Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 90-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 23 шілдедегі № 197-ө Өкімі
«Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 90-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде 8, 9, 10 жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
8 | Астана қаласының пилоттық аймағында мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын пайдалану ережесін бекіту туралы | Бұйрық | АБА (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), ПМК | 2007 жылғы шілде |
9 | «Электрондық үкімет» веб-порталының контентін басқарудың ішкі жүйесін пайдалану ережесін бекіту туралы | Бұйрық | АБА (жинақтау), МАМ, ҰҚК (келісім бойынша), ПМК | 2007 жылғы шілде |
10 | Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінің аппараттық- бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалану ережесін бекіту туралы | Бұйрық | АБА(жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), ПМК | 2007 жылғы шілде |
».
Премьер-Министр | К. Мәсімов |