«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 ақпандағы
№ 97 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 370-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағанында:
1-тармақтағы «құрылысы», «салу» деген сөздер «құрылысына нысаналы трансферттер аудару», «салуға нысаналы трансферттер аудару» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «өтеу» деген сөз «өтеуге нысаналы трансферттер аудару» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-баған «комитеті» деген сөзден кейін «, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |