Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы
№ 450 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 шілдедегі № 572 Қаулысы
«2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына сәйкес және шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы № 450 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 20, 243-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында:
«2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын қолдау жөніндегі жеделдетілген шаралар бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
«Экономиканы төрешілдіктен арылтудың тиімді тетіктерін әзірлеу және әкімшілік кедергілерді жою» деген 2-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 13-жолдың 6-бағаны «2007 жыл - 4,0 млн. теңге» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 15-жолдың 6-бағаны «2007 жыл - 4,4 млн. теңге» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 17-жолда:
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«2007 жыл - 9,4 млн. теңге»;
7-баған мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
«Республикалық бюджет»;
реттік нөмірі 18-жолдың 6-бағаны «2007 жыл - 28,9 млн. теңге. МАМ: 2007 жыл - 28,2 млн. теңге» деген сөздермен толықтырылсын;
«Кластерлік-желілік ұстаным негізінде өмір сүруге қабілетті инфрақұрылымдық жүйелерді құруды қамтамасыз ету» деген 5-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 4-жолдың 6-бағанындағы «2007 жыл - 10000 млн. теңге**» деген сөздер «2007 жыл - 9000 млн. теңге**» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 24-жолдың 6-бағаны «2007 жыл - 13,4 млн. теңге» деген сөздермен толықтырылсын;
«Жиынтығы (МБ іс-шараларын ескергенде)» деген жолдың 6-бағанындағы «10000,» деген сандар «9088,3» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |