2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Саяси партияның жылдық қаржылық есебi жыл сайын республикалық баспасөз басылымдарында жарияланады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
19-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы
заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған кiнәлi жеке және заңды тұлғалар, оның iшiнде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары және саяси партияның басшы органдарының құрамына кiретiн адамдар жауаптылықта болады.
20-бап. Саяси партиялардың халықаралық байланыстары
Қазақстан Республикасының саяси партиялары халықаралық байланыстар орнатып, жасай алады, тиiстi келісімдер жасасып, дiни бірлестiктердi қоспағанда, халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бірлестiктерге ұжымдық мүшелер ретiнде кiре алады.
21-бап. Өтпелi ережелер
Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған саяси партиялар алты ай iшiнде осы Заңның талаптарына сәйкес мемлекеттік қайта тiркеуден өтуге мiндеттi.
22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. "Саяси партиялар туралы" 1996 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 260-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат).
Қазақстан Республикасының