«Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 наурыздағы № 229 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 ж.12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 347 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Елемесов Асқар Раушанұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Ерғожин Дәулет Еділұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице- министрі»; |
«Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - «Самұрық» мемлекеттік активтердi басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы атқарушы директорының міндетін атқарушы, тәуелсіз директор» |
деген жолдағы «атқарушы директорының міндетін атқарушы» деген сөздер «басқармасының төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Ахметов Серік Нығметұлы | - «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлерінің және жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы, тәуелсіз директор» |
деген жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Мирчев Александр Васильевич | - тәуелсіз директор»; |
2) «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 873 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
2 және 4-тармақтарда:
«Палымбетов Болат Әбілқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Супрун Виктор Васильевич - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;»;
5-тармақта:
«Смайылов Әлихан Асханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Ерғожин Дәулет Eділұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;»;
3) «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі № 885 қаулысында:
1-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі - Болат Әбілқасымұлы Палымбетовті»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі - Виктор Васильевич Супрунды».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |