Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 және
2003 жылғы 20 наурыздағы № 281 қаулыларына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 ж. 9 ақпандағы № 152 қаулысы
Бастапқы редакция
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық бюджетте 041 "Шетелдiк іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 қаулысында:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "041" деген сандар алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджетте 041 "Шетелдiк iссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесінде:
тақырыбындағы және 1, 2, 4-тармақтардағы "041" деген сандар алынып тасталсын;
3, 10-тармақтарда:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"039 "Мемлекеттік шекараны межелеу" және 040 "Мемлекеттік шекараға қада қағу" бағдарламалары бойынша" деген сөздер "тиiстi бюджеттік бағдарламалар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Iссапар шығыстарына арналған қаражатты бөлу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шешiмi жоспарланып отырған iс-шара басталғанға дейiн қабылданады.
Объективтi себептерге орай, осы Ереженiң 9-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шешiмiн жоспарланып отырған iс-шара басталғанға дейiн қабылдау мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, белгiленген тәртiппен iссапар шығыстарын өтеу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шешiмi қабылдануы мүмкін.";
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Iссапар шығыстарына арналған қаражатты бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімi жоспарланып отырған iс-шара басталғанға дейiн қабылданады.
Объективтi себептерге орай, осы Ереженің 10-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің шешiмдерiн жоспарланып отырған iс-шара басталғанға дейін дейін қабылдау мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, белгіленген тәртіппен iссапар шығыстарын өтеу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешiмi қабылдануы мүмкiн.";
2) "Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін және өкiлдік шығындардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 наурыздағы № 281 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджетте "Өкiлдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесінде:
2, 9-тармақтардағы "және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің" деген сөздер", Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерi өкiлдiк шығыстарды өтеу үшiн қаражат бөлу туралы өтiнiш жасаған кезде нақты шығыстарды растайтын құжаттарды (түбiртектердi, шот-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды) тапсыру қажет.";
6-тармақ "республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне" деген сөздердiң алдынан "қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне тиiстi бюджеттік бағдарламалар бойынша көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялауға және демаркациялауға, Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi мен трансшекаралық өзендердiң су ресурстарын ұтымды пайдалануға қатысты мәселелерге байланысты өкiлдік шығындарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің" деген сөздер", Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Өкiлдiк шығындарға қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шешiмдерi жоспарланып отырған iс-шара басталғанға дейiн қабылданады.";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Объективтi себептерге орай, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шешiмдерiн жоспарланып отырған iс-шара басталғанға дейiн қабылдау мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, белгiленген тәртiппен өкiлдiк шығыстарды өтеу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шешiмдерi қабылдануы мүмкiн."
11-тармақтың екiншi абзацында:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің" деген сөздерден кейiн", Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Өкiлдiк шығындардың нормаларында:
"Шығыстардың атауы" деген бағанда:
1-тармақтың екiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы iстер министрінің және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары Төрағаларының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары Төрағаларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |