7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- сарқынды суларды қайта айдау станцияларының 5 сорабын жөндеу;
- Приозерск қаласының № 2 су тоғанын жөндеу, 648 шаршы метр жабынды жөндеу және 648 шаршы метрге қалыңдығы 10 см. құйма құю, 2000 шаршы метр сылақ;
- 9,8 км. жылумен жабдықтау желісін жөндеу;
- әрлей отырып, қазандық жөндеу - 1 қазандық;
- тұрғын үйлерді жөндеу - 8 кіреберіс;
- 1 апатты үйді бөлшектеу;
- 3,7 км. көше жарығын жөндеу;
- қасбет жөндеу - 1972 шаршы метр.
Түпкі нәтиже:
- тұрғын үй коммуналдық және коммуналдық шаруашылығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Қаржы экономикалық нәтиже:
- сарқынды суларды қайта айдау станцияларының 1 сорабына кететін шығын - 558,5 мың теңге;
- № 2 су тоғанын жөндеуге (жалпы құрылыс жұмыстары) кететін шығын - 6901,9 мың теңге;
- 1 м жылумен жабдықтау желісін жөндеуге кететін шығын - 6291 мың теңге;
- әрлей отырып, қазандық жөндеуге кететін шығын - 7348,5 мың теңге;
- 1 кіреберісті жөндеуге кететін шығын - 29125 мың теңге;
- апатты үйді бөлшектеуге кететін шығын - 3749,6 мың теңге;
- 1 м. көше жарығын жөндеуге кететін шығын - 1069,9 мың теңге;
- 1 шаршы метр қасбетті жөндеуге кететін шығын - 375,3 мың теңге.
Уақытылығы:
- Жөндеу жұмыстарының бекітілген кестесіне сәйкес сумен және жылумен жабдықтау жүйелеріне ағымдық жөндеудің, мемлекеттік тұрғын үй қорын жөндеуді орындау.
Сапасы:
- бекітілген МЕМСТ-ке сәйкес халықты ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету;
- толық су бөлумен қамтамасыз ету;
- жылу энергиясын үздіксіз тасымалдау;
- мемлекеттік тұрғын үй қорының нормативтік жай-күйін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
380-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін
ажырату шеңберінде берілетін әкімшілік функцияларға ағымдағы нысаналы
трансферттер»
деген 111 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 108101 мың теңге (бір жүз сегіз миллион бір жүз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 10 қаңтардағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті органдардың қызметін, оларға жүктелген функцияларын барынша нәтижелі орындауына қол жеткізу үшін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Жергілікті органдар аппараттарын ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 111 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде берілетін әкімшілік функцияларға ағымдағы нысаналық трансферттер | Жергілікті органдар аппараттарын ұстау үшін саны 112 бірліктегі бекітілген штаттық санының лимиті шегінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерін ара жігін бөлу шеңберінде берілетін әкімшілік функцияларға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне мақсатты трансферттер. | Жыл бойы | Қазақстан Респубикасы Индустрия және сауда министрлігі, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік органдар деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде әкімшілік функцияларды толық беру.
Түпкі нәтиже: жергілікті органдарға берілген функцияларды жүзеге асыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік қызметшілерді ұстау.
Уақтылығы: іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындау.
Сапасы: іс-шараларды толық көлемде орындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
381-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 123700 мың теңге (бip жүз жиырма үш миллион жеті жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті жою.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қызметтер спектрін, ақпараттық ресурстарға және Интернетке қол жеткізушілікті кеңейту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 116 | | Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту | Индустрия және сауда саласында ақпараттық танымдық веб-порталын құру және оны өзектілендіруді қамтамасыз ету. Техникалық жабдықтар мен лицензияланған бағдарламалық өнімдерді сатып алу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Респубикасы Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан кyтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы халқының индустрия және сауда саласындағы хабардарлық деңгейін көтеру.
Түпкі нәтиже: ақпараттық теңсіздікті төмендету.
Уақытылығы: мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған шарттармен белгіленген мерзімдерге сәйкес.
Сапасы: Қазақстан Республикасы халқының Индустрия және сауда саласындағы ақпаратқа жедел қол жетімділігі.