“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 және
2002 жылғы 21 мамырдағы № 543 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 342 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 қаулысында:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "мемлекеттік ведомствоаралық" деген сөздер "ведомствоаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
тақырыбындағы "мемлекеттік ведомствоаралық" деген сөздер "ведомствоаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасының радиожиiлiктерi жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізiлсiн:
Тiлеубердин - Қазақстан Республикасының Премьер-
Алтай Абылайұлы Министрi Кеңсесiнiң Басшысы, төраға
Бектасов - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Әбен Ағыбайұлы және байланыс агенттiгiнiң төрағасы,
төрағаның орынбасары
Әбiлғазин - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Талғат Байтемiрұлы коммуникация вице-министрi
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар вице-министрi;
мынадай:
"Досжан - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Ардақ Дүкенбайұлы вице-министрi
Нұршабеков - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Ризат Рахатбекұлы және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң
Мемлекеттік қадағалау және лицензиялау
департаментi директорының орынбасары,
хатшы"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Досжан - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ардақ Дүкенбайұлы ақпарат және спорт вице-министрi
Нұршабеков - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Ризат Рахатбекұлы және байланыс агенттiгi Мемлекеттік
қадағалау және лицензиялау
департаментiнiң директоры, хатшы";
көрсетiлген құрамнан Мыңбаев Сауат Мұхамбетбайұлы, Қанешев Бiржан Бисекенұлы шығарылсын;
2) "Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 21 мамырдағы № 543 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 14, 149-құжат):
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "мемлекеттік ведомствоаралық" деген сөздер "ведомствоаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:
тақырыбындағы "мемлекеттік ведомствоаралық" деген сөздер "ведомствоаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "мемлекеттік ведомствоаралық" деген сөздер "ведомствоаралық" деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |