үшінші бөліктің екінші абзацы «экологиялық аудиторлық ұйымдарға» деген сөздердің алдынан «орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға — үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге — айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
62) 309-1- бап мынадай редакцияда жазылсын:
«309-1- бап. Қазақстан Республикасының астық
туралы заңнамасын бұзу
1. Астықты экспорттаушылардың уәкілетті органға астық нарығы мониторингі жөніндегі есептілікті табыс етпеуі, —
жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Астықты экспорттау және импорттау кезінде астық сапасының тиісті паспорттарынсыз өткізу, —
жеке тұлғаларға — бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мемлекеттік ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың кез келген мөлшерін тиеп жөнелтуі және (немесе) көлік ұйымдарының астықты уәкілетті органмен алдын ала келіспей әкетуі —
орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, — айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, — жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі ережелерін бұзуы, —
орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Астық қабылдау кәсіпорнының астықты сақтауға қатысты емес қызметті жүзеге асыруы, үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін кепілге беруі, —
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, — айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, — екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық және сапалық көрсеткіштерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) бұрмалауы, олар құжаттамамен расталған жағдайда, —
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз елуден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Астық қабылдау кәсіпорнының оларсыз астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазарту, сақтау және тиеп жөнелту қызметтерін жүзеге асыру толығымен мүмкін болмайтын не айтарлықтай нашарлайтын негізгі құрал-жабдықтарды иеліктен шығаруы, —
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін осы баптың бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау, —
лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бес жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
63) 310-баптың он үшінші абзацы «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
64) 313-баптың бірінші абзацындағы «Жарылыс және өрт қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік стандарттар талаптарына» деген сөздер «Техникалық регламенттердің талаптарын қоспағанда, жарылыс және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
65) 317-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«317-бап. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзу
1. Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы:
1) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді өткізу;
2) стандарттау жөніндегі мәлімделген нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес келмейтін өнімді бөлшек сауда ұйымдарында, рыноктарда сатуға шығару;
3) тауарларды буып-түю және буып-түйілген тауарларды кез келген орама түрінде өткізу кезінде ережелерді сақтамау, егер бұл өнім сапасының төмендеуіне, бұзылуына немесе өнімнің нормативтен артық ысырап болуына әкеп соқса;
4) сәйкестігі міндетті растауға жататын, сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы жоқ, сондай-ақ оны қолдан жасаған, қолдану мерзімі өткен немесе тоқтатыла тұрған жағдайда өнімді әкелу және (немесе) өткізу;
5) тиісті нормативтік құжаттарсыз өнімді (соның ішінде жөндеуден) шығару, жеткізу (өткізу) немесе пайдалану (жарату), жұмыстар мен қызметтерді орындау;
6) өнімді стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін конструкторлық, технологиялық және жобалау құжаттамаларын тапсырыс берушіге не өндіріске беру;
7) сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу ережелерін бұзу;
8) сәйкестік сертификатын негізсіз беру немесе қолданылу күшін растау, сол сияқты сәйкестік туралы декларацияны, декларацияны мәлімдеуді негізсіз қабылдау немесе тіркеу;
9) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде сәйкестікті растау саласында аккредиттелмеген жұмыстарды жүзеге асыру;
10) мемлекеттік сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, сондай-ақ тексерілмеген немесе жөнделмеген өлшем құралдарын және стандарттық үлгілерді айналымға шығару;
11) тиісті рұқсатсыз өлшем құралдарын дайындау, тексеру және жөндеу, сондай-ақ стандарттық үлгілерді шығару және метрологиялық аттестаттау;
12) мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жататын және метрологиялық аттестаттаудан өтпеген өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану;
13) тексеруден немесе өлшем құралдарын калибрлеуден өтпеген және (немесе) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмеген өлшем құралдарын пайдалану;
14) тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі тәртіпті бұзу, сол сияқты тауардың шығу сертификатын заңсыз беру түрінде жасалған бұзушылық, —
аккредиттеу аттестатын, сарапшы-аудитор аттестатын тоқтата отырып не онсыз, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайлардан басқа, техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың нұсқауларын орындамау не тиісінше орындамау, —
аккредиттеу аттестатынан, сарапшы-аудитор аттестатынан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), —
аккредиттеу аттестатынан, сарапшы-аудитор аттестатынан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
66) мынадай мазмұндағы 317-1-баппен толықтырылсын:
«317-1-бап. Өнімнің жекелеген түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзу
Субъектінің тамақ өнімдерінің, химиялық өнімдердің, машиналар мен жабдықтардың, ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заңнамалық актілерде және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған кезден бастап өнімдердің өмірлік циклі процестерін жүзеге асыруын тоқтатпауы, сол сияқты мемлекеттік органдардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі нұсқауларын орындамауы, —
қызметі тоқтатыла отырып немесе онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің жүз елуден жүз алпысқа дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — үш жүзден үш жүз онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүзден бір мың алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Осы бапқа қатысты тамақ өнімдерінің, химиялық өнімдердің, машиналар мен жабдықтардың, ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заңнамалық актілерге сәйкес өнімдердің қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар субъектілер деп танылады.»;
67) 323-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Абайсыздықтан жаппай ауруға» деген сөздер «Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда және абайсыздықтан жаппай ауруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «іс-әрекет» деген сөзден кейін «(әрекетсіздік)» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші абзацта «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
68) 324-баптың екінші және үшінші бөліктерінің екінші абзацындағы «тікелей құқық бұзушылық объектілері» деген сөздер «әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын дәрілік және оларға теңестірілген заттар, емдеу-профилактикалық тағам өнімдері мен азықтық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
69) мынадай мазмұндағы 330-1-баппен толықтырылсын:
«330-1-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау, —
айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік),-
айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.»;
70) 333-баптың екінші абзацы «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
71) 336-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «, стадиондарда, гүлзарларда, саябақтарда, қоғамдық көлікте» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,-»;
72) 336-1-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, — »;
73) 344-бапта:
бірінші және екінші бөліктердің екінші абзацтарындағы «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацында:
«орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
«үш жүзден төрт жүзге дейінгі» деген сөздер «екі жүзден үш жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«екі мыңға» деген сөздер «бір мың бес жүзге» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацында:
«төрт жүзге дейінгі» деген сөздер «екі жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«заңды тұлғаларға — өнімдері тәркілене отырып, айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде» деген сөздер «шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — өнімдері тәркілене отырып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан бір мың бес жүзге дейінгі мөлшерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —
телевизия және (немесе) радиохабарларын ұйымдастыру жөніндегі қызметке берілетін лицензиядан айырып және заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
74) 353-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацында:
«сот күші жоқ деп таныған» деген сөздерден кейін «, белгіленген тәртіппен ресми жарияланбаған» деген сөздермен толықтырылсын;
«не белгіленген тәртіпте жарияламау,» деген сөздер алып тасталсын;
75) 354-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Жеке тұлғалардың» деген сөздер «Жалпыға міндетті маңызы бар, жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
76) 356-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацында:
«нұсқауларды,» деген сөзден кейін «ұсынымдарын,» деген сөзбен толықтырылсын;
«мемлекеттік инспекцияның» деген сөздер «мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«317-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасында,» деген сөздер «317-баптың екінші бөлігінде, 317-1,» деген сөздермен ауыстырылсын;
77) мынадай мазмұндағы 356-2-баппен толықтырылсын:
«356-2-бап. Билік өкілінің немесе мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену
1. Билік өкілеттіктерін алу мақсатында билік өкілінің немесе мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, —
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, —
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
78) 357-1-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болып табылатын тауарлар» деген сөздер «әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың нысанасы және (немесе) құралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болып табылатын тауарлар» деген сөздер «әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың нысанасы және (немесе) құралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
79) 357-2-баптың бірінші және екінші бөліктерінің екінші абзацы «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
80) 357-5-баптың тақырыбындағы «357-5-бап. Қазақстан» деген сөздер «357-6-бап. Қазақстан» деген сөздермен ауыстырылсын;
81) 358-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы «іс-әрекеттер» деген сөзден кейін «(әрекетсіздік)» деген сөзбен толықтырылсын;
82) 364-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
83) 368-бапта:
тақырып «сақтау,» деген сөзден кейін «алып жүру,» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы «сақтауы,» деген сөзден кейін «алып жүруі,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Азаматтық қаруларды өз еркімен тапсырған адам, егер оның әрекеттерінде өзге де құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкімшілік жауаптылықтан босатылады.»;
84) мынадай мазмұндағы 368-1-баппен толықтырылсын:
«368-1-бап. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу
1. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдарды сату, экспонттау құқығына лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың оларды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін бұзуы, —
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаға — айлық есептік көрсеткіштің бірге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — бестен жетіге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің екіден үшке дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан отыз беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
85) 369-бапта:
тақырып «патрондарды» деген сөзден кейін «сатып алу,» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы:
«патрондарды» деген сөзден кейін «сатып алу,» деген сөздермен толықтырылсын;
«сақтауға» деген сөзден кейін «, алып жүруге» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы «патрондарды» деген сөзден кейін «сатып алу,» деген сөздермен толықтырылсын;
86) 379 және 381-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«379-бап. Паспорттарды, жеке куәлікті заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау
1. Азаматтардан паспорттарды, жеке куәлікті заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау, -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«381-бап. Статистикалық есептілікті ұсыну
тәртібін бұзу
1. Тиісті статистикалық органдарға мемлекеттік статистикалық есептілікті уақтылы ұсынбау, дұрыс емес мемлекеттік статистикалық есептілікті ұсыну, —
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Тиісті статистикалық органдарға мемлекеттік статистикалық есептілікті ұсынбау, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер —
жеке тұлғаларға — бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
87) 387-бапта:
тақырыптағы және бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «қалалық инфрақұрылым» деген сөздер «қала мен елді мекендер инфрақұрылымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші және екінші бөліктердің екінші абзацы «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
88) 390-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы «жеке тұлғаларға» деген сөздердің алдынан «әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз,» деген сөздермен толықтырылсын;
89) 391-1-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацы «жеке тұлғаларға» деген сөздердің алдынан «әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз,» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацы «айлық есептік көрсеткіштің» деген сөздердің алдынан «әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз,» деген сөздермен толықтырылсын;
90) 394-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы «визада көрсетілген» деген сөздерден кейін «не тіркеу кезіндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
91) 405-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы, 410 және 421-баптардың бірінші және екінші бөліктерінің екінші абзацындағы, 423-баптың екінші абзацындағы, 424-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы, 426-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы, 427 және 428-баптардың екінші абзацындағы, 429 және 430-баптардың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «құқық бұзушылықтың тікелей объектілері», «тікелей құқық бұзушылықтың объектілері», «құқық бұзушылықтың тікелей объектісі» деген сөздер «әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары» деген сөздермен ауыстырылсын;
92) 439-баптың алтыншы бөлігінің екінші абзацында:
«шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің» деген сөздер «жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — бестен жетіге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — » деген сөздермен ауыстырылсын;
«бестен» деген сөз «сегізден» деген сөзбен ауыстырылсын;
93) мынадай мазмұндағы 440-1-баппен толықтырылсын:
«440-1-бап. Теміржол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану
1. Теміржол жылжымалы құрамын уәкілетті органда мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану, —
жеке тұлғаларға — екі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —
жеке тұлғаларға — бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;