14) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Уәкілетті орган
Қазақстан Республикасында көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.»;
15) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерін талдайды және оған болжам жасайды;
2) халықтың көші-қонын реттеу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар талдап жасайды;
3) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі бағдарламалар мен нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және жүзеге асырады;
4) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
5) оралмандардың көшіп келу квотасын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар талдап жасайды;
6) оралман және босқын мәртебелерін беру тәртібін айқындайды;
7) оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу тәртібін айқындайды;
8) оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету тәртібі мен уақытын айқындайды;
9) келген оралмандар мен босқындарды тіркеуді, есепке алуды жүзеге асырады;
10) оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне біржолғы жәрдемақылар мен өтемақылар төлеуді жүзеге асырады;
11) уәкілетті органның аумақтық органдарының босқын, оралман мәртебелерін беруден және оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуден бас тартуы туралы шағымдар бойынша шешімдер қабылдайды.».
6. «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №2-3, 26-құжат; 2001 ж., №24, 338-құжат; 2003 ж., №1-2, 6-құжат; №4, 26-құжат; №24, 178-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №15, 95-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағының төртінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) 12-баптың 1-тармағының сегізінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
7. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж. № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат):
1) 10-баптың 4-тармағында:
екінші бөліктегі «немесе сақтандыру ұйымдарына жұмыскердің атына кепілді және кепілзат қойылған жарналар» деген сөздер «жұмыскердің атына кепілді жарна» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «және кепілзат қойылған жарналарды» деген сөздер «жарнаны Қазақстан Республикасының банктеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 11-баптың 2-1-тармағы «шегінде» деген сөзден кейін «,Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін адамдарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 15-баптың 5-тармағындағы «қызметтері» деген сөз «органдары» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 21-баптың 3-тармағындағы «көші-қон қызметтері» деген сөздер «ішкі істер» деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 6-ы
№ 276-III ҚРЗ