3) аэрофототүсіру әдісімен анықтай алады.
3. Сараптамалық бағалау әдісін қолдану кезінде масштаб ретінде көлемі белгілі заттар немесе құрылыстар пайдаланылады және жергілікті жердегі фото-бейне түсірулермен расталады, олардың негізінде мұнай дағының ұзындығын, енін немесе радиусын анықтайды.
4. Ластану ауданын құралдық әдіспен анықтау үшін жергілікті жердегі тірек нүктелерді таңдап, олардың арасындағы бұрыштар мен арақашық анықталады. Алынған деректер картаға түсіріледі, содан кейін картаның масштабына сәйкес іздеу ауданын анықтайды. Тірек нүктелері өлшеулер жүргізілген кезде тіркелген және құралдық зерттеулермен расталған төгілу ауданындағы кемелердің координаттары болуы мүмкін.
5. Аэрофототүсіру әдісін қолданған кезде дақтың мөлшерін аэрофотосурет бойынша анықтайды, ол үшін:
1) фотосуретке (немесе негативтің өзіне) квадрат қабырғалары 1 мм тор суреттелген кальканы салады;
2) төгілген дақ ауданын жауып тұрған квадраттар санын анықтайды;
3) квадраттар санын калькадағы 1 мм2 сәйкес келетін аудан шамасына (аэрофототүсірудің таңдап алынған масштабы кезінде) көбейтеді;
4) аэрофототүсірудің масштабын m (1) бойынша ұшақтың навигациялық құралдар көрсеткіштерімен анықталатын фотоға түсіру сәтіндегі ұшу биіктігінің Н фотоаппараттың фокустық арақашықтығына b ара қатынасы ретінде анықтайды.
m = . (1)
6. Су объектісінің бетіне төгілген мұнайдың массасы Mm мынадай тәсілдердің бірімен анықталады:
1) мұнаймен ластанған су объектісінің бетіндегі құралдық өлшеулердің нәтижелері бойынша;
2) авариялық төгілуді жою кезінде мұнай жинағыш құралдармен жиналған мұнайдың көлемі бойынша;
3) егер олар белгілі болса не оны есептеу тәсілдерімен анықтауға мүмкіндік болса, мұнайдың төгілген көлемінің іс жүзіндегі деректері бойынша.
Егер су бетіне төгілген мұнай массасын анықтау әртүрлі нәтижелер беретін бірнеше тәсілмен жүргізілген жағдайда есептемеге ең үлкен шама алынады.
7. Құралдық өлшеулер деректері пайдаланылған кезде су объектісіне түскен мұнай массасын есептеу мынадай формуламен жүргізіледі:
, (2)
мұнда: mm - 1 м2 су бетіне төгілген мұнайдың үлес массасы, г/м2;
mф - мұнай төгілмеген 1 м2 су бетіндегі фондық мұнайдың үлес массасы, г/м2;
ҒМ - мұнай төгілген су бетінің ауданы, м2;
Cm - мұнай төгілу аймағында 0,3м тереңдіктегі су объектісінде еріген және/немесе эмульсияланған мұнайдың шоғырлануы, г/м3;
Сф - мұнай төгілмеген аймақтан тыс 0,3 м тереңдіктегі су объектісінде еріген және/немесе эмульгирленген мұнайдың фондық шоғырлануы, г/м3;
Vm - құралдық өлшеулер сәтінде төгілген мұнай еріп кеткен судың көлемі, Vm=0,3*FM, м3.
8. (2) формулаға кіретін құралдық өлшеулер деректерін алу үшін мыналар қажет:
1) 4-6-төгілу нүктелерінде көлденең қимасының ауданы белгілі сынама алатын құралмен мұнай алуды жүргізу. Сынама алу нүктелері, олардың 2-3-уі төгілу ортасына жақынырақ, ал басқа 2-3 оның шетінде болуы керек болып таңдалады. Алынған сынамалардан ортақ сынама жасалып, салмақтық әдіспен мұнайдың массасы анықталады. Табылған масса бойынша мұнайдың үлестік массасы mm есептеледі;
2) суда еріген және эмульсияланған мұнайдың шоғырлануын Сm анықтау үшін мұнай алынатын нүктелерде 0,3 м тереңдіктен судың сынамасы алынады (Сm, шоғырлануы Қазақстан Республикасында қабылданған әдістердің бірімен анықталады);
3) су объектісі бетіндегі мұнай төгілу әсеріне ұшырамаған 1-2-нүктелерде көлденең қимасының ауданы белгілі сынама алатын құралмен онда мұнайдың болуын және оның массасын анықтау үшін су сынамалары алынады. Табылған масса бойынша массасы mф анықталады;
4) массасын mф табу үшін су сынамалары алынатын нүктелерде 0,3 м тереңдіктен судағы мұнайдың фондық шоғырлануын Сф анықтау үшін су сынамалары алынады (су сынамалары мұнай төгілген орында мұнайдың фондық шоғырлануы туралы деректер белгісіз болған жағдайда жүргізіледі).
9. Сараптамалық бағалау тәсілі мұнай төгілген жерде қабаттық қалыңдығы 1 мм едәуір аз болған жағдайда қолданылуы мүмкін. Су беті сипатын сараптамалық бағалау және мұнай қабыршағының сыртқы белгілері негізінде су объектісінің бетіне төгілген мұнай массасының есептемесі мынадай формуламен есептеледі:
. (3)
Төгілген мұнайдың массасын осы тәсілмен бағалаған кезде mm және mф мәндері 1 кесте бойынша қабылданады.
1-кесте. Мұнай қабыршағының әр түрлі сыртқы түріне
қарай 1 м2 су бетіндегі мұнай массасы
Мұнай қабыршағының сыртқы белгілері | 1 м2 су бетіндегі мұнай массасы, г |
1. Опалесценция (әр түрлі жарық беру жағдайында түрлі- түсті белгілердің болмауы) белгілері жоқ таза су беті | 0 |
2. Дақ пен қабыршақ- тың жоқтығы, неғұрлым қолайлы жарық беру жағдайында және су бетінің тыныштық күйінде байқалатын бөлек түрлі-түсті жолақтар | 0,1 |
3. Су бетіндегі бөлек дақтар және су бетінің тыныштық күйінде байқалатын күміс түсті болар- болмас қатпары бар сұр қабыршақтар, алғашқы түрлі-түсті белгілердің пайда болуы | 0,2 |
4. Су баяу толқыған кезде байқалатын жарқыраған түрлі- түсті жолақтары бар дақтар мен қабыршақ- тар | 0,4 |
5. Су бетінің едәуір учаскесіне жабатын, су толқындаған кезде бөлінбейтін, түрлі- түстілігі күңгірт лайлы-қоңыр түске ауысқан, дақтар мен қабыршақ түріндегі мұнай | 1,2 |
6. Су беті мұнайдың тұтас қабатымен жабылған, су толқындаған кезде анық көрінеді, түсі қара, қошқыл қоңыр | 2,4 |
10. Су айдындары үшін төгілу орнының астындағы эмульгирленген және еріген мұнайдың іс жүзіндегі шоғырлануларының, сондай-ақ төгілген мұнайды жинау жөніндегі іс-шараларды жүргізгеннен кейін су объектісінің ластанған су қабатының қалыңдығын бақылау өлшеулерін жүргізуге рұқсат етіледі.
11. Мұнай төгілу салдарын жою жөніндегі міндетті іс-шаралар
жүргізілгеннен кейін су бетінде қалған қабыршақты мұнай массасы мынадай формуламен есептеледі:
, (4)
мұнда: Мкаб.қалд - төгілу салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жүргізілгеннен кейін су бетінде қалған қабыршақты мұнай массасы, т;
mкаб.қалд - төгілген мұнайды жинау аяқталғаннан кейін 1 м2 су бетіндегі қабыршақты мұнайдың үлес массасы, г/м2;
Fн.қалд - мұнай төгілу салдарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін қабыршақты мұнаймен жабылған су бетінің ауданы, м2;
mкаб.қалд мәні 1-кесте бойынша қабылданады.
12. Су объектілерінің ластану дәрежесі суда еріген және (немесе) эмульгирленген мұнай массасымен анықталады.
13. Су қабатын ластайтын мұнай массасы мынадай формулалармен есептеледі:
1) су айдындары үшін
, (5)
2) су ағындары үшін
, (6)
мұнда: Мм.с-к - еріген және (немесе) эмульгирленген мұнай массасы,m;
Мм.с-а - тиісінше су айдынын, су ағынын ластайтын еріген және (немесе) эмульгирленген мұнай массасы, т.
Бұл ретте қанығу шоғырлануы Сқ су айдындары үшін 26 г/м3, су ағындары үшін 122 г/м3 болып табылады.
Фондық шоғырлану Сф туралы деректер су объектілерін бақылайтын жергілікті органдардан алынуы немесе ластану аймағынан тыс жерден іріктеп алынған су сынамаларының зертханалық талдау нәтижелері бойынша анықталуы мүмкін.
14. Су қабатын ластайтын мұнай массасын массалардың теңгерімдік арақатынасы арқылы есептеуге болады:
=, (7)
мұнда: Мсу.жин - жиналған мұнай массасы, т;
Мсу.б - мұнай төгілген сәттен бастап оны жинауға дейін су объектісі бетінен буланған мұнайдың ұшпалы төменгі молекулярлық көмірсутектерінің массасы мынадай формуламен анықталады:
, (8)
мұнда: qсу.б - суға төгілген 1 м2 мұнайдың бетінен шығатын көмірсутектердің шығарындыларының үлес шамасы, г/м2.
Шығарындылардың үлес шамасы qсу.б мынадай параметрлерге қарай төменде келтірілген 2-кесте бойынша алынады: булану бетінің орташа температурасы:
t = 0,5-(t + t), (9)
мұнда: tсу.б - судағы булану бетінің орташа температурасы, оС;
tв - судың жоғары қабатының температурасы, оС;
tвоз - ауа температурасы, оС.
2-кесте. Мұнай бетінен атмосфераға ұшатын көмірсутектер
шығарындыларының үлес шамасы, г/м2
(мұнайдың тығыздығы 0,850 т/м3 дейін)
Мұнайдың булану ұзақты- ғы, сағат | Мұнай қабатының қалыңдығы,/\cу, м; |
0,001-ге дейін | 0,005 | 0,010 | 0,050 | 0,100 |
Булану бетінің температурасы tcу.б= 5oС |
6-ға дейін | 27 | 63 | 90 | 206 | 295 |
12 | 51 | 120 | 173 | 403 | 578 |
8 | 72 | 173 | 251 | 590 | 850 |
24 | 91 | 222 | 324 | 770 | 1112 |
30 | 108 | 268 | 393 | 941 | 1364 |
36 | 124 | 310 | 457 | 1105 | 1606 |
42 | 138 | 350 | 518 | 1262 | 1840 |
48 | 151 | 387 | 575 | 1413 | 2066 |
60 | 174 | 454 | 680 | 1697 | 2494 |
72 | 193 | 514 | 775 | 1959 | 2894 |
84 | 210 | 568 | 860 | 2202 | 3268 |
96 | 225 | 615 | 938 | 2428 | 3620 |
108 | 238 | 658 | 1008 | 2638 | 3950 |
120 | 249 | 697 | 1073 | 2835 | 4260 |
132 | 260 | 733 | 1132 | 3019 | 4553 |
144 | 269 | 766 | 1187 | 3192 | 4830 |
156 | 277 | 796 | 1238 | 3354 | 5092 |
168 | 285 | 823 | 1285 | 3507 | 5341 |
180 | 292 | 849 | 1328 | 3652 | 5576 |
192 | 298 | 872 | 1369 | 3788 | 5800 |
204 | 304 | 894 | 1407 | 3917 | 6013 |
216 | 309 | 915 | 1443 | 4040 | 6216 |
228 | 314 | 934 | 1476 | 4156 | 6410 |
240 және одан жоғары | 319 | 952 | 1508 | 4266 | 6595 |
Булану бетінің температурасы tсу.б=10оС |
6-ға дейін | 96 | 236 | 344 | 820 | 1185 |
12 | 158 | 407 | 606 | 1497 | 2192 |
18 | 201 | 538 | 813 | 2066 | 3058 |
24 | 233 | 641 | 979 | 2550 | 3811 |
30 | 257 | 723 | 1116 | 2968 | 4472 |
36 | 276 | 792 | 1231 | 3323 | 5057 |
42 | 292 | 849 | 1328 | 3652 | 5577 |
48 | 304 | 897 | 1412 | 3936 | 6044 |
60 | 325 | 975 | 1550 | 4416 | 6846 |
72 | 339 | 1036 | 1657 | 4806 | 7511 |
84 | 351 | 1083 | 1743 | 5130 | 8070 |
96 | 360 | 1122 | 1814 | 5404 | 8548 |
108 | 368 | 1154 | 1874 | 5637 | 8960 |
120 | 374 | 1181 | 1924 | 5839 | 9320 |
132 | 379 | 1204 | 1967 | 6015 | 9636 |
144 | 383 | 1224 | 2004 | 6170 | 9917 |
156 | 387 | 1241 | 2037 | 6308 | 10168 |
кестенің жалғасы
Мұнай қабатының қалыңдығы, /\cу, м; |
0,200 | 0,300 | 0,400 | 0,500 | 1,000 | 1,500 |
Булану бетінің температурасы tсу.б=5оС |
421 | 519 | 601 | 674 | 962 | 1185 |
828 | 1022 | 1186 | 1331 | 1903 | 2345 |
1222 | 1510 | 1754 | 1969 | 2822 | 3482 |
1603 | 1983 | 2306 | 2592 | 3721 | 4596 |
1971 | 2443 | 2843 | 3198 | 4601 | 5688 |
2328 | 2889 | 3366 | 3788 | 5461 | 6758 |
2674 | 3323 | 3875 | 4364 | 6303 | 7808 |
3010 | 3745 | 4371 | 4926 | 7127 | 8837 |
3651 | 4555 | 5325 | 6008 | 8724 | 10836 |
4256 | 5322 | 6231 | 7039 | 10256 | 12762 |
4826 | 6049 | 7094 | 8022 | 11726 | 14617 |
5366 | 6740 | 7915 | 8961 | 13139 | 16405 |
5877 | 7397 | 8699 | 9859 | 14498 | 18130 |
6362 | 8023 | 9447 | 10717 | 15806 | 19796 |
6823 | 8620 | 10163 | 11540 | 17065 | 21404 |
7261 | 9189 | 10847 | 12328 | 18279 | 22959 |
7678 | 9733 | 11503 | 13084 | 19449 | 24463 |
8076 | 10254 | 12131 | 13810 | 20578 | 25918 |
8455 | 10752 | 12734 | 14508 | 21669 | 27327 |
8817 | 11229 | 13313 | 15179 | 22723 | 28691 |
9164 | 11687 | 13869 | 15825 | 23741 | 30013 |
9496 | 12127 | 14404 | 16447 | 24727 | 31295 |
9814 | 12549 | 14919 | 17047 | 25680 | 32539 |
10119 | 12955 | 15415 | 17625 | 26603 | 33745 |
1710 | 2116 | 2462 | 2767 | 3976 | 4912 |
3198 | 3982 | 4650 | 5242 | 7592 | 9419 |
4505 | 5640 | 6608 | 7468 | 10896 | 13569 |
5663 | 7121 | 8370 | 9481 | 13926 | 17403 |
6695 | 8454 | 9964 | 11311 | 16714 | 20956 |
7621 | 9659 | 11413 | 12981 | 19289 | 24257 |
8457 | 10754 | 12737 | 14511 | 21674 | 27333 |
9215 | 11754 | 13950 | 15919 | 23889 | 30266 |
10536 | 13512 | 16096 | 18420 | 27879 | 35417 |
11650 | 15008 | 17935 | 20575 | 31371 | 40019 |
12601 | 16297 | 19529 | 22452 | 34455 | 44114 |
13423 | 17419 | 20922 | 24100 | 37196 | 47781 |
14141 | 18405 | 22155 | 25560 | 39650 | 51084 |
14773 | 19278 | 23249 | 26861 | 41859 | 54074 |
15334 | 20056 | 24228 | 28029 | 43859 | 56794 |
15834 | 20754 | 25109 | 29082 | 45677 | 59279 |
16284 | 21384 | 25906 | 30037 | 47338 | 61557 |
Егер tсу.б<4оС, онда шығарындылардың үлес шамасы нөлге тең болып қабылданады.
Су бетінде қалқып тұрған мұнай қабатының қалыңдығы:
= , (10)
мұнда: р - мұнайдың тығыздығы, кг/м3;
- су бетіндегі мұнай қабатының қалыңдығы, м;
- су бетінде қалқып тұрған мұнайдың булану үдерісінің ұзақтығы
= - , (11)
мұнда: Jсу.б - су бетінде қалқып тұрған мұнайдың булану үдерісінің ұзақтығы, сағ.;
Jшк- су объектісінің бетіне мұнайдың төгіле бастаған уақыты (шығарылу сәті), сағ.;
Jсу.жин - су бетіндегі бос мұнайды жинау жөніндегі іс-шараларды аяқтау уақыты, сағ.
2-кестеде көрсетілмеген параметрлердің аралық мәндері кезінде көмірсутек шығарындыларының үлес шамасын анықтау үшін сабақтас мәндер арасында сызықтық интерполяция жасалады.
15. Авариялық төгілуі кезінде су объектісін ластағаны үшін ақыны есептеуге қолданылатын мұнай массасы М, мынадай формуламен анықталады:
М у = + + , (12)
мұнда: Мм.с-к(м.с-а)(5), (6) немесе (7) формулаларға сәйкес анықталады.
Егер іс-шараларды жүргізу нәтижесінде қабыршақты мұнай толығымен жойылса, онда (12) формуланың үшінші қосылғышы нөлге тең болып қабылданады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.01. № 24 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
16. Су объектілерінің мұнаймен ластануынан келтірілген залалды есептеу мынадай формуламен орындалады:
= Мy x 30 АЕК 10,
мұнда:
Им - су (теңіз) бетін мұнаймен ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау (теңге);
Mm - су объектісінің бетіне төгілген мұнай массасы, т;
Aм - мынадай формуламен анықталатын мұнайдың салыстырмалы қауіптілік коэффициенті:
=
мұнда ПДКсу.м - су объектісінің осы түріндегі рұқсат берілетін мұнайдың шекті шоғырлануы;
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
10 - арттыру коэффициенті.
ҚР Үкіметінің 2010.26.01. № 24 Қаулысымен 7-қосымшамен толықтырылды
Ережеге
7-қосымша
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран тасығыштарды ұшыруға
дайындау және ұшыру барысында авариялар туындаған кезде
қоршаған ортаның ластануынан келтірілген залалды
экономикалық бағалауды анықтау есептемесі
«Байқоңыр» ғарыш айлағы инфрақұрылымы объектілеріндегі (өнеркәсіптік кәсіпорындар, энергетика объектілері, қойма шаруашылығы) авариялық жағдай салдары қоршаған ортаға мынадай әсерлердің түрлері болып табылады:
атмосфераға ластаушы заттардың дүркін шығарылуы;
ағынды сулармен ластаушы заттардың дүркін тасталуы;
зымыран тасығыштың авариясы салдарынан қоршаған ортаға қалдықтарды орналастыру.
1.1 Авариялық жағдайға байланысты атмосфераға ластаушы заттардың дүркін шығарылуынан қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формула бойынша жүзеге асырылады:
СА = Qі х 2,2 АЕК х Ка1 х К2а (1)
мұндағы:
СА — атмосфераға ластаушы заттардың дүркін шығарылуынан атмосфералық ауаға келтірілген залал сомасы, теңге;
Qі - атмосфераға і-лік ластаушы заттың авариялық шығуының көлемі, шартты тонна;
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Ка1 — атмосфераны авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті;
Ка2 - атмосфераның ластануының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті.
Атмосфераны авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті - Ка2, 1-кестеге сәйкес анықталады.
Атмосфераның ластануының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті - Ка2, 2-кестеге сәйкес анықталады.
1.2 Авариялық жағдаймен сарқынды сулармен ластаушы заттардың дүркін төгілуіне байланысты қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Сс = Qі х 30 АЕК х Кс1 х Кс2 (2)
мұндағы:
Сс - сарқынды сулармен ластаушы заттардың дүркін төгілуі салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы, теңге;
Qі - сарқынды сулармен түскен і-лік ластаушы заттың авариялық төгілу көлемі, шартты тонна;
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Кс1 - қоршаған ортаны ластаушы заттардың төгінділерімен авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті;
Кс2 - қоршаған ортаны ластаушы заттардың авариялық төгінділерімен ластауының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті.
1.3 Зымыран тасығыштың авариясы салдарынан қалдықтарды арнайы жабдықталған жерлерден тыс орналастырудан қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі (Со) мына формуламен анықталады:
Сқ = Qі х Сіқалд х К2 (3)
мұнда:
Сқ - қалдықтарды арнайы жабдықталған жерден тыс қалдықтарды орналастырудан қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы, теңге;
Qі - арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырылған і түріндегі қалдықтардың көлемі, тонна;
Сіқалд - Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес белгіленген өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрінің 1 тоннасын орналастырғаны үшін төлемақы ставкасы, теңге;
Кқ2 - қалдықтарды арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырудың экологиялық қауіптілік коэффициенті.
Қалдықтарды арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырудың экологиялық қауіптілік коэффициентінің мәні (Кқ2) 3-кестеге сәйкес сақтау орнының елді мекендерге, қорғау аумақтарына қатысты қалдықтарды сақтау орнының орналасуына, жапсарлас және басқа учаскелерді шаруашылыққа пайдалану түріне байланысты белгіленеді.
Зымыран тасығышты ұшыру мен оны ұшырудың бірінші фазасы
(2 км-ге дейін) кезеңіндегі авариялық жағдай кезінде
қоршаған ортаның ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалауды анықтау есептемесі
Зымыран тасығышты ұшыру мен ұшудың бірінші фазасы (2 км-ге дейін) кезеңіндегі авариялық жағдай салдары қоршаған ортаға әсер етудің мынадай түрлері болып табылады:
көп көлемді ластаушы заттар - зымыран отыны құрауыштарының жану өнімдерінің атмосфераға дүркін шығарылуы;
зымыран тасығыш пен ұшыру кешені жабдықтарының бүлінуі салдарынан пайда болған улы қалдықтар - металл сынықтарын авариялық орналастыру.
2.1. Көп көлемді ластаушы заттар - зымыран отыны құрауыштарының жану өнімдерінің авариялық жағдайға байланысты дүркін шығарылуы салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формуламен жүзеге асырылады:
САЖ = Qі х 2.2 АЕК х Ка1 х Ка2 (4)
мұндағы:
САЖ - көп көлемді ластаушы заттар - зымыран отыны құрауыштарының жану өнімдерінің атмосфераға дүркін шығарылуы салдарынан атмосфералық ауаға келтірілген залал сомасы, теңге;
Qі - атмосфераға і-лік ластаушы заттың авариялық шығуының көлемі, шартты тонна;
АЕК — тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Ка1 - атмосфераны авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті, 1-кестеге сәйкес анықталады;
Ка2 - атмосфераның ластануының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті, 2-кестеге сәйкес анықталады.
2.2. Қалдықтарды зымыран тасығышты ұшыру кезеңі мен ұшудың 1 фазасында болған авария кезінде орын алған арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырудан қоршаған ортаға келтірілген залалды (Сқо) экономикалық бағалау есептемесі мына формуламен анықталады:
Сқо= Qіх Сіқалд х Ка2 (5)
мұндағы:
Qі - зымыран тасығышты ұшыру кезеңіндегі авария кезінде арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырылған і түріндегі қалдықтардың көлемі, тонна;
Сқалд - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрінің 1 тоннасын орналастырғаны үшін төлемақы ставкасы, теңге/тонна;
Кқ2 - қалдықтарды арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырудың экологиялық қауіптілік коэффициенті, 3-кестеге сәйкес анықталады.
Зымыран тасығышты ұшыру кезеңіндегі авария салдарынан қоршаған ортаға орналастырылған і түріндегі қалдықтардың көлемі - Qі аспаптық немесе есептік жолмен, зымыран тасығыштың құрайтын металл мен бұзылған сөре жабдықтарының массасын ескере отырып анықталады.
Зымыран тасығыштың жер төңірегіндегі кеңістікте ұшу кезеңіндегі
авариялық жағдай кезінде қоршаған ортаның ластануынан
келтірілген залалды экономикалық бағалауды анықтау есептемесі
Зымыран тасығыштың жер төңірегіндегі кеңістікте (жоғары тропосфера, стратосфера және ионосфера) ұшу кезеңіндегі авариялық жағдайының салдары қоршаған ортаға әсерлердің мынадай түрлері болып табылады:
ластаушы заттар - зымыран отыны құрауыштарының жану өнімдерінің атмосфераға дүркін шығарылуы;
жоғары уытты қалдықтарды - зымыран тасығыштың бүлінуі салдарынан пайда болатын металл сынықтарын орналастыру.
3.1. Ластаушы заттардың - зымыран отыны құрауыштарының атмосферада жану өнімдерінің атмосфераға дүркін шығарылуымен қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формуламен жүзеге асырылады:
Сап = Qі х 2,2 АЕК х Ка1 х Ка2 (6)
мұндағы:
Сап - зымыран тасығыштың жер теңірегіндегі кеңістікте авариясы кезінде атмосфераға ластаушы заттардың - зымыран отыны құрауыштарының жану өнімдерінің дүркін шығарылуымен келтірілген залал сомасы, теңге;
Qі - зымыран тасығыштың жер төңірегіндегі кеңістікте авариясы кезінде і-лік ластаушы зат шығарындыларының - зымыран отыны құрауыштарының жану өнімдерінің көлемі, шартты тонна;
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Ка1 - атмосфераны авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті, 1-кестеге сәйкес анықталады;
Ка2 - атмосфераның ластануының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті, 2-кестеге сәйкес анықталады.
Qі - і-лік ластаушы заттың көлемі мына формуламен анықталады:
Qі = QФох аі (6.1)
мұндағы:
Qіс жүзо — авария болған сәтте зымыран тасығыштың отын сақтау сыйымдылығында қалған зымыран отыны құрауыштарының физикалық көлемі (тонна);
аі - зымыран отыны құрауышының 1 тоннасы жанған кезде түзілетін і-лік ластаушы заттың меншікті мөлшері, тонна;
Qіс жүзо= Q іс жүз н - Qіс жүзр (6.1.1)
мұндағы:
Q іс жүз н - авариялық зымыран санатына жататын зымыран тасығыштың зымыран отыны құрауыштарымен толық жабдықталуының физикалық нормативті көлемі, тонна;
Q іс жүз ш - болған сәтке дейін зымыран тасығыш жұмсаған зымыран отыны құрауышының физикалық көлемі (тонна), мына формуламен анықталады:
Qііс жүз ш = q іс жүз p x Тұ (6.1.2)
мұндағы:
q іс жүз ш - осы санаттағы зымыранды ұшыруды қамтамасыз ету үшін зымыран отыны құрауышының меншікті нормативті шығысы, тонна/сек;
Тұ - сөреден авария болған сәтке дейінгі авариялық зымыранның ұшу ұзақтығы, сек;
3.2. Зымыран тасығыштың жер төңірегіндегі кеңістіктегі авариясы салдарынан пайда болған қалдықтарды орналастырудан қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формуламен есептеледі:
Сжк = Qі х Сіқалд х Ко2 (7)
мұндағы:
Сжк _ зымыран тасығыштың жер төңірегіндегі кеңістіктегі авариясы салдарынан пайда болған қалдықтарды орналастырудан қоршаған ортаға келтірілген залалдың сомасы, теңге;
Qі - авария салдарынан пайда болған і түріндегі қалдықтардың көлемі, тонна;
Сіқалд - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкасы, теңге/тонна;
Кқ2 - қалдықтарды арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырудың экологиялық қауіптілік коэффициенті, 3-кестеге сәйкес анықталады.
Зымыран тасығыштың жер төңірегіндегі кеңістікте авариясы салдарынан пайда болған және қоршаған ортаға орналастырылған қалдықтардың көлемі (Qі) есептік әдіспен анықталады және ол зымыран тасығыштың металл құрауышының массасына тең қабылданады. Егер авариялық жағдай бөліну бөлшектері ажырағаннан кейін болса, онда қалдықтардың көлемін есептеген кезде олардың массасының сандық мәні зымыран тасығыштың металл құрауышының жалпы нормативтік массасынан шегеріп тасталады:
Qі = Qнпі - Qоі (7.1)
мұндағы:
Qнпі - авария болған зымыран тасығыш тобына жататын зымыран тасығыштың металл құрауышының нормативтік массасы, тонна;