2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Жеке және заңды тұлғаларды өздерiнiң мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортасының жай-күйi туралы, сондай-ақ аумаққа құрылыс салу (қайта жоспарлау) жөніндегi ниеттерi туралы хабардар етудi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе қоғамдық талқылау жүргізу, экспозициялар мен көрмелер арқылы жергілікті аудандардың (қалалардың) атқарушы органдары жүзеге асырады.
3. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы бекітілгенге дейiн жеке және заңды тұлғалардың талқылауға қатысуға, қоғамдық немесе жеке мүдделердi қозғайтын, қабылданатын шешiмдердi өзгерту жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Жобаланатын объектілер, мекендеу және тiршiлiк ету ортасының жай-күйi мен онда жасалмақшы болып отырған, мемлекеттік нормативтерге немесе бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ тiкелей қоғамдық және жеке мүдделердi қозғайтын өзгерістер туралы мемлекеттік органдар жалған ақпараттар берген (қол жеткiзiлуi шектеулi санатқа жатқызылмаған сұратылған ақпаратты беруден бас тартқан) жағдайда, жеке және заңды тұлғалар сот органдарына жүгінуге құқылы.
5. Қала құрылысы, сәулет немесе құрылыс шешiмдерiн қабылдау кезiнде жеке және заңды тұлғалардың талқылауға қатысуы:
1) тiкелей қатысу;
2) өкілдiгi нысанында;
3) заңда тыйым салынбаған өзге де нысанда көрiнiс табады.
6. Егер сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметi осы аумақта азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және заңды тұлғалардың мүдделерiн қозғаса, онда олардың:
1) заңдарды немесе мемлекеттік нормативтердi бұза отырып жүзеге асырылатын объектiлердi орналастыру, жобалау, салу (реконструкциялау) немесе пайдалануға беру туралы шешiмнiң әкiмшiлiк немесе сот тәртібімен күшiн жоюға;
2) заңдарды немесе мемлекеттік нормативтердi бұза отырып жүзеге асырылатын қызметке әкiмшiлiк немесе сот тәртібімен шектеу енгізуге, тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (аудандық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының iс-әрекеттерiне, сондай-ақ жобаларды сараптау қорытындысына сот тәртібімен шағым жасауға;
4) субъектiлердiң немесе лауазымды адамдардың заңдарды немесе мемлекеттік нормативтердi бұзуға жол беруiне байланысты азаматтардың денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу туралы сотқа талап қоюға;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңдарды және мемлекеттік нормативтердi бұзудың өзге де фактілері бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен жүгiнуге құқығы бар.
3-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі субъектілерінің құқықтары,
мIндеттері мен жауапкершілігі
14-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң құқықтары
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) тиiстi сәулет және қала құрылысы органдарынан, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметтерiнен (қол жеткiзiлуге шек қойылған ақпараттарды немесе құжаттарды қоспағанда) жобалау алдындағы зерттеулерге, техникалық-экономикалық негiздеменi дайындауға, құрылыстағы инвестициялар негiздемесiне, аумақты игерудi жоспарлауға және (немесе) онда құрылыс салуға, объектiлердi жобалау мен салуға, сондай-ақ оларды кейiннен пайдалануға қажеттi ақпаратты (мәлiметтердi, деректердi, бастапқы материалдарды немесе құжаттарды) сұрауға және алуға;
2) қала құрылысы регламенттерi, сервитуттар немесе өзге де нормативтiк талаптар (шарттар, шектеулер) шегiнде меншiкке сатып алынған не иеленуге, пайдалануға берiлген жер учаскелерiн нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға құқығы бар.
15-бап. Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық
1. Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық пен соған байланысты туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және осы Заңмен реттеледi.
2. Шығармашылық еңбегiнiң нәтижесiнде сәулет және (немесе) қала құрылысы туындысын жасаған азаматтар оның авторлары деп танылады және оларға тиiсiнше авторлық құқық беріледi.
3. Сәулет немесе қала құрылысы туындысы авторларының мүлiктiк құқықтары (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) оның:
1) жобаны пайдалану немесе іске асыру үшін пайдалануға рұқсат етуге;
2) сәулет немесе қала құрылысы жобасын жаңадан жасауды, таратуды және қайта өңдеудi жүзеге асыруға немесе оған рұқсат етуге;
3) аталған ерекше құқықтарын заңдарда көзделген тәртiппен басқа тұлғаларға беруге ерекше құқығы болып табылады.
4. Қызметтiк мiндеттердi немесе қызметтiк тапсырманы орындау ретiмен жасалған сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторларына, егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiктiк құқықтар берiлмейдi.
Жобаның тапсырысшысы (жұмыс берушi) мен авторлар (тапсырысты орындаушылар) арасындағы шартта қызметтiк мiндеттердi немесе қызметтiк тапсырманы орындау ретiмен жасалған сәулет немесе қала құрылысы туындысын пайдалану жөніндегі мүлiктiк құқықтарды реттеу туралы ереже болуға тиiс.
5. Сәулет немесе қала құрылысы туындыларының авторы:
1) егер құрылыс жобасын әзiрлеуге берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, авторлық жобаны iске асыру жөніндегi құрылыс құжаттамасын әзiрлеуге авторлық қадағалауды жүзеге асыруға;
2) егер сәулет (қала құрылысы) жобасын әзiрлеуге берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, объектiлер құрылысының (реконструкциялаудың, қалпына келтiрудiң, жаңғыртудың) барысына белгiлеген тәртiппен авторлық қадағалауды жүзеге асыруға;
3) егер жобаны әзiрлеуге арналған шартта немесе жобалауға берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, сондай-ақ объектiде мемлекеттік құпияларға жатқызылған ақпарат болмаса, суретке түсiрудi (кино-, бейне түсiрiлiм) жүргiзуге құқылы.
6. Автордың (авторлардың) сәулет және қала құрылысы туындыларына жеке мүлiктiк емес құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
16-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң негiзгi мiндеттерi
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi:
1) қызметiн заңдарға және мемлекеттік нормативтерге (мемлекеттік нормативтiк құжаттарға) сәйкес жүзеге асыруға;
2) өздерiнiң меншiгіндегі (иелiгіндегі, қолдануындағы) пайдаланылушы объектiлердi олардың азаматтар үшiн қауiпсiздiгiн, эстетикалық талаптарды қоса алғанда, нормативтiк және басқа да мiндеттi талаптарға сәйкес тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн лайықты жағдайда ұстауға мiндеттi.
17-бап. Субъектiлердiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiгi
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарда белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулердi) бұзуға жол берген оның субъектiлерiн Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Аталған бұзушылықтарға мыналар жатады:
1) сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметiне жататын жобалау-iздену, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарының, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру жөніндегі жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) лицензияланатын түрлерiн лицензиясыз жүзеге асыру;
2) аумақтардың, қала құрылысы регламенттерiнiң бекітілген жұмыс iстеу мақсатынан, қала құрылысын ерекше реттеу аймақтарында белгiленген режимнен ауытқу;
3) қала құрылысы мақсаттарына арналған жер учаскелерiн таңдау мен берудiң (пайдалануға рұқсат етудiң), сондай-ақ алып қоюдың заңдарда белгiленген тәртібінен ауытқу;
4) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеудiң, келiсудiң, сараптамадан өткізудiң және бекітудiң белгiленген тәртібінен ауытқу, нақ сол сияқты заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілген құжаттамадан ауытқу не бекiткен инстанцияның рұқсатынсыз оған өзгерістер енгізу;
5) заңдарда белгiленген тәртiппен рұқсат алмай құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзу;
6) осы заңда мiндеттілігi көзделген жағдайда, құрылысты сәулет-құрылыс бақылауын, техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргiзбей жүзеге асыру;
7) өз бетiнше құрылыс салу, нақ сол сияқты үйлердiң, жекелеген үй-жайлардың және (немесе) үй бөліктерiнiң сәулеттiк келбетiн өзгерту, қайта жоспарлау (қайта жабдықтау, қайта бейiмдеу);
8) елдi мекендердi жоспарлау мен салу кезiнде сейсмикалық қауiптілігi жоғары аймақтарда белгiленген сызықтар мен құрылыс салу сызықтарынан, сондай-ақ сары сызықтардан ауытқу;
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, сондай-ақ объектiнi салу және кейiннен пайдалану процесiнде еңбек қорғау, өрт және жарылыс қауiпсiздiгi, санитариялық және экологиялық қауiпсiздiк мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткізудi қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік нормативтердi сақтамау;
10) құрылысы аяқталған объектiлердi қабылдау мен пайдалануға берудiң, сондай-ақ пайдалану процесiнде оларды күтiп-ұстаудың заңдарда белгiленген тәртібін бұзу;
11) лауазымды адамдардың елдi мекендердi (елдi мекеннiң бөлiктерiн) жоспарлауға және салуға (реконструкциялауға) байланысты шешiмдердiң әзiрленуi мен қабылдануы, жобаланып отырған объектiлер туралы, сондай-ақ мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортаның жай-күйi мен оған қоғамдық және жеке мүдделердi тiкелей қозғайтын, көзделiп отырған өзгерістер туралы ақпарат беруден негiзсiз бас тартуы не жалған ақпарат беруi;
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
12) мекендеу және тiршiлiк ету ортасының жай-күйiнiң нашарлауына, азаматтар , соның iшiнде мүгедектер мен тұтас алғанда қоғамның құқықтарына және заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғатын мемлекеттік мүдделерге зиян келтiруге себеп болатын өзге де әрекеттер.
2. Жiберiлген жолсыздықты және оның зардаптарын жою, сондай-ақ келтiрiлген залалдың (зиянның) орнын толтыру жөніндегi мiндеттер аталған жолсыздыққа жол берген субъектiге жүктеледi.
3. Сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметi субъектiлерiнiң жол берген бұзушылықтары салдарынан салынған объектiнi пайдаланудың кепiлдi мерзiмiн сақтамау фактілері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормаларына, сондай-ақ осы Заңның 69-бабына сәйкес белгiленедi.
4-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік басқару
18-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттік басқару органдары
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы реттеудi жүзеге асыратын, сондай-ақ бақылау-қадағалау мiндеттерiн атқаратын мемлекеттік басқару органдары:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган ;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiмен сабақтас болып табылатын мәселелер бойынша өздерiнiң арнаулы өкiлеттiктерi шегiнде өзге де орталық атқарушы органдар;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) өздерiнiң арнаулы өкiлеттiктерi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары болып табылады.
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
19-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында мемлекеттік саясатты жүргiзедi;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
2) аумақтарды, елдi мекендердi игеру мен дамытудың басым бағыттары жөніндегі бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етедi;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын кешенді әзірлеуді орталық атқарушы органдарға тапсырады, өндіргіш күштерді қоныстандыру және орналастыру жүйесін, республикалық маңызы бар қала құрылысы регламенттерін, өндірістік, әлеуметтік, рекреациялық, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарын дамытудың, сондай-ақ республикалық және аймақаралық маңызы бар ерекше реттелетін қала құрылысының аумақтары мен объектілерінің схемалары мен жобаларын қоса, оның негізгі ережелерін бекітеді және іске асырады;
4) республикалық және аймақаралық маңызы бар ерекше реттелетiн қала құрылысының аумақтары мен объектiлерiнiң шекарасын белгiлейдi;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың және халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын (негізгі ережелерін қоса алғанда), облыстардың аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жалпымемлекеттік, мемлекетаралық немесе өңіраралық маңызы бар өзге де қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасын, сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістерді бекітеді;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзудiң, жаңа объектiлер салуға және жұмыс iстеп тұрғандарын өзгертуге рұқсат ететiн рәсiмдердiң бiрыңғай тәртібін белгілейдi;
7) мемлекеттік және аймақаралық маңызы бар аумақтарды қала құрылысына игеру кезiнде аумақтар мен табиғи ресурстардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
8) жалпы мемлекеттік және мемлекетаралық маңызы бар объектiлердi жобалау мен салу туралы шешiм қабылдайды, мемлекеттік қабылдау комиссияларын құрады;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында мемлекеттік саясатты жүргiзу мен бағдарламаларды iске асыру кезiнде министрлiктердiң, басқа да орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық етедi және олардың iс-қимылын үйлестiрудi жүзеге асырады;
10) құрылыс-монтаж жұмыстары құрамындағы жұмыстар (көрсетiлетiн қызметтер) түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
11) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы әлеуетiн басымдықпен пайдалану туралы заң актілері талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
12) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
13) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актілер шығарады;
14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ынтымақтастық туралы үкiметаралық келісімдердiң орындалуын қамтамасыз етедi;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
15) қаржыландыру көздеріне қарамастан, құрылыстың жобалау алдындағы құжаттамасына (техникалық-экономикалық негіздемелеріне) және жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережелерін белгілейді;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
15-1) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай саралану талаптарын бекітеді;
2005.12.04. № 38-III ҚР Заңымен бап 16) тармақшамен толықтырылды
16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету ережесін бекітеді;
2005.12.04. № 38-III ҚР Заңымен бап 17) тармақшамен толықтырылды
17) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жобалар бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарды тарту тәртібін белгілейді.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
18) сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау тәртібін белгілейді;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
19) ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін белгілейді;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
20) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
21) Қазақстан Республикасының шетелдегі объектілері мен кешендерін салу (реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобаларын іске асыру тәртібін айқындайды.
20-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттік органның құзыретi
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттік органның құзыретiне:
1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндiрiстiк базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүргiзу;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының жобасын әзірлеуді қамтамасыз ету;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
2) құнды сәулет-қала құрылысы мұрасының сақталуын, сәулет пен қала құрылысында ұлттық және мәдени дәстүрлердiң дамуын ескере отырып, аумақтарды және елдi мекендердi игеру мен дамытудың басым бағыттары бойынша бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру;
3) заңдарда көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүргiзу мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға басшылық жасау;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттік реттеу әдiстерiн әзiрлеу;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және оларды келiсу;
6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында нормативтiк құқықтық актiлердi, нормативтiк-техникалық құжаттарды заңдарда белгiленген тәртiппен әзiрлеу, бекіту және қолданысқа енгізу;
2005.12.04. № 38-III ҚР Заңымен бап 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) объектілер құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру ережелерін әзірлеу және бекіту;
7) құрылыстағы мемлекетаралық (халықаралық) және мемлекеттік стандарттарды белгiленген тәртiппен әзiрлеу, бекіту және қолданысқа енгізу;
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 8) тармақша өзгертілді
8) республикалық маңызы бар қаланың, астананың , халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына, Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн өзге де қала құрылысы құжаттамасына кешендi қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру мен жүргiзу;
9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiндерiн қоспағанда, мемлекеттік, аймақаралық немесе мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар объектiлердiң құрылысына (аумақтарда құрылыс салуға) арналған қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын қарау және бекіту;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10) өтiнiш берушiлердiң (лицензияға үмiткерлердiң) және (немесе) лицензиаттардың біліктілік талаптарына сәйкестiгiне сарапшылық баға беру үшiн жеке және заңды тұлғалардың тіркелуiн жүзеге асыру;
11) жобалау құжаттамасының сапасын қадағалауды, жобаларға мемлекеттік сараптама жүргiзуге басшылық жасауды, сондай-ақ мемлекеттік емес сараптама орталықтарын тiркеудi және сарапшыларды аттестациялауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 12) тармақша жаңа редакцияда
12) республикалық маңызы бар объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру, олар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісіне рұқсаттар ресімдеу және беру, осы құрылыстарда қала құрылысы және сәулет-құрылыс тәртіптерін бұзушыларға заңнамалық актілерде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
13) республикалық деңгейдегi мемлекеттік қала құрылысы кадастрының жүргiзiлуiн бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 14) тармақша жаңа редакцияда
14) жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қызметін, сондай-ақ облыстық және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметтерін нормативтік-техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету;
15) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында белгіленген заң нормаларын, мемлекеттік нормативтiк талаптарды, шарттар мен шектеулердi бұзушыларға жол берiлген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты заңдарда көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
16) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 20-бап 17) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
17) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
18) мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау жатады.
21-бап. Облыстық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi
Облыстық мәслихаттардың тиiстi аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретiне:
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын, облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасын мақұлдау;