Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 маусымдағы № 484 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 621 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 52-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Оразов Нұрай Нұрғожаұлы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары |
Нұрахметов Саят Ермаханұлы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары, хатшы |
Бишіғаев Асқар Дәруішұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары |
Ойнаров Азамат Рысқұлұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары |
мына:
«Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы | - «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі» |
көрсетілген құрамнан Жаңбыршин Қозы-Көрпеш Есімұлы, Нұршабеков Ризат Рахатбекұлы, Садықов Махат Кәбірұлы, Нұрғазин Нұрлан Мұхаметқалиұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |