Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 23 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі № 327 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 30 маусыдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізілсiн:
1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
3-бағанда:
6-тармақтың жетіншi абзацы мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
", бөренелер тiлу жөніндегі жұмыстарды қоспағанда";
43-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"бөренелер тілу жөніндегі жұмыстар";
2) "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 23 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 1, 9-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) лицензияланатын түрлерiнiң тiзбесiнде:
8-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) бөренелер тiлу.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |