Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 маусымдағы № 513 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 992 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 510-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөніндегі комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Саудабаев Қанат Бекмырзаұлы | - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға (келісім бойынша) |
Дьяченко Сергей Александрович | - Қазақстан халқының ассамблеясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Бөрібаев Асқар Исмайылұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
мына:
«Асқаров Әлібек | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Асқаров Әлібек | - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімі меңгерушісінің орынбасары»; |
көрсетілген құрамнан Әбдікәрімов Оралбай, Әйтімова Бірғаным Сарықызы, Әлиев Арыстанбек Мұхамедиұлы, Терещенко Сергей Александрович шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |