13 | Бұқаралық ақпарат құралдарын институционалды дамыту | МАМ | | 3100000 | "Қазақстан" ТРК АҚ, "Казахстанская правда РГ" АҚ, "Егемен Қазақстан РГ" АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға |
14 | Екінші деңгейдегі банктерде студенттік кредиттерге кепілдік беруді қамтамасыз етуге жарғылық капиталын ұлғайту жолымен "Қаржы орталығы" АҚ қызметін ұйымдастыру | БҒМ | 350000 | 350000 | Екінші деңгейдегі банктерде кредиттерге кепілдік беруді қамтамасыз етуге |
15 | "Аграрлық кредит корпорациясы" АҚ | АШМ | 8941571 | 9508900 | 2006-2010 жылға арналған ҚР АӨК тұрақты дамыту тұжырымдамасында көзделген іс-шараларды іске асыру үшін: оның ішінде жеңілдікті кредиттік ресурстармен қамтамасыз ету |
16 | "ҚазАгроҚаржы" АҚ | АШМ | 7000000 | 7000000 | Ауыл шаруашылығы техникасын және құрал-жабдығын кейіннен лизингке беру үшін сатып алу үшін. Кейіннен лизингке беру үшін агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілеріне технологиялық құрал-жабдықты және арнайы техниканы сатып алу үшін. АӨК субъектілері үшін ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу жөніндегі технологиялық құрал-жабдық сатып алуды қаржыландыру үшін |
17 | "Мал өнімдері корпорациясы" АҚ | АШМ | 1500000 | 2739200 | Ауыл шаруашылығы малдары үшін дайындау пункттері желісі мен семірту алаңдары желісін дамыту арқылы мал шаруашылығы өнімдері экспортының инфрақұрылымын қалыптастыру және мал шаруашылығы өнімін экспортқа шығару үшін |
18 | "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ | АШМ | 5000000 | 685000 | Қозаның сорттық тұқым материалдарын өндіру зауытын салу үшін; астықты тереңдетіп қайта өңдеу жөніндегі зауыт салу үшін; Ақтау портындағы астық терминалының өткізу қабілетін ұлғайту үшін; Баку портында (Әзірбайжан Республикасы) ұн тарту кешенін салу үшін; Поти портында (Грузия) ұн тарту кешені бар астық терминалын салу және жарақтандыру үшін |
19 | "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры" АҚ | АШМ | 800000 | 500000 | Бидайға кепілдік беру жүйесін қажетті деңгейде ұстау мақсатында |
20 | "Қазагромаркетинг" АҚ | АШМ | | 756300 | Мамандандырылған тақырыптық басылымдар шығару мақсатында әдістемелік орталық құру үшін. Облыстық өкілдіктер үшін ғимараттар/үй-жайлар сатып алу жолымен "Қазагромаркетинг" АҚ-ның материалдық-техникалық базасын нығайту |
21 | "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" АҚ | АШМ | 2000000 | 2500000 | Ауыл халқына микрокредит беру, ауыл халқын кәсіпкерліктің негіздеріне оқыту және Қоғам қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтауға және қайта құрылатын микрокредит ұйымдарының жарғылық капиталына үлестік қатысуға |
22 | "Республикалық туристтік ақпараттық орталық" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру | ТСМ | | 54600 | Қазақстан Республикасының аумағында туристік кластер инфрақұрылымын дамыту үшін "Республикалық туристік ақпараттық орталық" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру |
23 | "Еуразия даму банкі" АҚ | Қаржымині | 12700000 | 33800000 | Банктің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін қазақстандық бөліктің екінші траншын төлеуге |
24 | Халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу | Қаржымині | 357831 | 369494 | Халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелік жарналарды уақтылы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындауға |
25 | Алматы қаласының "Өңірлік қаржы орталығы" АҚ құру | ЭСЖКА (ҚП) | | 1500000 | Алматы қаласының "Өңірлік қаржы орталығы" АҚ сауда алаңында резидент еместердің бағалы қағаздарын орналастыру үшін жағдай жасау мақсатында |
26 | "Күйгенжар" АҚ | ПІБ | | 522088 | Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту үшін жарғылық капиталды ұлғайту |
27 | "Казақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту | ПІБ | | 200000 | Мемлекет басшысының қызметіне, оның ел өңірлеріне қызметтік іссапарларына және басқа да аса маңызды іс-шараларына сапалы әрі шұғыл ақпараттық қызмет көрсету мақсатында құрал-жабдық сатып алу үшін АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту |
| | | | | |
Бағдарламалардан
тыс жиыны: 82412582
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 25 тамыздағы
№ 822 қаулысымен
назарға алынды
6-бөлім.
Ұлттық компанияларды дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары
мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
2004 - 2006 жылдарға талдау
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
«Қазпочта» АҚ
«Қазақтелеком» АҚ
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ
«Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ
«Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» АҚ
«Қазғарыш» ҰК» АҚ
2007 - 2009 жылдарға арналған перспективалар
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
«Қазпочта» АҚ
«Қазақтелеком» АҚ
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ
«Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ
«Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» АҚ
«Қазғарыш» ҰК» АҚ
Ұлттық компаниялардың 2007-2009 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштерi
6-бөлім.
Ұлттық компанияларды дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі
бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы
«Ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 182 қаулысына сәйкес ұлттық компанияларға мынадай 12 акционерлік қоғам жатады:
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ;
«Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ;
«Қазпочта» АҚ;
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ;
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ;
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ;
«Қазақстан темір жолы» АҚ;
«Қазақтелеком» АҚ;
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ;
«Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы (Қазақпарат)» АҚ;
«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ
«Қазғарыш» ұлттық компаниясы» АҚ.
Стратегиялық маңызы бар салалардағы экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің «Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығына, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысына сәйкес «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық» холдингі» АҚ) құрылды.
Осыған байланысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ ұлттық компаниялары акцияларының мемлекеттік пакеттері «Самұрық» холдингі» АҚ жарғылық капиталын төлеуге берілген.
Нарықтық экономиканың дербес субъектісі ретінде мемлекеттік холдинг құру корпоративтік басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізуге, салалық компаниялардың стратегиялық жоспарларын үйлестіруді жүргізуге және бизнесті жүргізудің нарықтық тетіктерін мақсатқа сәйкес қолдануға мүмкіндік береді, бұл мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыруға және Қазақстанда қор нарығын дамытуға ықпалын тигізеді.
2004 - 2006 жылдарға талдау
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі - компания) Қазақстан Республикасы Президентінің «Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығына сәйкес құрылған.
Жарлыққа сәйкес Компания стратегиялық маңызды ұлттық тігінен кіріккен компания болуы және өкілетті органның көмірсутегін барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау жөніндегі функцияларын орындауы, сондай-ақ Қазақстанның мұнай секторындағы мемлекеттің мүддесін білдіруі керек.
2005 жылы Компанияның еншілес ұйымы «Барлау және өндіру» АҚ 9,4 млн. тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді, бұл 2004 жылдың деңгейінен 5,6 %-ға асып түсті. Жоспарға қосымша 100 мың тонна мұнай алынды.
Жоспардан тыс мұнай өндіруге ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын уақытында өткізу, кен орындарын қазу жүйесін оңтайландыру, бұрғылар қорын қоса отырып, негізгі қорларды қалпына келтіру және жаңарту, жерүсті кен орнын жайғастыруда маңызды объектілер салу және қайта құру, арнаулы техника паркін жаңарту, тақташаның мұнай беруін арттыру мен мұнай беру процестерін химияландырудың жаңа әдістерін қолдану жөніндегі жұмыстар есебінен қол жеткізілді.
2006 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіру 9,45 млн. тонна көлемінде бағаланды, бұл 2005 жылдың деңгейінен 86 мың тоннаға артық.
Компания екі негізгі бағытта мұнай сатады: экспорт және ішкі нарық. 2005 жылы мұнайды экспортқа шығару шамамен 6,7 млн. тоннаны, ішкі нарыққа шығару 2,2 млн. тоннаны құрады. 2004 жылмен салыстырғанда, мұнайды экспортқа шығару 389 мың тоннаға өсті. 2006 жылы экспортқа шығару шамамен 7,1 млн. тоннаны, ішкі нарыққа - 2,1 млн. тоннаны құрайды.
Компанияның еншілес ұйымы «Атырау МӨЗ» АҚ (бұдан әрі - «АМӨЗ» АҚ) 2004 жылы 2,9 млн. тонна мұнай өңдеді. 2005 жылы «АМӨЗ»-да өңдеу көлемі 3,5 млн. тонна болды, жоспар бойынша 2,9 млн. тонна. 2006 жылы «АМӨЗ»-да мұнай өңдеуі 3,5 млн. тонна, оның ішінде Компания ресурстарынан 2,2 млн. тонна деңгейінде күтіледі.
2005 жылы магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі 38,4 млн. тоннаны құрады. 2006 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ жүйе бойынша 36,65 млн. тонна деңгейінде күтілуде.
2004 жылы «ҚазТеңізКөлікФлоты» ҰТКқК" АҚ теңіз көлігімен жүк тасымалдаудың халықаралық қызметін атқарған, оның ішінде 4 млн. тонна көлемінде Әзербайжан (Баку), Грузия (Батуми), Иран (Нека), Ресей (Махачкала) порттарына.
2005 жылы танкер арқылы мұнай тасымалдау жоспардағы 4,6 млн. тонна орнына 4,2 млн. тоннаны құрады. Жоспардың орындалмауы 9% құрады. Мұнайды теңіз арқылы тасу 2004 жылғы осыған ұқсас көрсеткіштен 120 мың тоннаға немесе 3%, Ақтау-Нека бағыты бойынша тасымалдау есебінен - 283 мың тоннаға артық.
2006 жылы мұнай тасымалдау 4,3 млн. - тонна көлемінде бағалануда, 2005 жылдың ұқсас көрсеткішінен 3% артық, тасымалдау мына бағыттар бойынша: Ақтау-Махачкала - 2 млн. тонна, Ақтау-Нека - 1,6 млн. тонна, Ақтау-Баку-Батуми - 0,69 мың тонна.
«Интергаз Орта Азия» АҚ магистральды газ құбырымен газ тасымалдаудың жалпы көлемі 2004 жылы 121,6 млрд. текше метрді құрады.
2005 жылы тасымалдау көлемі жоспардағы 116,7 млрд. текше метрдің орнына 129,4 млрд. текше метрді құрады, жоспарға қарағанда өсу 11% құрады. Бұл ретте 2005 жылы ішкі тасымалдау 6 млрд. текше м., халықаралық транзит - 116 млрд. текше м., экспортқа газ тасымалдау - 7,6 млрд. текше м. құрады.
2005 жылы тасымалдау көлемінің ұлғаюы өзбек газын тасымалдау көлемінің ұлғаюымен белгіленеді. Ресей және өзбек газының халықаралық транзиті көлемінің азаюына байланысты көліктік қызметтер көлемінің 2006 жылы 4,8 млрд. текше м.-ге (123,2 млрд. текше м.) азаюы күтілуде.
2004 жылы Компанияның жалпы табысы 487,4 млрд. теңгені құрады. 1 тонна мұнайдың орташа өткізу бағасы (ҚҚС-ны қоспағанда) 2004 жылы 31,7 мың теңгені құрады.
2005 жылы табыстар 642,8 млрд. теңгені құрады, бұл жоспардан 32 % асып түсті және 2004 жылғы деңгейден 32% жоғары. Кірістің өсімі мұнай өндірудің артуына, 2004 жылмен салыстырғанда мұнайдың экспорттық бағасының өсуіне, мұнайдың жүк айналымының артуына, мұнай процессингінен түсетін табыстың артуы мен мұнай өнімдерін өткізуге, мұнайды өткізуден түсетін табыстарға байланысты.
Кірісті бағалау 2006 жылы 603,7 млрд. теңгені құрайды, бұл 2005 жылғы деңгейден 24 % жоғары.
Компанияның жалпы шығыстары 2005 жылы 410 418,85 млн. теңгені, 2006 жылы - 414 408,75 млн. теңгені құрады.
Компанияның жалпы шығыстары 2004 жылы 69,9 млрд. теңгені құрады. 2005 жылы таза кіріс жоспардағы 48,2 млрд. теңгенің орнына 100,9 млрд. теңге сомасында алынды, жоспарға қарағанда өсу 109 % құрайды, 2004 жылмен салыстырғанда 44,3 %. Компанияның таза кірісі 2006 жылы 95,1 млрд. теңге деңгейінде бағалануда, Компанияның таза кірісі 2005 жылмен салыстырғанда 5,8%-ға азайғаны байқалып отыр.
Компания Қазақстан Республикасының ірі салық төлеушісі болып табылады. 2004 жылы бюджетке жалпы сомасы 101,2 млрд. теңге салықтар мен төлемдер енгізілді. 2005 жылы Қазақстан Республикасының бюджетіне іс жүзінде жалпы сомасы 171,1 млрд. теңгенің салықтары мен төлемдері енгізілді. Салық төлемдері 2004 жылмен салыстырғанда 69 % немесе 70 млрд. теңгеге өсті. Бюджетке төлемдердің өсіміне мұнай өндіру көлемі артуының, мұнай бағасының қолайлы конъюнктурасының арқасында қол жеткізілді, сондай-ақ газ тасымалдау көлемінің өсуіне негізделді. Бюджетке төлемдер 2006 жылы 135,3 млрд. теңге мөлшерінде бағалануда. Салық төлемі 2004 жылмен салыстырғанда 34% немесе 34,4 млрд. теңгеге өсті.
Компания 2004 және 2005 жылдары мынадай мөлшерлерде мемлекеттік акциялар пакеттерінің дивидендтерін төледі: 2004 жыл - 5 278,50 млн. теңге, 2005 жыл - 4 879,92 млн. теңге.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі - компания) Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 14 шілдедегі № 3593 Жарлығына сәйкес құрылған. Компания уран мен оның қосындыларының, атом энергетикалық станциялары үшін ядролық отынның, арнайы жабдықтар мен технологиялардың, қосарлы пайдалану материалдарының экспорты мен импорты жөніндегі бас оператор болып табылады.
2005 жылы уран өндіру 3837,6 тоннаны құрады, бұл 2004 жылдың көрсеткіштерінен 7%-ға жоғары, оның ішінде бірлескен кәсіпорындармен: «Катко» БК - 37,8 тонна, «Ыңғай» БК - 176,8 тонна, Бетпақ Дала» БК - 726,0 тонна өндірілді. Қазақстан Республикасы бойынша барлығы 4345,5 тонна уран өндірілді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на кіретін компаниялардың тотықша-тотық өндірісі 2005 жылы 3690,6 тоннаны құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштен 0,4%-ға (3704, 1 тоннаға) төмен. 2005 жылы жалпы тотықша-тотық шығару 4193,7 тоннаны құрады.
Табиғи уран өндіру көлемінің тұрақты өсуіне мынадай іс-шараларды іске асыру:
жаңа кен орындарын игеру және қолданыстағы кеніштерді дамыту есебінен өндіріс көлемін ұлғайту;
жаңа техника мен озық технологияларды, өндірістерге ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды енгізу есебінен өндірісті интенсивтендіру, жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру есебінен қол жеткізілді.
2004 жылы Компанияның кірісі 36 849,3 млн. теңгені құрады. Бұл ретте кірістің 51,07 %-ын (18 818,4 млн. теңге) уран өнімдерін сату, 4,72 %-ын (1732,3 млн. теңге) бериллий өнімдерін сату, 7,04%-ын (2596,8 млн. теңге) тантал-ниобий өнімдерін сату, 0,57 %-ын (208,7 млн. теңге) плавик қышқылын сату құрады, жалпы сату көлемінің 27,83%-ын (10 255,3 млн. теңге) энергетикалық кешен өнімдерін сату құрайды, 8,79%-ы (3237,7 млн. теңге) өзге де сатудан түскен кіріс.
2004 жылы бухгалтерлік есеп бойынша қаржы нәтижесі: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» бойынша - 3206, 4 млн. теңге, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ (бұдан әрі - «YMЗ» АҚ) бойынша - 438,0 млн. теңге, «Волковгеология» АҚ бойынша - 220,3 млн. теңге, «Жоғары технологиялар институты» ЖШС бойынша - шығын 3,8 млн. теңге, «Геотехнология» АҚ - 3,3 млн. теңгені құрайды. Бұдан басқа, 2004 жылы бірлескен кәсіпорындардың қатысу үлесінен, атап айтқанда, «Заречное» БК бойынша - 2,9 млн. теңге және «Катко» БК бойынша - 134,2 млн. теңге кіріс алынды. «МАЭС Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қызметінің шығыны 374,4 млн. теңгені құрады. Мұның себебі «Актал ЛТД» ЖШС-ның 550 млн. теңге сомасында күмәнді қарыздар бойынша резервтер құру көрсетілген кәсіпорынның банкроттығы туралы жарияланғанына байланысты болды. «Taу кен компаниясы» ЖШС қызметінен болған шығын 515,8 млн. теңгені құрады. Шығын кәсіпорын қызметінің ұзаққа созылмауы салдарынан дайын өнімнің сатылмағандығына байланысты. Компанияның шоғырландырылған таза кірісі 2920 млн. теңгені құрады, бұл 2003 жылдың көрсеткіштерінен 58,6 %-ға асып түсті.
Салық салынатын кіріс Компания бойынша 2004 жылы 4 928,8 млн. теңгені құрады.
2005 жылы Компанияның шоғырландырылған кірісі 63 293,8 млн. теңгені құрады, 2005 жылы Компанияның жиынтық шығыстары 51 738,7 млн. теңгені құрады.
Өнімдерді сатудан түскен шоғырландырылған кіріс 2005 жылы 48%-ға ұлғайды және 51108,9 млн. теңгені құрады. Бұл ретте кірістің 56,75 %-ын уран өнімдерін сату, 6,35%-ын бериллий өнімдерін сату, 5,65%-ын тантал-ниобий өнімдерін сату, 0,4 %-ын плавик қышқылын сату құрады, жалпы сату көлемінің 21,25 %-ын энергетикалық кешен өнімдерін сату құрайды.
2005 жылы Компанияның таза кірісі - 11 841,8 млн. теңгені құрады, оның ішінде негізгі емес қызметтен түскен кіріс саны - 9 899,4 млн. теңге мөлшерінде. Компанияның шоғырландырылған таза кipiс саны 11 722,4 млн. теңгені құрады. 2005 жылы таза табыстың күрт өсуі 2004 жылмен салыстырғанда "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-нің мүліктік кешенінің қайта бағалануымен түсіндіріледі.
Уран нарығындағы қолайлы жағдай 18 566,6 млн. теңге мөлшерінде 2006 жылғы салық салуға дейінгі Компания кірісін анықтауға мүмкіндік береді, бұл 2005 жылғы салық салуға дейінгі кірістен 7,1 %-ға жоғары. 2006 жылы Компанияның шоғырландырылған таза кірісін 12 322,6 млн. теңге мөлшерінде алу күтілуде. Бұл кірістің негізгі үлесі гексафторит уранын сату есебінен алу жоспарланып отырған 8768,2 млн. теңге - "ҮМЗ" АҚ-қа тиесілі.
Бюджетке төлеуге аударылған салықтың жалпы сомасы Компанияның барлық кәсіпорындары бойынша 2004 жылға 7030,3 млн. теңге, 2005 жылға - 11 801,91 млн. теңгені құрады, салық төлемдерінің өсуі 2005 жылы 67,9 % және 2006 жылға - 11 647,02 млн. теңгені құрады.
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - компания) мемлекеттік астық ресурстарының сақталуы мен жаңартылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған астық пен одан жасалған өнімдер бағасының ішкі конъюнктурасын реттеуді жүзеге асырады. Сонымен бірге, Компания мақтаны қайта өңдеу саласын дамытумен, мақта талшықтарының бәсекеге қабілеттілігін арттырумен, рапсты өндіруді қолдаумен айналысады.
Компанияның 2004 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша 559,2 млн. теңге сомасында таза кіріс алынды, оның ішінде республикалық бюджетке дивидендтер түрінде 274,5 млн. теңге аударылды.
2004 жылы жалпы кіріс 34 485,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 3 464,7 млн. теңге;
жеке қаржы-шаруашылық қызмет бойынша түсетін кіріс - 31 021,2 млн. теңге.
2004 жылы жалпы шығыстар 33 926,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқару шығыстары - 3 454,6 млн. теңге;
жеке қаржы-шаруашылық қызмет бойынша шығыстар - 30 472,2 млн. теңге, оның ішінде әкімшілік шығыстар - 521,0 млн. теңге.
2004 жылы салық салынатын кіріс 530,8 млн. теңгені құрады.
2005 жылы Корпорация барлық егіннің:
астықты мемлекеттік сатып алу бағдарламасы бойынша - 549,999 мың тоннасын 6208,4 млн. теңге сомасына;
тартылған кредиттік ресурстар есебінен астық сатып алу бағдарламасы бойынша - 1 002,4 мың тоннасын 13 330,1 млн. теңге сомасына сатып алды.
Қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары бойынша 2005 жылы Компаниядан 452,8 млн. теңге мөлшерінде таза кіріс алынды, оның ішінде мемлекеттік ресурстар жөніндегі қызметтен - 12,0 млн. теңге, жеке қызметтен 440,8 млн. теңге мөлшерінде.
2005 жылдың қорытындысы бойынша Компания мемлекеттік акциялар пакетіне 220,4 млн. теңге мөлшерінде белгіленген тәртіппен дивидендтер аудару жоспарлануда.
2005 жылы Компанияның жалпы кірісі 33 391,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 7677,0 млн. теңге;
жеке қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кіріс - 25714,9 млн. теңге.
2005 жылы Компанияның жалпы шығыстары 32 939,0 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқару шығыстары - 7665,0 млн. теңге;
жеке қаржы-шаруашылық қызмет бойынша шығыстар - 25 274,0 млн. теңге, оның ішінде әкімшілік шығыстар - 746,3 млн. теңге.
2005 жылғы салық салынатын кіріс 463,2 млн. теңге.
2006 жылғы 1 қаңтарда Компания 1151,0 мың тонна көлемінде мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастырды, оның ішінде мемлекеттік азық-түліктік астық резерві - 500,0 мың тонна, мемлекеттік тұқымдық ресурстары - 95,9 мың тонна, мемлекеттік жемдік астық ресурстары - 4,0 мың тонна, мемлекеттік сатылатын астық ресурстары - 551,1 мың тонна.
Мемлекеттік астық ресурстары республиканың 75 астық қабылдау кәсіпорындарына орналастырылды.
Астық сатып алу мемлекеттік азық-түліктік астық резервін қалыптастыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мақсатында жүргізіледі.
2006 жылы 2006 жылғы егіннен:
мемлекеттік сатып алу бойынша - есепке алынған табиғи салмағының бір тоннасы үшін ҚҚС қоса алғанда және бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін ҚҚС есептемей франко-элеватор жеткізу шартымен 12 350 теңге баға бойынша 6208,4 млн. теңге сомасына 502,703 мың тонна;
коммерциялық сатып алу бойынша - 2 млн. тонна астық сатып алу көзделген.
Өткен жылдардағыдай, астық сатып алу екі кезеңмен: жеткізу шартының негізінде көктемгі-жазғы кезеңде қаржыландыру арқылы және күзде тікелей сатып алу арқылы жүргізілетін болады.
2006 жылы 456,4 млн. теңге мөлшерінде таза кіріс алу жоспарлануда, оның ішінде жеке қызметтен түсетін кіріс 445,4 млн. теңгені, мемлекеттік ресурстармен басқарудан түсетін кіріс 10,97 млн. теңгені құрайды.
2006 жылы Компания бюджетке 222,7 млн. теңге мөлшерінде мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтерді аударуды жоспарлап отыр.
2006 жылға Компанияның жалпы кірісі 31 164,2 млн. теңге мөлшерінде жоспарланған, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 6781,3 млн. теңге;
жеке қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кіріс - 24 382,9 млн. теңге.
2006 жылға арналған жалпы шығыстар 30 707,9 млн. теңге мөлшерінде жоспарланған, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқару шығыстары - 6770,4 млн. теңге;
жеке қаржы-шаруашылық қызмет бойынша шығыстар - 23937,5 млн. теңге.
2006 жылға арналған салық салынатын кіріс 429,8 млн. теңге мөлшерінде жоспарланып отыр.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі - Компания) «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысына сәйкес құрылды.
Компания қызметінің негізгі мәні коммуникациялық орта мен мемлекеттік ақпарат ресурстарының өзара іс-қимыл жүйесін жасау, жалпы пайдаланудағы ақпарат базасын қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық ақпарат жүйелерімен ынтымақтастық болып табылады.
Ұлттық оператор ретінде Қоғамның ақпараттандыру саласындағы негізгі қызметі:
мемлекеттік ақпарат жүйелерінің өзара іс-қимылын, олардың әлемдік ақпарат ресурстарына және ақпарат жүйелеріне ықпалдасуын қамтамасыз ету;
ведомствоаралық мемлекеттік ақпарат жүйелерін сүйемелдеу мен пайдалануды жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпарат ресурстарына қолжетімділігі үшін техникалық жағдайлар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
мемлекеттік ақпарат ресурстары мен ақпарат жүйелерінің тіркелімін жүргізуді техникалық қамтамасыз ету болып анықталды.
2006 жылы 1 маусымда Мемлекеттік ақпараттық ресурстар және ақпараттық жүйелер тіркелімінде мемлекеттік органдар 228 дерекқорды, 208 бағдарлама өнімдерін, 40 web сайтты және 17 деректер беру желісін тіркеді.
2004 жылғы қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары бойынша Қоғамның жалпы кірісі жоспарланған 560,8 млн. теңгенің орнына 548,3 млн. теңгені (97,8 %) құрады. 2003 жылмен салыстырғанда (443,7 млн. теңге) өсу 23,6 %-ды құрады.
Қоғамның негізгі қызметінен бюджеттің кіріс бөлігінің орындалмау себебі телекоммуникациялық қызметтер көлемінің азаюы, 2004-2006 жылдарға арналған Қоғамды дамыту жоспарында көзделген мемлекеттік органдардың орталықтандырылған сервистік техникалық қызмет көрсетуге көшу кестесін толық көлемде орындамауы болып табылады.