GMP талаптарына сәйкес 5 фитопрепараттардың өсімдік субстанциялары алынды, фармакологиялық зерттеу және стандарттау үшін субстанциялардың тәжірибелі партиялары шығарылады;
GLP және GСР талаптарына сәйкес дайындалған субстанциялардың фармакологиялық зерттеулері жүргізіледі;
отандық ерекше фитопрепараттарды тәжірибелік-өндірістік регламенттерде өндіру үшін технологиялық базалар құрылады.
2008 жылы:
дәрілік өсімдіктерді егудің алғашқы негізі жасалады, тәжіл түймебас, ақшыл жусан, сортаң шұбаршөпке әсер ететін заттардың сандық шығуына тыңайтқыштарды қолдану тиімділігі зерттеледі;
бірегей экспортқа бағытталған фитопрепараттардың өндірісі үшін (0,4 тонна ақшыл жусан, 0,3 тонна сортаң шұбаршеп, 0,1 тонна тәжіл түймебас және тағы басқа) тауарлық дәрілік шикізат дайындалады;
өсімдік түріндегі 3 препараттың дәрілік формалары алынады;
отандық фитопрепараттарды халықаралық стандартқа сәйкес стандарттау мен сертификаттау әдістері жетілдіріледі;
GMP талаптарына сәйкес «Экдифит», «Атеролид», «Саусалин» фитопрепараттарының оңтайлы дәрілік пішіндері өндірісінің тиімділігі жоғары технологиясын жасалады;
GLP және GСР талаптарына сәйкес дайындалған препараттарға клиникаға дейін және клиникалық сынақтар жүргізіледі.
2009 жылы:
өндіріске алғашқы шығарылған дәрілік өсімдік шикізаты мен егілу нәтижесінің технологиясы енгізіледі;
бірегей экспортқа бағытталған фитопрепараттардың өндірісі үшін (0,9 тонна ақшыл жусан, 0,5 тонна сортаң шұбаршөп, 0,3 тонна тәжіл түймебас және тағы басқа) тауарлық дәрілік шикізат дайындалады;
фармацевтика нарығында дәрілік құралдардың түрлерін кеңейту үшін Қазақстан Республикасы мен шетелдерде 3 дәрілік құралдар тіркеледі;
GLP және GСР талаптарына сәйкес дайындалған препараттарға клиникаға дейін және клиникалық жүргізілген сынақтар аяқталады;
GMP талаптарымен ескерілген бірегей фитопрепараттарының («Экдифит», «Атеролид», «Саусалин» және тағы басқа) тәжірибелік партиялары республика кәсіпорындарында шығарылады;
отандық фармацевтикалық өндірістің GMP талаптарына сәйкес ауысуына көмек көрсетіледі;
өсімдік тектес әзірленген препараттар көп орталықты, рандомизирленген клиникалық сынақтар нәтижесі бойынша республиканың практикалық медицинасына енгізіледі;
жаңа бәсекелестікке қабілетті дәрі-дәрмектерді дәрілік заттардың жеке санаттары нарығының конъюнктурасын зерттеу негізінде өтім нарығы қалыптасады;
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету шеңберінде заң шығарушылық және нормативтік негізді жетілдіру барысында ұсыныстар дайындалады.
8. «Қазақстан Республикасында фармацевтикалық кластерді
дамытуға арналған бірегей, экспортқа бағдарланған
фитопрепараттарды әзірлеу және оның өндірісін ұйымдастыру»
ғылыми-техникалық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
№ р/с | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Орын- дауға (іске асыру- ға) жауапты | Орындау мерзімі | Бол- жамды шығыс- тар | Қаржы- ланды- ру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласының қажетін қамтамасыз ету үшін дәрілік өсімдік шикізатының өндіріс технологиясы мен оның бастапқы қайта өңдеуін жасау және өндіріске енгізу |
1.1 | Дәрілік өсімдік шикізатының өнеркәсіптік қорын анықтау, бұталарды пайдаланудың оңтайлы сұлбасын жасау және оның өнеркәсіптік дайындамасын ұйымдастыру | Ғылыми- техни- калық есеп | ҚР БҒМ | IV тоқ- сан, жыл сайын | Барлығы 12,740 млн. теңге, оның ішінде жылдар бойынша 2007 - 4,000; 2008 - 4,240; 2009 - 4,500 | Респу- блика- лық бюджет |
1.2 | Тауарлық дәрілік шикізат өндірісіне арналған дәрілік өсімдіктерді кең көлемді түрде өсірудің кешенді технологиясының әзірлемесі | Ғылыми- техни- калық есеп | ҚР БҒМ | IV тоқ- сан, жыл сайын | Барлығы 12,740 млн. теңге, оның ішінде жылдар бойынша 2007 - 4,000; 2008 - 4,240; 2009 - 4,500 | Респу- блика- лық бюджет |
1.3 | Тауарлық дәрілік шикізаттың сапа- сын көтеру техно- логияларын әзір- леу. Тауарлық дәрілік шикізатты бастапқы қайта өңдеудің тиімді әдістерін енгізу | Ғылыми- техни- калық есеп | ҚР БҒМ, ҚР ДСМ | IV тоқ- сан, жыл сайын | Барлығы 14,110 млн. теңге, оның ішінде жылдар бойынша 2007 - 4,500; 2008 - 4,685; 2009 - 4,925 | Респу- блика- лық бюджет |
2. Өсімдік тектес, ішкі және әлемдік нарықта бәсекелестікке қабілетті препараттардың субстанциялары мен дайын дәрілік пішіндерін жасау, оларды халықаралық стандарттарға сәйкес стандарттау мен фармакологиялық зерттеу, фитопрепараттарды Қазақстан Республикасы мен шетелдерде тіркеу үшін құжаттамалар дайындау |
2.1 | Өсімдік тектес тиімділігі жоғары бәсекелестікке қабілетті дәрілік препараттардың субстанциялар мен дәрілік пішінде- рін, олардың өндірісіне GMP талаптары еске- рілген регламент- тердің әзірлемесі | Ғылыми- техни- калық есеп | ҚР БҒМ, ҚР ИСМ | IV тоқ- сан, жыл сайын | Барлығы 49,520 млн. теңге, оның ішінде жылдар бойынша 2007 - 15,530; 2008 - 16,500; 2009 - 17,490 | Респу- блика- лық бюджет |
2.2 | Халықаралық стан- дарттарға сәйкес фитопрепараттар- ды стандарттау әдістерінің әзір- лемесі. Стандарт- тық үлгілерді, шикізатты, субс- танциялар мен фитопрепараттар- дың дайын дәрілік пішіндерін тір- кеу үшін ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу. Отандық фитопрепараттардың биологиялық бел- сенді компонент- терінің стандарт- тық үлгілерін есепке алу мен сақталуын ұйым- дастыру. | Ғылыми- техни- калық есеп | ҚР БҒМ, ҚР ДСМ | IV тоқ- сан, жыл сайын | Барлығы 20,720 млн. теңге, оның ішінде жылдар бойынша 2007 - 6,500; 2008 - 6,900; 2009 - 7,320 | Респу- блика- лық бюджет |
2.3 | Фитопрепараттар- ды республикада және шетелдерде дәрілік құралдар ретінде тіркеу үшін GLP мен GCP талаптарына сәйкес фармакологиялық зерттеулер мен клиникалық сынақтар жүргізу | Ғылыми- техни- калық есеп | ҚР БҒМ, ҚР ДСМ | IV тоқ- сан, жыл сайын | Барлығы 117,223 млн. теңге, оның ішінде жылдар бойынша 2007 - 36,808; 2008 - 39,035; 2009 - 41,380 | Респу- блика- лық бюджет |
3. GMP талаптарына сәйкес экспортты бағытталған фитопрепараттардың өндіріс технологиясын жасау және өндірісін ұйымдастыру |
3.1 | GMP талаптарына сәйкес фитопрепа- раттар өндірісіне тәжірибелік- өнеркәсіптік және өнеркәсіптік регламенттерінің әзірлемесі | Ғылыми- техни- калық есеп | ҚР БҒМ, ҚР ДСМ | IV тоқ- сан, жыл сайын | Барлығы 23,245 млн. теңге, оның ішінде жылдар бойынша 2007 - 7,300; 2008 - 7,740; 2009 - 8,205 | Респу- блика- лық бюджет |
3.2 | GMP стандарттары- на сәйкес дәрілік препараттар өндірісі үшін технологиялық база құру. Респу- блика кәсіпорын- дарында фитопре- параттар өндірі- сінің технология- сын енгізу | Ғылыми- техни- калық есеп | ҚР БҒМ | IV тоқ- сан, жыл сайын | Барлығы 31,840 млн. теңге, оның ішінде жылдар бойынша 2007 - 10,000; 2008 - 10,600; 2009 - 11,240 | Респу- блика- лық бюджет |
3.3 | Отандық фармацев- тикалық қондырыс- ты GMP талаптары- на сәйкес валида- циясына дайындау | Ғылыми- техни- калық есеп | ҚР БҒМ, ҚР ДСМ, ҚР ИСМ | IV тоқ- сан, жыл сайын | Барлығы 28,655 млн. теңге, оның ішінде жылдар бойынша 2007 - 9,000; 2008- 9,540; 2009 - 10,115 | Респу- блика- лық бюджет |
4. Қазақстан Республикасының практикалық медицинасына бәсекелестікке қабілетті препараттарды енгізу, жаңа бәсекелестікке қабілетті дәрілік заттарды өткізу нарығын қалыптастыруға арналған маркетингтік зерттеулер жүргізу |
4.1 | Көпорталықты клиникалық зерт- теулер мониторин- гін және экспорт- қа арналған отандық фитопре- параттарды қол- данудың тіркеуден кейінгі тәжірибесін жалпылау | Ғылыми- техни- калық есеп | ҚР БҒМ | Бағдар- ламаны орын- даудың барлық кезеңі бойы | Барлығы 12,740 млн. теңге, оның ішінде жылдар бойынша 2007 - 4,000; 2008 - 4,240; 2009 - 4,450 | Респу- блика- лық бюджет |
4.2 | Отандық фитопре- параттарды енгізе отырып, емдеудің тиімді- лігі жоғары және үнемді сұлбалары- ның әзірлемесі | Ғылыми- техни- калық есеп | ҚР БҒМ, ҚР ДСМ | IV тоқ- сан, жыл сайын | Барлығы 57,952 млн. теңге, оның ішінде жылдар бойынша 2007 - 18,192; 2008 - 19,300; 2009 - 20,460 | Респу- блика- лық бюджет |
4.3 | Жаңа бірегей бәсекелестікке қабілетті дәрілік заттарды енгізу бойынша марке- тингтік зерттеулер жүргізу | Ғылыми- техни- калық есеп | ҚР БҒМ, ҚР ДСМ | IV тоқ- сан, жыл сайын | Барлығы 12,740 млн. теңге, оның ішінде жылдар бойынша 2007 - 4,000; 2008 - 4,240; 2009 - 4,500 | Респу- блика- лық бюджет |
4.4 | Жаңа дәрілік заттарды әзірлеу мен енгізу, дәрілік заттарды өндіру, стандарт- тау, тіркеу, халықты дәрі- дәрмекпен қамта- масыз ету, фармацевтикалық өнеркәсіп үшін кадрлар дайындау жөніндегі ғылыми- зерттеу және тәжірибелі-кон- структорлық жұмыстарды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету шеңберінде заң шығарушылық және нормативтік негізді жетілдіру бойынша ұсыныс- тарды әзірлеу | ҚР ДСМ- не ұсы ныстар | ҚР БҒМ | IV тоқ- сан, жыл сайын | Талап етіл- мейді | |
БАРЛЫҒЫ | Барлығы 394,225 млн. теңге, оның ішінде жылдар бойынша 2007 - 123,830; 2008 - 131,260; 2009 - 139,135 | |
Ескертпелер:
ҚР БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚР ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ДДСҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
GMP - сапалы өндірістік практика ережесі
GLP - сапалы зертханалық практика ережесі
GСР - сапалы клиникалық практика ережесі
ҒЗТКЖ - ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар
Бағдарламаны қаржыландыру көлемі 2008-2009 жылдары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады.