3. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеудiң осы баптың 2-тармағында белгiленген iс-шаралары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдар (әкімдiктер) бекiтетiн мемлекеттік, салалық (секторлық), өңiрлік бағдарламаларға және оларды iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарларына сәйкес көзделген бағыттар бойынша қаржыландырылады.
Осы ic-шараларды қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен және мәслихаттардың жергiлiктi бюджет туралы шешiмдерiмен белгiленедi.
10-бап. Агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту
1. Агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамытуды мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беру не мамандандырылған ұйымдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылады.
2. Агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту осы Заңның 9-бабының 3-тармағында көзделген ережелер ескеріле отырып:
1) ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң инфрақұрылымын құру және дамыту;
2) ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарының лизингi;
3) агроөнеркәсiптiк кешенде кредит берудi жүзеге асыратын кредиттiк серiктестiктердi ұйымдастыру және оларға кредит беру;
4) ауылдық жерлердегi кәсiпкерлiк қызметтiң ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерiне кредит беру;
5) ауыл шаруашылығы өнiмін сатып алу, өндiру, қайта өңдеу және өткізу;
6) ауыл халқына микрокредит берудi ұйымдастыру бағыттары бойынша жүргiзiледi.
11-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау
1. Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн субсидиялау:
1) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын дамытуға бағытталған субсидиялаудың экономикалық тиiмдiлігі;
2) өндiрiлген өнiмнiң сапасын және бәсекеге қабілеттілігiн арттыру жағдайында агроөнеркәсiптiк кешен салаларының дамуын экономикалық ынталандыру ретiнде жүзеге асырылады.
2. Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялау осы Заңның 9-бабының 3-тармағында көзделген ережелер ескерiле отырып:
1) агроөнеркәсіптiк кешен субъектілерiне кредит беру және ауыл шаруашылығы техникасымен және құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету кезіндегі проценттік ставкаларды арзандату;
2) өсiмдiктердің жоғары бағалы сорттары мен ауыл шаруашылығы малының, құстардың және балықтардың жоғары бағалы тұқымдарының тектік қорларын сақтау және дамыту;
3) тұқым шаруашылығын дамыту, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру;
4) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру;
5) Қазақстан Республикасының ?кіметі айқындайтын басым дақылдар бойынша көктемгi егіс және егін жинау жұмыстары басталғанға дейін аталған жұмыстарды жүргiзу үшiн қажеттi жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;
6) ауыл шаруашылығы өнiмi өндiрiсiн және нарығын басқару жүйесiн дамыту;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
8) жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнің көп жылдық көшеттерiн отырғызу және көшеттiк материалын өсiру;
9) агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялаудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
3. Субсидиялаудың басым бағыттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, мемлекеттік, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламаларға сәйкес, орташа мерзiмдiк фискальды саясатпен айқындалады.
12-бап. Аграрлық азық-түлiк нарықтарын мемлекеттік реттеу
1. Азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында аграрлық азық-түлiк нарықтарын мемлекеттік реттеу:
1) сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүргiзу;
2) iшкi нарықты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне сәйкес кедендiк-тарифтiк, тарифтiк емес реттеу әдiстерiмен қорғау арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекет ауыл шаруашылығы өнiмi нарығын тұрақтандыру мақсатында сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асырады.
3. Сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асырудың тәртібі мен көлемiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдар тiзбесiн, сондай-ақ оларға төленетiн сыйақы мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
4. Егiн жинау кезеңiнде өсiмдiк шаруашылығы өнiмi бойынша баға интервенцияларын жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
5. Ауыл шаруашылығы өнiмiне өткен күнтiзбелiк жылда қалыптасқан орташа жылдық нарықтық бағаны белгiлеу әдiстемесiн, сондай-ақ сатып алынатын және сатылатын ауыл шаруашылығы өнiмiне тiркелген бағалар деңгейiн агроөнеркәсіптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлетті орган бекiтедi.
13-бап. Ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету
1. Ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекет ауыл шаруашылығы өнiмінің сапасы мен қауіпсiздігін халықаралық талаптарға сәйкес келтiру мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауды жүргiзу;
2) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша малдың жұқпалы ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
3) малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, ауыл шаруашылығы малын соятын алаңдарды, мал көмiндiлерiн, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмiндiлердi) ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының аумағын қорғауға және мал мен адамға ортақ аурулардың таралуына жол бермеуге бағытталған ветеринариялық iс-шараларды;
5) зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң таралуына жол бермеуге, Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғауға, сондай-ақ олардың таралу ошақтарын анықтауға, шектеуге және жоюға бағытталған фитосанитариялық iс-шараларды;
6) малдың және адамның денсаулығына қауіп төндiретiн малды, малдан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою және жою салдарынан агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне келтiрiлген залалды өтеу iс-шараларын жүзеге асырады.
14-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi техникалық қамтамасыз ету
Агроөнеркәсiптiк кешендi техникалық қамтамасыз етудi мемлекеттік реттеу:
1) машина-трактор паркiн және технологиялық құрал-жабдықтарды жаңартуды ұйымдастыру;
2) машина-технологиялық станциялар (сервис орталықтары) желісін дамыту және олардың қызметiнiң мониторингiн жүзеге асыру;
3) ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың отандық және шетелдiк өндiрiсi өнiмдерiн сынақтан және мiндеттi сертификаттаудан өткізу;
4) мемлекеттік техникалық инспекция жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
15-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету:
1) агроөнеркәсіптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн ұйымдастыру;
2) кемiнде он жылда бiр рет ауыл шаруашылығы санағын жүргiзу;
3) ақпараттық материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және мамандандырылған жинақтарды, журналдарды, тақырыптық басылымдарды басып шығару;
4) қазiргi заманғы ақпараттық технология мен электрондық сауда-саттықты құруға және дамытуға жәрдемдесу;
5) көрме-жәрмеңкелер ұйымдастыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің өнiмiне жарнамалық қолдау көрсету;
6) оқытып-үйрету семинарларын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тiзбесiн агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлетті орган айқындайды.
16-бап. Агроөнеркәсiптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйымдар
Агроөнеркәсiптiк кешендi тұрақты дамыту, агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн бәсекелестiк нарығында жоқ немесе мардымсыз көрсетілетiн жекелеген қызмет түрлерiмен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мамандандырылған ұйымдар құра алады.
Мамандандырылған ұйымдарды құру тәртібі, олардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
17-бап. Агроөнеркәсiптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау
Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды ғылыми және кадрмен қамтамасыз етудi мемлекеттік қолдау:
1) ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды;
2) агроөнеркәсіптiк кешен мен аграрлық ғылым дамуының басым бағыттары бойынша кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және аттестаттауды;
3) өндiрiске ғылыми әзiрлемелердi тарату мен енгізудi;
4) өсiмдiктердiң жоғары бағалы сорттарының, ауыл шаруашылығы малының, құстардың және балықтардың жоғары бағалы тұқымдары мен түрлерiнiң тектiк қорларын сақтауды және дамытуды;
5) агроөнеркәсiптiк кешенге кадрлар даярлауды жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшiн машина-трактор паркiн құруды және технологиялық жабдықты жаңартуды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
18-бап. Ауылдық аумақтарды дамыту
1. Ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Мемлекет ауылдық аумақтарды дамытуды:
1) ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік және өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
2) ауылдық елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi және экологиялық жай-күйi бойынша сыныптау;
3) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiмен қамтамасыз етiлуiнің және ауылдық елдi мекендердiң экологиялық жай-күйінің нормативтерiн әзiрлеу;
4) мыналардың:
ауыл тұрғындарының ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылым қызметтерiмен қамтылу жай-күйінің;
ауылдық елдi мекендердiң экологиялық жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзу;
5) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын құру және дамыту;
6) ауылды оңтайлы қоныстандыру;
7) ауылдық елдi мекендерге денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт қызметкерлерiнің тартылуын ынталандыру арқылы реттейдi.
3. Экологиялық жағдайы қолайсыз және экономикалық әлеуетi төмен ауылдық елдi мекендерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарының, өздерiнiң келісімiмен қоныс аударған кезде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік қолдауға құқығы бар.
4. Ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) шешiмi бойынша қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес процентi жоғары айлықақы мен тарифтiк ставкалар белгіленуi мүмкiн.
5. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн жергілiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтік көмек берiледi.
6. Ауылдық елдi мекендерге тартуға ынталандыру мақсатында денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары жергілiктi атқарушы органдардың (әкiмдiктердiң) шешiмi бойынша қызметтiк тұрғын үймен қамтамасыз етіледi.
19-бап. Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету ғылыми негiзделген ауыл шаруашылығы технологияларын және ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеу технологияларын қолдану, ауыл шаруашылығы мен оған қызмет көрсететiн инфрақұрылымның тиiмділігiн арттыру бәсекеге қабiлеттi өнiм шығару, бюджеттік қаржыландыруды оңтайландыру, ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылымын дамыту, ауылдық елдi мекендердің экономикалық әлеуетiн арттыру, ауылдық елдi мекендердің экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және ауыл халқын оңтайлы орналастыру схемасын әзiрлеу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету уәкiлетті мемлекеттік органның стандарттарды, нормативтердi, нұсқаулықтарды, әдiстемелердi, ұсынымдарды әзiрлеуi арқылы жүзеге асырылады.
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
20-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық шарттардың негiзінде жүзеге асырылады.
21-бап. Қорытынды ережелер
1. Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi.
2. "Қазақстан Республикасында ауылды, селоны және аграрлық-өнеркәсiптiк кешендi басым дамыту туралы" 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1991 ж., № 8, 93-құжат, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 327-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 927-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173-құжат; 2004 ж., № 23, 242-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2005 жылғы шілденің 8-і. № 66-III ҚРЗ