жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары бойынша жарғылық капиталына мемлекет қатысатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, заңды тұлғалар тізіліміне (одан әрі - Тізілімін) қол жетімді жұмыстарды жергілікті бюджеттен қаржыландыру және оған "on-line" режимінде қолдау көрсету;
есепке алу объектілері бойынша Тізілім деректерін өзекті ету мақсатында жасалып жатқан "электрондық үкіметтің" "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқорының Тізілімді ұстаушыға электронды нысанда ақпарат беру.
Оңалту немесе банкроттық туралы шешім қабылдағанда, сондай-ақ конкурстық басқарушыларды тарту тетігін жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі оңалту және қайта құрылымдау рәсімі, мониторинг жүргізу тетігі және олардың төлем қабілеттілігінің жағдайын талдау қолданылуы мүмкін рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындардың тізілімі айқындалатын болады. Оларда жаңа технологияларды қолданып, жаңа өндірістер ұйымдастырылуы мүмкін рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындардың дерекқоры қалыптастырылады, басқарудың дағдарысқа қарсы әлемдік тәжірибесі, оның осы заманғы Қазақстанның жағдайына бейімделуі зерделенеді.
Қабылданатын шаралардың нәтижесінде мемлекет активтерін басқарудың айқын жүйесі, мемлекеттік меншік деректерінің бірыңғай дерекқоры жасалып, рентабельді емес кәсіпорындарды оңалту немесе банкроттық туралы шешім қабылдау тетігі әзірленеді.
Мемлекеттік активтерді басқару бойынша жаңа институттарын құру корпоративті басқарудың мемлекеттік-жеке әріптестіктің, әлемдік тәжірибесін енгізу, мемлекеттік активтерді басқаруды арттыруға, Қазақстан Республикасы Индустриялық-инновациялық тиімді дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының іске асыруға және қор нарығын дамытуға ықпалын тигізеді.
Қоғамдық мәні бар объектілерді жақсарту мен салу үдерістерін қаржыландыруға жеке сектордың қаражатын тартуға мүмкіндік беретін мемлекеттік және жеке серіктестік тетіктерін енгізу және жетілдіру жөніндегі жұмыстар белсенді жүргізілетін болады.
§ 5. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жетілдіру
Бәсекелестікті дамыту және монополияға қарсы саясат
Бәсекелі және монополияға қарсы саясатты дамыту халықаралық бәсекелі құқық пен бәсеке бостандығының дамуы, табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтері деңгейлерінің болжамдылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету және олар әрекет ететін экономика салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыру, олардың инфрақұрылымдық желілерін, институционалдық қайта құруларды жаңарту және кеңейту талаптарына сәйкес заңнаманы жетілдіру негізінде жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі уақытта бәсекелі нарықта бәсекелестікті шектеуге, аса ірі емес компанияларға бақылау орнату жолымен ірі холдингтер ұстанымдарын күшейтуге әкеп соғатын баға келісімі, үстем (монополиялық) жағдайын асыра пайдалану, теріс пиғылды бәсеке және экономикалық жағынан тым шоғырлану фактілері байқалады.
2007-2009 жылдары теріс пиғылды бәсекенің алдын алу, оны шектеу және жолын кесудің ұйымдық және құқықтық негіздерін жетілдіру, тауар нарықтарында бәсекелі қатынастарды дамыту, монополистік (үстем) жағдайын теріс пайдалану жағдайларында монополияға қарсы ден қою шараларын тиімді және жедел қолдану үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар кешенін өткізу қажет.
Ішкі тауар нарықтарында бәсекелестіктің дамуы үшін шамадан тыс экономикалық шоғырлануды бақылауды жүзеге асыру, "жасырын монополияларды" монополиясыздандыру, монополияға қарсы органның бақылау функцияларын күшейту жөніндегі шараларды қабылдау қажет.
Бәсекелі және монополияға қарсы саясаттың негізгі мақсаттары табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру, еркін бәсекелестікті, кәсіпкерлікті дамыту және нарықтардың серпінді жұмыс істеуі үшін жағдай жасау болып табылады.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мыналар жоспарланып отыр:
"Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" қабылданған Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруда нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу;
нарық субъектілерінің үстем жағдайды асыра пайдалануының, субъектілер арасындағы келісудің, монополист субъектілермен шарттар жасасудан негізсіз бас тартуының, өндірісті, монополиялы тауарлар мен қызметтерді негізсіз қысқартуының жолын кесу, басқа субъектілерді рыноктан шеттету және оған қол жетімдігін және жосықсыз бәсекелестікті шектеу мәселелері бойынша мемлекеттік бақылауды күшейту;
монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жазаны қатаңдату;
қаржы ұйымдарының өздерінің үстем жағдайын асыра пайдалануының, олардың арасындағы сыбайласудың және теріс пиғылды бәсекелестіктің жолын кесу бөлігінде нормативтік құқықтық кесімдер қабылдау жолымен экономиканың басқа секторларындағы бәсекелестікті шектеуге арналған қаржы құрылымдарының ықпалын жою;
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін ескере отырып, мемлекет тарапынан шаруашылық субъектілеріне жеңілдіктер беруді қолдану практикасын жою, сондай-ақ доминант субъектілердің тарифтерді, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын келісуінен кезең-кезеңімен бас тарту;
әлемдік монополияға қарсы заңнаманы зерделеу, бәсекелестікті қорғау жөніндегі заңнамаға салыстырма талдауды жүргізу және дамыған елдердің және Қазақстанның табиғи монополияларын реттеу;
шектен тыс экономикалық шоғырлануды бақылауды, экономиканың әртүрлі салаларындағы "жасырын" монополиялардың мониторингі, оларды монополиясыздандыру жөніндегі шараларды қабылдау, кәсіпкерлік бостандығын қорғаудың қоғамдық жүйесін нығайту, монополистер қызметінің мониторингі жөніндегі электрондық дерекқорды дамыту жөніндегі іс-шараларды көздейтін Бәсекелестікті қорғау мен дамытудың орта мерзімге арналған бағдарламасын әзірлеу.
Жоспарланып отырған шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде нарықтағы барлық қатысушылар үшін тең жағдайды қамтамасыз ету және монополияға қарсы ден қою шараларын бір мезгілде қатаңдата отырып, бәсекелі нарықтағы тарифтерді қатаң мемлекеттік реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту күтілуде.
Тариф саясаты
Тариф саясатын дамыту табиғи монополиялар саласындағы тарифтік реттеудің нормативтік құқықтық және әдіснамалық базасын жетілдіру арқылы жүзеге асырылатын болады.
Осы бағытта жүргізілетін негізгі іс-шаралар "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру; орта мерзімді және ұзақ мерзімді тарифтерді бекіту тәртібін әзірлеу; табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу тәртібін ырықтандыру және төрешілдіктен арылту болады.
Қазақстан экономикасы дамуының жай-күйі мен перспективаларының деңгейіне барабар әдіснамалық базаның болуы мемлекеттік тарифтік реттеудің маңызды құрауышы болып табылады. Бұл үшін тарифтерді тарифтер деңгейі серпінінің экономиканың секторларына әсерін бағалау модельдерін есептеудің тұтас бірқатар әдістерін әзірлеу, олардың бағалау көрсеткіштерінің теңгерімді кешені негізінде субъектілер қызметінің мониторинг жүйесін құру көзделіп отыр.
2007 жылы Табиғи монополиялар саласындағы тариф саясатын жетілдірудің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу жоспарланып отыр.
Жоспарланған шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге арналған табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің болжамды және тұрақты деңгейі қамтамасыз етіледі және табиғи монополиялар субъектілері тартылған салалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жағдай жасалатын болады.
Бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу мақсатында мемлекет реттейтін бағаларды енгізу қажет болатын тауарлардың номенклатурасы бойынша ұсыныстар әзірлеу көзделіп отыр.
Техникалық-реттеу және патенттер жүйесін дамыту
Техникалық регламенттер мен стандарттар әзірлеу кезінде халықаралық танылған стандарттарды негізге алу отандық өнімнің сыртқы нарықтарға шығуына ықпал етуге тартылған. Сонымен қатар бұл қазақстандық тауардың ішкі нарықтағы импортқа деген бәсекелестігін арттыруы қажет.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі алдындағы қабылданатын іс-шараларға сәйкес техникалық реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіруге бағытталған нормативтік құқықтық кесімдердің жобалары әзірленуде.
2006 жылдың ішінде 5 заң қабылданады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы 33 Заңына техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
2007-2009 жылдары ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіруді жалғастыру және отандық өндіріс тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі мемлекет саясатының негізгі бағыттарын ескере отырып, стандарттарды үйлестіру жөніндегі қолданыстағы жоспарды қайта қарауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өндіріске халықаралық стандарттарды енгізуді жалғастыру қажет.
Бұдан басқа, мақсаты техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру, өнімнің және тіршілік пен денсаулыққа және қоршаған орта үшін процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнімнің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды адастыратын іс-қимылдардың алдын алу, сондай-ақ саудадағы техникалық кедергілерді жою болып табылатын Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу қажет.
Отандық өндірушілерді экспорттық қызметке бағдарлау мақсатында өндірушілерді Қазақстанда шығарылатын тауарлар экспортталатын мемлекеттердегі өнімге қойылатын қолданыстағы талаптар туралы хабардар етіп отыру қажет.
Сәйкестендіруді растау саласында жұмыстарды оңтайландыру мақсатында халықаралық практикаға сәйкестендіруді растау рәсімдерін үйлестіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру қажет.
Қазақстан Республикасының азаматтарын және экономикасын өлшемдердің дұрыс емес нәтижелерден қорғау мақсатында Өлшемдер бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу қажет.
Ішкі және сыртқы нарықтарда қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға көшуін ынталандыру мақсатында:
қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға көшуін ынталандыру жөніндегі, оның ішінде шағын және орта бизнес субъектілері үшін шаралар әзірлеу;
халықаралық деңгейдегі менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы аудиторлар даярлауды қамтамасыз ету;
ISO 9001, 14001, 22000 және OHSAS 18001, SA 8000 халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйелерін енгізу және сертификаттау мәселелері бойынша баспасөзде тұрақты жарияланымдар мен айдарлар, радио мен теледидарда сөз сөйлеуді ұйымдастыру жолымен халықаралық стандарттарды енгізуді насихаттау жөніндегі жұмысты жандандыру;
«Сапа саласындағы жетістіктері үшін» Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын алуға конкурстар және «Қазақстанның үздік тауарлары» конкурс-көрме өткізуді ұйымдастыру;
ISO 9001, 14001, 22000 және OHSAS 18001, SA 8000 халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйелерін енгізу жөнінде салалық және өңірлік семинарлар (конференциялар) өткізу;
ISO 9001, 14001, 22000 және OHSAS 18001, SA 8000 халықаралық стандарттарға сәйкес келетін менеджмент жүйелерін әзірлеу мониторингін және енгізуді жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Сыртқы экономикалық қызмет және ДСҰ-ға кіру
Экспорт-импорт секторының артықшылықтарын қолдау
Шикізат емес сектордың қазақстандық тауарларын әлемдік нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
Шет елдердің экспортты дамытуды ынталандыру жөніндегі оң тәжірибесін зерттеу;
тиісті шетелдік ұйымдарды тарта отырып, бір қатар елдердің, атап айтқанда, Ауғанстанның, Пәкістанның, Үндістанның, Моңғолияның, Иранның, Ирактың, Египеттің, Оңтүстік Африка Республикасының, Сауд Арабиясының, Америка Құрама Штаттарының, Бразилияның, Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдерінің, Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Украинаның, Қытай Халық Республикасының тауарлар нарықтарына, талдамалық зерттеулер жүргізу;
тиісті шетелдік ұйымдарды тарта отырып, өз өндірісін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында дайын өнімді өндіру үшін отандық кәсіпорындардың құрамдауыштар (жинақтауыштар, құрамдауыштар, шала өнімдер) түрлерін пайдалану тұрғысынан зерттеу жүргізу;
Қазақстанның шикізат тауарлардың ауқымды ассортиментін өндіруші ретіндегі халықаралық беделін нығайту мақсатында отандық тауарларды өткізудің әлеуетті нарықтарында - шет елде таныстыру іс-шараларын өткізу;
отандық тауарларды сыртқы сауданы жүзеге асыру кезінде туындайтын сыртқы сауда дауларын реттеу арқылы сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу;
«Қазақстанның дайын отандық өнімін үздік экспорттаушы» конкурсын өткізуді ұйымдастыру;
республиканың өңірлерінде отандық іскер ортада және сыртқы нарықтарға, оның ішінде шетелдік экспорттаушыларды тарта отырып, отандық дайын өнімді экспорттық жылжыту мәселелері бойынша өндірушілер арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруi
Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономикасын құру әлемдік экономикаға тығыз ықпалдасуға байланысты. Осыған байланысты, бүкіл әлемдік сауданың 95 % келетін Дүниежүзілік сауда ұйымына республиканың кіруі өзекті болып тұр.
ДСҰ-ға кіру импорттық тауарлар мен қызметтер үшін Қазақстанның нарығын ашуға ғана әкеп соқпайды, сондай-ақ республика экономикасындағы реформаларды одан әрі тереңдетуді талап етеді.
Келіссөздер барысында: тауарлар мен қызметтерге баға белгілеу процесіндегі мемлекеттің рөлін азайту, сауда-экономикалық саясаттың транспаренттілігін және кедендік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, зияткерлік меншікті қорғау, лицензиялар мен ветеринарлық сертификаттар беру жөніндегі мәселелердің кең ауқымы бойынша республиканың міндеттемелері қабылданады.
ДСҰ-ға кіру экономиканың қаржы, телекоммуникация, энергетика және көлік секторларын одан әрі ырықтандыруды көздейді. Осы секторлардағы бәсекелестікті дамыту халықты және шаруашылық субъектілерін қоса алғанда, тұтынушылар үшін қызметтердің сапасын жақсартуға және құнын төмендетуге әкелуге тиіс, бұл сайып келгенде қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігіне ықпалын тигізеді.
Сыртқы сауда режимін ДСҰ-дың нормаларына сәйкес келтіру рәсімдердің ашықтығын күшейтуге және сыбайластыққа мүмкіндіктерді қысқартуға тиіс. Лицензияланатын тауарлар мен қызметтер сапасын қысқартумен қатар лицензиялық және кедендік рәсімдерді оңайлату тұтастай экономиканың болжамдылығын қамтамасыз етеді және Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытуға оң әсерін тигізеді.
Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берілетін субсидиялардың нақты көлемі туралы мәселе Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздердегі неғұрлым маңызды болып табылады, өйткені Қазақстан халқының 40 %-дан астамы ауылдық жерлерде тұрады.
Халықаралық сауда мен құқық салаларында жоғары білікті қазақстандық кадрларды даярлау қажеттігі маңызды міндет болып табылады.
Кәсіпкерлікті дамыту
2007-2009 жылдары шағын және орта бизнесті дамытудың басты мақсаты кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету негізінде кәсіпкерліктің өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
бизнес пен мемлекеттің әріптестігін нығайту;
шағын және орта кәсіпкерлікті жедел дамыту үшін жағдай жасау;
жеке кәсіпкерлік пен мемлекеттің тиімді өзара іс-қимылы;
жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қалыптастыруға жаңа ұстанымдар әзірлеу.
Кәсіпкерлікке қысымды қысқарту және әкімшілік тосқауылдарды жою үшін ұйымдық, құрылымдық және кешенді ұстаным қажет, ол мынаны көздейді:
орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын кәсіпкерлік мәселелері жөнінде сараптамалық кеңестер құру;
кредиттер беру рәсімдерін оңайлату, кредит беру мерзімдерін және пайыздық ставкаларды төмендету мәселелеріне қатысты өндірістік, және инновациялық бейіндегі шағын және орта кәсіпорындарды одан әрі ынталандыруға бағытталған шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдау шараларын әзірлеу;
кәсіпкерлік пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тетігін оңайлату, мемлекеттік әкімшілендіру тетіктерінің тиімділігін, ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету;
лицензиялау жүйесін жетілдіру шеңберінде Қазақстанның бірыңғай лицензиялық палатасын құрудың орындылығын қарау;
барлық өңірлерде кәсіпкерлік пен инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру;
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамның өкілдік желісін кеңейту және өңірлерде ақпараттық-талдамалық, консалтингілік және оқу-әдістемелік қызметтерді ұсыну мәселелері жөніндегі жұмысты күшейту.
Кәсіби Yкімет
2007-2009 жылдары кәсіби Yкімет саласындағы басым міндеттер мыналар болады:
мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының сақтауын бақылау;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күресті нығайту;
облыстарда, Астана және Алматы қалаларында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тәртіптік кеңестерінің тиімділігін арттыру, Агенттіктің аумақтық басқармалары бастықтарының мәртебесін нығайту;
саны мен құрамы бойынша тиімді әрі оңтайлы мемлекеттік аппарат құру;
мемлекеттік қызметтер стандарттарын әзірлеу және енгізу, мемлекеттік органдар ұсынатын қызметтердің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
электрондық үкіметті дамыту;
еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің жалақысын арттыру және оларды әлеуметтік қорғау жөніндегі одан кейінгі шаралар;
мемлекеттік органдар мен қоғамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау мен мемлекеттік қызметті жетілдірудегі өзара іс-қимылын өрістету;
мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін дамыту, мемлекеттік қызмет кадрларын даярлау орталықтарының ғылыми, кадрлық және материалдық-техникалық базасын нығайту, шетелдегі беделді оқу орталықтарында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру.
Мемлекеттік басқару академиясының базасында осы заманғы мемлекеттік менеджерлер даярлау үшін шетелдік әріптестердің қатысуымен халықаралық стандарттарға жауап беретін ұлттық басқару мектебі құрылады.
6. Аумақтық даму
Өңірлік саясат 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына сәйкес айқындалады және басымдық өңірлік және әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті маманданудың, экономикалық әлеуеттің ұтымды кеңістік ұйымының қалыптасуына негізделген экономиканың теңгерімді дамуының қажеттіліктеріне сәйкес келетін аумақтық даму болып табылады.
Біркелкі дамыту тұжырымдамасының орнына поляризациялық дамыту тұжырымдамасы келуге тиіс, мұнда неғұрлым серпінді дамып келе жатқан қалалар немесе өңірлік және жаһандық нарықтарға кіріктірілген әрі елдің қалған барлық өңірлері, ал перспективада бүкіл Орталық Азия өңірі үшін "локомотивтер" рөлін атқаратын өңірлер "өcу полюстеріне" айналуы мүмкін.
Алдағы жылдары өңірлік саясаттың мақсаты экономикалық перспективалы аудандарда және өмір сүруге қолайлы табиғи-климаттық аймақтарда экономикалық және еңбек ресурстарының шоғырлануы, өңірлік және әлемдік экономикада ел мен оның өңірлерінің бәсекеге қабілетті мамандануының қалыптасуы болады.
Осы мақсаттарда мынадай міндеттерді шешу қажет:
дамыған өңірлік орталықтарда экономикалық қызметті жандандыруға бағытталған аумақтық дамудың жаңа саясатын әзірлеу;
өңірлердің бәсекеге қабілетті мамандануын қалыптастыру;
проблемалы аумақтарды дамыту.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді шешу үшін кластерлерді қалыптастырумен өзара байланыста, өңірлердің бәсекеге қабілетті мамандануын және аумақтардың инфрақұрылымын дамыту, өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру, сондай-ақ ауылдық және проблемалық аумақтарды, шағын қалаларды одан әрі дамыту көзделеді.
Өңірлердің бәсекеге қабілетті мамандануын дамыту
Дамыған өңірлік орталықтарда экономикалық қызметті жандандыруға бағытталған жаңа өңірлік даму саясатын әзірлеу, өңірлердің бәсекеге қабілетті мамандануын қалыптастыру үшін 2007 жылы:
мемлекеттік органдар, жеке меншік кәсіпорындар, бизнес-қауымдастықтар, ғылыми зерттеу институттары мен басқа да мүдделі құрылымдар өкілдерінің қатысуымен өңірлердің әкімдіктері жанынан консультативтік-кеңесші органдар ретінде Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестер құру;
өңірлерді дамытудың бәсекелі стратегияларын қабылдау көзделіп отыр.
Кластерлерді қалыптастырумен өзара байланыста аумақтардың
инфрақұрылымын дамыту
Аумақтық дамуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету экономикалық өсу үшін жағдай, халықтың тұрмыс-тіршілігінің қолайлы ортасын жасауға және өндірістік, энергетикалық, тыныс-тіршілік, көлік, телекоммуникация, су шаруашылығы, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымды қамтамасыз етуге бағытталады.
Мемлекеттік реттеудің тұтас объектісі ретінде қаралатын оның әр түрлі магистралдық және тораптық элементтерінің тұжырымдамалық және технологиялық жағынан өзара байланысты жүйе ретінде Ұлттық көлік инфрақұрылымын қалыптастырудың және перспективалық дамытудың жаңа идеологиясы көзделеді.
Қазіргі бар және қалыптастырылатын коммуникациялық дәліздер мен тораптар:
Солтүстік Қазақстан, Орталық (тіректік) және Оңтүстік Қазақстан сауда-экономикалық дәліздерінің (ел дамуының стратегиялық осьтері шеңберінде қалыптастырылатын) негізгі инфрақұрылымдық құрамдас бөлігін құрауы;
елдің өңірлік және жаһандық нарықтарға (транзит әлеуетін іске асыруды қоса алғанда) ықпалдасуы сол сияқты, тиімді дамушы экономикалық белсенділіктің аймақтарын қалыптастыру базасы ретінде сауда-логистикалық жүйелердің (тораптардың), перспективалы жаңа кластерлердің ел кеңістігінде орналасу процесіне де ықпал етуі тиіс.
Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру
Өңірлік бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инвестицияларды тарту үшін, ұйымдық және экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ рентабельді емес кәсіпорындар базасында жаңа өндірістерді құру және мемлекеттік меншік объектілерін тиімді пайдалану мақсатында бизнесті ұйымдастырудың айқын шарттарында шағын және орта бизнесті кәсіпкерлікті дамыту үшін және бизнесті ұйымдастырудың айқын жағдайында тапсырысшы әрі "локомотив" рөлінде бола алатын ірі әртараптандырылған қаржылық тұрақты кәсіпорындармен өзара тиімді ынтымақтастығы үшін алғышарттар жасау жөніндегі шаралар көзделетін болады.
Неғұрлым дамыған өңірлік орталықтарда өзара байланысты бірнеше өңірлерде кәсіпкерлік факторын жандандыруға бағдарланған Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларды құру ресурстарды жұмылдыру тетіктерінің бірі болады.
Олар өзінде қоғамдық мүдделер мен пайдалы қызметті біріктіретін ірі өңірлік холдингтер ретінде көрінетін болады.
Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру тұжырымдамасына сәйкес осы корпорациялардың қызметінің басты бағыты активтерді басқару, жаңа жобаларға бастамашылық жасау және өңірді дамыту мүддесінде қосымша инвестициялар тарту, өңірде шағын және орта кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтеріне ұзақ мерзімді негізде пайдалы сұранысты жасау болып табылады.
Осындай корпорациялардың дамуы өзінің ғана емес, аралас өңірлердің де экономикалық белсенділігін өзінде шоғырландыратын және бәсекеге қабілетті өңірлік кластерлердің қалыптасуының катализаторлар болуға қабілетті ірі өңірлік орталықтарды құруға ықпал етеді.
Ауылдық және проблемалы аумақтарды дамыту
Ауылдық аумақтарды тиімді дамытуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғастырылады.
Орта мерзімді кезеңде шекара маңындағы елді мекендердің экономикалық әлеуетімен қамтамасыз ететін инфрақұрылымын сақтау және дамыту, шекара маңындағы аудандардың ірі мекендерінің әкімшілік маңыздылығын арттыру жөніндегі шаралар іске асырылады.