Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдығы № 488 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Карантиндік объектілер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 440-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қарсы күрес жүргізу ісі республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантиндік объектілер тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының аумағында жоқ карантиндік маңызы бар, өсімдіктер зиянкестері, ауруларын қоздырғыштар және арамшөптер» деген бөлімдегі «А.Өсімдіктер зиянкестері» деген ішкі бөлімде:
«Lymantria dispar L.(аsіаn rасе)» деген жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Dendroctonus micans (Кugelman)
Dendrolimus sibiricus Tschetw
Monochamus urussovi Fisch.
Monochamus sutot L
Monochamus galloprovincialis Oliv
Monochamus saltuarius Gebl.»;
«Қазақстан Республикасының аумағында таралуы шектелген карантиндік объектілер» деген бөлімде «А.Өсімдіктер зиянкестері» деген ішкі бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Lymantria dispra (аsіаn rасе)
Myiopardalis pardalina».
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |