Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 мамырдағы № 390 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 140 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
5-тармақтағы «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» деген сөздер «Төтенше жағдайлар министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Ғаббасов - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Сырым Ғаббасұлы министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын
алу және перспективалық даму
департаментінің директоры, хатшы
Қуанғанов - Қазақстан Республикасының Білім және
Фархад Шаймұратұлы ғылым вице-министрі;
көрсетілген құрамнан Нұрбаев Орман Кәрімұлы, Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |