2007 ж. 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 3-баптың редакциясы
3-бап. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды
мәжбүрлеп емдеуге жiберудiң негiзi мен тәртібі
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге олардың дәрiгер тағайындаған емдеуден бас тартуы негiз болып табылады.
Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын және емделуден жалтаратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешiмдi денсаулық сақтау органдарының ұсынысы бойынша сот қабылдайды.
Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінен босатылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, ерікті түрде емделуден жазбаша бас тартқан азаматтарға соттың шешімімен мәжбүрлеп емдеу тағайындалады, бұл үшін түзеу мекемесінің әкімшілігі босатылғанға дейін бір ай бұрын материалдарды сотқа жібереді.
2. Мәжбүрлеп емдеуге жiберу туралы материалдарды, олар келiп түскен күннен бастап бес күн мерзiмде, сот мәжбүрлеп емдеуге жiберiлетiн азаматтың және мәжбүрлеп емдеуге жiберу туралы ұсыныс енгiзген денсаулық сақтау ұйымы өкiлiнiң қатысуымен қарайды.
3. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жiберу туралы сот шешiмiн орындау аумақтың әдiлет органдарының сот орындаушыларына жүктеледi.