15) өз құзыреті шегінде лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензия беруге байланысты қызметті жүзеге асырады және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді;
16) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған, ықтимал қауіп төндіретін химиялық, биологиялық заттардың және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің мемлекеттік тізілімін жасайды және жүргізеді;
17) өнімге, тауарларға, процестерге, қызмет көрсетулерге және жобалау нормаларына мемлекеттік стандарттар жобаларын келіседі;
18) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық тақырыптар әзірлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу ұйымдарының және өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіреді, олардың орындалуына қатысады, ғылыми жетістіктерді практикалық қызметке енгізеді;
19) салауатты өмір салтын насихаттауға қатысады және халықты аурулар, тіршілік ету ортасының жай-күйі және өткізілетін санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
20) балалар тағамы өнімін, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық түрлендірілген көздерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімдерді кері қайтарып алу жөнінде сараптамалық комиссиялар құрады;
21) балалар тағамы өнімін, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық түрлендірілген көздерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімдерді кері қайтарып алу тәртібін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің Мемлекеттік тізілімін мерзімді баспа басылымдарында жариялайды;
22) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді келіседі;
23) гигиеналық оқытуды және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастырады;
24) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-гигиеналық мониторингі ұйымдастырады және жүргізеді;
25) жұқпалы, паразиттік, кәсіби және басқа да аурулар мен улануларды тіркеуді жүзеге асырады;
26) тәуекелдерді бағалаудың халықаралық практикада жалпыға бірдей қабылданған әдістерін ескере отырып, тәуекелдерді бағалауға құқығы бар барлық ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы айқындайды және тәуекелдерге бағалау жүргізу тәртібін белгілейді;
27) егер осы іс-шаралар Қазақстан Республикасы аумағында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, басқа елдердің санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларын баламалы ретінде таниды;
28) аурулардан таза немесе аурулардың таралу деңгейі төмен аумақтарды немесе олардың бөліктерін айқындайды;
29) жобаларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 7-1-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 7-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
7-2-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы
және көлiктегi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы және көлiктeгі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi:
1) Қазақстан Республикасының аумағында және Мемлекеттік шекарасында темір жол және әуе көлiгiнiң объектiлерiн мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
2) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама ұйымдастырады;
3) Қазақстан Республикасының аумағын жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық қорғау жөнiнде iс-шаралар ұйымдастырады;
4) жұқпалы, паразиттiк аурулар, сондай-ақ адам денсаулығына қауiптiлiгi ықтимал заттар мен өнiмдер әкелiнген және таралған жағдайда, темір жол және әуе жолдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асырады және санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар жүргiзедi;
5) өз құзыретi шегiнде улану, жұқпалы, паразиттiк және басқа да аурулар, оның iшiнде этиологиясы белгiсiз аурулар кезiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;
6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi жөніндегі бағдарламаларды iске асыруға қатысады;
7) тиiстi деректер қорын қалыптастыра отырып, санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi жүзеге асырады, есепке алуды және статистиканы жүргiзедi;
8) адамдарды, тамақ өнiмдерiн, азық-түлiк шикiзатын, шаруашылық-ауыз суын, химиялық, уытты және радиациялық заттарды тасымалдау үшiн пайдаланылатын көлiк құралдарының санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады, сондай-ақ оларды пайдалануға келісім бередi;
9) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды;
10) халықты аурулар, тiршiлiк ету ортасының жай-күйi және жүргiзiлiп жатқан санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырады;
11) халықтың декреттелген тобын санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге оқытуды ұйымдастырады және салауатты өмiр салтын насихаттауға қатысады;
12) өз құзыретi шегiнде жобалау алдындағы және жобалық құжаттаманы қарайды және келiседi;
13) дезинфекциялауды, дезинсекциялау мен дератизациялауды ұйымдастырады және объектiлер мен ошақтарда дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау iс-шараларының жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) жобаларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15) тәуекелді бағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құзыретi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары:
1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;
3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнiнде шешiмдер қабылдайды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) жұқпалы аурулардың профилактикасы жөнiнде iс-шаралар ұйымдастыру мен өткізудi бақылауды жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6)-23) тармақшалармен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
6) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
7) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы ұйымдастырады;
8) тиiстi аумақтарды жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық қорғау жөніндегі iс-шараларды ұйымдастырады;
9) жоба алдындағы және жобалық құжаттаманы, өнiмге, тауарларға, процестерге және қызмет көрсетулерге өңiрлiк стандарттарды қарайды және келiседi, сондай-ақ өз құзыретi шегінде мiндеттi лицензиялануға жататын қызмет түрлерiне қорытындылар бередi;
10) жұқпалы, паразиттiк аурулар, сондай-ақ адам денсаулығына қауiптiлiгi ықтимал заттар мен өнiмдер әкелiнген және таралған жағдайда автомобиль және теңiз қатынастарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асырады және санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар жүргiзедi;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
11) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесi құжаттарының жобаларын, нормативтiк құқықтық актiлер, есепке алу және есептiлiк нысандарын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
12) улану, жұқпалы, паразиттiк және басқа да аурулар, оның iшiнде этиологиясы белгiсiз аурулар кезiнде өз құзыретi шегiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
13) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асырады;
14) тиiстi деректер қорын қалыптастыра отырып, тиiстi аумақта санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi жүзеге асырады, есепке алуды және статистиканы жүргiзеді;
15) халықтың декреттелген тобын санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге оқытуды ұйымдастырады және салауатты өмiр салтын насихаттауға қатысады;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
16) санитарлық ережелерге сәйкестiгiне санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларын аттестаттауды жүргiзедi;
17) адамдарды, тамақ өнiмдерiн, азық-түлiктiк шикiзатын, шаруашылық-ауыз суын, химиялық, уытты және радиациялық заттарды тасымалдау үшiн пайдаланылатын көлік құралдарының санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады, сондай-ақ оларды пайдалануға келісім бередi;
18) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
19) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
20) аурулар, тiршiлiк ету ортасының жай-күйi және жүргiзiлiп жатқан санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар туралы тиiстi аумақтағы халықты уақтылы хабардар ету жөнiнде iс-шараларды жүзеге асырады;
21) дезинфекциялауды, дезинсекциялау мен дератизациялауды ұйымдастырады және объектiлер мен ошақтарда дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау iс-шараларының жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады;
22) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады және профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттардың сақталуын, тасымалдануын және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
23) жобаларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды
24) өз құзыреті шегінде тәуекелді бағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады.
Облыстардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы атқарушы органдарының аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) өкiлдерi болады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының құзыретi
1. Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция:
1) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсетедi;
2) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының аумағына жұқпалы, паразиттiк аурулар әкелiнген және таратылған және улану болған жағдайда, iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар ұйымдастыруда практикалық көмек көрсетедi;
3) республикалық деректер қорын құра отырып, санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi жүзеге асырады, есепке алуды және статистиканы жүргiзедi;
4) санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесiнiң құжаттарын әзiрлейді;
5) жұқпалы және паразиттiк аурулардың диагностикасына қатысады;
6) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстердi және адамның тiршілік ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды;
7) санитарлық ережелерге сәйкестiгiне санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларын аттестаттауды және сынақ орталықтары мен зертханаларын аккредиттеудi жүргiзуге қатысады;
8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жаңа аспаптар мен жабдықтарды, зертханалық зерттеулер және өлшеу әдiстемелерiн сынақтан өткiзедi және енгiзедi;
9) азаматтар мен заңды тұлғалардың арызы бойынша шарт негiзiнде сертификаттық зерттеулер жүргiзуге қатысады;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
10) зертханалық зерттеулер мен тіршілік ету ортасы факторларын өлшеу бөлігінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;
11) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу жағдайын зерделейдi;
12) жоба алдындағы және жобалық құжаттаманы, өнiмдерге, тауарларға, процестерге және қызмет көрсетулерге стандарттарды қарайды.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
13) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында, аумақтарда, көлiкте санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым және мемлекеттiң лауазымды тұлғаларының қатысуымен ресми iс-шаралар өткізу кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым өз құзыретi шегiнде:
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) зертханалық зерттеулер мен тіршілік ету ортасы факторларын өлшеу бөлігінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;
2) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстер мен адамның тiршiлiк ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды;
3) дезинфекциялық iс-шаралар жүргiзедi;
4) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг жүргiзуге қатысады;
5) жұқпалы және паразиттiк аурулардың диагностикасына қатысады;
6) шарт негiзiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiшi бойынша сертификаттық зерттеулер және сараптама жүргiзуге қатысады;
7) жаңа аспаптар мен жабдықтарды, зертханалық зерттеулердi және өлшеу әдiстемелерiн сынақтан өткiзедi және енгiзедi;
8) профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтауды жүзеге асырады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.
3. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары:
1) республиканың түрлi өңiрлеріндегі жұқпалы және паразиттiк аурулардың эпидемиялық процестерiнiң ерекшелiктерiн зерттеудi, бағалауды және болжауды жүргiзедi, олардың алдын алу бойынша ғылыми негiздеген бағдарламалар әзiрлейдi;
2) жұқпалы, паразиттiк аурулар және улану кезiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шараларды жүзеге асырады;
3) иммунобиологиялық препараттар шығарады, жаңа вакциналар, қоректiк орта және диагностикумдар шығаруды игередi;
4) санитарлық-эпидемиологиялық нормалау жүйесiнiң құжаттарын әзiрлейдi және олардың ғылыми негiздемесiн жүргiзедi;
5) халықтың және оның жекелеген топтарының денсаулық жағдайын тiршiлiк ету ортасының қолайсыз факторларымен байланыста зерттейдi, тиiстi ұсынымдар әзiрлейдi;
6) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының аумағында санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн жүргiзуде практикалық көмек көрсетедi;
7) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг жүргiзуге қатысады;
8) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстердi және адамның тiршiлiк ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.
4. Обаға қарсы мемлекеттік мекемелер:
1) оба бойынша эпидемиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөнiнде профилактикалық iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүргiзедi;
2) медицина ұйымдарының iндетке қарсы тұрақты дайындығын қамтамасыз етедi;
3) оба, тырысқақ және басқа да аса қауiптi жұқпалы аурулардың ошағын оқшаулау және жою жөніндегі iндетке қарсы iс-шаралар ұйымдастыруға және жүргiзуге қатысады;
4) меншiк нысанына қарамастан 1-2 топтағы аса қауiптi жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын анықтайтын зерттеулердi жүзеге асыратын зертханаларда iндетке қарсы режимдi қамтамасыз етедi;
5) санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргiзуге қатысады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.
10-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Заңға сәйкес мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнің лауазымды адамдары:
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi және оның орынбасарлары;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы мен мамандары;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары - көлiктегi бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерлер, олардың орынбасарлары мен мамандар;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi бөлiмшесiнiң басшылары тиiстi аумақтардағы бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерлер, олардың орынбасарлары мен мамандар;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Мемлекеттік шекарадағы мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен мамандары;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінің басшылары мен мамандары уәкілетті болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Көлiктегi бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерлерi мен мемлекеттік шекарада халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерiнің басшыларын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Тиiсті аумақтардың Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен келісім бойынша қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
5. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының басшылары қызметiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық саладағы жоғары арнаулы медициналық білімi бар Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды
10-1-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің
лауазымды адамдарының мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
объектілеріне тексеру жүргізуi
1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектісінде тексерудің мынадай түрлерін жүргізеді:
1) жоспарлы - мемлекеттік орган жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралығы ескеріліп жүргізілетін тексеру;
2) жоспардан тыс - жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға төнген қауіпті дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік экономикалық жағдайға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы жолданымдарда және өзге де ақпараттарда жазылған фактілер бойынша, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылу белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуына бақылау жасау мақсатында тағайындалатын тексеру;
3) рейдтік - Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша бірнеше кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бір мезгілде қамтитын тексеру.
2. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектісін тексеру жүргізу мерзімі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, актіні табыс еткен кезден бастап отыз күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
3. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектісін тексеруге:
1) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру жөніндегі жұмыс жоспары;
2) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою және санитарлық-індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамалардың орындалуына бақылау жасау;
3) объектінің халықтың денсаулығына және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауіп төндіруі және жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін қызметіне байланысты авариялық жағдайлар;
4) халық арасында жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулардың туындауы және таралуы;
5) топтық және жаппай жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулардың, оның ішінде этиологиясы белгісіз аурулардың туындауы мен таралуы;
6) объектіні пайдалануға, қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және сапасы төмен өнімді анықтауға байланысты өтініштер негіздеме болуы мүмкін.
4. Осы Заңның 10-бабы 1-тармағының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін тексеруді осы баптың 3-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша жүргізеді.
5. Осы Заңның 10-бабы 1-тармағының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін тексеруді осы баптың 3-тармағында көзделген негіздемелер бойынша жүргізеді.
11-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін - тоқсанына бір рет, объектінің эпидемиологиялық маңыздылығына қарай - айына бір рет, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген бару жиілігіне сәйкес кедергісіз (қызмет куәлігін көрсетіп) тексеруге;
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуды жою туралы жеке және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беруге;
3) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардан халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi бойынша ақпарат сұратуға және алуға;