Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 169 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі № 251 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 169 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігінің құрамына мыналар енгізілсін:
Баталов Асқар Болатұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі, тең төраға |
Тәшімов Өміржан Рахатұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп және ғылыми- техникалық дамыту комитетінің қорғаныс өнеркәсібі, экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасы қорғаныс өнеркәсібі бөлімінің бастығы, жауапты хатшы |
көрсетілген құрамнан Смағұлов Болат Советұлы және Назарбаев Ерболат Жарқынбайұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |