Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 және
2002 жылғы 21 мамырдағы № 543 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 ақпандағы № 121 қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөнiндегі мемлекеттік
ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Марченко - Қазақстан Республикасы Премьер-
Григорий Александрович Министрінің бiрiншi орынбасары,
төраға
Лукин - Қазақстан Республикасының
Андрей Иванович Индустрия және сауда вице-министрi
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi
Алик Жатқамбайұлы iстер вице-министрi
мынадай:
"Досжан - Қазақстан Республикасының
Ардақ Дүкенбайұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім вице-министрi"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Досжан - Қазақстан Республикасының
Ардақ Дүкенбайұлы Ақпарат вице-министрi";
көрсетiлген құрамнан: Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев, Қанат Таупекұлы Тоқсейiтов, Александр Иванович Андрющенко шығарылсын;
2) "Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2002 жылғы 21 мамырдағы № 543 қаулысына (Қазақстан Республикасына ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 14, 149-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:
6-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |