Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 643 Қаулысы
«Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы № 338 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
«Барлығы, штат саны* (бірлік)» деген бағанда:
«Маңғыстау» деген жолдағы «1223» деген сандар «1285» деген сандармен ауыстырылсын;
«ЖИЫНЫ:» деген жолдағы «47424» деген сандар «47486» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Маңғыстау облысының әкімі:
1) өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |