Поиск 
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Сохранить(документ)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 535 Қаулысы (2016.21.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 535 Қаулысы

(2016.21.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 21 шілдедегi № 512 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесі бекітілсін.

2. «Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 486 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 20, 199-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 27 маусымдағы

№ 535 қаулысымен

бекітілген

 

 

  • Показать изменения

Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау

ережесі

 

1. Осы Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау тәртібін айқындайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қоршаған ортаға келтірілген зиянды экономикалық бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы лауазымды тұлғалар мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру барысында экологиялық заңнаманы бұзушылықтарды анықтаған кезде белгілейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары қоршаған ортаға залал келтіру фактісі анықталған күнінен бастап бір ай мерзімде қажетті материалдарды жинауды әрі талдауды жүргізеді және қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалауды айқындайды.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Залалды экономикалық бағалау қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жолымен келтірілген залалды толық жою мүмкіндігіне қарай тікелей немесе жанама әдістермен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Залалды экономикалық бағалаудың тікелей әдісі Экологиялық кодекстің 109-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.22.04. № 252 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 110-бабына сәйкес залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі атмосфералық ауаның, су ресурстарының ластануы, жер қойнауының заңсыз пайдаланылуы, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын, оның ішінде радиоактивті қалдықтарды белгіленген нормативтерден тыс орналастыру және табиғи ресурстарды нормативтерден тыс алып қою жағдайлары үшін қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2010.26.01. № 24 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі қоршаған ортаға нақты әсер мен ластаушы заттардың барлық түрлері бойынша белгіленген нормативтер арасындағы айырмаға, сондай-ақ айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне, экологиялық қауіптілік пен экологиялық тәуекел деңгейлеріне негізделеді.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2010.26.01. № 24 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.21.06. № 367 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8. Эмиссиялардың нақты көлемінің белгіленген нормативтерден асып түсуі құралмен өлшеу жолымен не заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесіне сәйкес есептеу жолымен айқындалады.

  • Показать изменения

Ластаушы заттың нақты массасын шартты тоннаға ауыстыру оның тоннадағы массасын заттың 1/ШЖБК мәніне тең қауіптілік коэффициентіне (Аi) көбейту жолымен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Экологиялық заңнаманың бұзылуынан туындаған экологиялық

қауіптілік, сондай-ақ экологиялық қатер деңгейін осы Ережеге 1, 2-қосымшаларда келтірілген өлшемдердің негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары анықтайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10. Стационарлық көздерден атмосфералық ауаның ластануынан, су ресурстарының ластануынан, өндіріс және тұтыну қалдықтарын белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау осы Ережеге 3-қосымшада көзделген есептеулерге сәйкес жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаның белгіленген нормативтерден тыс ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалауды айқындау үшін осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес есептеулер қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12. Қоршаған ортада радиоактивті қалдықтарды, иондаушы сәуле шығару көздерін белгіленген нормативтен тыс орналастырудан, сондай-ақ қоршаған ортаға орналастырылған құрылыс материалдарынан, тау-кен өндірісінің атжалдары мен шламдарынан, ағын және кеніш суларынан келтірілген залалды экономикалық бағалау осы Ережеге 5-қосымшада көзделген есептеулерге сәйкес белгіленеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13. Егер қоршаған ортанының ластануы, қалдықтарды орналастыру экологиялық рұқсат алусыз орын алған жағдайда осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес есептеулер формулалары қолданылады, мұнда қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтері нөльге тең болып қабылданады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2010.26.01. № 24 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

14. Жерасты суларының ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалау оларды тазалау жөніндегі іс-шаралардың құны бойынша тікелей әдіспен не өз бетімен ағын суларды төгудің іс жүзіндегі көлемін ескере отырып, жанама әдіспен айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15. Жобалық және жобадан тыс бөгеттердің, бөгендердің, жолдардың бұзылуы салдарынан, сондай-ақ шаруашылық қызметтен болған шұқанақтар мен жыралардың пайда болуы салдарынан топырақтың гидрографиялық желісінің ластануы топырақтың гидрографиялық желісіне тасталған салмағы өлшенген бөлшектердің авариялық шығарындысы ретінде қабылданады.

Осындай ластанудың залалын экономикалық бағалау осы Ережеге 3-қосымшаның 2-тармағына сәйкес айқындалады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2010.26.01. № 24 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.22.04. № 252 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

16. Кең таралған пайдалы қазбаларды (бұдан әрі - КПҚ), жерасты суларын, емдік балшықтарды өз бетімен өндірудің немесе оларды заңсыз пайдаланудың залалын экономикалық бағалау өндірілген пайдалы қазбаның және/немесе КПҚ-дан, жерасты суларынан, емдік балшықтардан алынған тауар өнімі құнының он еселенген мөлшерінде айқындалады.

  • Показать изменения

Өндірілген КПҚ, жерасты суларының, емдік балшықтардың және алынған тауар өнімінің құны бұзушылық анықталған күннен бастап бір тоқсаннан аспайтын кезең үшін тауар өнімін өткізудің орташа нарықтық бағасы негізге алына отырып айқындалады.

  • Показать изменения

Тауар өнімі өткізілмеген жағдайда өндірілген КПҚ-ның, жерасты суларының, емдік балшықтардың құны бұзушылық анықталған тоқсан алдындағы тоқсанда осы әкімшілік-аумақтық бірлікте ұқсас қызметті жүзеге асыратын табиғат пайдаланушыларда қалыптасқан орташа нарықтық баға негізге алына отырып айқындалады.

  • Показать изменения

Көрсетілген мәліметтер жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органнан не жергілікті атқарушы органдардан сұратылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.22.04. № 252 Қаулысымен 16-1-тармақпен толтырылды

  • Показать изменения

16-1. Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу (жер қойнауын заңсыз пайдалану) салдарынан келтірілген залалды экономикалық бағалау нақты өндірілген пайдалы қазбалар және/немесе игеру және бастапқы өңдеу кезінде өндірілген тауар өнімі (КПҚ, жерасты суларын, емдік балшықтарды қоспағанда) құнының он еселенген мөлшерінде айқындалады.

Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптардың бұзылуы және жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының бұзылуы (жер қойнауын заңсыз пайдалану) салдарынан келтірілген залалды экономикалық бағалау жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп айқындалады.

Өндірілген пайдалы қазбалардың құны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 қаулысымен бекітілген Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесіне сәйкес бұзушылық анықталған күннен бастап бір тоқсаннан аспайтын мерзімдегі тауар өнімін сатудың орташа нарықтық бағасы негізге алына отырып айқындалады.

Анықталған сома залал анықталған сәтке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдік валютаға шаққандағы ресми бағамына көбейтіледі.

Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган Мемлекеттік теңгерім есебінде тұрған қатты пайдалы қазбалар бойынша құрамы туралы мәліметтерді күнтізбелік 15 күн ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға береді.

Сынақ зертханасы Мемлекеттік теңгерім есебінде тұрмаған қатты пайдалы қазбалар бойынша құрамы туралы мәліметтерді күнтізбелік 15 күн ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға береді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17. Егер шаруашылық жүргізуші субъект қалпына келтіру мүмкін емес не арнайы жұмыстар (жерді қалпына келтіру, ағаш отырғызу және басқа да жұмыстар) жүргізуді талап ететін жерлердің ерекше шаруашылық, ландшафтық-рекреациялық және экожүйелік (су реттеуші, топырақты қорғау) құнарынан толық айырылуға әкеп соққан іс-әрекетті жүзеге асырған жағдайда, залалды экономикалық бағалау топырақтың айырылған қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындар құны мөлшерінде тікелей әдіспен не ағын суларды және өзге де сұйық ластаушы заттарды өз бетімен төгудің іс жүзіндегі көлемі не қалдықтарды өз бетімен орналастыру көлемі негізге алына отырып жанама әдіспен осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18. Оларды ауыл шаруашылығын және орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы алқаптарын алып қоюмен, сондай-ақ жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне жануарлар мен өсімдіктерді заңсыз аулаумен, дайындаумен, зақымдаумен немесе жоюмен жер және орман ресурстарына тікелей келтірілген залалды экономикалық бағалау жер, орман заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.

Жер, су және өсімдік ресурстарының ластануы, жойылуы немесе зақымдануы арқылы жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне, балық қорларына және гидробиониттерге келтірілген залалды экономикалық бағалау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жиынтық көлемде жер, су және өсімдік ресурстарына келтірілген залалды экономикалық бағалау нәтижелері бойынша айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

19. Су (теңіз) бетіне төгілген мұнайдың (мұнай өнімдерінің) залалын экологиялық бағалау осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес айқындалады.

Мұнайдың (мұнай өнімдерінің) ауданы мен шоғырлануы су бетін зерттеу жөніндегі және Қазақстан Республикасында қолданылатын тиісті нормативтік және әдістемелік құжаттардың негізінде жүргізілген зертханалық талдаулардың деректері негізінде анықталады.

Су объектілерін ластаушы мұнайдың (мұнай өнімдерінің) массасы мәні барынша еру жағдайында шекті шоғырлануға сәйкес келетін мұнайдың (мұнай өнімдерінің) суда еріген әрі эмульгирленген массасын және су объектісінің бетінде қабыршақты мұнай (мұнай өнімдерінің) массасын қосумен айқындалады.

ҚР Үкіметінің 2010.26.01. № 24 Қаулысымен 20-тармақпен толықтырылды (жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

20. Зымыран дайындау және «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде авариялар туындаған жағдайда қоршаған ортаның ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалау осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес айқындалады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Ережеге

1-қосымша

 

Экологиялық заңнаманы бұзудан туындаған экологиялық

қауіптің деңгейін анықтау өлшемдері

 

Өлшемдер

Экологиялық қауіптілік коэффициенті

Қалдықтарды кәсіпорындардың қоймада орналастыруға арналған аумақтарына орналастыру (қоймаға және көмуге рұқсат етілген жетілдірілген үйінділер, полигондар, қоймалар, көңсақтағыштар және экологиялық талаптарға жауап беретін объектілер);

су айдындарына және жинағыштарға ұйымдастырылған төгінділер; шығарындылардың ұйымдастырылған көздері

1

Қалдықтарды кәсіпорындардың жайластырылмаған аумақтарына орналастыру; қарапайым жинағыштарға сарқынды сулардың төгінділері; технологиялық негізделген шығарындылардың ұйымдастырылмаған көздері

1,5

Кәсіпорындардың аумағындағы технологиялық негізделмеген шығарындылар мен төгінділер;

қалдықтарды ауыл шаруашылығы алқаптарының және мемлекеттік орман қоры жерінің орман өспеген аумақтарына орналастыру

2,0

Шығарындылар, төгінділер, қалдықтарды мемлекеттік орман қоры жерінің орман өскен аумағына, селитебті және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, су қорғау аймақтарына және су айдындарының аумақтарына (тартылғандарын қоса алғанда) орналастыру, ауыз сумен қамтамасыз ету көздерінің санитарлық қорғау аймақтарының 1 және 2 белдеулері, курорттарды санитарлық қорғау округтерінің 1 және 2-аймақтары

3,0

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Ережеге

2-қосымша

 

Экологиялық заңнаманы бұзудан туындаған экологиялық

тәуекелдің деңгейін анықтау өлшемдері

 

  • Показать изменения

Өлшемдер

Экологиялық тәуекел коэффициенті

Бұзушылық соңғы үш жылда зиян келтірген заңды және жеке тұлғалар тарапынан осы түрдегі алғашқы бұзу болып табылады

1

Соңғы үш жылда зиян келтірген заңды және жеке тұлғалар тарапынан осы түрдегі бір мәртеден үш мәртеге дейінгі бұзушылық жағдайы орын алған кезде

1,1

Соңғы үш жылда зиян келтірген заңды және жеке тұлғалар тарапынан осы түрдегі төрт мәртеден он мәртеге дейінгі бұзушылық жағдайы орын алған кезде

1,5

Соңғы үш жылда зиян келтірген заңды және жеке тұлғалар тарапынан осы түрдегі он мәртеден астам бұзушылық орын алған кезде

2

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2010.26.01. № 24 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.21.06. № 367 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-қосымша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

Ережеге 3-қосымша

 

 

  • Показать изменения

Атмосфералық ауаны стационарлық көздердің шығарындыларымен ластаудан,

  • Показать изменения

су ресурстарын ластаудан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын белгіленген нормативтерден тыс

орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалауды айқындау

 есептемелері

 

  • Показать изменения

1. Атмосфералық ауаны стационарлық көздерден және газды алау етіп жаққаннан болған шығарындылармен і-лік ингредиент бойынша белгіленген нормативтерден тыс ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау жанама әдіспен мынадай формула бойынша айқындалады:

 

  • Показать изменения

Uі= Cіс жүз.і - Cнормі х 3600/1000000 х Аі х Т х 2,2 АЕК х 10 х К1 х К2,

 

  • Показать изменения

мұндағы:

  • Показать изменения

Uі - стационарлық көздерден және газды алау етіп жағудан атмосфералық ауаны і-ингредиентпен ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау, теңге;

  • Показать изменения

Cіс жүз.і - мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында анықталған і-лік ластаушы заттың іс жүзіндегі шығарындысы, г/сек;

  • Показать изменения

Cнормі - і-лік ластаушы зат шығарындысының нормативі, г/сек;

  • Показать изменения

Аі - салыстырмалы қауіптілік коэффициенті, мына формула бойынша айқындалады:

  • Показать изменения

Аі - 1/ШЖБШот, мұнда ШЖБШот - атмосфералық ауада ластаушы заттың шекті жол берілетін орташа тәуліктік шогырлануы;

  • Показать изменения

Т - мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында жүргізілген соңғы тексеруден бері өткен уақыт ретінде қабылданатын залал келтіру кезеңіндегі жабдықтың жұмыс уақыты (сағатпен);

  • Показать изменения

АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;

10 - арттыру коэффиценті;

К1 - экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;

К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.

  • Показать изменения

2. Су ресурстарын белгіленген нормативтерден тыс і-лік ингредиент бойынша ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау мына формула бойынша айқындалады:

 

  • Показать изменения

Uі = Cіс жүз.і - Cнормі х Vіс жүз. х 30 АЕК х Аі х 10 х К1 х К2, мұндағы:

 

  • Показать изменения

Uі - і-лік ингредиентпен су ресурстарын ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау (теңге);

  • Показать изменения

Cіс жүз.і - сарқынды сулардағы і-лік ластаушы заттың нақты шоғырлануы, мг/л;

  • Показать изменения

Cнормі - і-лік ластаушы зат төгіндісінің нормативі, мг/л;

  • Показать изменения

Vіс жүз - мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында жүргізілген соңғы тексеруден бері өткен уақыт ретінде қабылданатын кезеңдегі су бүру көлемі, млн. текше м;

  • Показать изменения

N = 30 - сарқынды суларды су объектілеріне ағызу үшін;

N = 18 - жинақтауыштарға, жер бедеріне және сүзу алқаптарына сарқынды суларды ағызу үшін;

АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;

  • Показать изменения

Аі - салыстырмалы қауіптілік коэффициенті, мына формула бойынша айқындалады:

  • Показать изменения

Аі = 1/ШЖБШз, мұнда ШЖБШз - осы түрдегі су объектісінде ластаушы заттың шекті жол берілетін шоғырлануы;

  • Показать изменения

10 - арттыру коэффиценті;

К1 - экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;

К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.

  • Показать изменения

3. Өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрін белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау мына формула бойынша айқындалады:

 

  • Показать изменения

Uі = (Ғіс жүз.і - Ғнормі) х Сқал х 10 Х К) Х К2

 

  • Показать изменения

мұндағы:

  • Показать изменения

Uі - өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрін орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау, теңге;

  • Показать изменения

Ғіс жүз.і - тексерілетін кезеңде өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрін орналастырудың іс жүзіндегі көлемі, тонна;

  • Показать изменения

Ғнормі - тексерілетін кезеңде өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрін орналастырудың нормативтік көлемі, тонна;

  • Показать изменения

Сқал - өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрінің 1 тоннасын орналастыру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген төлемақы мөлшерлемесі, теңге;

10 - арттыру коэффициенті;

К1 - экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;

К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.

  • Показать изменения

4. Радиоактивті қалдықтар болып табылмайтын, шектеулі пайдаланылатын материалдарға жататын және белгіленген нормативтерден тыс өнеркәсіптік қалдықтарды көму орындарында орналастырылуға тиіс, құрамында жасанды және табиғи радионуклидтер санитарлық нормалардан 0,3 кБк/кг-нан асатын, бірақ альфа сәулесін шығаратын радионуклидтер үшін 10 кБк/кг-нан аспайтын радионуклидтер және бета сәулесін шығаратын радионуклидтер үшін 100 кБк/кг-нан аспайтын радионуклидтер бар құрылыс материалдарын, тау-кен өндірісінің атжалдары мен шламдарын, сарқынды сулар мен кеніштер суларын қоршаған ортада орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау осы қосымшаға сәйкес жасыл индекс бойынша айқындалады.

  • Показать изменения

5. Егер құралмен өлшеуді жүргізу мүмкін болмаса, онда і-лік ингредиент бойынша атмосфералық ауаны, газды алау етіп жағудан және су ресурстарын ластаудан келетін залалды экономикалық бағалау мына формула бойынша айқындалады:

 

  • Показать изменения

Uі = (Сіс жүз.і - Снормі) х N АЕК х Аі х 10 х К1 х К2

 

мұндағы:

  • Показать изменения

Uі - і-лік ингредиент бойынша атмосфералық ауаны және су ресурстарын ластаудан келетін залалды экономикалық бағалау, теңге;

  • Показать изменения

Сіс жүз.і - і-лік ластаушы заттың қоршаған ортаға залал келтіру кезеңінде іс жүзіндегі шоғырлануы мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында табиғат пайдаланушылардың есептік деректерін, сондай-ақ электрондық құралдардың көрсеткіштерін және т.б. негізге ала отырып есептеу әдісімен айқындалады, тонна;

Снормі - і-лік ластаушы зат шығарындысының не төгіндісінің нормативі, тонна;

  • Показать изменения

N = 2,2 - стационарлық көздерден және газды алау етіп жағудан ластаушы заттардың шығарындыларымен қоршаған ортаны белгіленген нормативтерден тыс не экологиялық рұқсатсыз ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау үшін;

N = 30 - су объектілеріне ластаушы заттардың төгінділерімен қоршаған ортаны белгіленген нормативтерден тыс не экологиялық рұқсатсыз ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау үшін;

  • Показать изменения

N = 18 - жинақтауыштарға, жер бедеріне және сүзу алқаптарына белгіленген нормативтерден тыс не экологиялық рұқсатсыз ластаушы заттардың төгінділерімен қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау үшін;

АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;

Аі - салыстырмалы қауіптілік коэффициенті, мына формула бойынша анықталады:

  • Показать изменения

Аі = 1/ШЖБШ, мұнда ШЖБШ - атмосфералық ауада ластаушы заттың шекті жол берілетін орташа тәуліктік шоғырлануы не су ресурстарында ластаушы заттың шекті жол берілетін шоғырлануы;

10 - арттыру коэффиценті;

К1 - экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;

К2 - экологиялық тәуекел коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2010.26.01. № 24 Қаулысымен 4-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Ережеге

4-қосымша

 

 

Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаны белгіленген нормативтерден тыс

  • Показать изменения

ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау

есептемесі

 

Автомотор отынының і-түрі бойынша жылжымалы көздерден атмосфералық ауаны белгіленген нормативтерден тыс ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау мына формула бойынша анықталады:

 

Ui=(Сіс жүз -Снорм )/снормхRіс жүз.іхСшығіх10

 

мұнда:

Ui - автомотор отынының і-түрін жағу кезінде жылжымалы көздердің атмосфералық ауаны ластауынан келтірілген залалды экономикалық бағалау, теңге;

Сіс жүз. - мемлекеттік бақылау барысында айқындалған ластаушы заттың іс жүзіндегі шоғырлануы не шығарынды газдардағы түтін шығару көрсеткіші, көлемдік үлесі немесе %;

Снорм - ластаушы зат шоғырлануының нормативі не шығарынды газдардағы түтін шығару көрсеткіші, көлемдік үлесі немесе %;

  • Показать изменения

Rіс жүз.і - мемлекеттік не өндірістік экологиялық бақылау барысында жүргізілген соңғы тексеруден өткен уақыт ретінде қабылданатын залал келтіру кезеңіндегі автомотор отынының і-түрінің шығысы, тонна;

  • Показать изменения

Сшығ.і - жылжымалы көздердің автомотор отынының і-түрінің 1 тоннасын жағу кезіндегі атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлем ставкасы, теңге/тонна;

10 - арттыру коэффициенті.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Ережеге

5-қосымша

 

Қоршаған ортаға радиоактивті қалдықтарды, иондаушы сәуле

шығаруы көздерін белгіленген нормативтерден тыс

  • Показать изменения

орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалауды анықтау

есептемесі

 

Қоршаған ортаға радиоактивті қалдықтарды, сондай-ақ иондаушы сәуле шығару көздерін белгіленген нормативтерден тыс орналастыру кезінде келтірілген залалды экономикалық, бағалау радиоактивті қалдықтарды неғұрлым кең таралған радиоактивті уыттылығы жағынан 1 тоннасы радиоактивтіліктің 12 Гигабеккереліне (ГБк) тең радиактивті зат - табиғи уран белсендігі бойынша орналастырғаны үшін төлем нормативі негізге алына отырып белгіленеді.

Бұл ретте трансурандық элементтерді қоспағанда, 12 ГБк жиынтықты альфа-сәуле шығару радионуклидтерінің орналастырғаны үшін төлем нормативі қоршаған ортаға Қалдықтардың янтарь тізіміне жататын өнеркәсіптік қалдықтардың 1 тоннасын орналастырғаны үшін төлем нормативіне теңестіріледі. 12 ГБк трансурандық элементтерді орналастырғаны үшін төлем нормативі қоршаған ортаға Қалдықтардың қызыл тізіміне жататын өнеркәсіптік қалдықтардың 1 тоннасын орналастырғаны үшін төлем нормативіне теңестіріледі. Осылайша,

1ГБк трансурандық элементтерді орналастырғаны үшін төлем ставкасы мынаған тең:

СРАҚt=Ст1/12;

1 ГБк альфа радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін төлем ставкасы мынаған тең:

СРАҚa(альфа)=Ст2/12;

1 ГБк бета радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін төлем ставкасы мынаған тең:

СРБҚb(бета)=Ст2/12х0,1;

Ст1, Ст2 - ағымдағы жылға жергілікті өкілді органдар бекіткен тиісінше қызыл немесе янтарь индекстегі өнеркәсіптік қалдықтардың 1 тоннасы үшін төлем ставкасы;

0,1 - альфа-сәуле шығару радионуклидтерінің төменгі елеулі белсенділігімен (ТЕБ) салыстырғанда 10 есе кем бета-сәуле шығару радионуклидтері үшін ТЕБ-ті негізге ала отырып, бета радиоактивті қалдықтар үшін төмендеткіш коэффициент.

Радиоактивті қалдықтарды немесе трансурандық элементтерді белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады:

 

U=(Ғіс жүз-Ғнорм)хСРАҚa(альфа),b(бета),tх10хК1хК2

 

мұнда:

U - радиоактивті қалдықтарды белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау (теңге);

Ғіс жүз - орналастырылған радиоактивті қалдықтардың іс жүзіндегі радиоактивтілігі, ГБк;

Ғнорм - радиоактивті қалдықтарды орналастырудың нормативтік радиоактивтілігі, ГБк;

СРАҚ - тиісінше 1ГБк радиоактивті қалдықтарды немесе трансурандық элементтерді орналастырғаны үшін төлем ставкасы, теңге/ГБк;

10 - арттыру коэффициенті;

К1 - экологиялық қауіптілік коэффициенті, осы Ережеге 1-қосымша;

К2 - экологиялық тәуекелдік коэффициенті, осы Ережеге 2-қосымша.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Ережеге

6-қосымша

 

 

  • Показать изменения

Су (теңіз) бетіне төгілген мұнайдан келтірілген залалды экономикалық бағалау

есептемесі

 

1. Су (теңіз) бетіне мұнай төгілген кезде қоршаған ортаға келтірілетін залалдың шамасын айқындайтын негізгі факторлар мыналар болып табылады:

1) су объектісінің ластанған ауданы;

2) төгілген мұнайдың массасы;

3) су объектісінің ластану дәрежесі.

2. Су объектілерінің мұнаймен ластанған ауданын мемлекеттік экологиялық инспекторлар:

1) сараптамалық бағалау әдісімен;

2) құралдық әдіспен;


Справка к документу
   Идет загрузка...