2. Арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында және Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарында бағып-күтiлетiн кәмелетке толмағандардың осы баптың 1-тармағында аталған құқықтармен қатар, белгiленген тәртiппен:
1) осы мекемелерге орналастырылғандары туралы ата-аналарына немесе заңды өкiлдерiне хабарлауға;
2) кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесi органдары мен мекемелерiнiң қызметкерлерi қабылдаған шешiмдер бойынша аталған жүйенiң жоғары тұрған органдарына, сондай-ақ прокуратура органдары мен сотқа шағымдануға;
3) iзгiлiктi, адамның ар-намысын кемсiтпейтiн қарым-қатынас жасалуына;
4) телефонмен сөйлесу және саны шектелмеген кездесулер арқылы отбасымен байланыс жасап тұруға, посылкалар, бандероль алуға, саны шектелмеген хаттар мен жеделхаттар алуға және жiберуге;
5) тегiн тамақпен, киiммен, аяқ киiммен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен нормалар бойынша басқа да заттай ризықпен қамтамасыз етiлуге құқығы бар.
23-бап. Осы Заңның орындалу кепiлдiктерi
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесiнiң органдары мен мекемелерi өз құзыретi шегiнде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге, оларды кемсiтудiң барлық нысандарынан, күш көрсетуден немесе психикалық зорлықтан, қорлаудан, дөрекi қарым-қатынастан, сексуалдық және өзге де пайдаланудан қорғауды жүзеге асыруға, өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды және тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтауға, сондай-ақ мыналарға:
1) прокуратура органдарына - кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы;
2) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларға - кәмелетке толмағандардың білім алуға, еңбек бостандығына, демалуға, тұрғын үйге және басқа да құқықтарының бұзылу жағдайлары туралы, сондай-ақ органдар мен мекемелердiң қызметтеріндегі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алуға кедергi жасайтын кемшiлiктер туралы;
3) қорғаншы және қамқоршы органдарына - ата-аналарының немесе заңды өкiлдерiнiң қамқорлығынсыз қалған не өмiрiне, денсаулығына қауiп төндiретiн немесе тәрбиесiне кедергi келтiретiн жағдайда қалған кәмелетке толмағандар туралы;
4) iшкi iстер органдарына - қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмағандар, тұрмысы қолайсыз отбасылар, құқық бұзушылық немесе қоғамға жат iс-әрекеттер жасаған (жасап жүрген) кәмелетке толмағандар, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қылмыстық қызмет немесе қоғамға жат iс-әрекеттер жасауға тартып жүрген немесе оларға қатысты басқа да құқыққа қарсы iс-әрекеттер жасап жүрген ата-аналар мен өзге де ересек адамдар туралы;
5) денсаулық сақтау органдарына - спирт iшiмдiктерiн, есiрткi құралдарын, психотроптық және адамның психикасына және дене мүшелерiнiң функциялары мен мiнез-құлқына терiс әсерiн тигiзетiн өзге де күштi әсер ететiн заттарды құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты тексерiлудi, қаралуды немесе емделудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы;
6) білім беру органдарына - балалар үйлерiнен, мектеп-интернаттардан және басқа да балалар мекемелерiнен өз ерiктерiмен кетуiне байланысты не дәлелсiз себептермен жалпы білім беру орындарындағы оқуларының тоқтатылуына байланысты мемлекеттiң көмегiне мұқтаж кәмелетке толмағандар туралы дереу хабарлауға мiндеттi.
24-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың, қадағалаусыз және
панасыз қалудың профилактикасын жүзеге асыратын
органдардың, мекемелер мен өзге де ұйымдардың
қызметiн бақылау
Мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасын жүзеге асыратын ведомстволық бағыныстағы органдардың, мекемелер мен өзге де ұйымдардың қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бақылауды жүзеге асырады.
25-бап. Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз
және панасыз қалудың профилактикасы
туралы заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңдарын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының
Президенті