1) денсаулық сақтау саласындағы аймақтық бағдарламаларды бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау қызметкерлерiне бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтiк көмек беру туралы шешiм қабылдайды;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды;
3) тиiстi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемiн бекiтедi, денсаулық сақтауға және медициналық білім беруге арналған шығыстардың үлесiн айқындайды;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен азаматтардың бюджет қаражаты есебiнен емделу үшiн елдi мекен шегiнен тыс жерлерге тегiн немесе жеңiлдiкпен жол жүруi туралы шешiм қабылдайды;
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) тиiстi аумақта денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;
2) тиiстi аумақта денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
3) денсаулық сақтау саласындағы аймақтық бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
4) азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алу құқығының iске асырылуын қамтамасыз етедi;
5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етедi;
6) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдарын құрады;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін бақылауды ұйымдастырады;
7) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту мен оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8) денсаулық сақтаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларының қызметін үйлестіреді;
9) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
10) төтенше жағдайлар кезiнде азаматтарға тегiн медициналық көмек көрсетудi, оларды дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етедi;
11) денсаулық сақтау саласындағы аймақаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 11-1)-11-2) тармақшалармен толықтырылды
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 11-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11-1) республикалық маңызы бар ұйымдар, сондай-ақ қызметі бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінен тыс жерлерде таралатын жеке және заңды тұлғалар атқаратын жұмыстар мен қызметтер көрсетуді және уақытша еңбекке қабілетсіздік сараптамасын, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркология сараптамасын қоспағанда, медициналық қызметті; дәрілік заттарды дайындаумен және бөлшек саудада сатумен байланысты фармацевтикалық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
11-2) медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз етедi.
12) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
9-бап. Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдарының құзыретi
Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдары өз өкiлеттiктерi шегiнде:
1) денсаулық сақтау, медицина ғылымы мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, медицина ғылымы мен медициналық білім беру саласындағы заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi;
3) азаматтарды тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шеңберiнде медициналық көмекпен және дәрiлiк заттармен қамтамасыз етедi;
4) денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру жөніндегі шараларды қабылдайды;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар мен медициналық қызметтер көрсетуді сатып алуды жүзеге асырады;
7) денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады;
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 8) тармақша жаңа редакцияда
8) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларын кәсіби біліктілікке аттестаттауды жүргізеді;
9) мемлекеттік медициналық ұйымдарды жарақтандыруды қамтамасыз етедi;
10) денсаулық сақтау саласындағы, оның iшiнде дәрiлiк заттарды басқару жөніндегі аймақтық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердiң құрылуы мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
11) жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына берiп отырады;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
12) төтенше жағдайлар кезiнде азаматтарға тегiн медициналық көмек көрсетудi, оларға дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етедi және оны ұйымдастырады;
13) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру жөніндегі қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;
14) халықты гигиеналық оқыту мен тәрбиелеудi, салауатты өмiр салтын насихаттауды ұйымдастырады;
15) халықты әлеуметтiк қаупi бар аурулардың және жұртқа қауiптi болып табылатын аурулардың таралуы туралы хабардар етедi;
16) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi бойынша қоғамдық бірлестiктермен өзара iс-қимыл жасайды;
17) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды
9-1-бап. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы
мемлекеттік бақылау
1. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бұзушылықтарды жоюға және мемлекеттік органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды орындауға бағытталған.
2. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін белгіленген стандарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында халыққа медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын объектілерге (қызметтік куәлік бойынша) кедергісіз баруға;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы денсаулық сақтау субъектілеріне нұсқамалар беруге;
3) денсаулық сақтау субъектілерінен халыққа медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
4) медициналық қызметтер көрсету саласында бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға;
5) аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға, маманды аккредиттеу туралы куәлікті және оның сертификатын қайтарып алуға, денсаулық сақтау субъектілеріне арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру және медициналық қызметті жүзеге асыру лицензиясын кері қайтарып алу туралы ұсыныстар енгізуге;
6) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
3. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған шешімдер денсаулық сақтау субъектілерінің міндетті орындауына жатады және оларға жоғары тұрған органға немесе сот тәртібімен шағым жасала алады.
4. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар тексерулердің мынадай түрлерін жүргізуге құқылы:
1) жоспарлы тексеру - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыт аралығы ескеріле отырып жүргізілетін алдын ала жоспарланған тексеру;
2) жоспардан тыс тексеру - халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіпті жою мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, арыздарына, жоғары тұрған органның тапсырмасына дереу ден қоюды талап ететін, қалыптасқан жағдайға байланысты жүргізілетін тексеру;
3) қарсы тексеру - тексерілетін денсаулық сақтау субъектісімен шарттық міндеттемесі не өзге де құқықтық өзара қатынастары болған жеке немесе заңды тұлғаға (филиалына немесе өкілдігіне) қатысты ұсынылған ақпараттың дәйектілігін анықтау не қосымша ақпарат алу мақсатында жоспардан тыс тәртіппен жүргізілетін тексеру;
4) рейдтік тексеру - бірнеше денсаулық сақтау субъектілерінің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша олардың қызметін бір мезгілде қамтитын тексеру;
5) бірлескен тексеру - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша бірнеше бақылаушы органның денсаулық сақтау субъектісінің қызметін тексеруі.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметтi
лицензиялау
Медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен лицензиялауға жатады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу
1. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін сыртқы кешенді бағалау негізінде жүзеге асырылады және ерікті сипатта болады.
2. Белгіленген аккредиттеу стандарттарына сәйкес келетін заңды және жеке тұлғалар аккредиттеу субъектісі бола алады.
3. Денсаулық сақтау, аккредиттеу, аттестаттау, лицензиялау субъектілерінің қызметіне сараптама жүргізу және денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандарын өткізу үшін белгіленген тәртіппен тәуелсіз сарапшылар тартылуы мүмкін.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы сәйкестікті растау
1. Өнімдердің, процестердің, қызмет көрсетулердің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Денсаулық сақтау стандарттары
1. Денсаулық сақтау стандарттары денсаулық сақтау субъектілері үшін міндетті болып табылады.
2. Денсаулық сақтау стандарттары стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға жатпайды, оларды реттеу Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. Денсаулық сақтау субъектілері
14-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесiнде мынадай денсаулық сақтау ұйымдары жұмыс iстейдi:
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) алғашқы медициналық-санитарлық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін ұйымдар;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдар;
3) жедел медициналық көмек ұйымдары;
4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
5) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
6) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;
7) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары;
8) қан қызметi, сот медицинасы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де денсаулық сақтау ұйымдары.
15-бап. Жекеше медициналық iс-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалар
1. Жеке тұлғалар медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызметпен айналысуға арналған лицензиясы болған кезде медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсетуге құқылы.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы Заңның 33-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті бейіндегі медициналық білімi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар жеке тұлғалардың жекеше медициналық iс-тәжiрибемен шұғылдануға құқығы бар.
4-тарау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету
16-бап. Денсаулық сақтау жүйесiн қаржымен қамтамасыз ету көздерi
1. Денсаулық сақтаудың мемлекеттік ұйымдарын қаржымен қамтамасыз ету:
мемлекеттік бюджет қаражаты;
медициналық сақтандыру қаражаты;
ақылы негiзде медициналық қызметтер көрсетуден алған қаражаттары;
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
2. Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес ұйымдарын қаржымен қамтамасыз ету:
тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетуге арналған мемлекеттік бюджет қаражаты;
медициналық сақтандыру қаражаты;
ақылы негiзде медициналық қызметтер көрсетуден алынған қаражат;
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
3. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
17-бап. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін
денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру нысандары
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру мынадай нысандарда:
мемлекеттік медициналық мекемелер - жеке қаржыландыру жоспары бойынша;
мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдары - Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын нысандар бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шарттық негізде;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін және бекітілген халқы бар ұйымдар жан басына шаққандағы норматив бойынша жүзеге асырылады.
18-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы қаражаттарын пайдалану
1. Денсаулық сақтау жүйесiнiң қаржы қаражаттары:
медициналық көмектiң тегiн кепiлдi көлемiн көрсету жөніндегі шығындарды өтеуге;
денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды iске асыруға;
денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтауға;
өмiрлiк маңызы бар дәрiлiк заттарды, қанды және оның компоненттерiн, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық медициналық препараттарды, сондай-ақ медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға;
жұқпалы аурулардың көрiнiстерi мен эпидемиясын жоюға;
медицина және фармацевтика кадрларын даярлауға және олардың біліктiлiгiн арттыруға;
медицина ғылымын дамытуға және жетiстiктерiн енгізуге;
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де шығыстарға бағытталады.
2. Медицина ұйымдарының тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету жөніндегі шығындарын өтеудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Шығындарды өтеу медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүзеге асыратын көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылаудың нәтижелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
5-тарау. Медициналық қызмет
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
19-бап. Қазақстан Республикасындағы медициналық және фармацевтикалық қызметтiң түрлерi
Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық қызметтiң мынадай түрлерi жүзеге асырылады:
1) медициналық көмек;
2) санитарлық авиация;
3) санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы қызмет;
4) салауатты өмiр салтын насихаттау;
5) санаторий-курорттық қызмет;
6) халықтық медицина (емшiлiк);
7) қан қызметi;
8) сот медицинасы;
9) дәрiлiк заттардың айналысы саласындағы қызмет;
10) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет;
11) денсаулық сақтау саласындағы білім беру;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерi.
Денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік мекемелері қызметінің негізгі және қосымша түрлері олардың құрылтай құжаттарына сәйкес айқындалады.
20-бап. Медициналық көмек
1. Медициналық көмектi денсаулық сақтау ұйымдары және жекеше медициналық iс-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалар жүзеге асырады.
2. Медициналық көмектiң негiзгi түрлерi:
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
2) біліктi медициналық көмек;
3) мамандандырылған медициналық көмек;
4) жоғары мамандандырылған медициналық көмек болып табылады.
3. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiне:
1) халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
2) жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) алғашқы медициналық-санитарлық көмектiң және медициналық ұйымдардың мамандарын жiберу жөніндегі стационарлық медициналық көмек;
4) әлеуметтiк мәнi бар аурулардан және жұртқа қауiптi болып табылатын аурулардан зардап шегушiлерге Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбе бойынша медициналық көмек көрсету;
5) медициналық көмектiң Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен қабылданатын қосымша түрлерi кiредi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
21-бап. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек
1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек - профилактика мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде медициналық орта білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін көмек.
2. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері мен көлемін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
22-бап. Бiлiктi медициналық көмек
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Білікті медициналық көмек - диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек.
2. Бiлiктi медициналық көмек көрсету тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
23-бап. Мамандандырылған медициналық көмек
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың арнайы әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейіндік мамандар көрсететін медициналық көмек.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Мамандандырылған медициналық көмектi денсаулық сақтаудың көп бейiндi ұйымдары алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық немесе стационарлық медициналық көмек нысанында көрсетедi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Мамандандырылған медициналық көмектiң түрлерi мен көлемiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган және облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергiлiктi органдары белгiлейдi.
24-бап. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейіндік мамандар көрсететін медициналық көмек.
2. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететiн медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіруді денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
3. Жоғары мамандандырылған медициналық көмектiң түрлерi мен көлемiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
25-бап. Қалпына келтiру емi мен медициналық оңалту
1. Қалпына келтiру емi мен медициналық оңалту туа бiткен және жүре келе пайда болған аурулардан, қатты, созылмалы аурулар және жарақаттар салдарынан зардап шегушi азаматтарға көрсетiледi.
2. Қалпына келтiру емi мен медициналық оңалту денсаулық сақтау ұйымдарында, халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң ұйымдарында, сондай-ақ санаторий-курорттық ұйымдарда жүргiзiледi.
3. Қалпына келтiру емi мен медициналық оңалтудың түрлерi мен көлемiн денсаулық сақтау саласындағы және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар белгiлейдi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
26-бап. Медициналық көмек көрсету нысандары
Медициналық көмек мынадай нысандарда көрсетілуі мүмкін:
1) жедел медициналық көмек;
2) алғашқы медициналық-санитарлық көмек;
3) консультациялық-диагностикалық көмек;
4) стационарлық көмек;
5) стационарды алмастыратын көмек;
6) санаторий-курорттық емдеу.
27-бап. Жедел медициналық көмек
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Жедел медициналық көмек - денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау немесе өмірге төнген қатерді жою үшін аса шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кездегі медициналық көмек көрсету нысаны.
2. Жедел медициналық көмек көрсету үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген тәртiппен мамандандырылған ұйымдар және жедел медициналық көмек қызметтерi құрылады.
3. Жедел медициналық көмек Қазақстан Республикасының азаматтарына және оның аумағындағы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен тегiн көрсетiледi.
4. Жедел медициналық көмек ұйымдарына ақылы қызмет көрсетумен шұғылдануға тыйым салынады.
28-бап. 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 28-1-баппен толықтырылды
28-1-бап. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек
1. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек - адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызмет көрсету кешенін:
1) неғұрлым кең таралған аурулардың диагностикасын және емдеуді, сондай-ақ жарақаттануды, улануды және басқа да шұғыл жағдайларды;
2) санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы іс-шараларды және аурулардың профилактикасын;
3) халықты гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу, отбасын, ананы, әкені және баланы қорғау;
4) халықтың сумен қауіпсіз қамтылуы және тиімді тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын қамтитын тәулік бойы медициналық бақылаусыз дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.
2. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті мынадай мамандар: учаскелік терапевтер, педиатрлар, акушер-гинекологтар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, медбикелер көрсетеді.
3. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, азаматтарға тұрғылықты және (немесе) бекітілген жері бойынша медициналық көмектің қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық принцип бойынша жүргізіледі.
4. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету түрлерін, көлемін, тәртібін, сондай-ақ азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
5. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыруды жергілікті мемлекеттік басқару органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.