4. Берушiлер кредиттiк бюроға ақпаратты электрондық жеткізушімен береді. Ақпаратты қағаз түрiндегі жеткізушімен беру жағдайлары кредиттік бюроның ішкі құжаттарында және олар ақпарат берушілермен жасасатын шарттарда айқындалады.
5. Ақпарат берушілер кредиттiк тарих субъектілерінің өздері туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға табыс етуге алған келісімдерін есепке алуды жүргізедi.
6. Кредиттiк тарих субъектілерiнің өздерi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға қағаз түріндегі жеткізушiмен табыс етуге келісімiн ақпарат берушi кредиттiк бюроларға олар туралы сoңғы ақпарат берiлген күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиiс.
24-бап. Кредиттік бюроларға берiлетін ақпарат
1. Кредиттiк бюроларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлернi жүзеге асыратын ұйымдар беретiн ақпаратта:
1) тұлға осы банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымнан алған кредит бойынша борыш сомасы, сондай-ақ ол алған барлық кредиттер, шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша борыштың жалпы сомасы;
2) кредиттердi, сондай-ақ шартты және ықтимал мiндеттемелердi беру күнi, өтеу күнi (график бойынша және iс жүзiнде);
3) мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз етудiң (сейф жәшіктерiнде, шкафтарда және банктің үй-жайында сақтаулы тұрған қамтамасыз етудi қоспағанда) құрамы мен тәсілдерi туралы ақпарат;
4) тараптардың келісімi бойынша өзге де мәлiметтер болуға тиiс.
Осы тармақтың мақсаттары үшiн кредит деп қарыз, лизинг, факторинг, форфейтинг операциялары, сондай-ақ вексельдердi есепке алу түсiніледi.
2. Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзімін ұзартатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға кредиттiк бюроларға беретiн ақпаратта мынадай мәлiметтер:
1) кредит бойынша, сондай-ақ кредитке алынған барлық тауарлар және көрсетілетiн қызметтер бойынша борыш сомасы;
2) кредиттерді беру күнi, өтеу күнi (график бойынша және iс жүзiнде);
3) мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз етудiң құрамы мен тәсiлдерi туралы ақпарат;
4) тараптардың келісімi бойынша өзге де мәлiметтер болуға тиiс.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектісі - жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер туралы берiлген ақпаратта тегi, аты, әкесінiң аты, туған күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, салық төлеушінiң тiркеу нөмiрi болуға тиiс.
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес кредиттiк тарих субъектiсi - заңды тұлға туралы берiлетін ақпаратта атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеу нөмiрi және күнi, салық төлеушінiң тiркеу нөмiрi, бiрiншi басшыларының тегi, аты, әкесiнің аты және олардың салық төлеушiнің тiркеу нөмiрлерi болуға тиiс.
5. Кредиттiк бюроларға жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындар беретін ақпаратта мынадай мәлiметтер:
1) жеке тұлғалар үшін - тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, салық төлеушiнің тiркеу нөмiрi, меншiк құқығын және басқа құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықтарды тiркеу туралы мәлiметтер;
2) заңды тұлғалар үшiн - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны орналасқан жерi, заңды тұлға ретіндe мемлекеттік тiркеу нөмiрi мен күнi, салық төлеушінiң тіркеу нөмірі, банк деректемелерi, меншiк құқығын және басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықтарды тiркеу туралы мәлiметтер болуға тиіс.
6. Осы бапта көзделген ақпарат тiзбесi кредиттiк бюро мен ақпарат берушi арасындағы келісім бойынша, олар жасасатын ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептi алу туралы шарт негiзiнде, егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, толықтырылуы мүмкiн.
25-бап. Кредиттік тарих субъектісінің ақпарат беруге және кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу
1. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге және (немесе) кредиттiк есептi алушыға кредиттік есептi беруге келісімi жазбаша түрде ресiмделедi.
2. Ақпарат субъектiсiнiң - жеке тұлғаның келісімiн Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес ресiмделген сенімхат негiзiнде әрекет ететін сенім білдiрiлген тұлға да ресiмдеуi мүмкiн.
3. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы ақпаратты кредиттiк тарихты қалыптастыру үшiн кредиттiк бюроларға беруге және (немесе) кредиттiк есептi беруге, келісімiнiң болмағаны, сондай-ақ оның дұрыс ресiмделмегенi үшiн кредиттiк есептi беру туралы сауал салған ақпарат берушi, кредиттiк есептi алушы не олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының әкiмшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
26-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi пайдалану негiздемелерi мен мақсаттары
1. Кредиттiк бюроларға ақпарат беру, кредиттiк есептер беру үшін кредиттік тарих субъектiсiнiң келiсімi негiздеме болып табылады.
2. Кредиттiк есептi алушылар кредиттiк бюролар жүйесіндегі ақпаратты:
1) кредиттер беру, мониторинг жасау және кредиттердiң мерзiмiн ұзарту кезiнде тәуекелдердi бағалау;
2) кредиттiк шарттардың талаптары өзгерген кезде тәуекелдердi бағалау;
3) мерзiмi ұзартылған төлемдермен жасалатын өзге де мәмiлелер бойынша тәуекелдердi бағалау;
4) кредиттік есептегi ақпараттың дұрыстығын растау мақсатында пайдалануы мүмкiн.
3. Кредиттік бюролар ақпарат берушiлерден алған мәлiметтердi маркетингтiк және статистикалық зерттеулердi жүзеге асыру үшiн пайдалануға құқылы.
6-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жөніндегі
қатынастар
27-бап. Ақпарат берушiлермен және кредиттік есептерді алушылармен жасалатын шарттар
1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат берушiлер және осы Заңның 20-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген кредиттік есептi алушылар ақпарат беру және кредиттiк есептердi алу жөніндегі өз мiндеттемелерiн орындау мақсатында барлық кредиттік бюролармен ақпарат беру және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарттар жасасуға мiндеттi.
2. Ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептердi алу туралы шартта мынадай талаптар:
1) жеке кәсiпкердің деректерi немесе тараптардың толық атауы, олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi, банк деректемелерi туралы ақпарат;
2) шарттың қолданылу мерзiмi, оны өзгерту, тоқтату және бiржақты тәртiппен бұзу негiздемелерi мен тәртібі, сондай-ақ шарт бойынша мiндеттемелердi бұзғаны үшiн айыппұлдардың мөлшерi;
3) кредиттiк тарих субъектiсiнің өзi туралы кредиттiк ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келісімiн мiндеттi түрде алу және (немесе) кредиттiк тарих субъектiсінің кредиттiк есептi алушыға өзi туралы кредиттiк есептi беруге келісімiн алу;
4) кредиттiк тарихты қалыптастыратын ақпараттың түрлерi, көлемi, мерзiмi (кезеңдiлiгi), беру тәртібі, шарт тараптары көрсететін қызметтерге ақы төлеу талаптары, сондай-ақ кредиттiк тарихтың деректер базасын және пайдаланылатын ақпараттық жүйелердi қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық шаралар мен технологиялық талаптарды бiрлесіп iске асыру талаптары;
5) кредиттiк бюроның берiлетiн ақпаратты тек осы Заңда көзделген мақсаттарға сәйкес пайдалану туралы мiндеттемесi;
6) кредиттiк бюроның барлық алынатын ақпаратқа қатысты құпиялылық режимiн сақтау және оны тек осы Заңда көзделген негіздемелерде, шарттарда және тәртіппен ашу туралы мiндеттемесi;
7) кредиттiк есептердегi ақпараттың көлемi және оларды алу тәртібі;
8) кредиттiк есептердi алушының кредиттiк есептегi ақпаратты таратпау туралы мiндеттемесi;
9) ақпарат берушiнiң кредиттік бюроға дәйектемесiз ақпарат берген жағдайдағы жауапкершiлiгiн қоса алғанда, тараптардың жауапкершiлiгi болуға тиiс.
28-бап. Кредиттiк есептi алушы ретiнде кредиттiк бюрода тiркеу
Осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген тұлғалар кредиттік бюрода тiркелу үшiн мынадай құжаттар:
1) кредиттiк бюрода тiркеу туралы өтiнiш;
2) уәкілеттi органның лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге жасыруға беретiн лицензияларының нотариат куәландырған көшiрмелерiн (лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар үшiн);
3) заңды тұлға (жеке кәсіпкер) ретiнде мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
4) сауал жолдауға уәкiлеттi тұлғалардың тегi, аты, әкесiнің аты және лауазымы туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға табыс етедi. Қажет болған жағдайда көрсетiлген ақпарат осы тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
29-бап. Кредиттік есептi беру
1. Кредиттiк есептi беруге:
1) кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы кредиттiк есептi беруге келісімiнiң болуы;
2) кредиттiк есептi алушының осы Заңда қойылатын талаптарға сәйкестiгi;
3) кредиттiк есептi алушының кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттiк есептi беруге келісімiнiң бар екендiгiн растаған сауалы негiздеме болып табылады.
2. Кредиттiк бюро кредиттiк есептер беру туралы сауалдарды және табыс етiлген кредиттiк есептердi есепке алып отырады.
3. Сауалды алушының атынан, кредиттiк бюроға сауал беруге жауапты оның арнайы уәкiлеттi тұлғасы бередi, ол туралы ақпарат кредиттiк бюроның алушылары тiзiлiмiнде болады.
4. Кредиттiк бюро кредиттiк тарих субъектiсiне қатысты кредиттiк есептi оған берудi кредиттiк тарих субъектiсiнiң жазбаша сауалы негiзiнде жүзеге асырады.
5. Кредиттiк тарих субъектісi үшiн кредиттiк есепте осы субъектiнiң кредиттiк тарихы бойынша кредиттiк есептердi берудiң бұрын орын алған барлық фактілері туралы, берiлген күнi, алушылардың атаулары мен деректемелерi көрсетілген ақпарат болуға тиiс.
6. Кредиттiк бюро кредиттiк есептi беру кезiнде барлық ақпарат берушiлердi және кредиттiк бюроның осы ақпаратты алған күнiн көрсетуге мiндеттi.
7. Кредиттiк есептi беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелерде, жағдайларда және тәртiппен жүзеге асырылады.
8. Кредиттiк бюро ақпаратты берушіден алынған ақпаратты бұрмалағаны үшiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
30-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi беру жөнiндегі көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу
Ақпарат берушiлер және кредиттiк бюролар көрсететiн қызмет үшiн ақы белгiленедi, оның мөлшерi және өндiрiп алу тәртібі шартқа сәйкес айқындалады.
7-тарау. Қорытынды ережелер
31-бап. Дауларды шешу ерекшелiктерi
1. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттiк есептегi ақпаратқа дауласу туралы кредиттiк бюроға немесе ақпарат берушiге беретін өтiнiшiнде жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ дауласатын ақпаратқа нұсқау және дұрыс ақпарат беру туралы талап болуға тиiс. Өтiнiш берушi немесе оның уәкiлеттi адамы өтiнiшке қол қояды. Өтiнiш берушi сiлтеме жасаған құжаттардың көшiрмелерi өтiнiшке қоса берілуi мүмкiн.
2. Ақпарат берушi немесе кредиттiк бюро өтiнiштi алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде оны қарап, осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген екi iс-әрекеттiң бiрiн жүзеге асыруға мiндеттi.
3. Кредиттiк бюро алған ақпараттағы бұрмалау ақпарат берушiнің немесе кредиттiк бюроның техникалық қателерiнiң салдарынан, олардың қызметкерлерiнiң өзге де iс-әрекеттерiнiң немесе әрекетсіздiгiнiң салдарынан орын алған жағдайда, ақпарат берушi кредиттік бюроға дұрыс ақпаратты беруге мiндеттi. Кредиттiк бюро шыққан шығындарды өтей отырып, алушыға түзетілген кредиттiк есепті беруге мiндеттi.
4. Егер дау тудырған ақпарат кредиттiк бюроның, ақпарат берушiнiң мәлiметтерiне сәйкес келсе, онда ақпарат берушi және (немесе) кредиттiк бюро даулы ақпаратты алу көздерiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi қанағаттандырудан жазбаша түрде бас тартады.
5. Өтiнiшi қанағаттандырылудан бас тартылған өтiнiш беруші қайтадан жүгiнген жағдайда оны беруге, қарауға және дәлелдi жауап жiберуге байланысты шығындар өтiнiш берушiге жүктеледi.
Шығындарды бөлу жөнiнде келiспеушiлiктер болған жағдайда даулар сот тәртібімен қаралады.
32-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н.А. Назарбаев |