Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы
№ 812 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қазандағы № 1376 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.04.04. № 266 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы № 812 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 24, 288-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендиялар беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі, төраға |
Тілеухан Бекболат Қанайұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы |
Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі |
көрсетілген құрамнан Алтынбек Сәрсенбайұлы Сәрсенбаев, Дүйсен Қорабайұлы Қасейінов, Сәуле Байболқызы Соппекова шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Тоқаев |