Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 және
2002 жылғы 21 мамырдағы № 543 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 ж. 9 қыркүйектегі № 915 қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсін:
1) "Қазақстан Республикасы радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгiзілсін:
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төраға
Канешев - Қазақстан Республикасы
Бiржан Бисекенұлы Ақпараттандыру және байланыс
жөніндегi агенттiгiнiң төрағасы,
төрағаның орынбасары
Дарбеков - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Болат Керiмжанұлы министрiнiң бiрiншi орынбасары -
Штабтар бастықтары комитетiнiң
төрағасы
Тоқсейiтов - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Қанат Таупекұлы вице-министрi
Досжан - Қазақстан Республикасының
Ардақ Дүкенбайұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім вице-министрi
Асанов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Жақып Қажманұлы вице-министрi
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
вице-министрi
Оразбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика
Бырлық Есiркепұлы және минералдық ресурстар
вице-министрi
Нығматулин - Қазақстан Республикасының
Нұрлан Зайроллаұлы Көлiк және коммуникациялар
вице-министрi
Андрющенко - Қазақстан Республикасының Индустрия
Александр Иванович және сауда вице-министрi
Мажренов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Жомарт Рахымбекұлы қауіпсiздік комитетiнің қызмет
директоры (келісім бойынша);
мына:
"Жұмағалиев - Қазақстан Республикасы
Асқар Қуанышұлы Көлiк және коммуникациялар
министрлігінiң Байланыс және
ақпараттандыру жөніндегi комитетi
төрағасының орынбасары"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының
Асқар Қуанышұлы Ақпараттандыру және байланыс
жөніндегi агенттігі төрағасының
орынбасары";
көрсетiлген құрамнан: Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмов, Нұрлан Аббасұлы Өтембаев, Мырзабек Смағұлұлы Ахметов, Мүбәрәк Орынбекұлы Орынбеков, Сергей Петрович Солодилов, Бақыт Ахметұлы Ержанов, Асқар Батылханұлы Есенғараев, Қаныш Хасанұлы Алпысбаев, Сембек Сәбетұлы Жақыпбеков, Қажымұрат Ыбырайұлы Нағманов, Раушан Төлеқызы Ақпенова, Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев, Ербол Тағыбергенұлы Жанысов, Батырбек Сейтенұлы Әбдiреев, Ерлан Әскерұлы Жұмағұлов, Юрий Тимофеевич Базалийский шығарылсын;
2) "Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 мамырдағы № 543 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 14 149-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:
7-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |