мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау материалдарымен жұмыс жөніндегі бөлiм көзделедi.
Әрбiр бақылау iс-шарасы бойынша жеке iс арналады. Онда, бақылау субъектісiн бақылау материалдарынан басқа, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының нұсқамалары мен ұсыныстарын iске асыруға байланысты барлық хат алмасу тiгiледi.
56. Бақылау субъектiсiнен ұйғарымға соңғы жауап бойынша оны алушыға жiбергеннен кейiн отыз күнтiзбелiк күннiң iшiнде келiспеушілiктер мен ескертулер алмау бақылау объектiсi үшін iсті жабу және бақылау материалдарын мұрағатқа тапсыру үшiн негіз болып табылады.
6. Бақылау материалдарының сапасына сараптама жүргiзу.
Бақылау материалдарын iске асыру. Құқық қорғау
органдарымен жұмыс iстеу
57. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде және мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарында белгіленген iшкi бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге бiрыңғай талаптарды қамтамасыз ету мақсатында, бақылау iс-шаралары аяқталғаннан кейiн бақылау материалдарына бақылау сараптамасы жүргiзіледi.
58. Бақылау материалдарының сапасына бақылау жүргiзу мынадай қағидаттарға негiзделедi:
объективтілiк - бақылау материалдарының сапасына бақылауды риясыз және адал жүргізу;
жеткілiктілiгі - бақылау материалдарының сапасын бақылау жүргізiлген бақылауды бағалау үшiн жеткілiктi шарт болып табылады;
растығы - бақылау материалдарының сапасын бақылау бақылау материалдарында айтылған деректерге ғана негiзделуi тиiс;
айқындылығы - бақылау материалдарының сапасын бақылау әдiстерi мен өлшемдерi барлық мүдделi тараптарға қол жетiмдi болуы тиiс.
59. Бақылау субъектiсiнiң қызметкерлерi iшкi бақылауды жүзеге асыру кезiнде белгіленген рәсiмдердi сақтамаған жағдайда бақылау субъектiсінiң басшысы бақылау материалдарының сапасына бақылау жүргiзгеннен кейiн ескертулерi бар мәселелердi қайта тексерудi тағайындау туралы шешiм қабылдайды. Қайта тексеру жоспардан тыс тақырыптық бақылауға жатады, олардың нәтижелерi кешендi бақылаудың қорытындыларына енгiзiлмейдi.
60. Қадағалау тәртібімен iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілеттi орган жүргiзетiн бақылау материалдарының сапасын бақылауды қоса алғанда бақылау материалдарының сапасына бақылау жүргiзу ережесін iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы бекiтедi.
61. Бақылау нәтижелерi бойынша бақылау субъектiсi бақылау объектісiнiң басшысына iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілеттi орган бекiткен нысан бойынша оны бақылау объектісi тiркеген сәттен бастап бiр айлық мерзiмде орындауға мiндеттi анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама жiбередi.
62. Ведомстволық бағынысты ұйымдарды қамти отырып орталық немесе жергілiктi басқару органын жүргiзілген кешендi бақылау нәтижелерiн қорытындылау кезiнде қорытындыланған ақпарат жасалады. Оның негiзiне бақылаумен қамтылған бақылау объектілерiнiң толық тiзбесiн және анықталған бұзушылықтарды келтiре отырып тиiсiнше ресiмделген бақылау материалдары кiредi.
Ақпарат ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда оның құзыретi шегiнде бұзушылықтарды жою жөнiнде жұмыстарды ұйымдастыру және заңнамаға сәйкес кiнәлi лауазымды тұлғаларға шаралар қолдану үшiн тиiстi органның басшысына жiберiледi.
Бақылау субъектілерi мен объектілерi осы ақпарат бойынша одан әрi жұмыс iстеудi бақылау объектiсiне бақылау iс-шарасында анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама беру үшін осы Ережеде белгiленген рәсiмдерге сәйкес жүргiзіледi.
63. Бақылау субъектiсi бюджетті жоспарлау бөлігінде анықталған бюджет заңнамасын бұзу фактілерi туралы ақпаратты басшылыққа алу үшiн бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға және шаралар қабылдау үшiн құрамына бақылау қызметi кiретiн мемлекеттік органның тиiстi құрылымына жiбередi.
64. Бақылау субъектілерi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекiтетiн тәртiппен бақылау объектілерi негізсiз пайдаланған қаражатты қайтарып алу туралы ұсыныстар енгiзедi.
65. Бақылау процесiнде анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылданған шаралар турады ақпаратқа бақылау объектiсiнiң басшысы қол қояды.
66. Бұзушылықтарды нұсқамада және өзге құжаттарда анықталған мерзiмнiң iшiнде жою жөніндегі шаралар қабылданбаған немесе толық емес көлемде қабылданған кезде бақылау субъектiсi кiнәлi лауазымды тұлғаларды тәртiптiк және әкiмшілiк жауапкершілiкке тарту үшiн тиiстi ақпаратты мемлекеттік басқару органына және/немесе өкілеттi органдарға жiбередi.
67. Iшкi бақылау қызметтерi бақылау нәтижелерi бойынша ақпаратты құрамына олар кiретiн мемлекеттік орган басшысына жiбередi.
68. Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлетті орган Есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау актілерiн және мәслихаттардың тексеру комиссияларына жергілiкті бюджеттердiң атқарылуын бақылау актілерiн жiбередi.
69. Жүргiзілген бақылау нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген бақылау объектілерiнiң қаржы-шаруашылық қызметінде қылмыстардың белгiлерi анықталған кезде бақылау материалдары оларды ресiмдеу аяқталғаннан кейiн бiр апта мерзiмде шешiм қабылдау үшiн құқық қорғау органдарына жiберiледi. Көрсетілген материалдар мыналарды:
бақылау субъектісiнiң басшысы қол қойған бұзушылықтар фактілері туралы iлеспе хатты;
бақылау актiсiне қол қоюға уәкiлеттi лауазымды тұлғалар қол қойған және тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдерге сiлтеме жасай отырып жiберiлген бұзушылықтардың сипатталуын және олардың сомасын қамтитын актiлердi, оның iшiнде аралық, қарсы (олар жоқ болған кезде - бақылау актiсiне бақылау объектiсiнiң лауазымды тұлғалары қол қоюдан бас тарту туралы тиiсiнше ресiмделген хаттама). Тиiсiнше ресiмделген бақылау объектiсi лауазымды тұлғаларының бақылау актiсiне қол қоюдан бас тартуы бақылау материалдарын iс жүргiзуге қабылдамау үшiн негіз бола алмайды;
бақылау материалдарына қоса берiлген анықталған фактілерге жататын құжаттардың расталған көшiрмелерi (банктердiң шоттары, ведомостерi, ордерлерi, төлем тапсырмалары, чектер, жүк құжаттар, актілер, бұйрықтар және өзге құжаттар), лауазымды тұлғалардың жазбаша түсiндiрулерi және келiспеушілiктерi, бақылау материалдарының сапасын бақылау нәтижелерiн қамтуы тиiс.
70. Бақылау субъектiлерi және құқық қорғау органдары осы рәсiмдердi регламенттейтiн қабылданатын бiрлескен бұйрықтардың негізiнде тиісті құқық қорғау органына берілген бақылау материалдарының қозғалысы туралы тоқсандық салыстыруларды жүргiзедi.
71. Бақылау субъектiсiнiң бақылау материалын iске асыруды аяқтауы осы Ережеде көзделген барлық қажеттi рәсiмдердi орындау туралы анықтамамен ресiмделедi.
Анықтама нысанын, оны ресiмдеу және қол қою тәртібін iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекiтедi.
7. Бақылау iс-шараларының қорытындылары
бойынша есеп пен есептiлiк
72. Iшкi бақылау нәтижелерiнiң есебi мен есептілігi iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілеттi органның "Қаржылық бақылау" ақпараттық жүйесiнде жүргiзіледi.
73. Есептілік нысанын, оның мерзiмділігі мен ұсыну мерзiмiн, сондай-ақ қаржылық бұзушылықтарды олардың түрлерi бойынша жiктеудi iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілеттi орган анықтайды.
74. Бақылау материалдарын "Қаржылық бақылау" ақпараттық жүйесiне енгізу үшiн мыналар: кiрiс нысаны - бақылау объектiсiнiң лауазымды тұлғалары қол қойған бақылау актiсiне қосымша; бақылау материалдарының сапасын бақылау нәтижелерi негiз болады.
75. Iшкi бақылау қызметі бар мемлекеттік орган iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға iшкi бақылау жүргiзу нәтижелерiн бередi.
76. Бақылау актілерi қағаз жеткiзгiштерде бақылау iс-шарасын жүзеге асырған бақылау субъектiсiнде белгіленген тәртiппен сақталады.
77. "Қаржылық бақылау" ақпараттық жүйесiн қалыптастыру үшін iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға мынадай құжаттардың электрондық нұсқалары жiберiледi:
бақылау тағайындау туралы бұйрық, оны Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетiнде тiркеу туралы белгiсiмен (қажет болған кезде);
бақылау объектiсiнде жұмыс жоспары (оның негізiнде бақылау жүзеге асырылатын жеке бақылау бағдарламаларын қоса бере отырып);
бақылау материалдарының сапасын бақылау нәтижелерi;
мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бақылау материалдарын iске асыру бойынша хат алмасу;
бақылау материалдарын iске асыру және оларды ағымдағы мұрағатқа беру жөніндегі жұмыстарды аяқтауға қорытынды.
"Қаржылық бақылау" ақпараттық жүйесi кiрiс құжаттарының электрондық нұсқасының тiзбесi мен оны ресiмдеу тәртібін iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлетті орган анықтайды.
78. Мемлекеттік құпия болып табылатын мәселелер мен бюджеттік бағдарламаларды бақылау кезiнде бақылау актiсi "Қаржылық бақылау" ақпараттық жүйесiне жiберілмейдi.
Бұл жағдайда онда мыналар: бақылаумен қамтылған бақылау объектiсiнiң атауы; бюджеттік бағдарламалар, iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша анықталған бұзушылықтардың таратып жазылуы тiркеледi.
79. "Қаржылық бақылау" ақпараттық жүйесi базасында Есеп комитетiмен және мәслихаттардың тексеру комиссияларымен келісім бойынша сыртқы бақылаудың да нәтижелерi де ескерiледi.
80. Бақылауды тағайындауға қатысты бұйрықтар бойынша тiркеудi есепке алудың жеке кiтабы жүргізiледi.
81. Iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бұқаралық ақпарат құралдарында құпиялық, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпия режимiн қамтамасыз етудi ескере отырып iшкi бақылау нәтижелерiн жариялауды қамтамасыз етедi.