Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 268 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген 8-бөлімнің 3-бағанында:
«28237 әскери бөлімі, соның ішінде әскери қызметшілер: олардың ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер» деген жолдағы «630» деген сандар «541» деген сандармен ауыстырылсын;
«52859 әскери бөлімі, соның ішінде әскери қызметшілер: олардың ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер» деген жолдағы «173» деген сандар» «143» деген сандармен ауыстырылсын;
«68303 әскери бөлімі, соның ішінде әскери қызметшілер: олардың ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер» деген жолдағы «126» деген сандар «92» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |