Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 322 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 1061 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 429 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 11, 109-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларында:
«Кәсіпшілік және ғылыми мақсаттарда» деген 1-бөлімнің «Төлем ставкалары, бір килограмм үшін теңгемен» деген бағанында:
реттік нөмірі 2-жолдағы «30» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 8-жолдағы «25» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 24-жолдағы «10» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 27-жолдағы «5» деген сан «0» деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |