2. Жасөспiрiмдер үйiнiң қызметiн балалар ауылының (балалар үйiнiң) әкiмшiлiгi Жасөспiрiмдер үйiнiң директорымен бірлесе отырып, білім беру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган бекiткен Жасөспiрiмдер үйi туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
23-бап. Жасөспiрiмдер үйiнiң мақсаттары мен мiндеттерi
1. Жасөспiрiмдер үйiнiң негiзгi мақсаты - балалар ауылдарының тәрбиеленушiлерiне және балалар үйлерiнiң түлектерiне (әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн адамдарға) олардың өз тiлектерiне сай қоғамға, оның iшiнде еңбек рыногына бiте қайнасуына көмектесу.
2. Жасөспiрiмдер үйi балалар ауылдарының тәрбиеленушiлерiн және балалар үйлерiнiң түлектерiн әлеуметтiк бейiмдеу мақсатында:
1) қоғамдық өмiрге әлеуметтiк бейiмделу үшiн жағдай жасауға;
2) жеке қабiлеттерiн дамытуға жәрдемдесу және кәсiби даярлығын қамтамасыз етуге;
3) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі мiндеттерiн орындауға тиiс.
24-бап. Жасөспiрiмдер үйiнде әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн адамдардың санаттары
Балалар ауылы (балалар үйi) әкiмшiлiгiнiң шешiмi негiзiнде жасөспiрiмдер үйiнде әлеуметтiк бейiмделуден:
1) балалар үйлерi мен балалар ауылдарының 23 жасқа дейiнгi түлектерi;
2) 16 жастан бастап балалар ауылдары мен балалар үйлерiнен ауыстырылған тәрбиеленушiлер өте алады.
25-бап. Жасөспiрiмдер үйi директорының негiзгi мiндеттерi
Жасөспiрiмдер үйiнiң директоры:
1. Еңбек рыногын:
1) мүдделi ұйымдармен байланыстар орнату және ұйымдардағы бос жұмыс орындарын зерделеу;
2) қосалқы шаруашылықтар, шағын-ағаш ұсташылық және слесарлық шеберханалар мен шағын кәсiпкерлiктiң басқа да объектілерін құру арқылы жүйелi түрде зерделеуге мiндеттi.
2. Өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша балалар ауылының (балалар үйiнiң) әкiмшiлiгiмен өзара iс-қимылдарды жүзеге асыруға мiндеттi.
26-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың өкiлдiгi
1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдардың мүддесiн балалар ауылының (балалар үйiнiң) әкiмшiлiгi бiлдiредi.
2. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 18 жастан 23 жасқа дейiн адамдар өздерiнiң азаматтық құқықтарын өз бетiнше жүзеге асырады және мiндеттер атқарады.
27-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың әрекет қабiлеттілігi
1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оларды жүзеге асыруға, өзіне азаматтық мiндеттер жүктеуге, оларды орындауға қабiлеттілігi (азаматтық әрекет қабiлеттілігi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде туындайды.
2. Заң актілерінде он сегiз жасқа толғанға дейiн некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, 18 жасқа толмаған әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адам некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттілігiне ие болады.
3. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның құқық қабiлеттілігiнен немесе әрекет қабiлеттілігiнен толық немесе iшiнара бас тартуы және құқық қабiлеттілігiн немесе әрекет қабiлеттілігiн шектеуге бағытталған басқа да мәмiлелер, заң актілерінде мұндай мәмiлелерге жол берiлетiн реттердi қоспағанда, жарамсыз болады.
28-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдардың әрекет қабiлеттілігi
1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдар мәмiлелердi балалар ауылы әкiмшiлiгiнiң келісімiмен жасайды. Мұндай келісімнiң нысаны кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін заңдарда белгiленген нысанға сай келуге тиiс.
2. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдар өздерiнiң жалақысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өздерi жасаған санаткерлiк меншiк құқығы объектілеріне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмiлелер жасауға құқылы.
3. Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның өз жалақысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өзi жасаған санаткерлiк меншiк құқығы объектілеріне өз бетiнше билiк ету құқығын шектеуi немесе ол құқықтан айыруы мүмкiн.
4. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдар осы баптың ережелерiне сәйкес өздерi жасаған мәмiлелер бойынша дербес жауапты болады және өздерiнiң әрекеттерiмен келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң ережелерiне сәйкес жауапты болады.
29-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдардың банктерге салымдар салу және салымдарға билiк ету құқығы
1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдар банктерге салымдар салуға және өздерi салған салымдарға өз бетiнше билiк етуге құқылы.
2. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдар өздерiнiң атына басқа біреу салған салымдарға өз бетiнше билiк етедi.
30-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың құқықтары мен мiндеттерi
Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың құқықтары мен мiндеттерi балалар ауылы (балалар үйi) мен тәрбиеленушi (түлек) арасында жасалған Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шарт негiзiнде белгiленедi. Бұл шарт уәкiлеттi білім беру органы бекiтетiн Yлгi шарт негiзiнде жасалады.
31-бап. Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шартты тоқтату
1. Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шарт онда көзделген негiздерден басқа:
1) 23 жасқа жеткенде;
2) әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның шартты тоқтату туралы тiлек бiлдiруiмен;
3) тәрбиеленушi (түлек) Жасөспiрiмдер үйiнде тұру ережелерiн қасақана бұзған жағдайда балалар ауылы (балалар үйi) әкiмшiлiгiнiң шешiмiмен;
4) заңдарда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
2. Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шартты тоқтату әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның Жасөспiрiмдер үйi жатақханасындағы орынға құқығын тоқтатады.
32-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның зиян келтiргенi үшiн жауаптылығы
1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi адамдар өздерi келтiрген зиян үшiн жалпы негiздер бойынша дербес жауапты болады.
2. Егер әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан 16 жастан 18 жасқа дейiнгi, қамқорлықты қажет ететiн адамдар заңға орай өзiнiң қамқоршысы болып табылатын балалар ауылында (балалар үйiнде) тұрып жатса, онда балалар ауылының (балалар үйiнiң) әкiмшiлiгi, егер зиян оның кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, зиянды толығымен немесе оның жетiспейтiн бөлiгiн өтеуге мiндеттi.
3. Балалар ауылы (балалар үйi) әкiмшiлiгiнiң зиянды өтеу жөніндегі мiндетi залал келтiрушiнiң кәмелеттiк жасқа толуына қарай не оның кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi мүлкi немесе өзге де табыс көздерi пайда болса, не ол кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн әрекет қабiлеттілігiне ие болса, тоқтатылады.
5-тарау. Балалар ауылдары мен жасөспірімдер үйлерінің
тәрбиеленуші-балаларына арналған мемлекеттік
кепілдіктер
33-бап. Тәрбиеленушi-балаларға арналған мемлекеттік кепiлдiктер
Тәрбиеленушi-балаларға арналған мемлекеттік кепiлдiктер:
1) тәрбиеленушi-балалардың дене бiтiмi жағынан, санаткерлiк, рухани және имандылық тұрғыдан дамуына жәрдемдесу, олардың бойына патриотизм мен азаматтықты сiңiру үшiн құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасауды;
2) кәсiби бағдар жүйесiн құруды, бастапқы кәсiби даярлықты қамтамасыз етудi және жұмысқа орналасуға жәрдемдесудi;
3) балалардың білім алу, сондай-ақ қызметi балалардың дем алуына және оларды сауықтыруға бағытталған мекемелер желісін сақтау және дамыту арқылы олардың демалу және сауығу құқықтарын қамтамасыз етудi;
4) мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт саласында балалар мүдделерi үшiн мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен iске асыруды;
5) егер балалар ауылына немесе балалар үйiне жiберiлгенге дейiн тұрып келген тұрғын үйлерiн оларға қайтарып беру мүмкiн болмаса, азаматтардың осы санаты үшiн көзделген тәртiппен тұрғын үй берудi;
6) мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен және ұйымдармен бірлесе отырып балаларды сауықтыру, дене тәрбиесi мен гигиеналық тәрбие жөнiнде шаралар өткізу, балалар ауылдарының ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан балалар ауылдарындағы балалардың денсаулық жағдайларына бақылау жасау iсiн жүзеге асыруды қамтиды.
34-бап. Отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерiн дамытудағы мемлекеттік органдардың рөлi
Қорғаншы және қамқоршы органдар отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерiне тәрбиеленушi-балалардың білім алуына және оларды тәрбиелеуде, емдеу-профилактикалық және психологиялық-диагностикалық жұмыста әдiстемелiк көмек көрсетуге, сондай-ақ олардың бағып-күтiлуi, тәрбиеленуi мен білім алуы жағдайларына бақылау жасауды жүзеге асыруға, тәрбиешi-аналарға психологиялық-медициналық-педагогикалық мәселелер бойынша консультациялар беруге мiндеттi.
35-бап. Тәрбиеленушi-балалар құқықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қаржыландыру
Тәрбиеленушi-балаларды әлеуметтiк қорғаудың кепiлдiктерiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға арналған шығыстар құрылтайшылар қаражаты және заңмен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүргiзiледi.
Бір тәрбиеленушiнi тамақпен, киiммен, аяқ киiммен, жұмсақ жабдықтармен қамтамасыз ету нормалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
36-бап. Мемлекеттік мекемелердегi тәрбиеленушi-балалар құқықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қаржыландыру
1. Атқарушы билiк органдары балалар ауылдарында және Жасөспiрiмдер үйлерiнде тәрбиеленушi-балалардың құқықтарын сақтау мен қорғау жөніндегі нысаналы бағдарламаларды әзiрлеу мен орындауды бюджет қаражаты шегiнде жүзеге асырады.
2. Тәрбиеленушiлер мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын балалар ауылдарында (балалар үйлерiнде) болған кездерiнде оларға толық мемлекеттік қамтамасыз ету кепiлдiгi берiледi.
3. Мемлекеттік мекемелер жанындағы Жасөспiрiмдер үйлерiнде әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдарға, олар күндiзгi оқу нысанында кәсiби білім алғанға дейiн, толық немесе iшiнара мемлекеттік қамтамасыз ету кепiлдiгi берiледi.
Қазақстан Республикасының